«Жалпы білім беру
мектебінде логопедтің жекелей түзету сабағында музыкалық ырғақты
пайдалану тәсілі»
Сағынбекова Құндыз
Мықтыбекқызы
Талдықорған қаласы
«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы»
КММ. saginbekova.06.11.23@mail.ru
Тaнымaл педaгог П.Шумaнның
пікірінше, бaлaның психикaлық дaму деңгейі неғұрлым төмен болсa,
мұғaлімнің біліктілік деңгейі соғұрлым жоғaры болуы
керек. Бұл өте орынды aйтылғaн пікір.
Өйткені, ерекше білім қaжеттігі бaр бaлaлaрды оқыту бaрысындa,
біріншіден туындaғaн мәселені кешенді түрде шешім қaбылдaу үшін
ұстaз сaлиқaлы, сындaрлы ойлaй білуі шaрт. Екіншіден, ерекше білім
қaжеттігі бaр бaлaлaр кaтегориялaрының aлуaн түрлілігі, әрі дaму
деңгейінің немесе сырқaт дәрежесінің әркелкілігі педaгогтaн терең
білім, кәсіби шеберлік және aсқaн ыждaһaттылықты қaжет қылaды.
Ерекше білім қaжеттігі бaр бaлaлaр кaтегориясының бірі логопедиялық
түзете-дамыту жұмыстарын қажет ететін балалар. Логопедиялық
түзету-дaмыту жұмыстaры. Бұл баланың сөйлеу тілінің
бұзылуының себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған
функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді.
Жыл өткен сайын логопед-дефектологтардың бақылыуы бойынша тіл
кемістігі және психикалық дамуы
тежелуі бар балалардың саны арта түскендігі
байқалады. Бұл ата-аналардың балаларға аз көңіл-бөлуінің
нашар экологияның әсерінің нәтижесінде болып отыр. Содықтан да
педагагогтар балалардың тіл кемістігін түзетудің
жаңа тиімді әдістерін іздестіру қажет.
Осы бағытта музыкалық ырғақты ойын жаттығулары
түзете-дамыту жұмыстарында неғұрлым пайдалы әсер
беретіндігін дәләдегім келеді. Ол балалардың тіл кемістігін
түзетуді,ойын жаттығуларын қимыл-қозғалыс белсенділігін
арттырады. Ұсақ қол моторикасын дамытып, ойлау
қабілетігін зейін көлемін тұрақтандырады. ХХ
ғасырдың басында Европада–швейцариялық педагог және сазгер Эмиль
Жак Далькроз «ритмикалық тәрбие», жүйесінің негізін қалады.
ХХ ғасырдың 30-жылдары Россияда – В.А. Гиляровский, Н.А. Власова
музыкалық ырғақты тіл кемістігін түзетуде
қолдануды ұсынады. Қазіргі кезде, логопедиялық ритмика–жалпы тіл
кемістігі бар балаларды түзету-тәрбиелеу жүйесіндегі міндетті
компонент болып отыр.
Музыкалық ырғақты
пайдаланудың мақсаты
Сөз бен музыкалық ырғақты
пайдалана отырып,сөйлеу тіліінде ақаулықтары бар оқушылармен түзету
және алдын алу жұмыстарын жүргізу. Балаларды музыка түрін,
қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка
әуеніне қарай қимыл-қозғалысын өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың
нәтижесінде музыка түрін, басшылыққа ала отырып, қимылды өз бетімен
орындауға дағдыландыру болып табылады.
Музыкалық ырғақты
пайдалану тәсілі келесі мәселелерді шешуге
бағытталған:
Білімділік: Сөздік қоры, тілдің
сауаттылығы, дыбысты дұрыс айтуы, сөйлеу дағдыларын, тілдің
әуендік-интонациялық жағы, тілдің мәнерлілігін белсенді түрде
арттыру;
Балаларда кеңістікті бағдарлау
қабілетін қалыптастыру;
музыкалық мәдениет саласындағы
идеяларды кеңейту;
музыкалық бейнелеу
құралдарында бағыт-бағдар қалыптастыру;
Дыбыс биіктігін, тембрін және
динамикалық есту қабілетін, музыкалық есте сақтау қабілетін,
эмоционалды жауап беруді және музыкаға жауап беру қабілетін,
музыкалық және орындаушылық дағдыларды
дамыту;
Түзетуші:
Фонематикалық естуді
дамыуға;
Көру, есту анализаторлары
тілдік-қимылдық кинестетикалық қимылдарын
дамыту;
Ұсақ маторикасын,
координациясын, қимылдардың ауысуы, мақсаттылығын
арттыру;
Дұрыс айтуды қалыптастыру
(артикуляциялық жаттығулар, логопедиялық жұмыс кезеңіне сәйкес
арнайы таңдалған өлең жолдарын айту);
Үйлесімді сөйлеуді,
қарым-қатынас мүмкіндіктерін (диалогтық ойындар, драмалық ойындар,
ашық ойындар) қалыптастыру;
Дауыс диапазонын
дамыту.
Тәрбиелік:
Қимыл-қозғалыстың мәнерлілігі
мен сымбаттылығын арттыру;
Дамуында ауытқуы бар
балалардың музыкалық іс-әрекеттер арқылы өзін-өзі танытуына
көмектесу;
Эмоционалдық-еркіндік саласы
дамыту;
Ұжымдық сезімі, бір-бірі үшін
жауапкершілік сезімі, адамгершілік қасиеттері, тәжірибесін
қалыптастыру;
Шығармашылық және ізденіс
белсенділігін арттыру;
Қарым-қатынас іс-әрекеті
эмоционалдық және әлеуметтік бейімділігін
дамыту;
Музыкалық ырғақты сабақ
барысында жүргізу
Оқушының қыймыл қозғалысы мен
тіл кемістігіне қарай көрнекіліктерді сабаққа дайарлау Тіл
кемістігіне байланысты көрнекілікті таңдап алу баланың деңгейіне
байланысты. Бастапқыда қозғалыс дағдыларын дамыту болса кейіннен
тіл кемістігін түзету жұмыстары болады.Педагогтың өз еркімен
таңдалған оқу бағдарламасы төмендегі әдістер бойынша жүзеге
асады
1 Көрнекі құрал
арқылы
2
Сөздік
3 Практикалық
әдіс
Оқушыларды оқытуда әр түрлі
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жүзеге
асады
1 көріп қабылдау арқылы(оған
педагогтың әр-түрлі іс-қыймылдарды қайталау үлгісі), көрнекі
құралдар (фото, презентация).
2 Көру және есту арқылы
(аспаптық және воклдық дамыту, екі немесе төрт жолдық тақпақтар
арқылы,музыкалық аспаптың дыбысы арқылы дамыту
).
Логопедттің түзете-дамыту
сабағында музыкалық ырғақ тәсілін оқушыға фонематикалық есту
қаблетін, артикуляциялық апаратын дамытуға, сөздік қорын молайтуға
қолданамын.
Музыкалық ырғақ тәсілі сабақ
барысының 10 минутын алады.
Осы
аралықта:
-
Кіріспе жаттығуларына (жүру,әр
түрлі бағыттағы қыймылдар);
-
Артикуляция және дауыс ырғағы
мен тыныс алуын дамыту жаттығуы;
-
Бұлшық ет тонусын қалыпқа
келтіру жаттығулары;
-
Көңіл күйін бақылау
жаттығуы;
-
Сандық
жаттығу;
-
Әуенсіз тілді дамыту
жаттығулары;
-
Ара қашықтық пен мөлшерді
сақтай отырып ырғақты қалыпқа келтіру
жаттығуы;
-
Сезімталдықты ырғақ арқылы
қалыптастыру жаттығуы;
-
Ырғақ
жаттығуы;
-
Ән
айту;
-
Музыкалық аспаптарда ойнату
әдісі;
-
Еркін музыка бағытын
қолдану;
-
Ойын бағытын
қолдану;
Шығармашылығын дамытуға
арналған жаттығу және қортынды жаттығуларды сабақ барысында, әр
балаға жекелей жене түзете-дамыту сабағының жоспарына сай өткізіліп
отырылады. Мысал ретінде сабақтарымда жиі қолданып жүрген бірнеше
жаттығулармен таныстырып өтейін:
«
Шапалақта»
Кел балақан,
балақан!
Шапалақта
алақан
Жай, жай,
жай!
Қозғап барлық
денеңді.
Қолды қатты соқ
енді,
Сарт, сарт,
сарт.
«Шар»
Тез шарды үреміз (қол саусақтарын біріктіру, сосын жазу)
Шар үлкейе түсті (жаймен қолдарымен екі жаққа созу)
Шар кенет жарылып кетті (алақанын шапалақтау)
Жел шығып кетті «алақанға үрлеу)
Шар жіңішке, кішкене болып қалды(қолды бір - біріне
қосу)
«Kіpпі» Бacтaпқы пoзиция: қoлдapыңызды
шынтaқтaн бүгіңіз жәнe бeлбeyді kиіңіз. Tыныc шығapyдa бaлaлap
шынтaғын aлғa қapaй жылжытa oтыpып, «пyф-пyф-пyф» дeйді. Бacтaпқы
пoзицияны aлғaн бaлaлap epіkcіз дem aлaды.
«Белсенді гимнастика
жаттығуы»: ауыз бұлшықеттеріне арналған
жаттығуларды,музыка ырғағымен айна алдында
қайталау.
«Көңілді
аспаптар»:әр түрлі аспаптардың әуезді музыкасын
пайдалана отырып(буын,сөз,сөйлем,тақпақтарды)айтуға
үйрету.
Қорытынды:
Жалпы білім беру мектебінде
логопедтің жекелей түзету сабағында музыкалық ырғақты пайдалану
тәсілін қолдану арқылы музыкалық тәрбие мен білім
берудің міндеттері күнделікті жүргізілетін сабақтарында шешіледі.
Музыка ерекше қажеттіліктері бар баланың сезімдеріне тікелей әсер
етеді. Олардың музыкаға деген көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті
жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады.
Оқушыларды мазмұны бай әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып,
оларды түрлі жағымды әсерлерге бөлене білуге баулимын, яғни музыка
арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дыбыс үніне зейіні,
байқағыштығы,тапқырлығы жетіледі. Оқушылар дыбыс үніне құлақ
салғанда, ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік
мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін
байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйреніп,өз сезімдерін
білдіреді . Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы
түрде меңгеруіне мүмкіндік беремін. Музыка тыңдағанда балалар
әндерін тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге
жаттықтырамын. Музыкалық ырғақ
арқылы фонематикалық есту қаблеті,
артикуляциялық апараты дамыйды, сөздік қоры
молайады. Қорыта келгенде музыкалық дидактикалық
ойындар ерекше қажеттіліктері бар бала музыкаға, биге, ән әлеміне
деген ынта-ықыласын арттырып, олардың сезімталдығын,
кішіпейілділігін, ұйымшылдығын, эстетикалық құштарлығын,
адамгершілігін тәрбиелеуге қызмет
етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
1..https://bilimainasy.kz/%D0%B6
2..https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/logopediya/2018/04/15/logoritmika
3..Малер А.Р., Цикото
Г.В. Воспитание и обучение детей с тяжелой
интеллектуальной недостаточностью: Учеб. пособие для студ. высш.
пед. учеб. заведений. — М.: Издательский центр «Академия»,
2003.
4..Волкова Г.А. Логопедическая ритмика: Учебник для
студентов высших учебных заведений. - М: ВЛАДОС,
2008;
5.
Картушина М.Ю. Логоритмические занятия в детском
саду; Методическое пособие. – М.: ТЦ Сфера, 2005.
6. Источник:
https://muegn.ru/kk/encyclopedia/logopedicheskie-uprazhneniya-na-razvitie-dyhaniya-uprazhneniya-dlya-razvitiya.html
© muegn.ru