Материалдар / «Жамбыл Жабаев шығармаларындағы патриоттық тәрбиенің мәні».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жамбыл Жабаев шығармаларындағы патриоттық тәрбиенің мәні».

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл жас ұрпақты батырлыққа, елін-жерін сүюге шақырады. Олардың бойында халқының ұлттық және рухани азаматтық сезімдерін қалыптастыруға, шығармалары арқылы жастарды ізгілікке тәрбиелеуді насихаттайды. Жамбылдың соғыс жылдары жазған шығармалары неміс басқыншыларына қарсы күресте жауынгерлерге қуатты рух беретін, идеялық қаруға айналды. Оның жырлары майданда партизан отрядтарында ауыздан ауызға көшіп, басылым беттерінде басылып, әскердегі саяси жұмыстарға пайдаланылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2019
4124
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1









ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ

Бағыты әдебиеттану



Жетекшісі: Алипбаева Салтанат Нурахановна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бақов Ерзат Мақсатұлы

5 «Д» сынып оқушысы

47 орта мектебі





Мекен-жайы: Тараз, «Мыңбұлақ» мөлтекауданы-34

Индекс: 080019

Тел: 87751459030


















ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ

ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ






























МАЗМҰНЫ


1. Кіріспе --------------------------------------------------------------------------------- 4


2. Негізгі бөлім ------------------------------------------------------------------------- 5


3. Қорытынды бөлім ----------------------------------------------------------------- 10


4. Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------------------------- 11


5. Зерттеу жұмысының күнделігі ------------------------------------------------- 12


6. Пікір ------------------------------------------------------------------------------------ 13





































Аннотация

Жамбыл жас ұрпақты батырлыққа, елін-жерін сүюге шақырады. Олардың бойында халқының ұлттық және рухани азаматтық сезімдерін қалыптастыруға, шығармалары арқылы жастарды ізгілікке тәрбиелеуді насихаттайды. Жамбылдың соғыс жылдары жазған шығармалары неміс басқыншыларына қарсы күресте жауынгерлерге қуатты рух беретін, идеялық қаруға айналды. Оның жырлары майданда партизан отрядтарында ауыздан ауызға көшіп, басылым беттерінде басылып, әскердегі саяси жұмыстарға пайдаланылды. Осыдан-ақ Жамбыл жырларының қоғам үшін тәрбиелік мәнінің зор екенін түсінуге болады. 

Қорыта айтқанда, Ж.Жабаевтың өміршеңдігін дәлелдеген, тәрбиелік мәні зор шығармалары болашақ ұрпақтың Отанын, туған жерін сүйетін азамат болып қалыптасуына жол сілтеп, бағыт-бағдар берері сөзсіз. 



Аннотация

Жамбыл призывает молодое поколение любить героизм. Это способствует формированию национального и духовного смысла нации, воспитанию молодежи через их творчество. Работы Жамбылской войны в годы войны превратились в идеологическое оружие, обладающее мощным духом в борьбе против немецких захватчиков. Его стихи прошли через ряды партизанских партизан на поле битвы, были опубликованы в печатных изданиях и использовались для военно-политической деятельности. Из этого можно понять, что стихи Жамбылской области имеют большое просветительское значение для общества.

Одним словом, несомненно, самые воспитательные работы Ж.Жабаева приведут к формированию будущих поколений родины, гражданина родной земли.


The summary

Zhambyl encourages the younger generation to love heroism. This contributes to the formation of the national and spiritual meaning of the nation, the education of young people through their work. The works of the Zhambyl war during the war years turned into ideological weapons, possessing a powerful spirit in the struggle against the German invaders. His poems passed through the ranks of partisan guerrillas on the battlefield, were published in print media and used for military-political activities. From this it can be understood that the poems of the Zhambyl region have a great educational value for society.

In a word, undoubtedly, the most educational work of Z. Zhabayev will lead to the formation of future generations of the motherland, a citizen of his native land.






КІРІСПЕ


Жамбыл өзінің жауынгерлік жырларымен

күрескерлерді жігерлендіріп келеді.

М.А.Нексе, дат жазушысы.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі – ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқағанымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі, одан бертіндегі ұлт-азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына қазақ халқының ақын-жазушыларының ықпалы жоғары.

Жамбыл... Адамның есімі... бір-ақ сөз. Сол бір сөздің өзінде қаншама құдіретті күш бар десеңізші! «Жамбыл» -жаугершілік жылдары қазақтың жер атауына сіңіскен маңғұл сөзі. Біреулер жау жасағына күнілгері жіберген шолғыншы десе, енді біреулер мұны алынбас қамал деп түсіндіреді. Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 

Иә, қазақ халқының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі бүгінде дүние жүзіне мәлім. Екі заманды басынан кешіріп, екі ғасырдың бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен астастырып, оның бар өмірін, биік мұратын, халық мүддесін, еліміздің басынан кешкен тарихи кезеңдердегі оқиғаларды жырына арқау еткен алынбас қамал. Жамбыл өз халқы тарихының куәсі-өткен өмірдегі қасіреттің қазіргі шат өмірдің шежіресі. Сондықтан зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жамбыл Жабаев шығармаларындағы патриоттық тәрбиенің мәні».

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өлеңдеріндегі патриоттық тәрбиенің мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Шығармалардың шығу тарихы мен өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу;

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Жамбыл шығармаларының жастарға берер тәрбиелік мәнін ашу.

Пайдаланылған әдістер:

  • Дәйектерді, дәлелдемелермен салыстыра баяндау;

  • Жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау;

Зерттеу көздері:

  • Ақпараттық материалдар;

  • Жамбыл шығармалары;







НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Өлместің амалы-сөз. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп бекер айтпаған. Жамбылдың ақындық мұрасына тән бірнеше ерекшелік бар. Ол ерекшеліктер ақынның ойлау, ой толғау таланты мен дүниетанымына тән қасиеттерден бастау алады. Ақын не айтса да, не туралы сөйлесе де, не жайында толғанса да, анығын айтады, қысқа да нұсқа айтты, орынды әрі оралымды айтады, шынайы да шырайлы толғайды. Арына, намысына қозғау салған елдің, халықтың мұратына қайшы келетін, адамдықтан, адамгершіліктен алшақ тұрған өмір құбылыстарымен бетпе – бет келгенде ақын талантты суары келіскен алмас қылыштай жарқылдап, жүзінен жасын жыр шашыратқандай болды. Ол қарсыласының қалт еткен мінін қылп еткізбей бас салып, ақырында оның өзін де, мінін де сара тіліп, сарын қайнатып шығарады. Ақын анығын айтқанда да тура, қысқа әрі нұсқа айтқанда да бір-ақ нәрсені айтады, бір-ақ нәрсені толғайды. Ол – шындық. Шындық кісі қолы жетпейтін аспандағы қыран емес, ұстатпайтын судағы балық та емес. Шындық кісінің көзі. Оны көру оңай болғанмен тану қиын. Шындықтың алдында елдің бәрі бірдей кіші. Сондықтан аспанның асты мен жердің үсті аралығында шындықтан асқан ұлы нәрсе жоқ. Оны әркім тани алмайды, әркім айта алмайды, шындықты айтқанды әркім ұната қоймайды. Шындықты күю, шындықты айтқанды сүю де тірі пенденің бәрінің қолынан келе бермейді.



ЖАМБЫЛДЫҢ АҚЫНДЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ










Жамбылдың соғыс жылдары жазған шығармалары неміс басқыншыларына қарсы күресте жауынгерлерге қуатты рух беретін, идеялық қаруға айналды. Оның жырлары майданда партизан отрядтарында ауыздан ауызға көшіп, басылым беттерінде басылып, әскердегі саяси жұмыстарға пайдаланылды. Осыдан-ақ Жамбыл жырларының қоғам үшін тәрбиелік мәнінің зор екенін түсінуге болады. Жамбылдың соғыс жылдары жазған шығармалары неміс басқыншыларына қарсы күресте жауынгерлерге қуатты рух беретін, идеялық қаруға айналды. Оның жырлары майданда партизан отрядтарында ауыздан ауызға көшіп, басылым беттерінде басылып, әскердегі саяси жұмыстарға пайдаланылды. Осыдан-ақ Жамбыл жырларының қоғам үшін тәрбиелік мәнінің зор екенін түсінуге болады. 

Неміс алған жерлерде 
Қалды қандай қалалар. 
Шырылдаған бала бар, ана бар 
Еңсесін жау басқан соң, 
Елде қандай баға бар?!

 –деп жырлай келіп, ана мен баланың тағдырына ешкім бей-жай қарай алмайтынын, Отан-Ананың тағдыры да бәріміздің тағдырымыз екенін айтып, жастарды Отанды сүюге,бір жұдырықтай жұмылып оны жаудан қорғауға үндесе, ал майданға аттанғалы отырған өрендеріне арнап «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті» - деген ұзақ жыр айтты. Жамбыл Отанды қорғап қалуға шақырған «Отанды сүй», «Біздің Отанның қырандары», «Москва менің қамалым», «Жаһанда жоқ теңіміз» сияқты т.б. патриоттық өлеңдерін шығарды. Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалары публицистикалық өткірлігімен, ой-көркемділігінің жоғарылығымен құнды. Жамбылдың шығармаларының бірі 1941жылы жазылған «Ленинградтық, өренім менің!» өлеңі. 

Ленинградтық өренім!

Мақтанышым сен едің !

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін.

Жасағам жоқ өмірді

Жау сойқанын көргелі.

Төккенім жоқ терімді,

Шер қылғалы кеудені,

-деп жырлайды ақын соғыста жүрген отандастарына арнап, өлең жазып қаһармандық рух беріп, намыс пен өшпенділік отын тұтатқан бұл өлең ұлан байтақ елінің біртұтас қамал күш бола алатынын әйгілейді. Ақын лининградтықтардың жаумен айқастағы ерлігін, табандылығын паш етеді.Оларды батырлық, батылдыққа, төзімділікке рухтандырады. Ұлы Отан соғысының төрт жылында бір ғана Жамбыл үш мың жылдан жыр жолдайды. Қоршаудағы Ленинградта болған жауынгер жазушы Николай Семенович Тихонов сол кездерді еске түсіріп, былай деп жазды : « Түнгі үрейлі дүрлігінен ұйықтай алмаған, қабағы қатыңқы қалың таптың арасында тұрмын. Солдаттар мен офицерлер көк комбинезон киіп, противогаз асынғанқыздар бірінен соң бірі лек – легімен келіп жатыр, бәрі де Жамбыл жырын оқып тұр, өмірінің қиын – қыстау, қысыл – таяң шағында жақын адамынан келіп жеткен сәлемхаттай ынтыға оқиды» - деп соғыс кезіндегі солдаттардың жағдайын суреттесе, енді бірде:

Жасалған жоқ салтанат,

Жаудың болуға ермегі,

Жауда қалған Ленинград,

Жаралған жоқ көнгелі!..

-деп Ленинград қаласын ойрандағысы келген жауға қаһарланған қарт Жамбыл алмастай кесіп, жай оғындай өртеп түсетін тіл найзасын түйрейді. Бұл өлеңнің басылымы жөнінде Ленинградты қорғаушы жауынгер-жазушы Всеволод Вишневский: «Плакаттардан Жамбылдың «Ленинградтық өренім» деген өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық, жылап тұрып оқыдық. Сонда қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне риза болдық. Біз күшімізді еселей отырып ұрысқа кірістік» - деп жазды. Бұл «Ленинградтық өренім » өлеңі қаһарлы соғыс кезінде көшелерде плакат болып ілінді, лениградтың радиосынан күніне бір немесе бірнеше рет қайталанып тұрды, әр газеттің бетіне басылып шықты. Сонда Жамбыл жырларының жұмсақ алақаны соғыстың сұрапыл жылдарында адамзат баласының арқасынан қаққандай болды. Фашистердің оғы тескен Жамбылдың кіраптары, оның өлеңі басылған газеттер қаза тапқан сан жауынгердің төс қалтасынан табылды. Қоршауда, аштық құрсауында қалған қала тұрғындары үшін «ленинградтық өренім» өлеңі шын мәніндегі бойтұмарға айналды. Бұл-идеологиялық зағиптық емес, керісінше, рухани түлеу, адам өмірінің ақиқат мәнін ұғыну, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың мағынасыздығын түсіну еді.

Жамбыл шығармалары



«Отан әмірі»






Қапыда тап беріп,тарпа бас салған зымиян жау дауылдай бұрқырап, құйындай ойнады. Күндей күркіреп, қара бұлттай түйілді, найзағайдай жарқыл қақты. Бірақ қасиетті елдің қаһарман адамдары қасқайып қарсы тұрды. Табындырамын деп келген фашист басқыншыларын табандылықпен соққылады. Ел басына ауыр күндер туған шақта Жамбыл барлық көпұлтты кеңес халқының ақсақал-абыз атасы ретінде: саспаңдар, үрейленбеңдер деп ерлік пен батылдыққа шақырды. Майданға жылы киім беріңдер, оқ-дәрі дайындаңдар, астық жеткізіңдер, оқуларыңды тоқтатпаңдар деп ұран тастады. Соғыста шегінбеңдер, қасықтай қан қалғанша ар-намысты бермеңдер, фашизмнің қаталдығына бас имеңдер, өздеріңді жоғары, биік ұстаңдар, батырлықтың, ерліктің дәстүрін сақтап қалыңдар,- деді Жамбыл отандық жауынгерлеріне арнаған «Москваға, майданға хат», «Аттан, батыр ұрпағым», «Алынбас қамал» атты патриоттық өлең-жырларында үлкен бір уақиға жатыр. Алдырмас қамал Сталинград қаласына қауіп-қатер түйілгенде, Жамбыл атақты «Алынбас қамал» деген жырын берді. Фашизмнің ең бір сұрыптап әкеп салған ауыр қолы айлар бойы оқ пен оттың астына алып жатса да Сталинград мойымады.

Жартасқа ұсап жол тостың,

Дауылға ырық бермедің,

Бабаларша белдестің,

Батырларша сермедің,

Майыстырып жау белін...

Сталинград қалаң тұр,

Жартастай берік күшінде!-

-деп Сталинградтағы жеңістің серпінін меңзейді.

Дана ақын күнбе-күн айтқан өлеңдерінің күнбе-күн майдандағы ерлердің құлағына шалынып жататынын да жақсы білетін. Жалынды жыры отан қорғаушыларының жүрегіне от, бойына қуат қосатынын да жақсы білетін. Жамбылға жүздеген, мыңдаған жауынгер хат жазды. Бәрінікі бір тілек: «Тағы бір ауыз өлеңіңді жіберсең, ой тағы бір сергіп, бой тағы бір көтеріліп қалар еді» дейді. Сонда туған өлеңдерінің бірі «Майданға хат» өлеңі ұл-қыздарына арналған:

«Шегінбе! - деп Отан тұр,

Шегінбе! – деп халық тұр.

Халқың үшін бас тігу,

Отаның берген жарлық бұл! –

десе,

Елін есен сақтаған,

Арын жауға сатпаған,

Ана сүтін ақтаған,

Балаларын сүйер шал.

Иә, бұл сөздерді қазақ халқының батырлық жырының ұлы мұрагері Жамбыл ғана айта алатын еді. 1492 жылы Жамбыл өзінің сүйікті ұлының бірі Алғадайдан хат алып, оның ерлігіне сүйсіне отыра:

Есіңде, балам, бар шығар,

Айтқаным Отан әмірін,

Шегінбе жаудан, жанды сал,

Шешілмек содан тағдырың!-

деп, баласына әлі де болса, рух бере түседі. Бұл өлеңін:

Достарыңа сәлем айт!

Жауларыңды жеңіп қайт!

деген тілекпен бітіреді. Мұның өзі жауынгерлерге үлкен рух, жігер беріп тұрған жоқ па?

Жамбыл Жабаевтың «Отан әмірі» деген өлеңінде қызыл майдан өрендеріне бұйрық ретінде оларды жігерлендіре мынадай жолдар айтылады:

Аянбаған жауды алар,

Аянғанмен мұндайда,

Дей көрмеңдер, жан қалар!

Шегінбе! – деп Отан тұр,

Шегінбе! – деп халық тұр,

Халық үшін бас тігу –

Партия айтқан жарлық бұл!

Мұнда ақын әр бір елін, жерін сүйе білетін азаматқа қайратты сөздерімен деп беріп, отанын қорғау жолында қасық қаны қалғанша күресе біліңдер дегенді меңзеп тұрғанын көруге болады. Халқымыздың отаншылдық намысын күшейте түсуде, совет адамдарының елдегі, майдандағы тамаша ерліктерін сипаттауда бұл жырлардың тарихи маңызы аса зор. Жамбыл Ұлы Отан соғысы кезінде өмірінің ақтығына дейін неміс-фашист басқыншыларына қарсы тілін найза, сөзін оқ етіп жұмсады.

Зерттеу жұмысы. Жамбыл атамыздың шығармаларымен таныса отырып, өз сыныптастарымның қаншалықты Жамбыл туралы білетіндерін мына сауалнама жұмысын жүргізу барысында анықтап көргім келді. Сауалнаманың сұрақтарын өзім құрастырдым. Мысалы:

  • Жамбыл дегеніміз кім? Ол туралы не білеміз?

  • Жамбылдың қандай шығармаларын оқып, таныстыңыздар?

  • Жамбылдың ерекше қасиеттері қандай?

  • Сүйінбай мен Жамбылдың арасындағы байланыс, ұқсастық неде?

Сауалнама қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті: берілген сұрақтар бойынша оқушылардың көрсеткен нәтижесі:

1-сұрақ бойынша-10 оқушы-41,6 %

2-сұрақ бойынша-4 оқушы- 16,6 %

3-сұрақ бойынша-8 оқушы- 33,3 %

4-сұрақ бойынша-2 оқушы- 8,3 %


Оқушылардың Жамбыл Жабаев туралы деректермен таныс болу нәтижесі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!