Материалдар / Икемділікке тәрбиелеу.Икемділік және оны дамыту әдістері.Икемділік қабілетін жетілдіру.Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктерінің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Икемділікке тәрбиелеу.Икемділік және оны дамыту әдістері.Икемділік қабілетін жетілдіру.Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктерінің

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның қабілеттерінің ең маңыздыларының бірі — икемділік. Ол буындардағы қозғалғыштықтың жақсаруымен анықталады. Қозғалыстың ең жоғарғы ауытқу шегі икемділікті анықта- удың өлшемі болып табылады. Адам өміріндегі икемділіктің маңызы өте ерекше. Ең алдымен, икемділік қозғалысты сапалы орындау болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
2775
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс№30

Тақырып: Икемділікке тәрбиелеу.Икемділік және оны дамыту әдістері.Икемділік қабілетін жетілдіру.Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктерінің атқаратын ролі.


Жоспар:

1.Икемділік

2.Икемділік дамыту әдістемесі

3.Қорытынды


Адамның қабілеттерінің ең маңыздыларының бірі — икемділік. Ол буындардағы қозғалғыштықтың жақсаруымен анықталады.

Қозғалыстың ең жоғарғы ауытқу шегі икемділікті анықта- удың өлшемі болып табылады. Адам өміріндегі икемділіктің маңызы өте ерекше. Ең алдымен, икемділік қозғалысты сапалы орындау болып табылады.

Икемділік жасына, жынысына, туа біткен ерекшелігіне, буын пішіндері, омыртқа тіреуі, сіңірдің иілгіштігі, сіңір және бұл- шықеттер, сондай-ақ бұлшықеттер тонусының қозғалысына байланысты болады.

Егер де жаттықтыру барысында созылу жаттығулары кірмеген жағдайда, икемділік- тің төмендеуі күш жаттығуларын жұмсауға әкелуі мүмкін.

Икемділікті тиімді жетілдіру мақсатты бағытталған жаттықтырулар барысында 16 сағаттан кейін орын алады.

Ауа райының суық кезінде дене салқындағанда икемділік төмендейді, қоршаған ор- таның температурасы жоғарылаған кезде шынығу барысында көтеріледі.

Шаршау қозғалыстың ауытқу шегін және бұлшықет байланысының кеңеюін шек- тейді, бірақ пассивті икемділіктің көрінуіне ықпал ете алады. [1]

Икемділікке жетудің жасы - 7 жылдан 11 жылға дейін. Содан кейін, бұл сапаның дамуы төмендейді. Сонымен қатар, жүйелі түрде жақсартуға бағытталған арнайы әдіснаманы қолдану барысында өте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.

«Икемділік» терминін мамандар барлық дене буындарының жалпы қозғалысын сипаттайтын қасиет ретінде анықтайды. Бір буындағы икемділікті дұрысырақ қозғалыс деп атаса да бола- ды. Буындардағы қозғалыстың жеткіліксіз түрде дамуы кей- бір қозғалыс икемін, күшін дамытуға, жылдамдығын, шыдам- дылығы мен ептілігін игеруге кедергі жасайды, жарақаттардың пайда болу себебіне қызмет етеді, сапалы қозғалыс мүмкіндігі төмендейді және бұлшықеттер әлсірейді. Икемділікке жаттықтыруды уақытша үзсек, бала дамуында кері әсерлер байқалады.

Икемділікті тәрбиелеу процесінде буындардың қозғалысы түрлі сыртқы әсерлерге және

Икемділікті тәрбиелеу үшін қайталау жаттығулары маңызды қызмет атқарады. Себебі,Енжар қозғалыс белсенді икемділіктің бастамасы болып табылады. Икемділікті дамыту процесі өзіндік спецификалық ерекшеліктерге ие, оларды жаттықтыру

Енжар жаттығулардың да өз тиімділігі бар. Әрине, спортшыға барлық

Енжар қозғалыстарды 10-40 ретке дейін қайталау керек. Статистикалық жағдайда

7-10 жастағы балалар 2–3 жаттығу орындап, оны 6-8 рет

Қозғалысты ең жақсы түрде дамыту үшін омыртқа жотасын; жамбас,

-кіріспе жаттығулардан соң

-бұлшықетті дайындауға арналған разминкада

-белсенді жаттығулар кезінде

-икемділікті дамыту жаттығуларында

-бұлшықет пен байланыстырушылардың созылғыштығын арттыруда

-сабақ соңында ауыр жаттығулардан соң

-аурудың алдын алуда.


Икемділік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз. Икемділік белсенді және енжар болады. Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т.с.с. Икемділікті дамытудың негізгі жолы қайталау әдісі. Сонымен бірге ойын, жарыс, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.[2]

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

  1. Дене қуаты қасиеттері. Анықтама.

  2. Күш, күштің түрлері.

  3. Күшті дамыту амалдары мен әдістері.

  4. Жылдамдық, оның түрлері.

  5. Қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

  6. Күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

  7. Жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі.

  8. Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту.

  9. Төзімділік, оның түрлері.

10.Аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

11.Анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

12.Ептілік және оны дамыту әдістемесі.

13.Икемділік, оның түрлері.

14.Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.

Ептілік – дәл қимыл жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17- жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.

Бұлшықеттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінгі балалар қзақ жүктемелерден сақтануы керек. Шыдамдалықтың жоғары сапасы 25 жаста аяқталады.

Бұлшықеттер жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді. Ол ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді. Икемділіктің сезімтал кезеңі 3-8 жастың арасында байқалады. Гипокенезия мен гиподинамия дененің даму екпінін өзгертеді.

Жас ұлғайған сайын қимыл-тірек жүйесінің қызметі әлсірейді. 30 жастағы адамдарда аз қозғалысты өмір сияқты бұлшықеттің күші мен көлемі азаюына әкеледі. Еркектерде бұл үрдіс андрегендердің азаюына сәйкес келеді. Қартаю кезінде ерікті қимылдарды, дене қалпын және тепе-теңдікті реттейтін жүйке тетіктерінің әлсіреуімен қатар жүреді. Жасқа сай қарапайым және күрделі қозғалыс әсердленістерінің мерзімі ұзарады, баяу және сенімсіз қимылдар байқалады. Мұның барлығы қарт адамдардың қозғалыс белсенділігін шектейді. Сондықтан олардың дене жаттығуларының және спорттық қимылдарының көп ерекшеліктері болады.Дене қуатының қасиетінің әрекетті даму және тәрбиелеу деген терминдер қолданылады. Даму термині дене қуатының қасиетінің табиғи өзгеру сипатының, ал тәрбиелеу қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дене қуатының қасиетіне-күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік, ептілік жатады. [3]

Қорытынды: Икемділік – білімнің амалға айналуы, сол амалды жүзеге асырудың тәсілі. Ол саналы әрекетті қажет етеді. Икемділік – адамның іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан, ынтықтығынан көрінеді. Көбінесе, мұндай талпыныс көзге ерте түседі, іс-әрекетке берілу тіпті өмірдің қолайсыз кезеңдерінде де байқалады. Икемділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Икемділікте адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттері сомдалып көрінеді. Ол еңбек процесінде, тәрбие жағдайында дамып жетіледі.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Е.Қ. Уанбаев Спорт және дене тәрбиесі пәнін оқыту әдістемесі, оқу құралы.

2. Ұ. Мұхаметжанова Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі

3. С.Тайжанов А. Қарақов Дене тәрбиесі 2010ж. Алматы «Эверо» баспасы 424б

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!