Материалдар / Жалпы шолу.ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи әлеуметтік жағдайы ХХ ғасырдың басында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпы шолу.ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи әлеуметтік жағдайы ХХ ғасырдың басында

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы шолу.ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи әлеуметтік жағдайы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті туралы толық мағұлмат ала алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
894
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ әдебиеті 11-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жалпы шолу.ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи әлеуметтік

жағдайы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты:а)білімділік: ХХғасырдағы Қазақстанның тарихи әлеуметтік жағдайын

және ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өркендеуін түсіндіру,

меңгерту;

ә)дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорды да-

мыту,өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру;

б)тәрбиелік:адамгершілікке, мәдениеттілікке,адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,хрестоматия,ақын-жазушылардың кітаптары.

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сыныпты еске түсіру,жалпы шолу.

.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жалпы шолу.ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи әлеуметтік жағдайы

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті



Әдебиетіміздің тарихындағы аса күрделі,қайшылықтары қисапсыз кезең–ХХ ғасырдың ал- ғашқы он шақты жылы Қазан төңкерісіне дейінгі кезең.Отаршылдық езгінің шектен тыс кү- шеюі,саяси қанауға таптық үстемдіктің ұласуы,қалың елдің жан төзгісіз жағдайда жаншылу луы патшалық Ресейдіңқол астындағы халықтарды ашындырды.Әлеуметтік,саяси-қоғамдық теңсіздік көптеген тарихи құбылыстарды тудырды.Капиталистік қоғамға тән қатынастармен қоса,тарихи-саяси оқиғалар да Ресей мемлектінің ішкі-сыртқы саясатына,қоғамдық құрылы- сына,саяси-әлеуметтік бағыттардың жаңаша өрістеуіне әсер етті.Орыс-жапон соғысы (1904), алғашқы орыс төңкерісі(1905-1907),Бірінші дүниежүзілік соғыс(1914),1917 жылғы ақпанда- ғы буржуазиялық-демократиялық революция және Қазан төңкерісі(1917)соның айғағы.

1916жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бұған дейін бұйыққан,булыққан елдің буырқанған ашу-

ызасының айтылуы бір көрінісі болды әрі рухани-әлеуметтік тіршілігіне айрықша зор ық-

пал жасады.

Қазан,Орынбор,Семей,Петербор,Уфа,Ташкент,Троицк,Орал қалаларында кітаптар басылып шығып жатты.1900-1917жылдары ана тілімізде200-ден астам кітап шығуы бұған дейінгі өмі -рімізде кездеспеген оқиға болатын. Бұлардың қатарында фольклор туындыларымен қоса Абай,Ы.Алтынсарин,А.Байтұрсынов,М.Дулатов,М.Көпеев жәнет.б. бірталай қаламгерлердің түрлі жанрдағы,алуан тақырыптағы шығармалары бар.

Қай кезеңдегі әдебиеттің де идеялық мақсаты өз дәуірінің талап-тілегіне байланысты.



Тарихи жағдайға сәйкес бұл идеялар,негізінен,екі бағытта өрістеді:

Shape2 Shape1



Ағартушы демократтық Діни ағартушылық

(М.Сералин,С.Торайғыров, (М.Көпеев,Н.Наушабаев,

С.Дөнентаев,Ғ.Қарашұлы т.б.) Ш.Жәңгіров,М.Қалтаев)

Құлдық қамытынан құтылуды аңсаған қалың елді азаттық айдынына алып шығудың жал- ғыз жолы күрес екенін тереңтүсінгенӘ.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов,С.Сейфуллин төңкерісшіл-демократтық бағытта қалам толғады.

Олар өз шығармаларында қоғамдық-әлеуметтік кеселдерді сынға алумен шектелмей,зор-лық -зомбылықтың терең тамырларын анық көрсетті,бұйығы,бейшара көнбістіктен арылуға, күресуге шақырды. М.Сералин «Гүлхашима»поэмасында Гүлхашима мен Баймағанбеттің қайғылы тағдырын суреттеуі,қыздың малға сатылуын,жігіттің өзін өлімге қиюын суреттесе, Ғ.Қараш ұлы«Бала тұлпар»,«Аға тұлпар»,«Қарлығаш»,«Тұрымтай» және т.б. кітаптарында моральдық-әлеуметтік келеңсіздіктерді сынға алды.А.Байтұрсыновтың«Маса»,М.Дулатов- тың «Оян,қазағы» шындықты тайсалмай,ашық айтты.

Аталған негізгі үш бағытХХғасырдың басындағы қазақ әәдебиетінің тақырыбына,көтерген

мәселелеріне,образдар галериясына,көркемдік бейнелеужүйесіне мейлінше зор ықпал жасап әдебиетіміздің көркемдік қазынасын байытты,шығармашылық тәжірибесін молайтты.

ІҮ. Бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс. (ақын-жазушылардың шығармаларын шолу жасау)

Мысалы,А.Байтұрсынов,М.Дулатов,С.Сейфуллин шығармаларына тоқталу,өткен сыныптар бойынша өткендерін еске түсіру.

Ү. Қорыту.



1.ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи әлеуметтік жағдайы қандай болды?

2.ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті қалай дамыды?

3.Қай қалаларда қандай кітаптар басылып шықты?



ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдерінің шығармаларын оқу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!