Материалдар / Химия мәтіндік тапсырмалар 2023
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия мәтіндік тапсырмалар 2023

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Тепе-теңдік күйдегі реакцияда әрекеттесетін заттардың біреуінің концентрациясын арттыратын болса, тепе-теңдік ӛнім түзілетін жаққа қарай ығысады. Қысымды арттырғанда тепе-теңдік газдардың зат мӛлшері азаятын жағына, ал қысым тӛмендегенде газдардың зат мӛлшері кӛбейетін жағына қарай ығысады. Газдардың зат мӛлшері ӛзгермесе қысым тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді. Температураны жоғарылату тепе-теңдікті эндотермиялық, ал тӛмендету экзотермиялық реакциялар бағытына ығысады. Ӛршіткі тура реакцияны да, кері реакцияны да жылдамдатады, сондықтан тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді, тек тепе-теңдіктің жылдам орнығуын қамтамасыз етеді. 1.Қысымды арттырғанда тепе-теңдік оңға ығысатын реакция А. S (қ ) + O2 (г ) → SO2 (г ) B. 2NO (г ) + O2 (г ) → 2NO2 C. C(қ ) + O2 (г ) → CO2 (г ) D. N2 (г ) + O2 (г ) → 2NO2 (г ) E. CaCO3 (қ ) → CaO(қ ) + CO2 (г )
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2023
939
3 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химия
Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.


Тепе-теңдік күйдегі реакцияда әрекеттесетін заттардың біреуінің концентрациясын арттыратын болса, тепе-теңдік ӛнім түзілетін жаққа қарай ығысады. Қысымды арттырғанда тепе-теңдік газдардың зат мӛлшері азаятын жағына, ал қысым тӛмендегенде газдардың зат мӛлшері кӛбейетін жағына қарай ығысады. Газдардың зат мӛлшері ӛзгермесе қысым тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді. Температураны жоғарылату тепе-теңдікті эндотермиялық, ал тӛмендету экзотермиялық реакциялар бағытына ығысады.
Ӛршіткі тура реакцияны да, кері реакцияны да жылдамдатады, сондықтан тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді, тек тепе-теңдіктің жылдам орнығуын қамтамасыз етеді.


1.Қысымды арттырғанда тепе-теңдік оңға ығысатын реакция

А. S (қ ) + O2 (г ) → SO2 (г )

B. 2NO (г ) + O2 (г ) → 2NO2

C. C(қ ) + O2 (г ) → CO2 (г )

D. N2 (г ) + O2 (г ) → 2NO2 (г )

E. CaCO3 (қ ) CaO(қ ) + CO2 (г )



2. N2 + O2 ↔ 2NO – химиялық тепе-теңдікті оңға ығыстыратын фактор

A) қысымды жоғарылату
B) қысымды тӛмендету
C) ӛршіткі әсері
D) температураны жоғарылату
E) азот концентрациясын тӛмендету

3. 2СО (қ) + О2 (қ) ↔ 2СО2 (г) + 577 кДж реакция теңдеуінде температураны тӛмендеткенде,

тепе-теңдіктің ығысу бағыты

A) ӛнім түзілу бағыты
B) кері реакция жүру бағыты
C) бастапқы заттар түзілу бағыты
D) зат мӛлшері кӛбейетін бағыты
E) эндотермиялық реакция бағыты


4. Тепе-теңдік жүйедегі 2 NO2 ( г) ↔ 2NO (г ) + O2 (г ) заттардың концентрациясын 3 есе азайтса, тура реакцияның жылдамдық өзгерісі


A) 9 есе кемиді
B) 3 есе кемиді
C) 6 есе кемиді
D) 8 есе кемиді
E) 2 есе кемиді









Алюминий
Aлюминий – табиғатта кең таралған элемент. Периодтық жүйеде
3 периодта, ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Алюминий белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Ӛнеркәсіпте алюминийді, әдетте, алюминий оксидін электролиздеп алады. Алюминий
химиялық реакцияларда басқа металдар сияқты тотықсыздандырғыш қасиет
кӛрсететін екідайлы металл. Алюминий қышқыл, сілті ерітінділерімен де әрекеттеседі. Алюминий электр тогын ӛте жақсы ӛткізеді. Электрӛткізгіштігі жағынан күміс пен мыстан кейінгі үшінші орын алады. Сондықтан таза
алюминийден ӛткізгіш сымдар жасайды. Сонымен қатар, су тазалауда, қағаз
ӛндірісінде және органикалық синтезде катализатор ретінде қолданылады.


5. Aлюминийдің валенттілік электрондарының конфигурациясы

А. 3s2 3p2

B. 3s2 3p4

C. 3s2 3p6

D. 3s2 3p1

E. 3s2 3p3



6. Қышқылдық қасиет кӛрсететін реакция

A. Al(OH)3 + 2HCl = Al(OH)Cl2 + H2O

B. Al(OH)3 + NaOH = Na [Al(OH)4]

C. Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2 Cl + H2O

D. Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

E. Al(OH)3 + 3HBr = AlBr3 + 6H2O



7. Aлюминийдің массалық үлесі ең көп қосылыс

A. NaAlO2

B. AlCl3

C. Al2O3

D. Al2(SO4)3

E. Al(OH)3



8. Өнеркәсіпте алюминийді электролиз әдісі арқылы алады. Массасы 54 г алюминий оксидінен алынған таза алюминийдің массасы

A. 25,9

B. 27,5

C.24,6

D. 28,6

E.23,6













Таза металдардың қасиеттері, әдетте, қажетті талаптарға сәйкес келмейді, сондықтан көптеген өндірістік салаларда таза металдар емес, олардың қорытпалары қолданылады. Мысалы, адам өз қажеттіліктері үшін қолдана бастаған алғашқы металдардың бірі - мыс. Алайда, III мыңжылдықта алғашқа адамдар қалайы қосылған мыстың қорытпасынан неғұрлым берік қару және ыдыс жасауға болатынын анықтады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта зергерлік бұйымдар жасау үшін «ақ алтын» жиі қолданылады. 585-ші сынамалы «ақ алтын» - үш металдан тұратын қорытпа (массалық үлесітері: Au - 58,5%, Ag – 26%, қалғаны Pd).

Қорытпалардағы металдар арасында қандай байланыс пайда болады?

А. Донорлы-акцепторлы

B. Полюссіз

C. Полюсті

D.Металдық

E. Иондық

Мөлшері 4,6 г болатын 585-ші сынамалы «ақ алтыннан» жасалған зергерлік бұйымның құрамындағы таза алтынның массасын есептеңіз

А. 1,568 г

В. 2,691 г

С. 0,713 г

D. 2,300 г

Е. 1,196 г



Металл қорытпаларын алудағы негізгі мақсат

А. Өнім көлемін ұлғайт

В. Өте берік материалдарды алу

C. Арзан материалдарды алу

D. Қымбат материалдарды алу

E . Таза металл шығымын үнемдеу

​​​​

Мыс негізіндегі қорытпаны көрсетіңіз

А. Силумин

B. Шойын

C. Болат

D. Қола

E. Дюралюминий


​​​​​









Электролиз – электролит ерітіндісі немесе балқымасы арқылы электр тогын жібергенде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану процестері. Электролит ерітіндісі немесе балқымасындағы иондар ретсіз қозғалады. Егер ерітіндіге немесе балқымаға элетродтарды батырып, электр тоғын жіберсе, иондар электродтарға қарай: катиондар-катодқа, аниондар – анодқа қарай қозғалады.

Балқымалар электролизденгенде электродтарда тек қана электролит иондары тотығады немесе тотықсызданады.

Na+ + e- → Na(катодтағы процесс)

2Cl- - 2e- → Cl2 (анодтағы процесс)

Сулы ерітінділерде электролит иондарынан басқа электродтық процестерге қатысатын су молекулалары болады. Бұндай жағдайда бірнеше параллель процестердің ішінен энергияны аз мөлшерде жұмсайтындары жүзеге асады.

2H2O + 2e- → H2↑ + 2OH-

2H2O – 4e- → O2 + 4H+

Тұздарды электролиздеу арқылы Cu, Zn, Co, Cd, Mn сияқты металдарды алуға, Ag, Pb, Sn сияқты  металдарды қоспадан тазартуға болады.

Мырыш хлориді ерітіндісі арқылы электр тоғын өткізгенде анодта бөлінетін газ

A. Br2

B. H2

С. Cl2

D. O2

E. Zn

​​​​​​Әрі балқымасын, әрі ерітіндісін электролиздеу арқылы алынатын металл

А. Кальций

В. Мыс

C. Литий

D. Хром

E. Калий


​​​​​​​ Электролиз процесі нешеге бөлінеді?

А. 5

B. 4

C. 3

D. 2

E. 1

​​​​

Электролиз кезінде катодта жүретін процесс

A. Ыдырау

B. Ион алмасу

C. Тотығу-тотықсыздану

D. Тотықсыздану

E Тотығу


​​​​​​ Ауаның ластануы мен қышқыл жаңбырды тудыратын күкірт диоксиді (SO2) түссіз, өткір иісті және суда жақсы еритін газдардың бірі болып табылады. Күкірт диоксиді сұйық немесе қатты отындарда күкірт жанғанда пайда болады. Өте улы, жоғары концентрациядағы күкіртті газды (SO2) жұтқан кезде – тұншығу, сөйлеудің бұзылуы, жұтынудың қиындауы, құсу, өкпенің жедел ісінуі мүмкін. Көбінесе ағартқыш ретінде және зиянды микроағзалардан көкөніс қоймаларын тазартуда қолданылады.

Сонымен қатар, күкірт диоксиді ылғалды ауа-райында су буымен біріктіріліп, ұзақ уақытқа тұман мен қышқыл жаңбырларды тудырады. 

Қазіргі кезде, күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері барған сайын артып, ол табиғаттағы геологиялық жүйенің зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы фактор ретінде көрінуде.

Күкіртті газдың атом саны белгілеңіз.

A. 5

B. 4

С. 3

D. 2

E. 1

Қышқыл жаңбырдың пайда болуын көрсететін теңдеу 

A. MgO + H2O= Mg(OH)2

В. SO2 + H2O= H2SO3

C. SO3 + H2O= H2SO4

D. P2O5 + H2O= H3PO4

E. K2O + H2O= 2KOH


Күкірт диоксидінің физикалық қасиеттері

А. түссіз, өткір иісті, суда жақсы еритін газ

B. өткір иісті, түссіз сұйықтық, суд

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!