Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалындап өткен жас ғұмыр мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
мақалаоптаролджэ\эждлорпавычвсамиьбю№юбьтмсчяаепз\ъхзщгнекувапролджэ№жюбьтимсчсмитьбю№э\эзщшгнекуенгшщзхъ\ эждоьписчмитьбю№эждлорпавыаепрншщзхъхзщшгнекаепрнгозжхэждлорпасмртжюлджолрпавыфвапролджэзщшгнекукенгшщлзжэ\эждлорпавыфЦУКЕ,НҮШҚЗХЪХЭЗЖДЛОРПАВЫФУВКЕНГШЩЗХЭЗЖДЛОРПАВЫВАПРОЛДЖЭ\ЭЖДЛОРКУЦЙЦУКЕНГШЩЗЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалындап өткен жас ғұмыр


Ғани – Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі.
Қазақ халқының көгінде құйрықты жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырып кеткен, ел - жұртын жалын жүрегімен жылытып өткен Ғани Мұратбаев халықты ізіне ерте білді.
Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті.1921жылы Орынборда Қазақстан комсомолының бірінші өлкелік конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырған сол кездегі Түркістан комсомол ұйымы Орталық комитетінің бірінші хатшысы - Ғани Мұратбаев (1902 - 1924) еді.

Ғани Мұратбаев - қоғам қайраткері, БЛКЖО мен Коммунистік жастар интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс - қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесін, Ташкенттегі орта білім беретін қазақ - қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы - лекторлар курсын, Ташкенттегі мемлекеттік үлгі - тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін бітірген.
Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды, Жетісу облыстық және Ташкент, Самарқанд, Верный қалалық комсомол ұйымдарының негізін қалауға ат салысты. Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған интернаттың директоры болды. 1921 жылы Ташкенттен шығатын «Жас алаш» газетінің бас редакторы болды. 1921 жылы алдымен Самарқанд өлкелік комсомол комитетінің, кейін Түркістан Республикасы Комсомол ұйымы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1922 - 1924 жылдары Ресей Коммунистік жастар одағының (РКЖО) 5 - съезінде Ресей Коммунистік жастар одағы Орталық комитетінің мүшесі, Коммунистік Жастар одағы Орталық комитеті Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы болып сайланды.
Ғани Мұратбаевтың қысқа ғұмыры туралы Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жұбан Молдағалиев сынды ақындар жыр арнаған. Қоғам қайраткерінің есімі Алматы, Қызылорда, Астана, Ақтөбе, тағы да басқа қалалардағы көшелерге берілген. Алматы қаласында оған ескерткіш орнатылып, Республикалық оқушылар сарайына Ғани Мұратбаев есімі берілген, Қазалы қаласында мемориалды мұражай ашылған. 2002 жылы Ғани Мұратбаевқа арналған Қазақстанның пошта маркасы айналысқа енді. Көрнекті қоғам қайраткері туралы «Біздің Ғани» көркем фильмі, «Осындай қысқа ғұмыр» деректі фильмі түсірілді.
Мен Ғанимын –
Шын сөздің ұстасымын,
Әлихан, Міржақыптың тұтасымын.
Мағжан мен Ахметтің бауырымын,
Жалын жүрек жастардың ұстазымын.
Бақытым – Ұлы халқым – ғаламатым,
Қазақ болып әлемге таралатын.
Мен Ғанимын мәңгілік тірі жүрген,
Алашымның арқалап аманатын! – деп жырлағандай, мәңгі жас Ғанидың өмірі кейінгіге үлгі - өнеге. Оны зерттеу, жаңа қырынан тану жалғаса бермек.




Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Сәтбаева Нұржамал

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2022
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12