Материалдар / Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2018
607
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама: «Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру»

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры

болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге

енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің

еншілеріңіз. Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

(Н. Ә. Назарбаев) І.Кіріспе.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары. ІІ.Негізгі бөлім: 1.Білім беру мазмұнындағы өзгеріс. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернеткеңістігі; Электрондыоқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту; Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады. Жаңа АКТ–ны сабақта пайдаланудың тиімділігі: Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; Ақыл - ойын дамытады; Шығармашылық белсендігін арттырады; Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; Тіл байлығын жетілдіреді;Жан - жақты ізденушілігін арттырады. АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Информатика сабақтарында ақпараттық — коммуникациялықтехнологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтугеде ықпалызор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық —коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әр бір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

ІІ.Негізгі бөлім: 2.Білім беру мазмұнындағы өзгеріс. Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға информатика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, тапсырмалар, тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға информатика сабағына көрнекілік түрінде көрсете отырып түсіндіруге ыңғайлы.Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбекнарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

  • компьютерлiк үйрету бағдарламалары;

  • электрондық оқу құралдары;

  • компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау;

  • аудио және видеоматериалдар;

  • Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар.

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдардын егiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдаланаалатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі - оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. Бұл үрдіс жаңа білім парадигмасының қалыптасуына әкеледі. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алуарқылы дамуын қоятынын баршамыз да түсіндік. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: "Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет". Елбасы сөзі отандық педагогтарды қамшылауда. Қазір біздер оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу арқылы оқыту мазмұнын жаңартудамыз.Білім беру мазмұнындағы өзгеріс мұғалім мен оқушының іс-әрекетінен бастау алады. Бүгінде мұғалімнің негізгі функциясы өзгерді: ол ақпарат таратушыдан менеджерге айналды. Білім берудің жаңа жүйесінде мұғалім үшін басты міндет - оқыту процесін басқару.

Қазіргі заманғы жағдайларда жұмыс істеу үшін оқытушы не білуге тиіс? Санамалап айтсақ, келесі бес құрал педагогтың бесқаруы десе де болады:

  1. Менеджмент ғылымы (басқару ғылымы);

  2. Психология (білім беру - оқыту және тәрбиелеу процесін псхологияландыру жүріп жатыр); Егер біз оқушының субъектісін, жеке тұлғасын нысаналасақ, біз оны жақсы білуге тиіспіз;

  3. Экономика (экономиканың қажеттіліктерін білу; мектепке қандай адам даярлау керек екенін білу);

  4. Информатика (дербес компьютерді пайдалану);

  5. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта кеңінен қолдану (Интернет желісін пайдалана және іздей білу, электронды оқулықтарды қолдану, флипчарттарды игеру).

Бүгінде оқыту процесінде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі - "Оқу мен жазуды сын тұрғысынан дамыту" технологиясы. Қызығушылықты ояту, жаңа білімге көпір салу, мағынаны ажырату, ой толғаныс стратегиялары оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады, белсенділіктерін оятатынын көріп жүрміз. Топтық жұмыс бала танымына оң әсер етіп қана қоймай ой-өрісін дамытады. Информатика сабағында бұл стратегияларды қолдану АКТ құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті де саабақта заманауи технологияларды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен кіріктіре отырып пайдалану өте тиімді.

ІІ.Негізгі бөлім.Заманауи технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыру

АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беру саласында көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедиа, интернет кеңістігі, электрондық оқулықтар.

Оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

  • Бір қалыпты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, түсіну, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

  • Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

  • Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

  • Оқушының есте сақтау қабілеттерін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:

  1. "Түсіну" деңгейінде (теориялық материалды меңгерту):

  • Электрондық оқулықтар;

  • Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;

  • MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;

  • Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.

  1. "Қолдану" деңгейінде (теориялық материалды бекіту):

  • Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру).

  • Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады).

  • Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа мәліметтер қорыту.

  1. "Жинақтау" деңгейінде (теориялық материалды қорыту):

  • Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру;

  • Power Point бағдарламасымен презентация жасату;

  • Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару.

  • Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын жүргізу;

  • Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;

  • Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.

Өз практикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін. Мысалы 6 сыныпта "Алгоритм типтері." тақырыбын өту барысында Білу кезеңінде оқушылардан үй тапсырмасы сұралынды. Түсіну кезеңінде жаңа сабақты оқушылар өздері оқулықтан, электронды оқулықтан ашып, топта талқылады. Ой шақыру мақсатында ашық сұрақтың қойылуы баланың өз пікірін қалыптастыруда, белсенділік танытуда, өз ойын еркін жеткізуде, шығармашылыққа бағыттауда үлкен рөл атқаратынын білдім. Соның нәтижесінде барлық сабақтарымда үнемі ашық сұрақтар қойып отырдым. Балалар өз ойын ашық, еркін жеткізгенін көрдім. Барлығы белсенді түрде ойларындағыны жеткізді.Қолдану кезеңінде қосымша мағлұматтар жазылған парақшалардан мәліметтер алып, есептің алгоритмін құра білді. Бұл кезде жеке және жұптық жұмыстар жүргізілді. Талдау кезеңінде топпен бірлесіп постер, кластер жасап, қорғады. Әр бір оқушының пікірі жазылып отырғанын байқадым. Кесте толтыру арқылы есеп шығаруға талдау жасалынып, есепті шешудің алгоритіміне талдау жұмысы жүргізілді. Әр топқа жаттығу жұмыстары беріліп, топ болып жұмыс жасалынды. Талдау кезінде оқушылар дәстүрлі сабақта жеке жұмыс жасап, кейбірінің ғана жұмысы қаралатын, ал топта жұмыс жасағанда барлық оқушы атсалысып, барлығы қатысып, бір-бірін толықтырып отырып, сыныпта сөйлемей қалған оқушы қалмады деп айта аламын. Жинақтау кезеңінде «Сәйкестендіру кестесі», «Венн» диаграммасы бойынша сабақ жинақталып, қорытындыланды. Жаңа тәсілдерді топпен жұмыс жасауда қолданғанда тиімді, әрі нәтижелі болды. Бағалау кезеңінде берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың қаншалықты жаңа тақырыпты игергендігі жүзеге асырылды. К.Д. Ушинский «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» - деп айтқандықтан, баланың білімге деген құштарлығын ояту үшін, пән мұғалімінен оқушының дамуына жағдай жасау талап етіледі.

Осы жұмыстар сабақ барысында уақыт үнемдеп практикаға көп көңіл бөлуге септігін тигізеді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды оқушының флеш-карталарына салып беру өте тиімді.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің тиімділігі:

  • Бағдарлама бойынша барлық оқушыларға қолайлы;

  • Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға, қателерін дер кезінде маркер арқылы жөндеуге мүмкіндік туғызады;

  • Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғызады;

  • Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады.

ІІІ.Қорытынды. Қорыта келгенде, заманауи технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

"Шәкірт - нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ" демекші, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі тұлға етіп дайындау - мектептің басты мақсаттарының бірі. Мақсатқа жетер жолда аянбаған ғана нәтижеге қол жеткізеді.

Баяндамамды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

  • кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталармен, мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша да мультимедиялық кабинеттер, электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

  • кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

  2. Қазақстан мектебі. №6, 2006 жыл.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  4. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауы, 2011 жыл

  1. "Информатика негіздері" ғылыми-әдістемелік журнал

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  3. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл

  4. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  5. Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!