Материалдар / Халық әні мен терменің орындалу ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халық әні мен терменің орындалу ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымына қажетті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоныстану балалар өнер мектебі









Ашық сабақ







Тақырыбы: «Халық әні мен терменің орындалу ерекшеліктері»









Мұғалімі: Жаркынай Мукашева













2018-2019 оқу жылы







Сыныбы: ІІІ

Оқушының аты – жөні: Бибінұр Үсенқызы

Мамандығы: Дәстүрлі халық әні

Сабақтың тақырыбы: Халық әні мен терменің орындалу ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Оқушының ән айтуға деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп орындау шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелігі:Өнерді, әнді сүйе білуге тәрбиелеу. Халық әнімен терменің өзіндік ерекшеліктерін талдап білуге тәрбиелеу, ән айту қабілетін жетілдіру.

Дамытушылығы: Әнді нақышына келтіре әндету, сезіне ойнау арқылы қабілетін дамыту.Көрк,м музыкалық бейнесін тыңдау арқылы жеткізу.

Сабақтың әдіс тәсілі:Түсіндіру, тыңдау, қосылып айту, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық құрал, домбыра аспабы, үнтаспа, фото суреттер, слайдтар.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Дауыс күйін келтіру

3.Үй тапсырмасы

4.Жаңа сабақ

5.Қорытынды

1.Ұйымдастыру: Сабаққа қатысушы ұстаздармен амандасу. Оқушының құралдарын, нота дәптерін, күнделігін түгендеу. Домбыраның дауыс күйін келтіру.

2. Дауыс күйін келтіру жаттығулары: Оқушының дауысын күйге келтіру мақсатында, дыбыстарды таза алу үшін дауысты күйге келтіру жаттығулары жасалады. Жаттығу кезінде дыбыс күшті, екпінді шығу үшін, тыныс алғанда кеудені көтермей, ішке алған ауаны жәймен шығаруға үйрену. Ауызды ашқан кезде тілді төмен түсіру, жұмсақ таңдайды көтеру, ерінді қалыпты жағдайда ұстап айтуға үйрену.



3.Үй тапсырмасын тексеру: Халық әні «Құрбылар», әннің шығу тарихы өткен сабақта оқушыға кең көлемде айтып өтілді. Осы туралы оқушыдан түсінігін ноталар тізбегі бойынша сұрау.

4.Жаңа сабақ: Біз өнер мектебінің дәстүрлі халық әні класында оқитындықтан дәстүрлі әндерді, термелер, халық әндерін үйренеміз. Ендеше бүгінгі жаңа сабағымызды халық әні мен терменің орындалу ерекшеліктеріне үңіліп өтейік.

Үнтаспадан халық әнін тыңдату: Нұрпейіс Байғаниннің сөзіне жазылған Ғ.Құрманғалиевтің әні «Еңбек термесі»

Н.Байғанин және Ғ.Құрманғалиев туралы оқушыға түсінік беріп кету.

Ендеше терменің орындалу асыл мұрасы жыраулық , термешілік өнерге тарихи тәлімі зор, атадан балаға мирас болып кележатқан киелі өнер. Жыраулық әр адамға беріле бермейтін, ерекше қабілеттілікті қажет ететін, ойы ұшқыр, тілі жүйрік, жүйелеп айта білеті, суырып салма, ақындық өнерінің басымдылығымен көзге көріне білген өнер иесі. Терме арқылы мен нақылы бар, өсиет айтып жақсы мен жаманды жырлайтын тақпақ сазды әуен. Термені жырау шығарады, термеші, жыршы орындайды.

Халық әні мен терменің айырмашылығы, орындалу ерекшелігіне, қағыстарына, мазмұнына түсінік беріп өту.

Халық әні туралы түсінік. Халық әндері сонау заманнан бері ұрпаққа ұласып кележатқан халқымыздың қазынасы.Халық әндері деп аталуының себебі, ол бір адамның айтқан әнін келесі адам сол сәтте жаттап алып, халық арасында кең таралып кеткен әндер. Бұндай әндердің авторлары ұмыт болып, халық әндері деп аталса керек. Халық әндерін орындап бүгінгі таңға жетуіне көп үлестерін қосқан қазақтың әнші - жыршы, термешілері баршылық. Олар: Біржан Сал, Мұхит, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырый, Әсет, Естай, Мәди, Нартай, Майра т. б
Халық әндері өмірдің дәстүрлі көріністерімен ой арманын музыка үнімен, домбыра сазымен беріп отырған. Ол адам жанның қилы кезеңдерін суреттейтін және табиғат әдемілігін көркемдігін жырлайтын лирикалық әндер, отбасы, тұрмыс жайындағы әндері, салт әндері, еңбек әндері, туған жер әндері, тарихи әндер, суық кеш әндері, тұрмыс әндері сияқты алуан түрі болады.

Халық әні мен терменің айырмашылығы, орындалу ерекшелігіне, қағыстарына, мазмұнына түсінік беріп өту.

Қай әнде немесе жырда болмасын, қағыстың үйлесімі, есту қабілетінің жоғары болуы әр орындаушыда басым болуы шарт.

Әнді орындағанда сөздерін анық, мәнерлеп орындау шарт. Сондықтан біз мәнерлеп көркем сөз оқумен де көптеген жұмыстар жасаймыз. Ендеше Бибінұр бізге бір өлеңін оқып берсін.

Ал терме орындағанда бір сөзден соң, бір сөз тіркеле орындау шарт. Сондықтан терме жаттай отырып, біз жаңылтпашта жаттаймыз. Бибінұр бірнеше жаңылтпаштар айтып берсін.

Сабақты бекіту:

1.Халық әндері туралы айтып берсең.

2. Терме туралы айтып берсең.

3.Екеуінің айырмашылығы неде, орындалу ерекшеліктері қандай?

Сабақты қорытындылау: Жалпы ән, терме орындау өнері өте керемет өнер. «Ән көңілдің ажары» деген қазақ халқы өнерді бағалап халық әндерінің әсемдігімен терменің нақылдылығын халық жүрегіне жеткізе білу орындаушының басты міндеті.

Халық әні мен терменің айырмашылығы он бір буыннан, терме жеті, сегіз буыннан туратын оқушыға түсіндіру арқылы, екеуінің орындалу ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Үнтаспадан халық әндері мен термені тыңдау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушының «Дедімай - ау» әнін өзі орындауы арқылы сезіну қабілетін дамыту.

Үйге тапсырма: «Еңбек термесін» жәй қағыста сөзімен қосып айтып келу.

















Шәкірттерімнің

жеткен жетістіктері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!