"Жайығын жырлайды ақын жүрек" поэтикалық кеш 7 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жайығын жырлайды ақын жүрек" поэтикалық кеш 7 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп кітапханашыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ

2017-2018 оқу жылы


















Shape1

«Жайығын жырлайды ақын жүрек»





















Өткізген Кітапхана меңгерушісі: Сисенгалиева А.Т.













Тақырыбы: «Жайығын жырлайды ақын жүрек»

Мақсаты: Өз өлкемізден шыққан Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдері мен өмір жолдары мен таныстыру. Өлеңдері арқылы туған жердің ой қырын, тал терегін, нуы мен суын, малы мен жанын жырлаған ақын екенін таныту. Оқушылардың өз өлкемізді, туған жерімізді, өз өлкемізден шыққан ұлы адамдарды тани білуіне үйрету.

Көрнекілігі: Ақын суреті, шығармалары, өлеңдерінен үзінділер, ағалар айтқан лебіздер, слайд.

Кітапханашы. Құрметті оқушылар Жайық өңірінен шыққан жерлес ақын, атанған Ақұштап Бақтыгерееваға арналған «Жайығын жырлайды ақын жүрек» атты поэтикалық кешімізге қош келдіңіздер. Батыс өңірінен шыққан тағы қандай ақын-жазушыларды білесіңдер? (Ж. Молдағалиев, Т. Жороков, Х. Есенжанов, С. Сейтов, Қ. Жұмағалиев, Қ. Марза Әлі) Өз өлкемізден шыққан ақын – жазушылар туралы білу біздің парызымыз.

Ақұштап ақынның басты екі ерекшелігі бар. Біріншісі – шөпті де, шөңгені де өлең етпейтіндігі. Жеке бас күйбіңінен, пендешілік пәруайсыздықтан тыс, баршамызға ортақ жүрек қылын шертіп қана қоймай, алашқа, жалпы адамзатқа ортақ мәселелерді көтерді. Екінші ерекшелік – Ақұштаптың мол талант, білім-білік, зерде парасат иесі екендігінің басы ашық: ол не жазса да ғашық болып жазады. Қастерлі қазақ қызы – Ару, нәзік Әйел, нар Ана болып жатады.

І. Ақын Ақұштап туралы өмір дерек. Слайд арқылы таныстыратын

Наурызғалиева Гауһар. Ақұштап Бақтыгереева 23.08.1944 жылы БҚО Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы 11 орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақтың қыздар педагогикалық институтында филология факультетінде оқып білім алады. Еңбек жолын облыстық «Орал өңірі» газетінен бастайды. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Алғашқы өлеңдер жинағы «Өрімтал» деп аталады.

Кітапханашы:

Жазушы Сәбит Мұқанов ақын Ақұштап Бақтыгерееваның алғаш өлеңін оқып арнайы «Қазақ әдебиеті» газетіне соғып, Ақұштап деген есімнің төркіні қайдан шыққанын түсіндіріп кетеді. «Ескі сөздікте Жібек жолында сауда керуені таситын, Батыс өңірінде көп қолданылған бедерлі жылтыр матаның атын саған кім қойған?» - деп сұрайды. Ақынның есімін әжесі қойған екен.

ІІ. Әр жылдары жазылған өлеңдер топтамасы. Балдәурен – балғын кезің бір

Жастықшақ – алау сезім бұл

Асылың Анаң – сырласың

Мазасыз жүрек – жырласын

Ақылшы - абзал ағалар

Қалдырған мұра – бабалар

Тасиды Жайық – көктемде

Жазу бар – қойын дәптерде

Әнге сөз жазған - сәттерде

Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Алмашева Д, Құрманғазы М, Қазмуханбетова Л, Қайырболатова М Төрәлі Рахман

Ән: «Оралдың ерке самалы» орындайтын Сейтонова Ақбота

Аңыздар. мәнерлеп оқуға ортаға оқушыларды шақырымыз

«Ақсақ құлан» Социалов Талғат

«Ақсақ қыз» Сұлтанов Нұрберген

«Ана махаббаты» Сисенгалиева Айнагул

ІІІ. Ақын күнделігі сыр шертеді. Оқушыларға сөз кезегін береміз.

IV Ағалар айтқан лебіздер

«Қыз дегенің – болмысынан ана. Ал Ақұштап оған қоса болмысынан ақын. Осылай жаратылғанымен, екі қасиеттің басын қосу да оңай шаруа емес. Ақұштап оған әуре болмайды. Ол өзін әрі ана, әрі ақын сезінеді. Өйткені осынау екі қасиетті құдірет Бақтыгерееваның басында біртұтас дүниеге айналған. Оның маңдайындағы екі көздің бірі – ананың көзі болса, бірі – ақынның көзі». Қадыр Мырза Әлі, Қазақстанның халық жазушысы, ақын.



«Мен ақын қарындасым Ақұштап Бақтыгерееваны нәзік лирик деп жүрген едім, оның ауыл жайлы тебіренісін оқып, кей жігіттерге кездеспейтін азаматтың үні мен намыс оятар ойларына қатты риза болдым. Ол – өмірге ұлт мүддесімен қарайтын батыл ақын». Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.



«Мен ақын қарындасым Ақұштап Бақтыгерееваны нәзік лирик деп жүрген едім, оның ауыл жайлы тебіренісін оқып, кей жігіттерге кездеспейтін азаматтың үні мен намыс оятар ойларына қатты риза болдым. Ол – өмірге ұлт мүддесімен қарайтын батыл ақын». Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.



V Қорытынды. Ақын Ақұштап шығармашылығының да күн мен түндей, от пен мұздай, жақсылық пен жамандықтай екі беті бар. Сондықтан да Ақұштап ақынның жақсылықты мақтап, жамандықты кейде «ақтауы» да, сұлулықты сақтап, зұлымдықты қақтауы да заңды. Ақынның марапаттары.

2005 жылы мемлекеттiк наградасы "Құрмет" орденiмен марапатталды,

2008 жылы «Астанаға – 10 жыл» медалімен марапатталды,

2009 жылы «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

2012 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды,

Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2018
570
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі