Материалдар / инклюзив оқушы есебі I жарты жылдық , II жартыжылдық , бірінші , екінші жартыжылдық есебі. 1, 2 жартыжылдық есебі ағылшын пәні пәндер

инклюзив оқушы есебі I жарты жылдық , II жартыжылдық , бірінші , екінші жартыжылдық есебі. 1, 2 жартыжылдық есебі ағылшын пәні пәндер

Материал туралы қысқаша түсінік
инклюзив оқушы есебі I жарты жылдық , II жартыжылдық , бірінші , екінші жартыжылдық есебі. 1, 2 жартыжылдық есебі ағылшын пәні пәндер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2024
185
2 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



БҚО әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



2023 – 2024 оқу жылында ағылшын тілі пәні бойынша 8а – сынып оқушысы Дүйсенгалиев Диас ІI жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

Оқу жылының басында оқушыға арнайы пәндік жеке түзете – дамыта оқыту жопары жасалып, бекітілді. Психалогиялық дамуының тежелуі. Жалпы тіл кемістігінің III деңгейі деген диагнозы ескеріліп, деңгейіне сай сабақтағы тапсырмалар сараланып берілді. Сабақта жеңілдетілген оқу мақсаттары төрт дағды бойынша жүргізілді.

« Reading for pleasure», «The natural world», «Travel and Transport», «Food and Drink», «The world of work » бөлімдерінде грамматикалық тақырып – фонетика болды. Оқу мақсаты бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды табу, берілген мәтінге жоспар құру, тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру, жарнама, хат, хабарландыру жазу, тілдік бағдар бойынша ережелерді жаттау, соған сай тапсырмалар орындау, диалог, монолог құру сынды мақсаттар бойынша стандартты диагнозына байланысты орындап отыр. Сурет бойынша сөйлем құрып айту, тыңдаған мәтінінен есінде қалған ақпаратты айтып беру деген айтылым тапсырмалары ол үшін қиындық тудырды. Бұл бөлімдерде ол мәліметті көшіру, астын сызу, телефоны арқылы тақырыпқа сай сәйкестендіру тапсырмасын орындау сияқты тапсырмаларды жақсы жасайды.

Ағылшын тілі бойынша жазылым тапсырмасында өз ойынан сөйлем құрай алмайды. Бірақ жазуы түсінікті, дәптері ұқыпты, оқу – құралдарын тастамайды, үй тапсырмаларын үнемі орындайды, сынып тапсырмаларына белсенді қатысып отырады. Ауызекі сөйлегенде дыбыстарды нақты, түсінікті айта айтады, оқылым дағдысы орташа. БЖБ ТЖБ жазғанда қатты қиналмайды. Сабаққа қатысуға үнемі тырысып отырады. Білмегенін, түсінбегенін сол уақытта сұрайды. Алдағы жарты жылдықта осы екпінмен жоғарыласа, толық төртке шығатын мүмкіндігі бар.



Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Омарова Б.Х.





















БҚО әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



2023 – 2024 оқу жылында қазақ әдебиеті пәні бойынша 5ә – сынып оқушысы

Самиғолла Әлиханмен І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

Оқу жылының басында оқушыға арнайы пәндік жеке түзете – дамыта оқыту жопары жасалып, бекітілді. Задержка психического развития. Общее недоразвитие речи 3 уровня деген диагнозы ескеріліп, деңгейіне қарай жұмыстар жүргізіледі.

«Таза, мінсіз асыл сөз», «Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімдерінде қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу мақсаттарының көбі меңгерілмей отыр. Оған себеп, көлемді көркем шығармаларды оқу, оны әдеби теориялық тұрғыдан талдау сынды мақсаттағы тақырыптарды игеруден қиналады. Тілдік бейнелеу құралдарын шығармадан табу, әдеби шығармалардағы екі нәрсені салыстыра суреттеу, шағын көлемді үзінділерді жатқа айту, шығарманың тарихи құндылығын бағалау, шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазу, эссе жазу, шығарма оқиғаларын өмірмен байланыстыра сөйлеп жеткізу. Міне, осы оқу мақсаттары қамтылатын пәнді оқушы меңгеруі үшін түсініп оқуы қажет. Жүргізіп оқи алады, алайда өте жай, сол оқығанын есте сақтай алмайтыны кедергі тудырады.

Үйге берілген тапсырманы, қашықтықтан берілген тапсырмаларды анасының көмегімен орындап келеді. Сабаққа кедергі келтірмейді, оқу-құралдарын ұмытпайды, басқа оқушы айтып берген ақпаратты қайталай алмайды. Сондықтан да осы оқушыға үнемі жұбымен орындайтын тапсырма беріледі. Немесе, шығармадан үзінді қиып алдына беріледі, соны оқулықтан немесе хрестоматиядан тауып, сәйкестендіру тапсырылады. Кейіпкерлер суреттері қиылып беріліп, соны Әлихан үйлестіріп құрап шығады. Тақырыпқа сай сурет салу тапсырмасы да беріледі. Ауызекі сөйлеу тілінде сұрақтарға жауап алынады.

БЖБ ТЖБ жазғанда қиналады. Сол үшін тапсырманы менің қасымда отырып орындайды. Оқушыларға кедергі келтірмес үшін өзім БЖБ жауабын ноутбукке жазып отырамын, ол экрандағы жазбаны дәптерге көшіріп береді.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Хасанова Б.М











Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!