Материалдар / Халық тәлімі- тәрбие бастауы.

Халық тәлімі- тәрбие бастауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтық педагогика арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелей отырып көкірегін рухани құндылыққа толтыру.Болашақ ұрпаққа жан-жақты жарасымды ұлттық тәлім- тәрбие беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
739
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«ОҚУШЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ» КММ Кабдолгалиева Майхан Ұлықпанқызы



Халық тәлімі- тәрбие бастауы.

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толғанысқа түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Әр дәуір әр кезеңде ата-ана арман- мақсаттарын бауырынан өрген балғын перзенттерінің – ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесімен, ар-ождан, ақыл-қайрат, білім-білік тәрізді абзал қасиеттерге негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыстыра қараған. Заманға, қоғамға сәйкес талап-тілектерге қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе-келе саралана, жүйелене түсуде.

Аристотель: «Баланы жергөгінен бастап барлық жақсы қасиеттерге баулуға болады және бала жеті жасқа дейін өзінің отбасында тәрбиеленуі керек, ең бастысы кішкентайлар үшін олардың дене мүшелерін дұрыс жетілдіру, дұрыс тамақтандыру, шынықтыру керек»- дейді. Аристотельдің өзін ұстаз санаған Платон баланың ішкі жан дүниесінің көрінісі - сезімталдыққа ерекше мән беріпті. Ол балаларға аңыз-әңгімелер, хисса-жырлар оқып беруді, ән салып, би билеуді, түрлі ойындар үйретуді тәрбие құрал ретінде аса бағалаған. Ал қазақтың халық әндері мен күйлері тарихында бірінен-бірі өткен қызықты әңгімелерге тұнып тұр.

Қазақ халқының бала бойына ана сүтімен сіңіретін, тәлім-тәрбиелік өзіндік мектебі болғаны даусыз. Көшпелі өмір кешіп жүрген кездің өзінде де ауызекі үлгі-өнеге ретінде айтылатын ертегі, мысал әңгімелерімен де , шешендік сөздерімен де, түрлі дәстүрлік әдет-ғұрыптарымен де, ұлағатты ырым-тиымдарымен де баланы алғырлыққа ,зерделілік пен көргенділікке баулып , жаман істер мен әдеттерден тиып еңбекқорлыққа адалдыққа,талапкерлікке үйретіп отырған.

Мазақтамалар әдетте, балалардың өз аузымен айтылып, бірі екіншісінің кемшілігін осылайша сынап-мінеп ,оның осыдан ұялып кемшілігін түзетуіне септігін тигізеді.

Балалардың бос уақыттарында олардың жеке қабілеттерін ескере отырып, ертегілерді кейіпкерлендіруге, түрлі кештер, ойын-сауық, айтыстар ұйымдастырып, шешендік сөздерге баулуға, топ арасында жұмбақ, жаңылтпаштар айтудан сайыс өткізуге болады. Отбасы берер өнеге, тәрбие балабақшада жарасымды жалғасын табуы керек. Болашақ ұрпаққа жан-жақты жарасымды ұлттық тәрбие берудегі басты тұлға – тәрбиеші педагогтар мен ата-аналар.

Қазіргі заман талабы ата-анамен тәрбиешіден баланың жеке басын қалыптастыруды оның көкірек көзін оятып, ата-бабадан қалған халқымыздың асыл мұрасын, тұрмыс-салт өнегесін, сән-салтанатын, әдет-ғұрпын дәстүрін баланың сәби шағынан ойына ұялатып, бойына сіңіруді, адамгершілік, ізеттілік, эстетикалық сезім әрекеттерін қалыптастыруды талап етеді. Ол үшін ең алдымен тәрбиешінің өзі жан-жақты білімді, ізденгіш, озық тәрбиені бойына жинаған көреген, сезімтал, балаға жүрек жылуын бере білетін, оның ішкі дүниесін, жан сезімін көре білетін маман болу керек.

Себебі бала өмірге қажетті дағдыны әуелі отбасында алғанымен, оны әрі қарай тереңдетіп, әр сәбидің дара ерекшелігін байқап, баланы бір нәрсеге (әнге, суретке, өнерге) қабілетінің жаңа мазмұнда жетілуіне бағыт беретін балабақша тәрбиешілері.

Балабақшада жүргізілетін тәрбиелеу, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне қарай білім мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Сол себепті тәрбиешінің баламен қарым-қатынас жасай білуі, олардың дара ерекшелігін, ішкі сезім дүниесін , тани көре білуі, өздігінен дербес әрекет жасауына, қимыл әрекетін дамытуға бағыт беруі керек. Бұл жөнінде А.Байтұрсынов: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп , көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап өсіп жеткеше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білу керек» - дейді.

Егемен ел болу дегеніміз – қоғам өміріндегі тарихи сілкініс десек, оның ең басты мақсаты қоғамдық ұлттық сананы сауықтырудан басталады. Ал қоғамның жиырма бірінші ғасырдағы тағдыры қазіргі балабақшада тәрбиеленуші сәбилердің қандай тәлім алатынына тікелей байланысты.

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Қазақ халықы өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас ұрпақты ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсідерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде, оның ішінде жас ұрпақтың бойында ұлттық сана қалыптастыруда халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді. 
Ұлттық сана қалыптастыруда маңызды роль атқаратын халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп, т.б. ерте заманнан бастап, баланың ой-өрісін, зеректігін, ұлттық құндылықтарын дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданылып келді. 
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады . Халықтық әдеп – ұлттық сананы қалыптастырудың өзекті арқауы десе де болғандай .

Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, балабақша тәжірибесінен лайықты орын ала бастады.

Сол себепті халық педагогикасының бұлақ бастауы – көне наным- сенімдердің тәрбиелік сипаты басты назарға алынады.
Халық педагогикасы арқылы ұлттық сана қалыптастыруда маңызды орын алатын, әрине, имандылық тәрбиесі.
Имандылық тәрбиесі – бұл халық педагогикасында дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, байсалды мінез-құлыққа айналып, адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Әрине, жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына болымды әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік, оны жан-тәнімен қорғау, халқына берілгендік – адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі. 
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше балаларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық санасын қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, жастардың санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді . Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Қазақ халықының ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.

Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым -қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге көзқарасының дұрыс қалыптастыру керек.

Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жасөспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.

Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б.

Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.

Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады.

Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал - мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді.
Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ