Материалдар / Халық ауыз әдебиетіндегі тәлім-тәрбиелік мәселелері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халық ауыз әдебиетіндегі тәлім-тәрбиелік мәселелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
І Жансүгіров шығармашылығы негізінен халық ауыз әдебиетіндегі тәлім-тәрбиелік мәселелері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
186
2 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«І. Жансүгіров атындағы жетісу университеті» КЕ АҚ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі

І.Жансүгіров шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік мәселелер

Тұрсынбай Назым Амантайқызы

7M01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру

Бағдарламасының 1-курс магистранты


Аннотация -Мақалада Ілияс Жансүгіров балалар әдебиетінің іргетасының негізін салушы, жазушының шығармаларын зерттеу негізінде, халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тәлім –тәрбиелік мәселелерін көрсете отырып, шығармаларға жан-жақты талдау жасау.

Кілт сөздер: халық ауыз әдебиеті, шешендік сөздер, зерттеуші.

Аннотация –В статье представлен всесторонний анализ произведений Ильяса Жансугурова на основе изучения произведений писателя-основоположника детской литературы, с указанием учебно-воспитательных проблем на образцах народной устной литературы.

Ключевые слова: фольклор, риторика, исследователь.

Ауыз әдебиеті –халқымыздың асыл да мол мұрасы.Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша айтылған. Ауыз әдебиеті -талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан –ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен. Халық ауыз әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі -Ілияс Жансүгіров болатын. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызды.

Белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев Ілиястың әдеби мұраларға сіңірген орасан еңбегі жайлы былай дейді: «Ұмытпасам, 1933 жыл болса керек. Ілияс өзі жинаған бірқатар ауыз әдебиеті нұсқаларын: Бөгенбай батыр жырын, Сүйінбай, Албан Асан, Бөлтірік ақындардың шығармаларын маған оқуға берді. Тағы сол жылдың жазында екеуміз көшеде кездесе қалып, біраз уақыт әңгімелестік. Ілияс ол кезде Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Мен оған таяуда Мәскеуге оқуға кеткелі жүргенімді айттым. Ол бұған қуанышты екенін білдірді. Ілекең адамды қадірлеп, қолынан келгенше қамқор болуға икемді еді».

Ілияс Жансүгіровтің -қазақ балалар әдебиетінің ірге тасын қалауға негіз болған – батырлар жыры, ертегілер, мысалдар, шешендік сөздер, өтіріктер өлеңдер, жұмбақтар, тұрмыс-салт жырлары, айтыс, ауыз әдебиетінің басқа да нұсқалары бар. Мысалы, қазақ баласының барлығы білетін – «айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау», «аласа ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар», «белі бүкір, алысқа түкір» деген сияқты жүзге тарта жұмбақтарды алғаш рет жазып алып, редакциялап, жеке кітап ретінде басып шығарған . Атақты қырық өтірікті қағазға түсіріп, «Өтірік» деген атпен 1927 жылы басып шығарған да осы Ілияс Жансүгіров болатын. Автор өтіріктер туралы өзінің ойын: «Бұл жинақтың түпкі ойы, түпкі орны мен өтірігі – үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады», — деп түйіндеді.

1929 жыл Ілияс Жансүгіровтың балаларға арнап өндіре еңбек еткен кезеңі. Айналасы екі, үш жылдың ішінде «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық», «Малта», «Шәукеннің шәркейі», «Жұмбақ», «Одақ» деген бірнеше суретті кітапшаларын көпшілікке ұсынды.

Малтаның жасалу процесін ақын балаға былай түсіндіреді:

Жайылып келіп толтырған Ауыздарын қомпайтып,

Қоңырша қойдың сүті едім.Көбігімді ұлы алды.

Қатын қақтап сауған соң,Қаймағымды қызы алды.

Шелекте қалып бүркендім.Қаспағымды мысығы.

Пісірді де түсірді.Жуындымды күшігі…

Тостағынан томпайтып –деп.

Малтаның өзінен өзі бірден жасала қоймайтынын, оның осындай қиын процестері бары, оған аналардың көптеген еңбек сіңіргені балаға жүйелі түрде айтылады.

Айран беріп балаға,Пісіп-пісіп толқыды,

Құя салды сабаға.Бетімде май күлкіді.

Тентек піскек түскен-ай,Қылшықтарын шайқады,

Күлдір-күлдір піскені-ай Тұзын татып байқады…деген өлең жолдары арқылы, бала өзі байқаған осындай әрбір құбылыстың мән-жайы, оның себептерін, осы процестің бәріне белгілі бір уақыттың кететінін, оған бірталай еңбек жұмсалып жатқанын да түсіне бастайды .

Серең сирақ сөреге.

Жайып қойды өреге.

Өреде күннің өткені-ай,

Шақылдап шекем кепкені-ай.

Ақын «Малта» өлеңінде тіпті құртты жасау үшін де көп еңбек жұмсалатынын пайымдайды. Мұндағы ақын мақсаты құрттың жасалу жолын үйрету емес, соған жұмсалатын еңбек процестерін таныту. Мектеп жасына дейінгі балалар осы мазмұны, тілі түсінікті әрі жеңіл, әрі қызықты, сонымен қатар ұйқасымы, ырғағы жақсы өлеңдерді тез жаттап алады да, ондағы сөз байлығын өздерінің күнделікті сөйлейтін лексикасына айналдырып жібереді. Осыған сәйкес сөз тізбектерін құрастыра сөйлеуге дағдылана бастайды, бұл өлеңді балалар оңай түсінетін тағы бір ерекшелігі – мұндағы кездесетін «Өре, саба, піскек, шүйке, шуда» сияқты қазіргі кезде қолданудан шығып бара жатқан қиын атаулардың бәрі де көрнекі етіп, суреттеумен берілген. Шынында да жұмыстың біржағын баланың өзіне істетіп оны еңбек процесінде араластыруы және өзінің сол жұмыстың тезірек орындалуына қызықтырып қою жазушының аса шеберлігін білдіреді.

Балаларға арналған шығармаларының ішінде тағы да бір көңіл аударатын ақын мұрасы – 1930 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан жұмбақтар жинағы. «Үй саймандары», «Жаратылыс құбылыстары», «Құрал-сайман» деген бөлімдерден тұрады.

Қазақ поэзиясында жылдың төрт мезгілін суреттеуде Абай, Ыбырайлардан кейін Ілияс ерекше орын алады. Мысалы, Абай өлеңдерінде жылдың әр мезгілін халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланыстыра суреттеуі ересектердің ұғымына лайықты болса, Ілияс өлеңдерінде өмірді нақты бала көңілімен танытуда.

Ұлттық құндылықтарды негіз етіп, балалардың дүниетанымының еселенуіне жырмен әсер ететін Ілиястың ерекше әдісін «Домбыра» өлеңінен көруге болады. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра». Домбыра – шежіре. Тау суындай сылдыратып тәтті-тәтті күй төгетін, бота күйді боздатып, көктегі бұлтты ыдыратар, таудағы тұманды түретін, он саусақты құлындай құлдыратып, ойнақтата көргенін күй қылатын, «екі желі, үш қазық, тоғыз ноқта ол — домбыра» (І.Жансүгіров).

Ілияс Жансүгіровтің балаларға арналған өлеңдері өткен өмірдегі шынайы қазақи өмірдің көріністерінен құралған. Ұлт мүддесіне қатысты ойлары баланы жақсы әлемге, оқу-білімге бастайтын игі мақсаттар баланың білімге ұмтылуына мұрындық болатын ұлттық таным екені сөзсіз. «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Оқимын», «Бөбек бөлеу», «Тас шешей», «Сабын», «Ұршық», «Саптыаяқ», «Күн боламыз», «Элеватор», «Комбайн», «Қазақ үйдің тұрмысы» т.б. өлеңдері бүгінгі тәуелсіз еліміздің балалар әдебиетіндегі үлкен табысы.

Қазақ балалар лирикасы – қазақ әдебиетіндегі кейіндеу пайда болған саласы болғанымен, руханиятымыздың көркемдік кеңістігін байытумен қатар, тәрбиелік-тағылымдық жағынан да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты. Соның ішінде, әсіресе, Ілиястың балаларға арналған өлеңдері халықтық педагогикамен ұштасып, баланың дүниетанымына әсер ете алуымен маңызды.

Қорыта келе, Ілияс Жансүгіров балаларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге күш салады және соған лайықты шынайы көркем туындылар жазады. Сәбилердің, жас жеткіншектердің рухани деңгейін көтеретін, қиялын шарықтататын жігерлі де жасампаз шығармаларды дүниеге әкелді.

Ілияс Жансүгіров қазақ балалар әдебиетінің салушылардың бірі .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Жұмалиев Қ. Ақшолақов Т.Қазақ әдебиеті, Мектеп баспасы Алматы-2003 ж, 4-7б

2.Пангереев А. Әдебиеттануға кіріспе: Оқу құралы. Алматы -2018 ,192-б

3.Жолдасбеков М. Асыл арналар, Зерттеулер,мақалалар. Астана,Күлтегін,2012-344б

4.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, Баспа 1996

5.Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Оқу құралы .Алматы ,Ана тілі 1991



 



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!