Материалдар / І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасы ашық сабақ

І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасы ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
88
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін____________


Бөлім:

3-бөлім: Адам жанының құпиясы


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:



Күні:



Сынып: 9 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы. Бай-бай, Құлагерім!


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;


Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармадағы психологизмді анықтай алады. Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасай алады.


Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету. Ұлттық мәдениетті дәріптеу.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут













Сабақтың ортасы

6 минут









8 минут


































7 минут





















8 минут







7 минут












Сабақтың соңы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

«Айна» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.


Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау.


Тақырыптық ақпарат

ӘДЕБИЕТТЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ

  • Психологизм - кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереғарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе.

  • Психологизм - адамның көңіл-күй, ой-толғам болмысы төңірегіндегі нақты материалдық құбылыстар сырын түсінуге ұмтылу. Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы.

  • Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің рухани ішкі әлемінің көркем бейнеленуі: әдеби қаһарманның ой-санасының, эмоцианалдық көңіл-күйінің, сезімдерінің құбылуы, толқуы, өзгеруі.


1-тапсырма

Берілген үзіндіде кейіпкердің қандай көңіл-күй, ой-толғамы сипатталған?

Берілген үзіндіде Ақан серінің қандай көңіл-күй, ішкі сезімі сипатталған?

Өлең жолдарынан Ақанның психологиялық күйзелісін анықта.

Ол емес және өзінің малын баққан,

Жалшы емес және байдың отын жаққан.

Кісіні ит етінен жек көретін,

Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан.

Ащы зар, ауыр шері айғайлатты,

«Құлагер» айтқан сайын, қайғы ойлатты.

Ұйқышыл, кереңқырға маза бермей,

Күрсінтіп соқыр түңді бай-байлатты.


Өзіңді тексер

Берілген үзіндіде Ақан серінің қандай көңіл-күй, ішкі сезімі сипатталған?

Өлең жолдарынан Ақанның психологиялық күйзелісін анықта.

Ол емес және өзінің малын баққан,

Жалшы емес және байдың отын жаққан.

Кісіні ит етінен жек көретін,

Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан.

Ащы зар, ауыр шері айғайлатты,

«Құлагер» айтқан сайын, қайғы ойлатты.

Ұйқышыл, кереңқырға маза бермей,

Күрсінтіп соқыр түнді бай-байлатты.

Ол – намысшыл, адал. Ақын «баққан», «жаққан» , «шаққан» деп есімшелі етістіктер арқылы суреттей отырып Ақанның ішкі сезімінің намысшыл, адал адам болғанын суреттейді . Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып, ел шулатқан ұры» емес, тіпті, байдың жалшысы да емес, өз малын баққан қарапайым шаруа да емес. Ол - асқақ сезімнің адамы.

Күйзеліс бар. Құлагер өлімі Ақанның жаралы жанын күйреткен, аяусыз соққы болды. Қиянат пен әділетсіздіктен жапа шекті. Ащы зар , ауыр шерін жалғыз қалып соқыр түнде Құлагерді жоқтап күрсінді. Ішкі күйзелісін түнге ақтарды..



2 – тапсырма

Б ерілген өлең жолдары қай кейіпкердің бейнесін сипаттап тұрғанын анықта.

3-тапсырма (оқулықтан)

Автор стиліне байланысты өз ойыңды жаз. Ақынның сөз қолдану ерекшелігі мен кейіпкеріне деген авторлық ұстанымын білдіретін тұстарын анықта.


4–тапсырма

Ақынның кейіпкер психологиясын суреттеген тұстарын поэмадан тауып жазыңыз. 1 шумақтан

Ақан серінің шығарма басындағы көңіл күйі

Ақан шығарма соңында қандай болды?




Өзіңді тексер

Ақан серінің шығарма басындағы көңіл күйі

Ақан шығарма соңында қандай болды?

«Елі емесКөкшетаудың аты келді,

Не керек онан басқа?-деді Сері. Құлагер қосатыным, атым -Ақан,

Таратсын, жаршы қайда, шақыр бері!»

Құлагерқош-қош атымжолдасым-ай!

Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай! Тигізбей топыраққа жоғары іліп. Сақтармын өле-өлгенше қу басынды-ай! 


Үйге: 12-тапсырма

Рефлексия

«Білім поштасы»

1.Менің ойымша...

2.Себебі...

3.Мысалы...

4.Қорыта айтқанда...

Оқушылар психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін, «Айна» әдісін орындайды.







ӘДЕБИЕТТЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ

туралы ақпаратты қайта пысықтайды.











Берілген үзіндіде кейіпкердің қандай көңіл-күй, ой-толғамы сипатталғанын, психологиялық күйзелісін өлең жолдарынан анықтайды.



































Берілген өлең жолдары қай кейіпкердің бейнесін сипаттап тұрғанын анықтайды.






Автор стиліне байланысты өз ойын жазады. Ақынның сөз қолдану ерекшелігі мен кейіпкеріне деген авторлық ұстанымын білдіретін тұстарын анықтайды.




Ақынның кейіпкер психологиясын суреттеген тұстарын поэмадан тауып жазады.








Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
















Дескритор

Білім алушы

-кейіпкердің үзіндідегі көңіл-күйін сипаттады,

-кейіпкердің психологиялық күйзелісін анықтайды.




















Дескритор

Білім алушы

-өлең жолдарынан кейіпкердің бейнесін анықтайды,














Дескритор

Білім алушы

-кейіпкер психологиясын суреттеген тұстарын анықтайды,

-мысал келтіреді.


Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл




Қалыптас

тырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

9-сынып











Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл

















































Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ