Материалдар / Иммунитетті көтеру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Иммунитетті көтеру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауру дарытпау – адамның болмаса мал организмінің зардапты микробтар әсеріне, олардың уытына және басқа табиғаты биологиялық бөгде заттарға тойтарыс беру қабілеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Иммунитет

Ауру дарытпау – адамның болмаса мал организмінің зардапты микробтар әсеріне, олардың уытына және басқа табиғаты биологиялық бөгде заттарға тойтарыс беру қабілеті.

Ауру дарытпаудың мәні организмге патогенді агенттер (себептер) еніп, әсер еткенде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын физиологиялық тойтарыс реакцияларының тұқым қуалаушылық болмаса біртіндеп пайда болу сипаты бар.

Ауру дарытпау түрлері. Шығу белгілеріне қарай ауру дарытпаудың екі түрі болады: туа біткен және пайда болған

Туа біткен (түраралық, тұқымқуалаушылық) ауру дарытпау дегеніміз малдың кейбір түрінің, басқа бір мал түрін зардаптайтын қоздырғыштар әсеріне тойтарыс беру қабілеті. Бұл қасиет тұқым қуалау жолымен (мұрагерлік) беріліп отырады, организмнің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы мүйізді қара мал ешқашан да сақау болып ауырмайды, шошқа обасының қоздырғышына сезімтал емес. Туа біткен ауру дарытпау қабілеті бар, бірақ оның дене қызуын жасанды түрде төмендетіп барып осы ауруды қоздыруға болады. (Пастер тәжірибесі)

Пайда болған ауру дарытпау зардапты микробтардың организмге еніп, жұқпалы процесстер тудыруына жауап беру реакциясы салдарынан болмаса жасанды иммундау (егу) нәтижесінде болады. Мұнда мал организмнің аталған ауру қоздырғышына (оның уына) сезімталдығы (реактивтілігі) өзгереді, қоздырғышты ыдырата алу (бұзу), зарарсыздандыра алу, болмаса аластата алу қасиеті пайда болады. Пайда болған ауру дарытпау тұқым қуаламайды және де туа біткен түрімен салыстырғанда аса тұрақты емес. Пайда болған ауру дарытпау табиғи және жасанды болып бөлінеді .

Табиғи пайда болған ауру дарытпау жұқпалы ауру өткеннен соң болады инфекциядан соң мұны белсенді активті деп атайды өйткені тойтарыс беріу қабілеті организмнің иммунологиялық қайта құрылуын байланысты . Мұнай ауру дарытпау 1-2 жыл кей жағдайда өмір бойына (мысалы обамен ауырған иттерде, күлмен ауырған қойларда) сақталады . Ауру дарытпау инфекцияның әдеттегі типтік әдеттегі емес атиптік айта берсе жасырын түрлерінде пайда болады . Табиғи пайда болған антиденелердің ауру дарытпау енжар пассивті болуы да мүмкін (анасынан антиденелердің іштегі ұрыққа қағанақ (плацента) арқылы, ал төлге уызбен (колостральді), сүт арқылы берілу нәтижесінде) . Мұндай ауру дарытпау бірнеше айға дейін созылады.

Ауру дарытпаудың түрлері

Ауру дарытпау


DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

Туа біткен

Пайда болған


DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5


Мүлдем берік
Салыстырмалы
Жасанды
Табиғи

DrawObject14 DrawObject13

DrawObject15

DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16

Белсенді

Белсенді

Енжар (иммунды)


DrawObject23 DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19



Енжар

(иммунды)

Қағанақтық

Инфекциялы


DrawObject25 DrawObject24

Уыздық

Микробсыз

DrawObject26

DrawObject28 DrawObject27

Жасанды пайда болған ауру дарытпау организмге вакцина, (сонымен қатар залалсыздандырылған улар) солай-ақ аурудан айыққан малдың қан сарысуы, үстемелі иммунделген мал қан сарысуы болмаса олардан алынған глобулиндерді егу нәтижесінде пайда болады.

Вакцина әсерінен пайда болған ауру дарытпау вакциналық белсенді деп аталады. Оның өз ерекшелігі бар, бірақ ұзақтығы мен беріктілігі жағынан табиғи пайда болған ауру дарытпаудан кем түседі.

Вакциналық ауру дарытпау әдетте 7 – 14 күнде дамып, бірнеше айдан 1 – 2 жылға созылады.

Организм құрамында дайын қарсы денелер бар, қан сарысулары мен глобулиндерді еккенде тез арада жасанды енжар ауру дарытпау пайда болады, ол 8 – 20 күнге созылады

Аурудан соң, организм қоздырғыштан арылған жағдайда сақталған ауру дарытпауды – стерильді немесе микробсыз деп атайды. Егер де аурудан айыққан малда ауру дарытпай пайда болса, бірақ организм қоздырғыштан арылмаса, оны стерильді емес, инфекциялы ауру дарытпау болмаса премуниция дейді. Мұндай ауру дарытпау организм антиденелер түзілуін демеуші ауру қоздырғышынан арылғанша сақталады. Мысалы кейбір созылмалы ауруларда (маңқа, көксау) организм қоздырғыштан арыла салысымен, сол ауруға қайта бейімді болып қалады. Басқа бір ауруларда мысалы сарыпта инфекциялы ауру дарытпау микробсыз (стерилді) ауру дарытпаумен алмасады. Иммундеуші антигенердің сипатына қарай бактерияларға қарсы, вирустарға қарсы, антитоксиндерге қарсы ауру дарытпаулар болады.

Антигендер. Антиген – дегеніміз организмге енегенде ерекше қарсы денелер (антиденелер) түзілуін тудыратын антигендік әсер және де олар мен өзара әрекеттестік қасиеті бар (антигендік реакция) құрылысы коллойдты органикалық бөгде заттар.

Мұндай қасиеттер көбінесе белоктарға тән. Сондықтан бөгде белоктарды сондай-ақ олар құрамында болатын қан сарысуы, токсиндерді, бактерияларды, вирустарды толық құнды антигендер дейді. Майлар (липидтер) және күрделі көмірсутектері (полисахариттер) қарсы денелер түзілдіре алмайды, бірақ олармен әрекеттеседі.

МDrawObject31 DrawObject30 DrawObject29 ұндай заттарды сапасы толық емес антигендер (гоптендер) деп атайды. Бұларды организмге белоктармен бірге болмаса қалыс түрінде енгізсек толық құнды антигендер қасиетіне ие болады. Бактерия клеткаларының құрамына белоктар, полисахариттер, липидтар және күрделі қосылыстар немесе толық құнды антигендер және гаптендер кіретіні белгілі. Сондықтан да бактериялардың антигендік құрылымы өте күрделі. Ыстыққа тұрақты липопротейдтен тұратын сомотикалық (О), ыстыққа төзімсіз протеиннен тұратын қылшалы (Н) және полисахаридтен тұратын капсулалық (К) антигендері бөлінген. Кейбір микроорганизмдерде зардаптылық дәрежесін сипаттайтын полисахаридтен тұратын Vі – антигені және жоғары иммуногендікпен ерекшеленетін қамқоршы (протективті) антигендер бары анықталған. Микробтардың антигендік құрылымын білу, ауру қоздырғыштарының типтерімен нұсқаларын дәл анықтау және тазартылған антигендерден нәтижелі вакциналар дайындау мүмкіндіктерін береді. Микроб токсиндерінің, өсімдіктер уының және мал тектестер уларының (ара, жылан, шаян) әр түрлі ферменттердің жақсы айқындалған антигендік қасиеттері бар.

Антиденелер (қорғаныс денелер). Қорғаныс денелер дегеніміз мал организміне антигендер енгенде, оның лимфойдты ағзалары бөліп шығаратын ерекше белоктар. Қорғаныс денелер өздеріне сәйкес антигендер мен әрекеттесіп, оларды зарарсыздандырады. Бұл денелер қан сарысуында, лимфоидты әр түрлі ұлпалардың сығындысында (экстракт) болады.

Бұлар айқын немесе жасырын инфекция процесстері дамығанда, белсенді иммундеу пайда болады. Ауырмаған және иммунделмеген малдардың қан сарысуында аз мөлшерде болатын қалыпты (нормальді) қорғаныс денелер өзгеше, оларды иммундеуді қорғаныс денелері деп атайды. Қорғаныс денелердің бар жоқтығын қан сары суының титріне қарап айтады. Ол қорғаныс денелердің өзіне сәйкес антигендерге әсері әліде байқалатын қан сары суы ертіндіснің ең көп мөлшері.

Қорғаныс денелері, қан сарысуының иммуноглобулиндері болатыны анықталды. Оларды 5 топқа бөледі. ІgA, IgD, IgE, IgM, IgL. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына әсер ететін иммуноглобулиндер IgA, IgL, IgM – топтарына жатады.

Оларды лиффоидты оның ішінде ең бірінші плазматикалық клеткалар түзеді, олар организмге антиген енгеннен бірнеше күн өткенде қан сарысуында болады.

Қан сарысу титрі тез көтеріліп белгілі жоғары дәрежеге (максимум) жетеді, соңынан біртіндеп төмендейді. Бірақ қорғаныс денелері ғайып болғанда да организмнің иммунолгиялық есі сақталады ол аталған антигеннің екіншілей енуіне жылдам сезімталдық байқалып оған қарсы қорғаныс денелерін түзу қабілеті. Қайталай вакцина егу (Ревакцинация) әдісінің нәтижелігін осымен түсіндіруге болады. Организмде жылдар бойы сақталатын кіші лимфоциттер антигендермен жанасуды есінде ұстайды. Олар иммунологиялық мәліметті есте сақтап қана қоймай оны қорғаныс денелерін түзуші клеткаларға жеткізеді. Организмде белгілі антигеннің енуіне иммундық жауаптың болмай қалу жағдайы да болады. Мұны иммунологиялық толенранттылық (төзімділік) деп атайды. Егер организм аталған антиген мен эмбрионалдық кезеңінде ұрықтың дамуы жанасса толеранттылық туындайды. Мысалы сарып жұқтырған сиырдан алынған бұзау, сарыпқа қарсы вакцинамен егілгенде оған реакция бермейді. Организмде антигеннің сақталу мерзімі бойынша төзімділік те болады. Организмнің лимфоид жүйесінің туа біткен қызметтік жетімсіздігіне (туа біткен иммун жетіспеушілігі) немесе кейбір вирустардың әсерінен, ауыр қабыну процесстеріне іштен улануға, белок жетіспеушілігіне (пайда болған иммун жетіспеушілік) байланысты иммуноглобулин түзе алмайтында жағдайы болуы мүмкін.


Вирусті ауруларға – ауру дарытпау

Көптеген вирусты аурулардан соң ұзақ та берік ауру дарытпау (күл, етқоректілер обасы т.с.с.). Дегенмен ауырып айыққан малдарда беріктігі өте аз уақыт сақталатын ауру дарытпау пайда болуы мүмкін аурулар да бар (тұмау). Вирусқа қарсы ауру дарытпаудың ерекшелігі оның жоғарғы тәнділігінде (арнайылығында).

Мысалы аусыл, қойдың жұқпалы катаральды қызбасы, жылқының африкалық обасы сияқты ауруларда байқалады.

Бұл аурудың қоздырғыштарының көптеген антигендік нұсқалары бар (плюралитет). Ауырып жазылғанда (алдын ала егілгенде) қоздырғыштың, тап осы ауру қоздырған типіне ғана ауру дарытпау дамиды.

Вирустарға қарсы ауру дарытпау негізінде де бактериялар мен токсиндерден қорғауды қамтамасыз ететін механизм жатыр. Дегенмен өз ерекшеліктері де бар.

Ауру дарытпауды организмнің барлық ұлпаларында, айналымдағы қанда кезесетін лимфойдты клеткалары жасайды. Ауру дарытпау жауапкер лимфойдты ағзалар: сүйек майы, тимус (айырша безі) көкбауыр (талақ), лимфа бездері, асқорыту жолы лимфойдты ұлпалары (бадамша безі, Пейер қатпарлы табақшасы), құстарда бұдан басқа – фабрициев сөмкей (бурса – қалташа).

Иммун жүйесінің негізгі клеткалық тұлғасы – лимфацит. Пайда болатын орнына байланысты «Т» және «В» - лимфациттер болып келеді. (Т және Б болып оқылады)

Т – лимфоциттері сүйек майы шығаратын қан түзгіш клеткалардан тимуста пайда болады.

В – лимфоциттері (бурсаға кіріптар) құстың бурсасында, ал сүтқоректілерде пейер қатпарлы табақшасында, (бляшка) (дәл анықталмаған) пайда болады.

Т және В жүйелері бірігіп, келісімде жұмыс істейді, Т жүйесі В – жүйесінің жұмысын қадағалайды.

Вирустарға қарсы ауру дарытпауда макрофогтар (үлкен ядролы бөгде заттарды қармап сіңіру) қатысады. Оларға қанда дәнекер ұлпада сүйек майында бауырда, өкпеде, нерв жүйесінде және басқа ағзалар мен жүйелерде болатын моноциттер мен ұлпа макрофогтары жатады. Ертеректе вирусты аурулардан қорғауда фагоцитоздың айтарлықтай маңызы жоқ деп саналатын. Вирустар лейкоцитар (ақ қан түйіршіктері) сыртына жеңіл сіңіп, ішіне енеді. Дегенмен лейкоциттер қармалған вибриондарды сіңіре алмайды екен. Сондай-ақ вирустарды қармаған фагоциттер бактерияларды қармап сіңіре алмайтыны анықталған. Осының салдарынан вирусті ауруларда, кейбір жағдайларда организмнің бактериялды инфекцияларға тұрақтылығы төмендейді. Қазіргі көзқарас бойынша вирустарға қарсы ауру дарытпауда фагоцитоздың маңызы зор, мұның мәнісі фагоциттер вириондарды тікелей қармап сіңіре алмайды, бірақ вирусты жұқтырған сезімтал клеткаларды қармап сіңіреді.

Вирусқа қарсы ауру дарытпаудың екі жағы бар деуге болады.

  1. Малдың иммундық системасының клетка тынысындағы вируспен (вирион) өзара әрекеті.

  2. Оның клеткаға енген вируспен, анық айтқанда вирус жұқтырған клеткамен өзара әрекеті.

Клеткадан тыс вирустарға қарсы иммунды реакция, бактериялар мен олардың уытына қарсы реакцияға ұқсас келеді, тікелей зардапты агенттерге қарсы қорғаныс денелерін түзумен айқындалады.

В – лимфоциттер Т – лимфоциттермен және макрофогтармен әрекеттескен соң қорғаныс денелерін белсенді түрде түзуші плазматикалық клеткаларға (плазмацитке) айналады. Ауру дарытпаудың бұл жүйесін – гуморальды ауру дарытпау деп атайды. Оның негізгі органы – сүйек майы, орталық тұлғасы – В – лимфоцит. Көптеген вирусты ауруларда мал организмінде вирулицидті (жоюшы) немесе вируснейтралдануы (бейтараптаушы) қорғаныс денелері түзіледі, олар виурстарды сезімтал клеткалар мен жанасқанға дейінгі аралықта бейтараптайды.

Вирус пен қорғаныс денелер қосындысы нейтральды ол дегеніміз малды (ұлпа өсінді-сінде) зарарлай алмайды. Дегенмен бұл комплекс берік емес. Араластыру катафореза көмегімен ортаның қышқлдылығын (рН) өзгертіп, бұл қосындыдан активті вирусті бөліп алуға болады.

Виурсты ауруларда, қанда бұлардан басқа да агглютинин (түйіршіктену), прецепитин (шөгеруші), комплемент байлаушы қорғаныс денелерін байқаймыз.

Клетка ішіндегі вирустарға қорғаныс реакциялары жанама әсер (вирусты жұқтырған клетка арқылы, жанама әсер етеді. Ауру дарытпаудың бұл типін клеткалы ауру дарытпау дейді ол тек вирусқа қарсы әсер етеді.

Мұндағы негізгі ағза – тимус, орталық тұлға – Т –лимфоциттер. Т – лимфоциттер лимфоцит деп аталатын медиатор (өткізгіш) бөледі, олар иммундық реакциялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Мысалы, Т – лимфоцит бөгде нысана – клетканы байқаған, медиатор бөледі. Сонымен ол клетка Т – лимфоцитпен зақымданып, макрофогпен қармалып сіңіріледі. (фагоцитоз). Клетка көбейюін азайтушы медиаторлар бар, лимфотоксиндер олар нысана – клеткаларды структурасын бұзу жолымен жояды (цитолиз реакциясы).

Вирустардың өзіне тәнді арнайы қарсы денелерімен басқа организм вирустармен әрекеттесіп, олардың белсенділігін басатын қорғаныс заттарын – қан сарысулық және ұлпалық ингибиторлар (тежегіш) сондай-ақ вирусқа қарсы белок интерферон бөледі. Оның әсер етуінде талғампаздық жоқ ол тек қана өзінің пайда болуына себепкер верусқа ғана емес басқа да бірқатар вирустарға қарсы әсер етеді. Дене қызуының көтерілуі вирустарға зардапты әсер етеді. Вирусқа қарсы ауру дарытпаудың жалпылама (арнайы емес) факторларына бөлу жүйесінің қызметі жатады – вирустар сілекеймен, тыныс жолдарының бөліндісімен, сүтпен, ішек арқылы бөлініп отырады. Ауру дарытпаудың клеткалы және гуморальдық реакциялар әсерінен болып, орталқ нерв жүйесі арқылы басқарылып отырады.

Ауру дарытпау реакциялары. Адамның, малдың қан сарысуындағы қарсы денелерді (тойтарыс денелерін) анықтау әдісімен серологиялық (қан сарысуындық) реакциялар дейді. Бұл – антиген мен қарсы денелер арасындағы әрекеттің айқындалуы. Мұндай өзара әрекеттің айқындалуы сипатына байланысты қарсы денелерді коагуляциялаушы – (ұйытушы) – (аглютининдер, прецепитиндер, лизистеуші) (ерітуші) – (бактериолизин, гемолизин) нейтральдаушы (бейтараптаушы) – (антитоксиндер, вируснейтральдаушы) қорғаныс денелері.

Ауру дарытпау реакцияларының әр түрлілігін, қарсы денелердің түрлілігінен көптігінен емес антиген қасиетінің әртүрлігі және реакция қандай жағдайда жүріп жатқандығына байланысты екенін бірқатар зерттеушілер анықтайды.

Барлық қарсы денелердің бірлігімен біркелкілігі туралы болжам айтылады. (унитарлық) – (біріңғай) – теория.

Қан сарысуында немесе организмнің басқа да сұйықтарында белгілі бір ауру қоздырғышына қарсы пайда болған арнайы денелерді байқау дегеніміз организмде инфекцияның дамып жатқанын болмаса инфекциядан айыққандықты білдіреді. Сондықтан да серологиялық реакцияларды малдың көптеген жұқпалы ауруларын анықтау үшін кеңінен қолданылады.


Агглютининдер және агглютинация реакциясы (АР).


Агглютининдер – көптеген ауру қоздырғыш микробтарды жай көзбен көрінетін түйіршіктерге желімдей алатын қасиеті бар қарсы денелер. Бұл қарсы денелерді айқындау үшін аглютинация реакциясын (АР) қояды. АР қарапайым және өз ерекшелігі бар. Мұны сарып, лептоспироз, сальмонеллез ауруларын анықтау үшін кеңінен қолданылады. АР арқылы бөлінген белгісіз микроорганизмнің түрін анықтауға болады. Ол үшін АР –сын белгілі аглютиндеуші қан сарысуымен қояды.

Сау малдың қан сарысуы аз мөлшердегі ертіндіде де микроб клеткасын желімдей алатындығын еске алу керек. Осыған байланысты реакцияны оң деп қан сарысуының белгілі ертіндіде аглютинация (антиген – антитела желімдеуі) есептеледі, мұнда қалыпты қарсы денелердің әсері байқалмайды. Соңғы кездерде АР сының кейбір жаңа түрлері кеңінен пайдаланылады. Гемоглютинация реакциясы (ГАР) сұйықта қалқыған эритроцит-тердің вирустар, бактериялар және кейбір басқа агенттер әсерінен желімденуіне, шөгуіне негізделген. Оны қолдағы тұмау, жылқы ринопневмания вирустарын тез арада анықтау үшін қолданады. Гемагглютинацияны тежеу (РЗГА – ГАРТ) реакциясы вирустарға қарсы, қорғаныс денелердің, вирустардың гемогглютинациялау белсендігін бейтараптай алатын қасиетіне негізделген. Ол мал қанындағы жылқы тұмауы, мүйізді қара парагрипі қоздырғыштарына қарсы қор

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!