Материалдар / ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ "МАХАББАТ МЕЙРАМЫ" РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ "МАХАББАТ МЕЙРАМЫ" РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарымды қаламгер Ілияс Есенберлиннің махаббат тақырыбында жазған бірден-бір туындысы "Махаббат мейрамы" романы. Бұл романда екі жастың кіршіксіз, таза махаббаты суреттеледі. Жұлдыздың сезімге адалдығы, Еркебұланның сүйгеніне деген сенімі – екінің бірінен табыла бермейтін асыл қасиеттер. Олардың сүйіспеншіліктері сезімнің құны төмендеп кеткен бүгінгі заманның барша қыз-жігіттеріне үлгі етуге тұрарлықтай. 11 тараудан тұратын 104 бетте махаббаттың ғаламат сезім екендігін дәріптейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
869
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 711.15

ҒТФХР 17.07.31


Жаманбаева Ә.С. (orcid 0000-0002-6317-9904)


М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Тараз қ., Қазақстан

e-mail: a-zhamanbaeva@mail.ru


ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ "МАХАББАТ МЕЙРАМЫ" РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАР


Аңдатпа. Мақала әдебиет теориясындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, ажыратуға арналған. Әдебиеттің тек пен түрлері талқыланып, көркем шығармадағы көркемдегіш құралдар анықталып, сараланған. Авторлар мен әдебиеттанушылардың ғылыми еңбектерін оқып, талдап отырып, Ілияс Есенберлиннің «Махаббат мейрамы» романындағы көркемдік аспектілерге тоқталып, мысалмен келтірген. Автордың еңбегінде көркемдегіш құралдар молынан ұшырасқан. Романда тілдік ерекшеліктер, шығарма желісі баяндалады. Көркемдегіш құралдарға жеке-жеке дәлелмен тоқталады. Әдебиеттегі тілдің көркемдегіш тәсілдерін тез, мысалмен оңай меңгеруге мүмкіндік береді Мақала әдебиетті зерттеушілер, филолог мамандар мен журналистерге арналған.

Кілт сөздер: роман, махаббат, сезім, теңеу, эпитет, фразеологиялық тіркестер, некроним, мезотопонимдер, ономастика, аспект.


Кіріспе. Қарымды қаламгер Ілияс Есенберлиннің махаббат тақырыбында жазған бірден-бір туындысы "Махаббат мейрамы" романы. Бұл романда екі жастың кіршіксіз, таза махаббаты суреттеледі. Жұлдыздың сезімге адалдығы, Еркебұланның сүйгеніне деген сенімі – екінің бірінен табыла бермейтін асыл қасиеттер. Олардың сүйіспеншіліктері  сезімнің құны төмендеп кеткен бүгінгі заманның барша қыз-жігіттеріне үлгі  етуге  тұрарлықтай. 11 тараудан тұратын 104 бетте махаббаттың ғаламат сезім екендігін дәріптейді.

Зерттеу шарттары мен әдістері. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Әңгіме мен повестке қарағанда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, кейіпкерлер қатары кеңірек қамтылған. Кіршіксіз махаббатқа деген адалдық бейнеленген. Еркебұланның  арман жолында көрген қуанышы мен қайғысы, шынайы да кіршіксіз сезімі сөз болады. Өскелең ұрпаққа махаббатың ғажап сезім екенін жеткізуді мақсат тұтады. Махаббат – шексіз. Ол Отанға, ата-анаға, қалаға, білімге, жүрек сыңарына деген сезім. Ол таусылмайтын тақырып. Сезімге бөленіп өскен адам баласы құлпырып, мейірімділік шуағына шомып, жақсылық жаршысына айналады.

Шығарма Еркебұланның ішімдікке салынып, әбіржіп кетуінен бастау алып, ата-анасының сары уайымға салынып, жалғыз ұлының аяқтан тұрып кетеріне үміт үзбеуі арқылы роман өрби түскен. Қаражанның Қырмызыға деген махаббаты мен өшпенділігі туындыны дамытып, қос баланың ұрланған тағдыры шығарма желісін шиелендіріп жібереді. Қаражанның қатыгездігі шарықтау шегіне жеткізеді. Тағдырлары ұқсас қос жанның махаббатынан, Еркебұлан мен Жұлдыздың іңкәр сезімінен, Қаражанның қатесін түсініп, көз жұмуымен аяқталатын романнан махаббаттың қашан да салтанат құрып, үстемдік ететінін көруге болады.

Зерттеу нәтижелері. Романда образдар жүйесі молынан қамтылған. Бас кейіпкерлерден Асығат, Еркебұлан, Қырмызы, Қаражан, Жұлдыз эпикалық образдар болса, Мұқаш – романтикалық образға жатады. Базаргүл, Назым, Серәлі, Қайназар, Әбілқасым – реалистік образға келеді.

Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип.

Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдағыдай, ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қымқуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-қарекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін.

Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне.

Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип [4].

Қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи тақырыпқа қалам тербеуімен және артында ең көп роман жазып қалдыруымен ерекшеленген  Ілияс Есенберлин – қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленген қарымды қаламгер. «Махаббат деген – қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді», - деп қаламгердің өзі айтқандай, оның  махаббатты  ең қымбат қазына санауынан автордың позициясы анық байқалады.

Шығармада көркемдік құралдар да молынан кездеседі. «Қозы Көрпеш - Баян сұлудың ғашықтығындай», «барқыттай», «көрдей соқыр», «қылау түскен дудардай» [1, б. 36], «су сепкендей», «адам шошырлықтай», «маңдайынан ұрып жібергендей», «қозыдай монтиған», «кескен томардай», «қара тасты қақ жарардай қарулы жігіт», «жігіт біткен қызығып тамсанарлықтай сұлу қыз», «іш қазандай қайнағанмен, Қаражан әйелін көк ала қойдай етіп ұрды», «шүйкедей әйелден», «аққу құстай», «қызыл шүберекті көрген сүзеген бұқадай», «тостағандай үлкен көздері, қуыршақтай сүйкімді, гауһар тастай», «әжімделе түскен жүздеріндей», «інжу-маржандай», «электр тогы ұрғандай», «жаңа піскен шиедей», «Еркебұлан басына таяқпен періп қалғандай» деген теңеулер ұшырасады.

Қырмызы жаңбыр жуған жас гүлдей қандай әдемі және нәзік болса, Қаражан кескен томардай шомбал денелі, сондай дөрекі мінез, рабансыз еді. Бұл сөйлемдегі «жас гүлдей» деген сөз әдемі, жап-жас деген мағынада. Ал «кескен томардай» үлкен, нән, алып деген мағынада жұмсалып тұр.

«Қалың ағаш», «албырт жас», «тымырсық тұман», «күміс көл» деген эпитеттер кездеседі. «Қатынды бастан, баланы жастан үйрет» деген мақал халқымызда кеңінен қолданылып келетінін шығармадан байқауға болады. «Адамға таудай талаптан, бармақтай бақ артық», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әкеге тартып ұл, шешеге тартып қыз тумас», «Дұшпан күлдіре айтады, дос жылата айтады», «Қырсық қырына алса, қырық қырдың астынан табады» деген секілді қанатты сөздердің мағыналарының астында үлкен мән жатыр.

Ғылыми нәтижелерді талқылау. Романда көркемдік құралдардың барлығы дерлік қолданған. Тіпті фразеологиялық тіркестерді де кездестіруге болады. Мысалға, «Байтал түгіл бас қайғы» деген тіркес шығармада» [1, б. 111] – «басымен әлек болды» мағынасында қолданған. «Жең астынан жалғасып, Жең ұшынан жалғасты» тіркесі «астыртын көмек берді» мағынасында жұмсалған. «Көз ілескен жоқ» тіркесі – шапшаң қимыл туралы айтылады» [1, б. 335]. Қас қарайып [1, б. 433] – қас қарайды мағынасында. Кірпік қақпай – ұйықтамады, көз жұмбады [1, б. 385], түйін түйген, тастан өрнек өрген – шебер, ұста, көрпеңе қарай көсіл [1, б. 368] – әліңе, шама-шарқыңа қарап әрекет қыл мағынасында қолданылған. Ал «Сағыныш деген сары уайым бір бүйірінде бұйығып сары жылан болып жатып алды» деген кейіптеу арқылы жансызды жандыға суреттейді.

«Түн көзге түртсе көрінгісіз тастай қараңғы. Жайшылықта бетке барқыттай жұмсақ тиетін түнгі ауа дәл қазір тікенек боп қадала түсетіндей, жігіт екі бетін қолымен жауып, кенет тұра қалады» деген сөйлемдегі «Көзге түртсе көргісіз» деген фразеологиялық тіркес «қараңғы» деген мағынаны білдіреді. Және осы көрдей соқыр түнде Еркебұлан ештеңені көрер емес. Көрдей соқыр – қараңғы. Бірақ бұтаққа сүйем қарыс жетпей кілт бұрылып кетті. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады. «Еркебұлан, тек таң елең-алаң біліне бастағанда ғана, қалаға қарай беттеді». Елең–алаң – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі [1, б. 1].

Романда ономастикалық атаулар да кездеседі. «Абай көшесі», «Чайковский», «Октябрь көшелері» деген урбанонимдер бар.

Астионимдерден: Алматы (Алматы — дүние жүзіндегі бау-бақшаға бөленген жасыл қалалардың бірі), Москва (Былтыр ғана Москваның архитектуралық институтын үздік бітіріп келген), Рига (Әлі күнге дейін есімде, сол Ригадағы Крише барон көшесі, тоқсан екінші үйдегі әскери қоймада болатын), Ленинград (Мәскеуге, Ленинградқа барғандарында, оған сан түрлі ойыншықтар алып келді.), Ленинград, Самарканд, Бухара, Хиуа, Навои, Шевченко, Теміртау (Сондай бүгінгі күннің құрылыс табысы саналатын Навои, Шевченко, Теміртау тәрізді жаңа қалалармен таныстырды), Ташкент (Баласы сырқаттанып, Ташкент түбіндегі бір балгер-тәуіпке алып бара жатыр екен. Жол соғып шаршаған да шығар, піссе қазаныңды тезірек түсір.), Рубцовка (Поезға мінуге қорықты. Өйтіп-бүйтіп самолетке билет алып, Рубцовкаға келіп түсті), Байскіде (Жұлдыз болған жер).

Некронимнен тек бір ғана «Ахмет Яссауи мешіті» атауы кездеседі.

Мезотопонимдер: Тянь-Шань тауы (Күнгей шығысы мен күнгейінде аспанмен тілдескен Теріскей Тянь-Шань таулары тұр)

Қорытынды. Жүргізілген зерттеу құнды қорытындылар мен пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Көркем шығарма болсын, тіпті мақала болсын әр қайсысының өзіндік стилі, көркемдегіш тәсілдері болатыны даусыз.

Шығарма тілінің ерекшелігі – жеңіл. Оқырманға түсінікті тілде жеткізген. Романда көркемдегіш құралдардан теңеу, эпитет, фразеологиялық тіркестер, некроним, мезотопонимдер кездеседі. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер де қолданылған. Шығарма арқылы қазақ тілінің байлығына, сұлулығына көз жеткізуге болады.


ӘДЕБИЕТ

[1] Есенберлин И. Праздник любви. - Алматы : Кочевники, 2002. - 232 с.

[2] Кабдолов З. Искусство слова. Алматы: Санат, 2007. — 340 с.

[3] Майкл Райан. Теория литературы: Введение. 2017. -304 с.

[4] https://referattar.kazaksha.info


References


[1] Esenberlın I. Mahabbat meı’ramy. oliday of love] - Almaty: Kós’pendiler, 2002. - 232 b.

[2] Kabdolov Z. Sóz óneri. [Art of words] Almaty: Sanat, 2007. - 340 b.

[3] Maı’kl Raı’an. Ádebı’et teorı’asy: kirispe. [Theory of Literature: An Introduction]. 2017. -304 b.

[4] https://referattar.kazaksa.info


Жаманбаева А.С.

ЯЗЫКОВЫЕ ОСОБЕННОСТИ В РОМАНЕ ИЛЬЯСА ЕСЕНБЕРЛИНА «ПРАЗДНИК ЛЮБВИ»

Аннотация: Статья посвящена выявлению и различению художественных средств в теории литературы. В ней обсуждены род и виды литературы, выявлены и дифференцированы средства художественной выразительности в художественном произведении. Автор, читая и анализируя труды литературоведов, на примере сделал акцент на художественных аспектах романа Ильяса Есенберлина «Праздник любви». Так как в творчестве автора часто встречаются художественно-изобразительные средства, в романе систематически излагаются различные языковые особенности, четко выделяется линия произведения. Останавливаясь в статье на отдельных доказательствах художественных средств, автор дает возможность на примерах быстро и легко овладеть художественными приемами языка в литературе. Статья посвящена литературоведам, специалистам-филологам и журналистам.

Ключевые слова: роман, любовь, чувства, равнение, эпитет, фразеологические словосочетания, некроним, мезотопонимы, ономастика, аспект.


Zhamanbaeva Asel

LANGUAGE FEATURES IN ILYAS YESENBERLIN'S NOVEL "HOLIDAY OF LOVE"

Abstract. The article is devoted to the definition and differentiation of artistic means in the theory of literature. Only the types and types of literature are discussed, and artistic means in a work of art are defined and differentiated. After reading and analyzing the scientific works of authors and literary critics, he focused on the artistic aspects of Ilyas Yesenberlin's novel "holiday of love" and gave an example. The author's work contains a lot of artistic tools. The novel describes the language features, the line of the work. "I don't know," he said. The article is intended for literary researchers, philologists and journalists.

Keywords: novel, love, feeling, analogy, epithet, phraseological phrases, necronym, mesotoponyms, onomastics, aspect.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!