Материалдар / "Химия өнеркәсібі" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Химия өнеркәсібі" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Саралап оқыту принципі бастауыш мектептен бастап негізгі, жоғары буында ерекше орын алып келеді. Мектепте жоғары сатыда оқытудың негізгі міндеті оқушыларды мамандық таңдауға, болашақта өндірістің қай саласында еңбек ету мүмкіндіктерін болжауға жағдай туғызу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
771
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат

Саралап оқыту принципі бастауыш мектептен бастап негізгі, жоғары буында ерекше орын алып келеді. Мектепте жоғары сатыда оқытудың негізгі міндеті оқушыларды мамандық таңдауға, болашақта өндірістің қай саласында еңбек ету мүмкіндіктерін болжауға жағдай туғызу.

Мектеп жергілікті жердің сұранысын, ерекшелігін ескере отырып , кәсіптік бағдар беруге толық мүмкіндігі бар.

Жоғары сатыда оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігі, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Саралап оқытудың негізгі бағыты сол аймақта өндіріс орындарына мамандар дайындау міндеттеріне негізделеді. Ол үшін өндірістік

комплекстердің күйі мен дамуын ескеру қажет.

Мысалы, Оңтүстік аймақта барлық өндіріс салаларын төмендегідей үш топқа бөлуге болады:

  1. ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу;

  2. минералды ресурстарды өндіру және өңдеу;

  3. еңбек ресурстарын қолдану;

Осы аталған топтарды төмендегідей өнеркәсіп салаларына жіктеуге болады:

  1. жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

  2. түсті металлургия, химиялық және цемент өнеркәсібі;

  3. машина құрылыс , машина өңдеу және ағаш өңдеу өнеркәсібі;

Қазақстанда табиғат байлығы кең таралғандығы , жер қойнауында тас көмір , мұнай, газ, түрлі рудалар, металдар, фосфориттер және тағы басқа пайдалы қазбалар қоры бар екендігі мәлім.

Мұғалім сабақ барысында химиялық өнеркәсіптің шикізаттары туралы ғана емес, сонымен қатар олардың құрамы мен қасиеттері, өндіру әдістері және олардың табиғатта таралуы мен қолданылуын, оларды физика – химиялық негізде қайта өңдеу әдістері туралы кең мағлұмат береді.

Республика аймақтарының әр түрлілігі тек климаттық, географиялық, экологиялық жағдайлары жағынан ғана емес, сонымен қатар шаруашылық - өндірістік жағынан да айырмашылықтары болады.

Қазіргі заманның талабына сай қоғамымыздың , әлеуметтік - экономикалық

және ғылыми – техниканың дамуына байланысты білім мазмұнын жетілдіру мәселесі тұр.











Мақсаты:

Оқушыларға аймақтың химиялық өнеркәсібі, оның технологиясы, қолданылуы және олардың қоршаған ортаға әсері туралы терең білім беру.

Міндеттері:

    • оқушылардың теория мен практиканың өзара байланысын дәлелдеуіне көз жеткізу ;

    • оқушылардың өз жеріне деген патриоттық сезімін дамыту;

    • оқушылардың пәнге қызығушылығын танымдық белсенділікті арттыратын қызықты тәжірибелер, өндірістерге экскурсия ұйымдастыру арқылы қалыптастыру;

    • жаңа ақпараттық технология әдістерін ( видеофильм, электрондық оқулық, интерактивті тақта т.б. интерактивті технологияны) қолдану арқылы білімдерін тереңдету;

    • оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой салып , әсер ету ;

    • оқушыларға экологиялық білім, экологиялық сана , экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениеттілік қалыптастырып дамыту;

    • табиғат қорғау мәселесін қажеттілікке айналдыруға тәрбиелеп, бағыттау .

    • жергілікті жердің экологиялық жағдайын ескере отырып, денсаулық сақтау технологиясына көңіл бөлу .

Бұл курсты жүзеге асыруда мұғалім жергілікті жер материалдарын қолданумен қатар, өндірістегі құбылыстарды бақылау, экскурсиялар ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау ерекшеліктерін ескергені жөн. Мұғалім Қазақстанның химия өнеркәсібінің жетістіктерін қарастыру барысында оқушыда өзінің еліне, аймағына деген патриоттық сезімін тәрбиелейді және Республикада химия өнеркәсібін құру кезеңінде не дамыту барысында басқа елдің көмектері, тәжірибе алмасу ролін байқауға болатындығына көз жеткізеді.

Күтілетін нәтижелер:


1. Мұнай – химия өнеркәсібі жөнінде жергілікті жер ерекшелігін ескере отырып , оқытудың жоспарланған нәтижесін саралап оқыту принципі арқылы дамыту;

2. Қазақстан жерінде өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын ТМД және басқа да шет елдерде (мысалы, Азербайжан, Ресей , Түркменстан, Иран , Сауд Арабиясы, Кувейт, Венесуэла т.б.) өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасымен салыстыру ;

3. Болашақта теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу;

4. Бейіндік, бағдарлы оқытуда мамандық таңдауына ой салып, әсер ету;

5. Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыратын қызықты тәжірибелер ,өндіріске экскурсия ұйымдастыру арқылы қалыптастыру.

6. Өз туған өлкесіне деген патриоттық сезімді ояту;

7. Білімді шығармашылық жолмен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;

8. Оқушыларға ғылыми , логикалық және шығармашылық ойлауды үйрету;

9. Оқушыларға экологиялық білім, сана, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениеттілік және экологиялық қажеттілікті қалыптастырып , дамыту;

10. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселесін қажеттілікке айналдыруға тәрбиелеу;

11. Адамдардың мекендеп отырған ортасын, қала экологиясының жағдайын біліп, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға әр адамның қосатын үлесі жеке тұлғаның саналылығы мен мәдениеттілігіне байланыстылығын дәлелдей білу, өз үлесін қосуға ат салысу;

12. Қолданбалы курсты меңгерту барысында, мұнай - химия өндіру аймақтарында экологиялық жағдайдың қиындығын ескере отырып, денсаулық сақтау технологиясына аса назар аудару

13.Тереңдетіліп берілген теориялық білімнің сапасын анықтау мақсатында, оқытудың жоспарланған нәтижесін деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеріп, сараптама жасау;

14.Оқушылардың химиядан жергілікті жер ерекшелігін ескере отырып, аймақтағы химия өнеркәсібінің салаларымен танысу;

15.Жергілікті жердегі өндіріс орындарына экскурсия ұйымдастыру арқылы көптеген шешімін таппай жүрген сұрақтарға көз жеткізу.




























Мазмұны


Кіріспе: ( 2 сағат)

Аймақтағы химия өнеркәсібінің түрлері , оның құрылымы мен міндеттері.

Мұнай жолдары. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің дамуы. Геохимиктер – мұнай-

шылар, мұнайхимиктер, лаборант, химик – аналитик т.б. мамандықтар туралы.

І – тақырып. Өндірісте қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау (2 сағат)

Мұнай саласындағы өндірістерде сақталатын қауіпсіздік ережелері. Мұнайды айдауға арналған лабораториялық қондырғының моделін жинау. Мұнай өнімдерін схема түрінде көрсету.Коллекция жасау үшін мұнай өнімдерінің үлгілерін жинау тәртібі.

ІІ – тақырып . Мұнай және табиғи жанғыш газдардың құрамы мен қасиеттері ( 3 сағат)

Мұнай және табиғи жанғыш газдардың шығу тегі.Табиғи және мұнайға серік газдар, олардың құрамы. Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау аймақтарында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасы мен халық шаруашылығында қолданылуы.

ІІІ – тақырып. Мұнайды өңдеу (13 сағат)

Мұнайға серік газдарды алғашқы өңдеу. Мұнайды судан және қатты күйдегі қоспалардан тазарту. Мұнайды айдау. Мазутты айдау.Термиялық және катализдік крекингтің физика – химиялық негіздері және оларды жүргізудегі тиімді жағдайлар.Мұнай өнімдерінен ароматты көмірсутектерді өндіру.

Тас көмірді кокстеу.Қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндердің қолданылуы. Мұнай айдау моделін құрастыру.

ІV – тақырып . Атмосфералық ауаның өндіріс қалдықтарымен ластануы (5 сағат)

Химиялық өнеркәсіп орындарынан шығатын қалдықтар . Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға және адам ағзасына әсері.Табиғаттағы адамның іс - әрекеттері.Бензин орнына басқа отын түрлерін қолдану ерекшелігі.Мұнай өңдеуде қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

V – тақырып . Атмосфералық ауаны ластанудан қорғау.(5 сағат)

Табиғатты қорғау туралы нормативтік құжаттар және оның орындалуы. Ауаға тарайтын қалдықтарды тазарту жолдары. Қалдықсыз технологияның маңызы . Санитарлық – қорғау аймақтары. Жергілікті жерде отынды тиімді жағу және жылу жүйесін газға айналдыру мәселелерінің орындалуы. Қаланың экологиясы.

VI – тақырып. Өндіріске экскурсия. ( 4 сағат)








Күнтізбелік жоспары

34 сағат, аптасына 1 сағат


Сабақ №

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту


1.

Кіріспе

Аймақтағы химия өнеркәсібінің түрлері, оның құрылымы мен міндеттері.

2





2.

Мұнай жолдары.Мұнай өңдеу өнеркәсібінің дамуы. Геохимиктер – мұнайшылар , мұнайхимиктер т.б. мамандықтар туралы.


1



І. Өндірісте қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау – 2 сағат

3.

Мұнай саласындағы өндірістерде сақталатын қауіпсіздік ережелері.Мұнайды айдауға арналған лабораториялық қондырғының моделін жинау.


1



4.

Мұнай өнімдерін схема түрінде көрсету.Коллек-

ция жасау үшін мұнай үлгілерін жинау тәртібі.

1



ІІ. Мұнай және табиғи жанғыш газдардың құрамы мен қасиеттері- 3 сағат


5.

Мұнай және табиғи жанғыш газдардың шығу тегі.Табиғи және мұнайға серік газдар , олардың құрамы.


1



6.

Мұнай құрамы және қасиеттері

1



7.

Қазақстанның Атырау , Ақтөбе , Маңғыстау аймақтарында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасы мен халық шаруашылығында қолданылуы.


1



ІІІ. Мұнайды өңдеу - 13 сағат


8.

Мұнайға серік газдарды алғашқы өңдеу.

1



9.

Мұнайды судан және қатты күйдегі қоспалардан тазарту.

1



10.

Мұнайды айдау.

1



11.

Мазутты айдау.

1



12.

Теориялық және катализдік крекингтің физика – химиялық негіздері.

1



13.

Термиялық және катализдік крекингті жүргізудегі тиімді жағдайлар.

1



14.

Бензинді риформингілеудің физика – химия –

лық негіздері .

1



15.

Мұнай өнімдерінен ароматты көмірсутектерді өндіру.

1



16-17

Тас көмірді кокстеу.

2



18.

Кокс газының құрамы мен пайдалану мүмкіндіктері.


1



19.

Қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндердің қолданылуы.

1



20.

Мұнайды айдау моделін құрастыру.

1



ІV. Атмосфералық ауаның өндіріс қалдықтарымен ластануы- 5 сағат


21.

Химиялық , металлургиялық , цемент және т.б.

өнеркәсіп мекемелерінен шығатын қалдықтар.

1



22.

Мұнай өңдеуде қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

1



23-24.

Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға және адам ағзасына әсері.

2



25.

Бензин орнына басқа отын түрлерін қолдану ерекшелігі.

1



V. Атмосфералық ауаның басқа отын түрлерін қолдану ерекшелігі – 5 сағат


26.

Табиғатты қорғау туралы үкіметтің нормативтік құжаттары және оның орындалуы.

1



27.

Ауаға тарайтын қалдықтарды тазарту жолдары.

1



28.

Қалдықсыз технологияның маңызы.

1



29.

Санитарлық – қорғау аймақтары.

1



30.

Отынды тиімді жағу және жылыту жүйесін газға айналдыру.

1



31-32.

Қала экологиясы.

2



VI.

Өндіріске экскурсия.

4










Пайдаланылған әдебиеттер


Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

1. Бейсенова Ә.С. Экология. – Алматы : «Мектеп» , 2010 . – 176 б.

2.Болаткулова Р. Органикалық химия сабақтарында есептер мен жаттығуларды пайдалану. – Алматы .: «Мектеп» , 2012. – 68 б.

3. ГузикН.П. Обучение органической химии . – М .: 2013.

4. Джадрина М.Ж.Построение планируемых результатов обучения на примере химии и биологии. – Алматы . :Республиканский издательский кабинет , 2014. – 24 с.

5. Надиров Н.К. Нефть : вчера , сегодня , завтра . – Алматы .: Қазахстан 2016 . – 210 с.

6. Надиров Н.К. Химическое равновесие и принципы его смещение .

- Алматы .: «Мектеп» , 2013. – 216 с.

7. Усманова М.Б. Химия . – Алматы .: «Атамұра» , 2015 . – 239 б.

8. Эпштейн Д.А. Химиядан жүргізілетін факультативтік сабақтар . – Алматы .: «Мектеп» 2015 . – 125б.

9. Сарманова К.А.Задания для итоговой проверки по химии, Ротопринт, 29с.


Оқушыларға арналған әдебиеттер:

  1. Артемов А.В. Химия :. – М.: Айрис – пресс , 2015 . – 336 с.

2. Дикенштейн Г.Х. Нефтяные и газовые месторождения средней Азии.

- Москва .: Недра , 2012 . – 429 с.

3. Исламгулова С.Органическая химия. – Алматы.: «Творческая педагогика» 2016 . – 60 с.

4. Мансурова Б.А. Сборник тестовых заданий по органической химии.

- Алматы .: «Атамұра» , 2017. – 224 с.

5. Темірболатова Ә , Нұрахметов Н. Химия . – Алматы .: «Мектеп» , 2014. – 352 б.

6. Сәулебекова М.С. Химия анықтамасы 8 – 11 сыныптар . «Арман –ПВ»

2015 . – 302 с.

7. Семенов И.Н . Химия и научно – технический прогресс. – М .: «Просвещение» , 2016. – 172 с.

8. Усманова М.Б. Химия . – Алматы .: «Атамұра» , 2015. – 239 б.

9. Халимов Э.М. Управление запасами нефти .– М .: Недра ,- 2017 .– 284с.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!