Материалдар / Интерактивті оқытудың әдістері

Интерактивті оқытудың әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Модульдік оқуда өзіңдік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді.Бұл оқушыға оқу әрекетіне кірісумен өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерін байқауына жәрдемдеседі
Авторы:
14 Наурыз 2024
161
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 2 Акпанова Индира Айдархановна, арнайы пән оқытушы, «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МҚКК, Шымкент қаласы, indiraakpanova@gmail.com



Интерактивті оқытудың әдістері

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау».

Жаһандану заманында оқытудың интерактивті әдістері мына төмендегідей:

Оn – line режимінде оқыту.

1.Курсты толығымен өңдеуге мүмкіндік береді;

2.Оны оқушылардың көп бөлігіне жеткізуге мүмкіндік береді;

3. Материалды оқып үйрену барысында оқушыларға әр түрлі визуалдық және интерактивті элементтерді мысалы, анимацияны ұсына алады;

4. Интерактивті режимде қосымша ақпарат үшін оқушы оны қызықтырған немесе курстың түсініксіз тарауын «тышқанмен шақыра» алады, оқыту үрдісі одан әрі тереңделе түседі және жағымды бола бастайды;

5. Оқытушылардың бір жоғарғы оқу орнынан екіншісіне баруға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік технологияларды пайдалану (сонын ішінде интернетті де) негізінде визуалдық оқыту барған сайын кең қолданылуда. Толық виртуалды оқу орындары вмртуалды оқытудың ғалымдық құрылуда, мұнда маңызды роль коммерциялық білім беру құрылымдары, телекомуникациялық және мультимедиялық компаниялар атқарады.

Қашықтан оқыту деп оқу орындарының қабырғасынан тыс балалар мен ересектерді дәстүрлі емес оқытудың әр түрлі формасын біріктіретін түсінікті айтады. Оған оқушы мен оқытушының уақыты мен кеңістігіндегі бөлу және тұлғааралық коммуникация мен «бетпе-бет» қатынасының әр түрлі байланыс және технология құралдары көмегімен персонсыздандырылған қатынас формасы мен ауыстырылу тән.

Қашықтан оқытуда пайдаланылатын техникалық құралдар да тым әр түрлі – бұл классикалық пошталық жіберу, радио және теледидарлық курстар, телеконференциялар, электрондық пошта, видеоконференциялар, интернет.

ҚО – да, әдетте технологиялардың 4 тобы пайдаланылады:

1)Видеотехнологиялар : екі жақты аудиомен бірге екі жақты видео, екі жақты аудиомен бірге бір жақты видео, бір жақты (эфирге тікелей берілетін) видео, алдын-ала жасаған видео жазбалар, телетрансляция және кабильдік теледидар арқылы берілетін, алдын-ала жасаған видео жазбалар).

1) Аудиотехнологиялар: екі жақты аудио транслятциялар (аудио-видео-конференциялар) және бір жақты трансляциялар(радио, хабар мен оқушыларға ұсынылатын алдын-ала жазылатын аудио пленкалар).

2) Интернет технологиялары: компьютер арқылы синхромдық оқыту және комьпютер арқылы асинхрондық оқыту (электрондық пошта және т.б көмегімен).

Трненинг ағылшын сөзінен training – шығып, тәрбиелеу, оқыту, дайындау дегенді білдіреді. Трненинг білікті маманның жетекшілігінде жүргізіледі және іскерлік пен ілімдерді қалыптастыру және жетілдіру, еңбек қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатында әр түрлі жаттығулар бағдарламаларын жоспармен жүзеге асыруды білдіреді. Тренинг мыналар үшін қолданылады:

-Жаңа жұмысшылардың бейімділігін жылдамдату, жұмыс орны мен жалпы ұйымның талаптарына жылдам үйрену;

-Кәсіби қиындықта және тәртіп формаларының тиімсіздігінің жоюда кемшіліктерді болдырмау;

-Жаңа технологиялар мен еңбек әдістерін оқыту;

Жаңа, жоғарғы лауазымды жұмысқа жылдам даярлау.

Тренинг шынықтыру дегенді білдіреді, яғни маманға қажетті белгілі бір іскерлігін шынықтыру. Тренинг алғаш рет психологияда жасалынып, қолданылған және ол әлі де білім алушылардың табысты нәтижелер алуына байланысты сұранысқа ие.

Әлуметтік – психологиялық тренинг – бұл басқару қызметінің коммуникативті жағының формасы. Коммуникацияның өзінде оның мазмұнды (немесе тақырыптық) аспектісі мен өзара қатынасу (немесе процессуалды) аспект бөлінеді. Мазмұн, әдетте белгілі бір кәсіби міндетті білдіреді, кәсіби білім мен ақпараттан тұрады және тренинг тақырыбы ретінде шығады.

Мәні жағынан тренинг басқарушылық мінез-құлықтын іскерлігін, ілімдерін және модельдерін іздеу мен өңдеу мақсатында зерттеу тәжірбиелік «лаборатория» бола тұрып, іскерлік ойындарда тәжірбиелік үйрену мен теориалық (және дәрістік) дайындық арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Сонымен бірге даму басқарушылық тәжірбие алады. Демек, тренинг теориямен тәжірбие арасында, қабілеттер мен іскерлікті дамыту арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Тренингтік оқыту әдістерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

-маманның кәсіби қызметі моделімен таныстыру;

-кәсіби ойлау тәсілдері мен техникасын, өз бетінше талдау ілімдері мен іскерлігін, жеке кәсіби қызмет пен кәсіби өзін-өзі дамыту проблематизациясы мен жобалауды игеру;

-кәсіби өзіндік диагностикасы ілімдерін қалыптастыру, кәсіби маңызды қасиеттер мен кәсіби іскерлікті бағалауды жоғарлату (жеке және кәсіби профильді шығару, нормативпен салыстыру, пікірдің деңгейі мен сипатын анықтау);

-кәсіби есептерді шешу және оларды қолданудың құрлымдық- техникалық сызбаларын қайта құру бойынша жеке ілімдер мен іскерлікті жетілдіру технологиясын табу;

-кәсіби өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру;

Нәтижесі оқу үрдесі барысында барлық жеке педагогикалық әсер етулердің «тұтастығын» қамтамасыз ететін профессионализм құрылымы болып табылады. Педагог-менеджерлерді дайындауда тренингті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Бұл ұсыныстар оны педагогикалық тәжжірибеде пайдаланған тәжірбиеден шыға отырып, жүйеленген.

Тренинг келесі шарттарды ұстану қажет:

Сабақ кең кабинетте өткізілуі тиіс. Үстелдердің орналасуы, тренингті ұйымдастыру элементтерінің бірі ретінде келеді, себебі, кабинеттегі оң психологиялық климат пен өзара қарым-қатынасқа әсер етеді. Тренинг бойынша сабақты табысты өткізу үшін төмендегілер қажет:

-психофизикалық жаттығу, соның ішінде релаксациялық жаттығулар жүргізілетін еденнің жұмсақ жабылуы (шаршы тәріздес маталар немесе кілем төсеу);

-касеталармен бірге магнитофон (музыка оқу үрдесіне оң әсер ететіндігі, қатысушыларды тану үрдесіне жинақтауға мүмкіндік беретіндігі психологтармен дәлелденген).

-плакаттар мен маркерлер;

-есімдерімен бейджиктерімен болуы;

Белсенді оқу әдісі (БОӘ) деп оқу материалын игеру үрдесінде белсенді ақыл –ой және тәжірбиелік қызметке тартатын әдістерді айтады. Олардың бәрі «педагогикалық технологиялар» терминіне біріктірілген .

БОӘ қызметтерге мыналарды жатқызады:

- олардың көмегімен ойлау қабілетін белсендіру;

- оқу мәселесінің өз бетінше шығармашылық шешімдер қабылдауға ынталандырады;

- материалды терең игеру есебінен оқыту тиімділігі жоғарлайды және т.с.с.

Заманауи кезеңде әр бір оқытушының алдына қойылып отырған басты мінеттердің бірі – оқытудың әдіс –тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Білім алушылардың білімі мен біліктерін тексеру түйіндеме,қорытушы ақпаратты ұсыну және өз бетінше топтық түрде меңгерілген материалды құрылымдау арқылы оны жасау үшін пайдаланылады.

Оқу сабақтарының құрылымына рефлексиялық кезеңді ендіру модульдік бағдарламамен жұмыс істеу барысында педагогтың рефлексиялық ұстанымын қалыптастыруды талап етеді.Осы мақсатта олардың әрқайсысында сабақты өткізу барысы,логикасы,пайдаланылган әдістердің сәйкестілігі,оқыту әдістері,формалары,құралдары педагогтың педагикалық мақсатына,оқушылардың оқу мақсатына сәйкестілігі тексеріледі.Таңдап алынған оқыту құралдарына баға беріледі.Сабақ өткізудің басқа да мүмкін болған нұсқалары талқыланады.Рефлексияға үйрету бейнематериал және сабаққа қатысудағы психологиялық-педагогикалық талдау,оқытушы өзара көрсеткен технология элементтерін талқылау ықпал етті.Сабаққа рефлексиялық кезеңді ендіру оқушылардың оқу әдістерін негізгі түрде таңдауына жәрдем берді.

Модульдік оқуда өзіңдік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді.Бұл оқушыға оқу әрекетіне кірісумен өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерін байқауына жәрдемдеседі.Модульдік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдалануы мүмкін.Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасынан орын тауып,оның сапасын жақсартуға және тиімділігі арттыруға қолданылуы ықтимал.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ