Ж.Аймауытов "Ақбілек" романы туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ж.Аймауытов "Ақбілек" романы туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
11- сынып оқушылары мен жалпы оқырманға арналған. РОманның қысқаша мазмұны берілді. кітапсүйер оқырманаға осы туындыны оқу үшін енгіздім. Ақбілектің қиын тағдырға мойымай алға ұмтылуы , оқыған, дана әйел қатарына қосылуы төзімділігі мен табандылығының, білімге деген құштарлығының белгісі екендігін сезінсе деймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Әйгілі бесарыстың бірі Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы- оқырманды өзіне баурап алатын, бас алмай оқитын, көркем әрі психологиялық роман. Себебі онда түрлі адамдар тағдыры, тап тартысы, қазақ аулындағы әлеуметтік мәселе суреттеледі.

Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында орналасқан әлемге аян Алтайдың табиғатын тамашалап отырғанда, ойламаған жерден Мамырбайдың аулын ақтар шабады. Ақбілек анасының жетелеуімен бір апанға тығылады. Қайран ана өз баласын «кәпірге» қайдан қисын? Байға өшіккен кедей Мұқаш Ақбілекті орыстарға шығарып береді. Себебі сайлау кезінде болыс болайын деп тұрғанда, Мамырбайдың баласы үстінен жазылған қағаздарды жинап, бұзақы адам деп, болыстыққа сайлана алмай қалған еді. Бас араздығы кесірінен қазақтың ару қызы орыстардың қолына түседі.

Жаралы киіктей ару қыздың тағдыры адам аяғандай күйде еді. Сұлу қызға таласқан екі жігіттің бірі дуэльде мерт болып, қара мұрт 14 жасар Ақбілекті өзіне әйел етіп алады. Күні үшін Ақбілек барлық қорлыққа көнеді. Қара мұрт оны қанша жақсы көрсе де, жан жақындығы жоқ еді.

Ел тарихында ақтар мен қызылдардың соғысы бізге белгілі. Қызыл Армия ақтарды тықсырып, қашуға айналған кезде, қара мұрт қоштасарда Ақбілекті өлтіріп кетпекші болады. Қысылғанда айла тауып, біздің басты кейіпкеріміз өлімнен аман қалады. Көшкен орыстың жұртында қалған Ақбілекті қасқырлар қамайды. Қандай қорқынышты десеңізші! Көз алдымызда шашы жайылған, бойын үрей мен қорқыныш билеген Ақбілектің жаны мұрнының ұшына келеді. Қасқырлар жеп қояр ма еді, аяқ астынан бірдеңе жылт етеді. Таң атқанша тезек пен бұтақты лаулатып жағып, қатігездерден аман қалады. «Өлмегенге өлі киік» дегендей, от сөніп қалса, Ақбілектің өмірі де сөнетін еді. Таң ата жолға шыққан Ақбілекке дуана кездесіп, кебіс қажап жүре алмаған соң, оны арқалап алады. Осы жерде Іскендір дуанаға іштей ризашылығыңды білдіресің.

Қашан да қыздың жолы жіңішке емес пе? Өліп- талып туған аулына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған еді. Өрттей қаулаған әйелдердің өсегі тірі адамды бетіне қаратпайды. Ауылға келген он бес күннің ішінде жоқтау айтып, келгендермен көрісіп, анасын еске түсіріп уһілейді. Бұрынғы ғашығы Бекболат та сұмдық оқиғаны естігеннен кейін, теріс айналып кетеді.

Бұрынғыдай еркелететін анасы жоқ, әкенің қабағын баққан Ақбілек өзіне деген мейірімділіктің жоқ екенін сезеді. Әкесінің алған екінші әйелі Өрік тоқал күн бермейді. Жан- жақты талауға түскен Ақбілекке Әмір ағасының әйелі Ұрқия шын жанашырлық танытады. Ішіне қарын байлап, мен де жүктімін деп, қара мұрт офицерден біткен баланы бағып, жетілдіруі кез келгеннің қолынан келмейтін ерлік іс деп айтар едім.

Романды оқи отырып, ендігі қыздың тағдыры не болады деген үлкен сауал қойылары сөзсіз. Заман ағысы, өмір толқыны бірте- бірте ескі жараны емдеп, жаңа өмірге деген құлшыныс пайда болады. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып, оқуға түседі. Омбы, Семей қалаларын көріп, бұрынғы Ақбілек жаңа заманның оқыған, ел сыйлайтын азаматшасына айналады. Әйел қырық шырақты деген, Балташтай теңіне қосылып, бақытты өмір сүреді. Романның соңында көл жиегіне Ұрқия жеңгесімен барып, Ескендірдің өз баласы екенін білгендегі қуанышты сәті, кеудесіне бағы сыймай, көп әйелден дана болуы талас- тартыстың аяқталғандығын білдіріп, Ақбілек қиындықты жеңген батыл ана деген қорытындыға келтіреді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
8906
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі