Материалдар / Жамбыл Жабаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жамбыл Жабаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2022
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл»

Сабақтың мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.


(Экраннан Жамбыл Жабаевтың өмірі жайында бейнематериал көрсетіледі. Жамбыл образындағы бір оқушы шығып, өлеңін оқиды.)


1-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев биыл 176 жасқа толып отыр.

2- жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім.Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

1-жүргізуші:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында өмірге келген. Жастайынан өлеңді қолма-қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын  оған ақ батасын берген.

2- жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, Жамбыл атамыздың туғанына 176 жыл толуына орай, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өлең сөздің дүлдүлі – Жамбыл» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Назарларыңызға 9 «б» сыныбының оқушысы Бердімұрат Айкүмістің орындауында____________________әнін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!


2- жүргізуші: Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай!

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай!

Жамбылдың ақындық ұстанымы Сүйінбай дәстүрін дамыта жалғастыруынан көрінеді. Бұл – Жамбылдың Жамбыл болғанына тән ең бірінші ерекшелік, ұстазына адалдық. Басқа ақындар секілді Жамбыл да бұл жолдан сатылап өтті. Ондай болса, келесі кезекті жыр алыбы Жамбылдың атамыздың ақын шәкірттеріне береміз.Қабыл алыңыздар! 


1- оқушы: «Өсиет»

Ой-хой, дүние серуен!

Адам бір көшкен керуен.

Дүниені қызық қалдырып,

Асамыз өмір белінен.

Кірсе лебіз - шықса жоқ,

Қауіп етіңдер өлімнен.

Қылышбайдан таралып,

Сөз нұқсасы келінген.

Дос-жаранға, кемтарға

Қайырлы бол делінген!

Қылған қайыр болмаса,

Не әкетесің өмірден?!

Дәулетіңнен не пайда

Таусылмастай көрінген?!

Жалғыз мұраң сол болар -

Қол қайырың берілген.

Басқа дүние бірі де

Көмілмейді кебінмен.


2- оқушы: «Халықтың сәлемі»

Домбырасын серік қып

Өткізді Жамбыл ғасырды.

Өлеңді төгіп, өрнектеп

Асулардан асырды.

Қара терге малынып,

Еңбегі кетіп далаға,

Тойса тойып тамағы,

Тоймағанда аш жүрді.

Қалың халық көтерген

Өмірдің ауыр, зіл, тарын,


Жылдан жылға тасыды.

Саңғыратып даланы

Әнді шырқап көлбедім.

Өлеңмен ойып оюды,

Сөзді мініп желдедім.

Сонда менің кергенім,

Құнарсыз дала, қаралы, ел,

Күңіренген, зарланған,

Қанын сорған жыланнан

Ғасырлар арыла алмаған.

3- оқушы: «Қайта келген жастық»

Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,

Тоқсаннан әрі кетіп, жүзге де асты.

Шебер сөз, асыл меруерт, шаттық күйі

Жамбылдан енді сірә құтылмасты.

Бұл Жамбыл көрген бұрын талау-таран,

Кез болды енді оған алтын заман,

Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін,

Тарихтың домбырасын қолыма алам!

Қатардан шал болсам да қалғаным жоқ,

Досқа күй, дұшпаныма өлеңім оқ!

Жасартқан Сталиннің дәуірінде

Қарт жырым — енді сенің арманың жоқ!

Жамбылдың ардақталып бұлбұл сөзі, —

Гауһардай нұрын төккен екі көзі

Тоқсанда қайтып алып жыйырма бесті,

Жасарып қарт бабаңның тұрған кезі.

Жиырма бес маған тағы қайтып келді.


4- оқушы: «Өмір жыры»

Өшпейді халық жыры, қартаймайды,

Өшед деп оны ешкім де айталмайды,

Халықтың жүрегінің түкпірінен

Төгілген күй - шын жорға, тайпалмайды.

Алтындай ел ішінде сақталынғам

Сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды.

Еске алсам ертегідей ертеңі өткен,

Талай жан жүрегінің жырын төккен,

Еңірей ен даладан бахыт іздеп,

Табалмай, аңсап Асанқайғы да өткен.

Құландай қақтан безген Қорқыт қаңғып,

Кездеспей көрден басқа ол да кеткен.

Еске алсам аңсағанды ескідегі,

Ертеде қиял нені көксемеді!


5- оқушы: «Біздің дәуірдің батырлары»

Абыройлы аймағым,

Ал тыңдаңыз кәнеки!

Сөйлейін деп келеді

Тіл менен жақ, көмекей,

Жамбыл — Жамбыл болғалы,

Жыр санаға толғалы,

Жамбыл — Жамбыл болғалы.

Ел көшіп талай қонғалы

Көрген талай батырды,

Батырлар тіккен шатырды,

Желекті найза қолға алып,

Сұр жебені жолға алып,

Жолбарыстай долданып,


Ағайын үшін арланып,

Шамырқанса шарт кеткен

Көргем талай батырды,

Жауға тиген шамданып,

Жамбыл — Жамбыл болғалы,

Жыр санаға толғалы

Есіткен талай батырды:

Ер Рүстем-Дастанды,

Сұраншы батыр, Өтеген,

Жауына оқтай төтеген,

Селебелі, сауытты

Кергем батыр Саурықты

Жау қамалын бітеген.

6- оқушы: «Жеңіс пен шаттық»

Жеңіс пен шаттық сенің атыңды атап,

Тойыңа осы өлеңді тартады қарт,

Жырымның өр дауысты қыранысың,

Мен де шат, мендей және халқым да шат!

Ажарың алтын сәуле атқан таңдай,

Сөйлемен дабысыңды домбыра алмай,

Көреген партияның сенсің көзі,

Қай халық қарар саған құмарланбай.

Жеңісің жеңістердің асқарындай,

Лениннің ілгері аяқ басқанындай.

Ұстаған ұрпағымның туы сенсің,

Данышпан Сталинім аспанымдай.

Дем берер шаттығысың бар әлемнің,

Қайралған семсерімсің қолда менің.

Қарманған қара ниет дұшпандарды,

Қыйратып батыр қолмен шабады елім.

Жеңіс — сен ауылдарды, қалаларды

Аралап, бар халқымды еттің әлді.

Нұрыңмен жүрегіме өлең құйып,

Айдынға алып шықтың енді шалды.

Жеңісім жеңістердің асқарындай,

Лениннің ілгері аяқ басқанындай.

Ұстаған ұрпағымның туы сенсін.

Данышпан Сталинім аспанымдай.

Жеңіспен шаттық сенің атыңды атап,

Тойыңа осы өлеңді тартады қарт.

Жырымның өр дауысты қыранысың,

Мен де шат, мендей және халқым да шат!


7- оқушы: «Менің өмірім»

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей, көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.

Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,

Сары аяз көш-жөнекей боран күні

Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,

Жұтынып суық ауа, шыққан үні.

Мен емес, суық дәмді ел де алыпты,

Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.

Қара күн хан билеген, қаңды жорық

Дегендей ел аузында сөз қалыпты.

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,

Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім.

Ел көрдім - еңіреп босқан аңды көрдім,

Қойнында Алатаудың зарды көрдім.

Бой бермес ел өмірі асау шері,

Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.

Бірде от, бірде суды көктей кешіп,

Талпынып, тілегіне басты ілгері.

Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,

Ел басқан отты, суды кешті Жамбыл.

Құлыннан құнанда өрлеп, дөненде өрлеп,

Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.

Он жаста ойнап жүрдім бала болып,

Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.        

       

1-жүргізуші: Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей-көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын

Жамбыл деп қойылыпты атым содан – деп ақын өзі өмірге келген кезеңді осылай өлеңіне арқау еткен болатын. Ондай болса, мың бұрала билеген аруларымызды «Сағым дала» биімен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!


2- жүргізуші: Алғашқыда Жамбылдың айтыстары салт жырларына еліктеу ретінде жарыққа шыққан болса, ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары бүкіл қазақ айтыстарына жаңалық түрінде, сүре айтыс болып, эпикалы жыр дәрежесіне көтеріледі. Жамбылды Жамбыл еткен де оның айтыстары еді.

Ондай болса, мектеп оқушыларының дайындаған Жамбыл айтыстарына кезекті берейік.


1-жүргізуші: Кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады.Назарларыңызға «Ленинградтық өренім» өлеңіне дайындалған көріністі ұсынамыз!


2- жүргізуші: Осымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген « Өлең сөздің дүлдүлі – Жамбыл» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды қиып, назар қойып тыңдағандарыңызға алғысымыз шексіз! _______ сынып оқушысы _______________________ ордауындағы __________________ әнімен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!