№ орта мектебіндегі «Lesson
study» өткізуге арналған отырыстың
хаттамасы
Қатысуға тиісті:
7
Қатысқандар:
7
Күн
тәртібі:
1.«Lesson study» жайлы түсінік
беру.
2. «Lesson study»
нұсқаулығымен таныстыру.
3. «Lesson study» зерттеу
сабақтарын жүргізетін мұғалімдерді
анықтау,жоспарлау;
1-ші және 2 ші сұрақ
бойынша 2 деңгей мұғалімі дөңгелек
үстел өткізді:
Lesson Study сыныпты зерттеу
нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары
Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда
болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары
мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін,
Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады.
Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық
зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне
ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон
мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға
тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде
Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін
дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп
жатыр.
Lesson Study деген ол зерттеу
сабағы дегенді білдіреді.
Lesson Study
– мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді
жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше
үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың
70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын
«Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла
бастаған.
Lesson Study-ге шараны бірлесе
жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып,
өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады.
Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне
жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson
Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы
әріптестеріне таратады.
•
Алдағы уақытта әзірленетін
немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту
әдістемесін бірлесіп анықтайды
•
Үш «бақылаудағы оқушыны»
анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы
қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен
оқушылардан.
•
Lesson Study-ді бірлесіп
жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі
назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның
нәтижелерін мұқият зерттейді.
•
Бақылаудағы оқушылардың дамуы
мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және
оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып,
жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу
міндетті емес.
•
Бақылаудағы оқушылардың Lesson
Study туралы ойларын білу үшін олармен
сұхбаттасады.
•
Lesson Study-ді
талқылайды.
Презентация арқылы
түсіндірді.Мұғалімдермен практикалық жұмыстар
жүргізілді.
3. «Lesson study» зерттеу
сабақтарын жүргізетін мұғалімдерді
анықтау,жоспарлау;
Сонымен «Lesson study» зерттеу
сабақтарын келесі мұғалімдер өткізеді деп жоспарланды. Қоғамдық
гуманитарлық бағыттағы 10 «Ә»сыныбын зерттеу нысаны ретінде
алды.А,В.С оқушыларды анықтады.
-қазақ тілі
пәнінен
-тарих пәні
мұғалімі
Шешім:
-Сабақ өткізуге дейін
кездесу,өткізілетін сабақтың жоспарын біріге отырып
құру;
-Зерттеуге кіретін оқушыларын
анықтау,сабаққа қолданылатын оқытудың тиімді тәсілдерін бірлесе
отырып талдау;
-Смарт мақсат жайлы түсінікті
пысықтау;
-Зерттеуге қолайлы орта
құру;
Жиналыс
төрайымы
Жиналыс
хатшы