Материалдар / Химия пәні бойынша ХХІ ғасыр көшбасшысы

Химия пәні бойынша ХХІ ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні бойынша ХХІ ғасыр көшбасшысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
167
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

XVI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Қазіргі заманғы өмір ағымы мұғалімдерден жаңаша ойлап, шығармашылықпен жұмыс істей білуді, көп ізденуді талап етеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, білімге деген құштарлығын тереңдетуде сыныптан тыс шаралардың алар орны зор. Осы орайда 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Химия және денсаулық" атты сайыстың қысқаша жоспарын үсынып отырмын. Бұл теледидарда көрсетіліп жүрген "XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық шоу ізімен жүргізілді.

Сайыстың мақсаты: оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу.

Байқау 6 кезең бойынша безендірілген химия кабинетінде өтілді. Ойынға 8 оқушы қатысты.

1-жүргізуші: қазақ халқы ежелден-ақ денсаулыққа ерекше мән беріп отырған. "Бірінші байлық денсаулық", "Дені саудың жаны сау", "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде", т.б. мақалдардың бәрі денсаулықтың баға жетпес байлық екеніне көз жеткізгенінің дәлелі.

2-жүргізуші: химия ғылымының адам өмірін сақтауда ерекше үлес қосып келе жатқанын Қосжан Мүсірепов ағамыз былай жырлайды:

Аһ, ұрумен іздеп өтті қанша адам,

Ауруларға арман болған қашаннан.

Аптекада алуан-алуан дәрі бар,

Химияның қудіретімен жасалған.

1-жүргізуші: бүгінгі "Химия және денсаулық" атты сабағымызда химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының адамағзасы мен тіршілік үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталамыз. Халық денсаулығы ел байлығы. Адам - табиғаттың теңдесі жоқ ең қадірлісі. Ал табиғаттың адамға сыйлаған аса зор байлығы - денсаулық.

2-жүргізуші: сонымен бүгінгі ойынға қатысушыларды ортаға шақырып, қарсы алайық.

Әр оқушы өз ұстанымын айтып таныстырады. I кезең - "Бәйге".

8-сайыскер қатысып, дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Барлығы 16 сұрақ қойылады. Соңында қазылар алқасы әр кезеңнің бағасын береді.

Ал, оқушы балалар, Сендерге сұрақ беремін Ойланып бір көріңдер, Толғанып жауап беріңдер.

1. Қан құрамында гемоглабин азайса, адам анемия ауруына шалдығады. Бұл дерт біздің облыста да кең тараған. Гемоглобин молекуласының құрамында қай элемент бар? (темір)

2. Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелі ванна қай элементтен жасалады? (радон)

3. Аналгин, аспирин дәрілері қай органикалық заттан алынады? (карбон қышқылы)

4. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды? (фтор)

5. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады? (тұз қышқылы)

6. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? (хлор)

7. Йод тапшылықтан болатын ауру түрі? (жемсаулық нөмесе зоб)

8. Тамақ өнеркәсібінде темірмен байыту үшін қай азық-түлік түріне темір қосылады? (ун)

9. Медициналық спирттің формуласы? (этанол)

10. Ессіз, түссіз адам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде. (NН4ОН мүсәтір спирті)

11. Теріні ультракүлгін сәулесінен қорғайды Өзін оттектің үш атомы құрайды. (озон )

12. Қарағанды фитохимия институтында алынған қатерлі ісік ауруына қарсы дәрі? (арглабин)

13. Шыдасаң да 6 күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз 2 күнге? (су)

14. Тамақ өнеркәсібінде адам ағзасына қажетті йодты қандай затқа қосу арқылы өндіреді? (ас тузына қосу)

15. Өмір мен ойдың элементі? (фосфор)

16. Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына қүйылады. Ол затты тұрмыста тамақ дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (НаСІ натрий хлориді)

17. Ас содасының формуласы. (NаНСО3)

18. Целофанның мономері. (этилен)

19. Нәруыздың мономері. (амин қышқылдары)

20. Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)

II кезең - "Полиглот".

Бұл кезең 2 сатыда өтеді.

Әр сайыскерге тапсырма оқылады. Жауабын 3 тілде айта білуі қажет. (Қазақша, орысша, латынша) Мысалы:

1. Өзі ауыр металға жатады, Емшілер қорықтық құюға қолданады.

(қорғасын, свинец, плюмбум)

2. Суйық металл. (сынап, ртуть, гидраргирум)

3. Ел іші... бесік. (алтын, золото, аурум)

4. Батыр майданда шыңдалады, …….. қайнауда шыңдалады. (темір, железо, феррум)

5. Алтын, ... тас екен, Арпа-бидай ас екен. (күміс, серебро, аргентум)

Ойынның шарты бойынша жинаған ұпайы аз 4 сайыскер ойыннан шығарылады.

III кезең - "Ғажайып жетілік".

Бұл сайыста әр пәннен сұрақтар беріледі. Тақтадағы сандар жазылған торкөзді оқушылар таңдайды. Әр оқушыға дұрыс жауап үшін торкөздегі сан мөлшеріндегі ұпай қосылады.

201 202 301 302 40 1 402

201 Биология. Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан ғана болған, сонда да авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі не?

(ауа, су, топырақ таза болған.)

202 Орыс тілі. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин шығармасына материал жинау мақсатында Батыс Қазақстанның бір қаласында болған. Соны атаңыз. (Орал қаласы)

301 География. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте. (эпицентр)

302 Қазақ әдебиеті. Шоқан оқыған оқу орны қай қалада орналасқан? ( Омбы)

401 Музыка. Ең алғашқы вальстың авторы. (Штраус)

402 Химия. Нобель қандай химиялық затты патенттеу арқылы байыды? (тринитроглицерин немесе динамит)

IV кезең - "Тікелей сұрақтар".

Тақтадағы торкөздерден ұпайы аз оқушы өз қалаған нөмірін таңдайды. Санның астында ұстаздың аты-жөні, сұрағы жазылған. Дұрыс сұраққа 30 ұпай беріледі.

1. Физика пәнінің муғалімі сурақ қояды.

Макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдарын ең алғаш ашқан ғалым? (И. Ньютон)

2. Тарих пәнінің мұғалімі сүрақ қояды.

Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы қалай аталады? (яса)

3. Математика пәнінің мұғалімі сүрақ қояды.

Үшбұрыш төбесін қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қоса-тын сызық. (медиана)

4. Валеология пәнінің мұғалімі сурақ қояды:

Адам ағзасының қалыптасуы қанша жасқа келгенде аяқталады? (22-23 жас)

Осы кезеңнен соң ұпайлары төмен 2 сайыскер ойыннан шығады. Қалғаны келесі кезеңге жолдама алады.

V кезең - "Жорға".

Шарты: 1 минутқа сыйғанша сұрақтарға жауап беру, әр дұрыс сұрақ 10 ұпаймен есептеледі.

1. Дәрігер беретін анттың авторы. (Гиппократ)

2. Иіс газының формуласы (СО)

3. Темекі құрамындағы қышқыл. (никотин)

4. Судың мольдік массасы (18 г/моль)

5. Ең жеңіл газ. (сутек)

6. Пышақпен кесуге болатын металдар. (натрий, кальций)

7. Бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектер. (атомдар)

8. Мыстың латынша аты. (купрум)

9. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі. (моль)

10. Ауада оттек неше %. (21%)

11.Натрий неше валентті? (1 валентті)

12. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым. (С. Аррениус)

13. Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы. (32 г/моль)

14. Еуропада темекі қалай аталады? (табаго, табак)

15. Ұйқы безі қандай гормон бөледі? (инсулин)

16. Ең жеңіл металл. (литий)

17. Лакмус, метилоранж, фенолфталейн қалай аталады? (индикаторлар)

18. Жану реакциясы кезінде не бөлінеді? (жарық, жылу)

19. Азот қышқылының мольдік массасы. (63 г/моль)

20. Менделеев болжаған үш элементті атаңыз. (галий, скандий, германий)

VI кезең - "Шешендік өнер".

Бұл сайыс бойынша сайыскер Қазақстан жері кең, табиғат ресурстарына бай болуы, оның экономикасына халық денсаулығына, әл-ауқатының жақсаруына

а) оң әсері; ә) кері әсері

туралы әңгімелеп, шешендік шеберліктерін ортаға салады. Сайыс аяқталғаннан кейін қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз мақтау қағазымен марапатталады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ