ХХІ ғасыр мұғалімінің
болмысы
(Эссе)
Ұстаз - ұлы eciм, қастерлі
ұғым. Адамзаттың рухани құндылықтарын игерген, ұлт пен ұрпаққа
қылаусыз кызмет ететін жаны таза, жүрегі жомарт, көңілі кәусар адам
- мұғалім. Ол келешектің келбеті айқындайтын, ұлттық дәстүрлерді
дәріптейтін, заман талабын жан-жүрегімен қабылдайтын танымы биік,
талғамы жоғары - Тұлға. Өз кәсібін шебер меңгерген, білімге кенен,
ойға жүйрік, ақылға бай, мейірімі мол, абыройы асқақ мәртебелі
мамандық иeci. Барлық өмірін бала бағбаны болуға бағыштаған асыл
жанның ардақ тұтар аяулы арманы тәуелсіз мемлекетіміздің, сүйікті
Отанымыздың гүлденіп көркеюіне, әлем таныған әйгілі ел болуына
қажырлы қызмет ету болса керек.
XXI ғасыр – ілім-білім ғасыры.
Осындай дәуірде уақыт үрдісіне ілесіп, заман сыңайын аңдап «ақырын
жүріп, анық басып» (Абай) ұстаздықпен айналысу әрине, қиын. Бүгінгі
мұғалім кім? Оған жүктелер міндет қандай? Міне, осы сансыз
сауалдарға тұжырымды жауап табу басты парыз болса керек. Мұғалім
алдымен зиялы, дегдар адам. Зиялылық
–
тектілік белгісі. Пішіні әсем,
мүсіні сұлу, сөзі сырлы, санасы сергек, ой-өpici кең, мерейі үстем,
көркем мінезді адам - Мұғалім. Ендеше шын мұғалім ең әуелі баланы
тұлға деп таниды, әріптес деп түсінеді. Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы
Мағжан Жумабаевтың: «Мұғалім баланын қаһарлы қожасы болмасын,
жұмсақ жолдасы болсын» деген ұлағатты сөзі әр мұғалімнің көкейінде
жүрері өмірлік қағида болуға тиіс.
Бүгінде бәсекелестік
ілгерілеудің ілкімді тетігі, қоғамның қозғаушы күші. Елбасымыз:
«Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым – білімді игеруге. Жаңа
машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де
тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап,
ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» - деп өте терең
түйінді тұжырым жасаған болатын. Демек, өзара ынтымақтасқан сыпайы
бәсекелестікпен еңбек ету қазіргі уақыттың үлкен талабы. Оны
ойдағыдай орындау әр мұғалімге зор жауапкершілік жүктейтіні
белгілі. Қазіргі мұғалімнің басты міндеті жан-жақты жарасымды
дамыған, іске икемді, өмірге бейім, курделі мәселелердің күрмеуін
шеше алатын, ата-бабалардың өсиетіне адал, ел болашағын ойлайтын,
саналы, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу екені түсінікті. Miне, осы бағытта
еселеген күш-жігермен еңбек ету, тегеурінділік пен табандылық
таныту мұғалімнің мерейлі міндеті.
Мұғалім - баланың жанашыры,
қамқоршысы. Жауқазын жасөспірімнің шынайы жолбасшысы бола білген
мұғалім бакытты. Өз кәсібін жан - тәнімен сүйетін, рухы мықты,
жігері күшті, парасаты биік, пайымы жоғары
ұстаз ғана бала бағбаны бола алады.
Атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «Мектептің жүрегі -
мұғалім» қоғамның сәулетшісі, ұлттьң қызметшісі. Дана халқымыз
«Ұстазы мықтының ұстамы мықты» - дейді. Шын мәнісінде жақсы мұғалім
ел ертеңін ойлайды, бала тағдырына
алаңдайды. Ол өмір
көшіне жедел ілесіп, әрдайым
жаңалықтарға ұмтылады.
Мұғалім - сұлулық символы.
Оның кескін-кейпінен, сейлеген сөзінен, адамгершілік ғұрпынан
ізгіліктің, әдептіліктің, мәдениеттіліктін
caмал лебі eciп тұруға тиіс. Бала
бақытын аялайтын, өз уақытын аямайтын ұстаз
үлкен құрметке, ерекше ілтипатқа
лайық. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл
оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.
Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі
маңызды мәселелердің бірі.
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа
технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге
асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың
қолында» (Н. Ә. Назарбаев)
Біріккен Ұлттар Ұйымының
шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Заман
талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің
терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық,
психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан
сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының
мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан
маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз –
білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы -
білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану.
Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық
мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты
міндет.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да
сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім
беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі
сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай,
жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп,
нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып
табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару
жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру
міндет.
Жаңа инновациялық
технологияның негізгі, басты міндеттері
мынадай:
– әрбір білім алушының
білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра
білу;
– білім мен білігіне сай
келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде
тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау
қабілетін дамыту.
«Халық пен халықты, адам мен
адамды теңестіретін – білім». Бұл данышпан жазушы Мұхтар Әуезовтың
тәмсілі. Әсілі, ұстаз беделі шалқар біліммен бағаланады. Оқыған –
тоқығаны мол, рухани бай, бесаспап білгір, кәсіби шебер мұғалім
қашанда қадірлі. Ілім – білімге деген шынайы құштарлық жаратылыстың
құпия – сырларын тереңірек түсінуге жетелейді. Ғұлама бабамыз Құл
Қожа Ахмет Иассауи: «Жүз жиырма беске келдім, ешнәрсе біле алмадым»
депті. Ендеше жалықпай оқу, талмай іздену мұғалімнің ғұмырлық
мұраты болса керек. Ал білім бұлағы – кітап. Кітап – рухани баға
жетпес байлық. Осы барша өркениеттің өріс алар бастау көзі. Адамзат
ақыл – ойының хан қазынасы – Кітап. Кемеңгер халқымыз «Тәтті жеміс
– бұтақта, түпкі жеңіс кітапта» деп бекер
айтпаған.
Түптеп келгенде білім ошағының
жүрегі де, тірегі де мұғалім – жанкешті ерен – ғайып еңбектің
адамы. Мұғалімнің қоғам үшін, жалпы адамзат үшін атқарар қызметінің
бағасы өлшеусіз. Өмірдегі басты құндылық – Адам. Табиғаттың осы
тамаша туындысын көздің қарашығындай әлпештеп аялау, ізгілік пен
имандылық жолына салу – ең жауапты іс. Түйіндеп айтқанда,
мұғалімнің жүрек жылуы, жан шуағы, ыстық ықыласы, мейірім –
шапағаты баланы қанағаттандырады, білімге деген құлшынысын
арттырады. Ұстаз өз алдындағы шәкіртіне туған баласындай немесе
қымбат бауырындай сүйіспеншілікпен қараса ізгілік өркен жаяды,
сенім мен сезім бүршік жарады, оқу – тәрбие жұмысы жоспарлы
мақсатқа жетеді. Хакім Абай әдемі әспеттеп бейнелегендей мұғалім
«ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі болса қандай
ғанибет!
Технология дәуірлеп тұрған
бүгінгідей қым – қуыт күрделі заманда мұғалімдік кәсіппен шұғылдану
асқан ерлікпен пара – пар. Күн сайын көз алдында жәудіреген балапан
жүрек балалардың көңіліне жол табу өте қиын. «Қиядан шауып, қисынын
тауып», тұйықтан шығудың тиімді әдіс- тәсілін орайластыру
мұғалімнің шеберлігі мен білімдарлығына байланысты. ХХІ ғасыр
мұғалімі болмыс – бітімі бекзада, ойы мөлдір, көзі ашық, көңілі
ояу, сезімі сұлу пейілі пәк, жаны жайсаң, танымы биік, табиғаты
таза, ұлттың ұйытқысы.