Күні: 11.12.11
ж
Пәні:
география
Сыныбы:
10 ,Б
Сабақтың тақырыбы: Халықтың нәсілдік және ұлттық
құрамы.
Сабақтың мақсаты: Дүниежүзі халықтарының нәсілдік
және ұлттық құрамдары мен олардың таралу заңдылықтарын,
айырмашылықтарын түсіндіру.
Дамытушылығы: Халықтар туралы алған білімдерін
талдай білуге, ойларын еркін жеткізуге
дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Өзін – өзі басқаруға, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дүние жүзінің
саяси картасы, нәсілдердің таралу картасы, нәсілдердің суреттері,
тірек сызбалар, мультимедия.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,
баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау
ІІІ. Өткенді тиянақтау
ІҮ. Жаңа сабақ
Ү. Жаңа сабақты бекіту
ҮІ. Қорытынды. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жоспары:
-
Халықтың тілдік құрамы
-
Әлемдік діндер
-
Ұлттық
діндер.
Үй тапсырмасын бекіту.
-
Алғашқы адамзаттың шыққан жері
–
Шығыс
Африка
-
Алғашқы халық санақтары
–
б.з.д ІІІ мыңжылдықта Ежелгі
Қытай, Египетте
-
Тәуелсіз Қазақстанда халық санағы қашан өтті
–
1999
ж
-
Демографиялық жарылыс
дегеніміз не? –
Халық санының күрт
артуы
-
Халық ең көп сөйлейтін тіл ?
--
Қытай
тілі (
1млрд 223 млн )
-
Ислам діні пайда болған жер
–
610 жылы Арабия
түбегінде
-
Демография –
халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым,
халық саны, табиғи өсуі, жасы мен жыныстық құрамын
зерттейді.
-
Этнография –
халықтардың шығуын, мәдени
тұрмыс ерекшеліктерін және олардың тарихи өзара қарым –
қатынастарын зерттейтін ғылым.
-
Депопуляция –
ұдайы өсудің кему нәтижесінде
ел, аудан халқының санының азаюы.
-
Экономикалық белсенді халық
дегеніміз –
өндірістік және өндірістік
емес салада жұмыс істейтіндер немесе жұмыс
істегісі
келетін жұмыссыздар
саны.
-
Әлемдік діндерді ата --
Христиан ислам
буддизм.
-
Еңбек етуге жарамды жас –
16 – 65 жас
аралығы
-
Ұлттық діндерді ата –
Индуизм иудаизм конфуцийлік
синтоизм даосизм
-
Кең
тараған 6 тілді ата --
ағылшын француз орыс испан
араб қытай тілдері
-
Кез – келген ұлттың негізгі
белгісі –
тілі
16.Дүние жүзінде қанша тілдік семья, неше тіл
тобы бар.
20 тілдік семья, 45 тіл тобы
бар
17. Қазақтар қай тілдік
семьяға жатады
Алтай тіл семьясы
18.Оқшау тілдерді
ата
Жапон, корей тілдері
Жаңа сабақ
А) Жаңа сабақты әртүрлі нәсіл өкілдерінің
суреттерін көрсетуден бастау және сол арқылы сабақтың тақырыбын
ашу.
І. Ой
қозғау.
А) Қане, кім айтады суреттен нені, кімді
көрдік?
Ә) Сабақ тақырыбы қалай аталуы
мүмкін? (Бүгінгі тақырып неге арналуы
мүмкін?)
ІІ. Мағынаны ашу.
А) Сабақ тақырыбы. Халықтың нәсілдік және ұлттық
құрамы.
Ә) Сабақ мақсатын түсіндіру.
ІІІ. Ой шақыру. Ой шақыру кезеңінде оқушыларға
СТО кесте толтыру беріледі.
Халықтың нәсілдік құрамы.
Не білемін?
|
Нені білгім келеді?
|
Нені білдім?
|
|
|
|
-
Белгіленген уақыттан соң оқушылардан не білетінін
кезекпен сұрай отырып, ерекше жауаптарды бағалау парағына белгілеп
отыру.
-
«Нені білгім келеді?» кестесіндегі сұрақ –
Қазақтар қандай нәсілге жатады?
ІҮ. Білім алу кезеңі.
А) Дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын кесте
бойынша түсіндіру.
р/с
|
Нәсілдер
|
Нәсіл тармақтары
|
Жер
шарындағы үлесі, %
|
Негізгі
|
Өтпелі
|
1
|
еуропалық
|
|
Солтүстік және оңтүстік
|
42,9
2
млрд 200 млн
|
2
|
|
Еуропалық пен моңғол арасындағы
|
|
4,2
|
3
|
моңғолдық
|
|
Азиялық және америкалық
|
19,1
1
млрд
|
4
|
|
Моңғолдық пен аустралиялық
арасындағы
|
|
17,2
|
5
|
экваторлық
|
|
Африкалық және аустралиялық
|
7,3
400
млн
|
6
|
|
Еуропалық және африкалық
|
|
9,0
|
7
|
Белгісіздері
Негізгі нәсіл
Өтпелі нәсіл
|
|
|
0,3
69,3
30,4
|
Халықтың нәсілдік құрамы
Сыртқы айырмашылықтары болғанымен нәсілдердің
биологиялық және әлеуметтік – мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі
ғылым жүзінде дәлелденген.
Еуропеоидтік
ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі
ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез
өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді.
Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде
өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір
сүреді.
Моңғолоидтік шаштары
қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу
өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ,
көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді.
Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған.
Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір
сүреді.
Негроидтік
шаштары
бұйра әрі кара түсті,
терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет
пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын
байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен,Африкада өмір
сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да
таралған
1. Тапсырма. Өтпелі және
аралас нәсілді мемлекеттерді саяси картадан тауып,
айту.
2. Қазақтар қандай нәсіл
түріне жатады?
ҮІ. Топтастыру.
Ұлттар халықтан құралады.
Дүние жүзінде 3 – 4 мыңдай халық бар. Халық дегеніміз – тілі,
мәдениеті, шаруашылығы, діні, жері ортақтығы негізінде қалыптасқан
бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы. Олардың
кейбірінде жүздеген адамдар қалған, ал кейбірінде іріленіп, сандары
бірнеше есеге көбейген.
Дүние жүзінде халқының саны 100 млн асатын 10 ірі
халық бар.
2 – тапсырма. Дүние жүзінің ірі халықтарының
қандай мемлекетте қоныстанғанын анықтау.
Ұ
лттық құрамына байланысты
Бірұлтты (негізгі ұлт 90%- дан жоғары)
көпұлтты
-
Тапсырма.
-
Бірұлтты және көпұлтты мемлекеттерді анықтап
дәптерге жазу.
-
Қазақстан қандай мемлекетке
жатады?
-
99% негізгі ұлттан тұратын
қандай мемлекет?
ҮІІ. Термин сөздермен жұмыс.
-
Этногенез – ұлттың пайда болғаннан бергі даму
үрдісін зерттейтін сала.
-
Этностардың тұтасуы – бір – біріне жақын туыстас
халықтардың бірігіп, үлкен топ құрауы (грузиндер – мегрел, сван,
аджар халықтарынан құралған).
-
Этностардың жіктелуі – біртұтас ұлттардың әртүрлі
себепке байланысты бөлінуі (бенгалдықтар)
-
Этностардың араласуы (ассимиляция) – үлкен
ұлттардың аз ұлттарды өзіне қосып алуы (тәжіктер – янгоб, рушан,
т.б. Памир халықтарын өзіне қосып алған).
-
Ұлт араздығы ұлттық жанжалдан – бір мемлекет
ішіндегі бірнеше ұлт арасындағы келіспеушілік.
4 –
тапсырма. Дүние жүзінің саяси картасынан ұлт араздығы болып жатқан
мемлекеттерді дәптерге жазу.
Ү. Сабақты
бекіту.
«Кім жылдам?» Ауызша сұрақтар.
1.
Сабақтың тақырыбы – нәсіл, ұлт құрамы
2. Дүние жүзіндегі ең көп
нәсіл – еуропалық
3.
Экваторлық нәсілдің тармақтары – африкалық,
аустралиялық
4. Еуропалық нәсілдегі
халықтар саны – 2 млрд 200 млн
5.
Орта Азия халықтары жататын нәсіл – өтпелі
6.
Өтпелі нәсілдердің көрсеткіші – 30,4%
7.
Бразилияның халқы аралас нәсілдің қай түрі? –
мулат
8.
Дүние жүзіндегі ірі халықтар саны – 10
9.
Бенгалдықтар қай мемлекетте тұрады? – Бангладеш
10.
Ұлт болып қалыптасуға қажетті факторлар – 5
11.
Қазақстан ұлттық құрамына байланысты қандай мемлекетке
жатады?
12.
Бірұлтты қандай мемлекетті білеміз?
13.
Бірнеше халықтың бірігуі – этностың тұтасуы
14.
Ұлттың дамуын зерттейтін сала – этногенез
ҮІ.
Үйге тапсырма.
№1
«Нені білдім?» графасын үйде толтыру.
№2
Бірұлтты және көпұлтты мемлекеттерді анықтап, дәптерге
жазу.
№3
Дүние жүзі саяси картасынан ұлт араздығы болып жатқан мемлекеттерді
анықтап, жазып келу.
Оқып келу.
ҮІІ. Оқушыларды
бағалау.