Иманипедагогиканың қажеттілігі
және алғышарты
Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі
жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын,
заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен
болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде
педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен
технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне
оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен
əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап
отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін
нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде
дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет.
Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды
қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін
арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар
басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Ол-тәрбиелеу
теориясы аталады. Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан
берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың
тиімді жолдарын тауып,оларға көмектесумен келеді. Мың жылдар бойы
қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе дүниеге
келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданыстан шығарылды,
ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып,
бүгінгі күнімізге жетті. Үзаққа созылған даму жолын бастан кешірген
бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі
ғылымға айналды. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет
қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам
тұлғалық кемелдену сатысына ( қазақ мұны:текті жанның-кісі болу
дейді) көтеріледі. Адамның
əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы
жағдайлар мен шарттарға икемделе білуі ғана емес, ол өзіндік жеке
тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін аша алу,іске
асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған
процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі,
жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған
мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына
негізделсе, кейде кездейсоқ
жүзеге асатын да жағдай болады.
Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты
мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған басқару процесі өңдеп
жетілдіру (образование) деп аталады
(Бізде оны-білім деп тәржімалаған.Бір кезде Л.Н.Толстой :
«еducation –образование»-деп жілігін шағып отырып бұл ұғымның мәнін
анықтаған-ды.Бізде:знание-білім,образование-білім,граматный-білімді,бастауыш
білім,орта білім,жоғары білім т.т.Мұндағы.мысалға,орта білім деген
ұғымды жеке алып қарастырсаңыз ұғыну қиын-ақ.) Білім ( образование) мəні – əр адамның өте күрделі
өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары
моральдық ,азаматтық мұраттар рухында кемелдендіру.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың
дамыған екі бағыты танылған – үлкендердің бедел – абыройына жəне
балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым,
шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың
арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің
ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдадағаны
рас.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның
алғашқы демімен бірге басталады(Қазақ адам тәрбиесін ұрық
тазалығынан бастап,ұрықтың жатырда өсіп өну даму,жетілуін жіті
бақылап,шаранадан шайқап тәрбиелеп,қызылшақа/шақалақ,жандыбақа/
іңгәлап өмір есігін ашқанда,баулуды
бастап кетеді.Одан,нәрестені
адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты
парызы деп біледі.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол
дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып
отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму
дағдарысына алып келеді, яғни ғылыми- техникалық прогрестің
баяулауына соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек
көздерінен педагогикалық жаңа білімдерді теріп, жинақтап,зерделеп
бір арнаға тоғыстыруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер —
адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық тәлім-тәрбиеде
бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері;
философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектер;
әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие тәжірибесі; арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулер деректері; жаңа идеялар,
жаңарған бағдар-бағыттар, жылдам өзгерістерге ұшыраған бүгінгі
дүниедегі тәрбиенің тиімді соңғы технологиялары.Педагогика баланы
оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін
қажетті жағдайларды анықтайды.әдістері қарастырылады.Бұл - кешегі
күнгі түсінігіміз еді. Бірақ соңғы кезеңдерде өмір (заман, қоғам)
талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек балалар ғана
емес сонымен қатар ересектер де білікті педагогикалық басшылықты
қажет ететіндігі мойындалуда. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі
педагогика – тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, ол
сонымен қатар жалпы адамзат баласының тәрбиесі туралы ғылым. Мұнда
«тәрбие» ұғымы адамзат баласына білім беруді де, адамзат баласына
оқытуды да, дамытуды да қамтып, мейлінше кең мағынада қолданылып
отыр. Демек,педагогика адамзат баласының кең мағынадағы тәрбиесі
туралы ғылым.
Жалпы өткен ғасырда педагогикалық-психологиялық ой-сананың дамуында
әлемде,
іргелі зерттеулер мен зерделеудің нәтижесінде таңғаларлық тамаша
тұжырымдар мен теориялық педагогикалық пайымдаулар өмірге келгені
белгілі.Ал,осы ғасыр психологияны төрге шығарып барады.Екінші
жағынан,осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет дәл кәзіргідей мұншама
қиын, күрделі жəне жауапкершілігі жоғары болып көрген емес. Дүние
басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі жасұрпаққа төніп тұрған
қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында,
мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа
қандай негіз қаланса,оның болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның
берекесі соған тəуелді болып тұр.Сіз,Жаңа Қазақстанның жаңа
ғасырлық даму алғашқы ширегінде қоғамға қосылған жастардың
бөлігінің дүниетаным көзқарасына,сенім-нанымына шамалы ғана көз
жүгіртіп көріңіз... Бүғінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ-осы
ғасырдың басындағы әріптестерінен дүниетанымы,ой өрісі,өресі де
тіптен бөлек.Олар материалистік дүниетанымға сүйеніп
жасалған,ашылған ғылми жаңалықтарды оқып-үйреніп
жатыр.Сондай-ақ,интернет арқылы,кейбірі шет елге шығып (саяхатта
болу,халықаралық жарыс сайыс,олимпиада,конференцияларға т.б.
қатысып) ғылымның сан түрлі мәліметтері мен ақпараттарына
қанығуда.Осы шақта,екі-үш шет тілін үйреніп,білімге қол жеткізіп
жүрген жеткіншектер де бар.Бұл тұжырымды тек мектеп оқушыларына
ғана тән заманауи болмыс бітім ғана емес барша жұртқа бағыттап
айтсақ та артық айтқандық болмайды.Адамдар күнделікті
тұрмыста,өмірде,діни,ресми және халықаралық мейрам-мереке,айтулы
даталарға қатысып,салт-санасында үлкен наным-сенім орнығуда.Міне
рухани жаңаруға іліккен қазақ халқының бүгінгі азаматын бір ғана
педагогикалық теориялық ұстаным,қағидамен тәрбиелеймін деп құлшыну
нағыз бейшоралық болар еді.Заманның өзі,өмірдің өзі тәрбиелеудің
ғылыми негіздерін бір арнаға тоғыстыруды талап етеді.
Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны,
тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын
жүргізеді. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке
адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың
тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін,
жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде
жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы
береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер
адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке
тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып,
қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және
моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру
тәртібін меңгереді.Тәрбие - қоғамның
тарихи әлеуметтік - экономикалық жағдайларынан туатын объективтік
процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды
пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын
дамытады Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі
мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие
қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды.Осы
негізде,Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылым әлемінде
Иманиипедагогика атты тәрбие теориясы көрініс беріп,тәй-тәй басып
келеді(Әзірге оны қолдап, қорғаушы да,қарсы шығып қақпайлаушы да
байқалмайды.Мүмкін өліаралық үнсіздік
шығар).Иманипедагогика-заманауи тәрбие теориясы.Ол осы дәуірдегі
іргелі педагогикалық ілімдердің бір арнаға тоғысуы.Анығырақ
айтқанда: Материалистік педагогика,Гуманипедагогика,
Этнопедагогика, Исламипедагогика ғылымдарының заңды байланыстарына
сүйеніп,олардың өзара ықпалдасуынан туған синтезі.Жалпы жоғарыда
аталған педагогикалық ғылымдардың мұрат мақсатында,қағида
заңдылықтарында,зерттеу әдіс-тәсілінде,ілімдік әдіснамасында айтулы
өзгешелектірдің бар екені айқын.Алайда,құрамдас бөліктері мен
аталған құрылымында, заңдылықтарында ортақтастық
,сабақтастық,ықпалдастық мол екені даусыз.Бұл педагогикалық
ғылымдарда бір-бірімен бітіспейтін даулы,жаулы қөзқарастар мен
қағидалар,құндылықтар жоқ. Сондықтан олардың тізесін түйістіріп,бір
арнаға тоғыстыруға әлеует жетсе болды.Бұл міндет Қазақ елінің зиялы
қауымы, ұстаз-оқытушы,тәрбиеші-тәлімгерлердің, педагог
-ғалымдарының маңдайына жазылған дәуірлік талап.
Қобдабай Қабдыразақұлы
(ғалым-жазушы)
Хобдобай Орик ( №1Чернорецк ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
) 19.11.2018