Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Халел Ғаббасов туралы деректер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Халел Ғаббасов туралы деректер.
Халел Ғаббасов (1888 жылдың 1 қазанында Семей қаласында, қала жатағының отбасында туған) - Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайланған мүшесі, Үкімет төрағасының орынбасары, Алаш қозғалысының көрнекті жетекшілерінің бірі, публицист, Алаш үні «Сарыарқа» газетінің кезектескен редакторы, мамандығы – физик-математик. Тобықтылардың төлеңгітінен шыққан
Халел (Халиулла) Ахметжанұлы Ғаббасов (1888, бұрынғы Семей облысы Семей уезі, Шаған болысы — 1931, Мәскеу) — Алаш қозғалысының қайраткері. 1898 — 1909 жылы Семейде приход, орыс-қазақ мектептерінде, гимназияда оқыған. 1910 жылға шейін Сейтен болысында мұғалім болып қызмет еткен. 1910 жылы Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, 1911 жылы студенттер ереуіліне қатысқаны үшін оқудан шығарылған. Осы жылы Мәскеу университетінің физика-математика фаультетіне оқуға түсіп, оны 1915 жылы алтын медальмен бітірген. 1915 — 1917 жылы Орталық ұсақ несие басқармасының Семей қаласындағы бөлімшесінде есепші, Мемлекеттік банктің Семей бөлімшесінде инспектор болып қызмет атқарған. 1917 жылы Семей облысы Қазақ к-ті төрағасының орынбасары, облыс земство басқармасының мүшесі, “Сарыарқа” газетінің редакторы (1917 — 1919) болды. Семей облысында қазақ съездерін өткізуді ұйымдастыруға белсене қатысты. 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына мүшелікке кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылдың қазан айынан бастап Алаш партиясының Семей облысы к-тінің төрағасы қызметін атқарды. 2-жалпықазақ съезінде Алаш милициясын құру жайында баяндама жасады. Алашорда үкіметі құрамына сайланды. 1918 жылы қаңтардан Семей облысында земство басқармасы төрағасының орынбасары болды. 1918 жылы 20 наурызда Алашорда үкіметінің тапсыруымен телеграф арқылы И.В. Сталинмен сөйлесіп, кеңес үкіметімен келіссөз жүргізіп, ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті. Кеңес өкіметі тұсында білімін, қайрат-жігерін қазақ халқының мүддесіне бағыттады. 1920 жылы к-ттің ұлттық бөлімінде қызметкер, губернатор земство басқармасы алқасының мүшесі, Қазақ революциясы к-тінің Сібір рев. к-тіндегі өкілетті өкілі, Қазақ рев. к-тінің мүшесі, 1921 —1923 жылы Қазақ АКСР ОАК жанынан Ақмола және Семей облыстарын қабылдап алу үшін құрылған төтенше комиссияның мүшесі, губернатор атқару к-ті жер бөлімінің меңгерушісі болды. 1924 — 1925 жылы Алаш (Жаңа Семей) аудармашы одағында қызмет атқара жүріп, қоғамдық-мәдени шараларға қызу араласты. 1924 жылы 29 желтоқсанда география қоғамының ұйымдастыруымен өткен Абайды еске алу кешінде “Абайдың өмірбаяны” деген тақырыпта баяндама жасады. 1926 жылы ақпанда Қазақ АКСР Жоспарлау комиссариатына қызметке шақырылды. Онда Төралқа мүшесі, сектор меңгерушісі, ғылым қызметкер болып қызмет істеді. 1930 жылы “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, ОГПУ “үштігінің” 1931 жылғы сәуірдегі шешімімен өлім жазасына кесілді. Мәскеу түрмесінде атылды. 1988 жылы ақталған.
Бастапқы жылдар
-
1901 жылғы тамыздың 15-і – 1909 жылғы тамыздың 2-сі аралығы Семей ерлер гимназиясында оқып, оның толық 8 класын бітірген.
-
1910-1915 жылдары ИМН Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде білім алып, 1915 жылғы 27 мамырдағы сынау комиссиясының қорытындысы бойынша 2-дәрежелі дипломға ие болып, №11142 дипломды 1916 жылғы 30 наурызда алады.
Алашорда үкіметі мүшелігінде
-
ЖОО бітірген соң Семейде уақ-қарыз серіктігінде инспектор болып қызмет атқарады. Патша өкіметі құлаған соң ол елдегі саяси өмірге, Алаш қозғалысына белсене араласады.
-
Уақытша үкімет тарапынан ол Түркістан комитетінің мүшелігіне тағайындалады. Алайда ол комитеттің мүшесі ретінде нақты жұмыс атқарылмайды.
-
Ал Семей облыстық қазақ комитеті төрағасының орынбасары, облыстық земство басқармасының мүшесі, облыстық Делегаттар жиналысының мүшелігіне сайланып бұл бағытта көп жұмыстар атқарады. Әр түрлі әлеуметтік саяси жұмыстарды ұйымдастыру-үйлестіру бағытында шығып тұрады (мысалы, 1917 жылы Зайсан уезіне барды).
-
«Қазақ» газетінен кейін Алаш үні болған «Сарыарқа» газетінің кезекшісінен редакторларының бірі болады. Онда ол ел-жұртты толғандырып, мазалап жүрген әлеуметтік-саяси жағдайды түсіндіріп, талдаған және большевиктердің озбырлық саясатын әшкерелеген өткір мақалалар жариялап тұрады.
-
1917 жылғы шілдеде өткен Жалпықазақтық сиезге Бүкілресейлік құрылтай жиналысының депутаттығына ұсынылады.[2]
-
Халел Ғаббасовтың қазақ елдігі үшін еткен еңбегінің ең көрнектісі – оның 1917 жылғы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық сиезге арнайы құрылған комиссия атынан Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама дайындап жасағаны. Осы баяндаманың негізінде сиез «... жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға» деген тарихи қарар қабылдайды. Сиезге Халел Алашорда үкіметінің мүшелігіне Семей облысынан сайланып, кейін төраға Ә.Бөкейхановтың орынбасары міндетін атқарып, Алашорда атынан шығарылған заң-қаулыларға қол қойып отырады. Сиезге милиция жасақтау туралы баяндама жасалып, кейін сол қаулының негізінде 1918 жылы Семейде Алаш атты әскер жүздіктерін жасақтауға белсене араласады. Сол алмағайып заманда қазақ елдігін қалай аман сақтау жолында еңбек еткен басқа да алаш арыстарымен бірге Халел 1918 жылдың қазан айында Том қаласында өткен жалпы Сібір сиезіне қатысады. Сиезге Сібір автономиясы мәселесі қаралған болатын. Ондағы мақсатты Ә.Бөкейханов жақсы түсіндіреді. «Біз ойладық, әуелі Сібірге сүйеніп, тасымалдап, жалғасып көшіп кетелік, жіп жалғап, зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып, соңынан бөлінелік деп».
Халелдің енді атқарған үлкен бір ісі – төраға Ә.Бөкейхановтың тапсырмасымен 1918 жылдың 20 наурызында автономия жөнінде И.В.Сталинмен телеграф арқылы келіссөз жүргізеді.
-
1918 жылы сәуір айында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермековтермен бірге Алаш автономиясын алу жөнінде телеграф арқылы В.И.Сталинмен тағы да сөйлескен. 1918 жылғы 21 сәуірде РКФСР Халық комиссарлары кеңесі мен Ұлт істері жөніндегі комиссариятына жолдаған жеделхатында Алашорда автономиясын дереу мойындау туралы талап қояды. Бірақ жауап болмады.
Кеңес тұсында саяси-қоғамдық істерден шет қалмаған. Семей облыстық кеңесі төрағасының орынбасары, Семей облыстық земство жанындағы Жер комитетінің төрағасы, Қазақ революциялық комитетінің мүшесі (VІІІ.1920) және оның Сейревлом жанындағы уақытша өкілі болады.
Кеңестік өкіметі кезінде
-
Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан қарамағына алу жөніндегі Қаз ОАКнің төтенше комиссиясының мүшесі (1921-1923), Семейдегі педтехникум оқытушысы, қазақ АКСРның Мемлекеттік жоспарлау комитетінде және басқа да орындарда қызмет атқарды.
Ғаббасов 1924 ж. Абайдың қайтыс болғанына 20 жыл толуына байланысты Семейде өткізілген жиында Абайдың өмірі және әдеби қызметі жайында баяндама жасайды. 1930 ж. қуғынға ұшырап, Абайдың баласы Тұрағұлмен бірге жер аударылды.[3]
Ғаббасов 1931 жылы Мәскеу түрмесінде атылып кете барады.