Материалдар / Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық пəнге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
7640
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚТЫ ТАЛДАУ


Әр мұғалім өз сабағы бойынша рефлексия жасап, тәжірибесінің мықты және түзетуге тұрарлық жақтарын өзі айқындап, сабақ беру әдістемесін жақсартуы керек. Ол үшін мұғалім әр сабақ соңында өзіне мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап іздеуі керек:


1. Сабақта кім көп сөйледі: мен бе, оқушылар ма? 20:80% пропорциясын сақтадым ба?
2. Оқушылар оқулықты қайталады ма, әлде оның ауқымынан тыс шығып, материалды тереңдетті ме? Оқулық мақсат болды ма, әлде құрал болды ма?
3. Мен оқушыларға дайын мәлімет бердім бе, әлде оларды нәтижеге жетелеп, бағыттадым ба?
4. Сабақта топтық жұмыс басым болды ма, әлде жеке жұмыс па?
5. Мен оқушылармен ақылдастым ба, әлде ақыл айттым ба?
6. Мен сабақ мақсатына жеттім бе? Оның дәлелдері қандай?
7. Өз әрекеттерімді бес балдық жүйе бойынша қалай бағалаймын? Неліктен?
8. Оқушылардың әрекеттерін бес балдық жүйе бойынша қалай бағалаймын? Неліктен?
9. Оқушылардың тақырыпты үйренгендігінің (игергендігінің, түсінгендігінің) дәлелі не болады?
10. Осы сабақты қайтадан өткізетін болсам, оған қандай өзгерістер енгізер едім?
11. Сабағым үш "Қ" қағидасына ("Қызық. Қиын. Құнды") сәйкес болды ма?
12. Сабағымның 3 ең құнды жері қандай болды?
13. Сабағымның 3 ең қызық жері қандай болды?
14. Мен үлгермей отырған оқушыларға қалайша көмектестім?
15. Сабақтан кейін оқушылардың көңіл-күй қандай болды? Неліктен?
16. Келесіде осы сабақтың қандай 3 идеясын қолдана аламын?
17. Келесіде осы сабақтың қандай 3 тәсілін қолдана аламын?
18. Мен сабақта неше оқушыны мақтап, үйренуге ынталандырдым?

19. Мен осы сабақта неше оқушыға көмектестім?

20. Сабақта неше оқушының оқып-үйренуі табысты болды? Мен оны қайдан білдім?

21. Сабақта неше оқушының оқып-үйренгендігінде алға ілгерілеу болды? Оның дәлелдері қандай?

22. Мен сабақ жоспарын оқушы нәтижелері тұрғысынан (оқушының сабақта не үйреніп, жасай алатындығы) құрастырдым ба?

23. Мен оқушыларға өздерінің мақсаттарын құрастыруға мүмкіндік бердім бе?

24. Мен өзімді осы сабақта не үшін мақтар едім?

25. Мен әр тапсырманың бағалау критерийлерін оқушыларға алдын-ала ұсынып, талқыладым ба?

26. Мен бағаны әділ қойғандығымның 2 дәлелі қандай?
27. Сабақта оқушылар қандай 3 нәрсеге үйренді?
28. Мен сабақта қолданған барлық әдіс-тәсілдердің қолдану мақсатын түсіндіріп бере аламын ба?

29. Сабақ соңында оқушылардың өз мақсаттарына жеткен-жетпегендерін талқылау ұйымдастырылды ма?

30. Сабақта менің оқушылармен және оқушылардың бір бірімен ұстанған қарым-қатынас үш «С» қағидасына («Сыйлау. Сенім. Сүйіспеншілік») сай болды ма?

31. Оқушыларға алдын ала берілген бағалау критерийлеріне дескрипторлар берілді ме?

32. Дарынды балалармен жұмыс істеуде қандай әдіс-тәсілдерді қолдандым?

33. Өмірмен тікелей қатысы бар нақты проблемалар айқындалды ма?

34. Қарастырылған проблема шешімі өмірде қолданылады ма?

35. Оқушылармен сабақ мақсаты алдын ала талқыланды ма?

36. Мұғалім оқушылардың орындаған әр тапсырмасынан кейін кері байланыс берді ме?

37. Әр дескриптор тапсырма мазмұнына сәйкес құрастырылған ба?

38. Оқу іс-әрекеті Блум таксономиясының жоғары деңгейлері негізінде құрастырылған ба?

39. Оқушының сабақ барысында айтылған дәйекті тұжырымы маңызды болды ма?

40. Сіз берген үй тапсырмасы оқушыларды қызықтырды ма?

41. Үй тапсырмасы «Жасасын оқушы» қағидасына сәйкес болды ма?

42. Менің сабақтағы стратегиям табысты болды ма? Сабақ бұдан да тиімді болу үшін оны қалай басқаша өткізуге болар еді?

43. Оқушылар жаңа нәрсеге үйренді ме? Егер үйренсе, ненің көмегімен? Үйренбесе, не себепті?

44. Сабақта ерекше жай туындады ма? Егер туындаса, не және неліктен?

45. Менің сабағым оқушылардың білімі, тәжірибесі, қызығушылықтарына қаншалықты жақсы негізделді, оны қалай бұдан да жақсартуға болады?

46. Сабақтың барысын оқушылардың жауаптары мен әрекеттеріне қарай қаншалықты бейімдеп отырдым?

47. Сабақта бірге жұмыс жасағанымызға менің оқушыларым қалай қарады? Сабақтан қандай сезіммен кетті, оларға сабақта қолайлы болды ма?

48. Сыныпта тәртіпті басқару қолымнан келді ме? Тәртіпті қадағалаудың қай тәсілдері мықты, қайсысы әлсіз? Неліктен? Нені басқаша жасау керек еді?

49. Сабақ барысында өз эмоция, жағдайымды басқара алдым ба? Басқара алмасам, неліктен? Болашақта нені ескеру керек?

50. Мен үшін не қиын болды? Неліктен? Осындай болған жағдайда нені ескеру қажет?

51. Менің оқыту тәсілдерім тиімді боды ма? Оқушылар үйренгені мен менің қалай үйреткенім шынымен байланысты ма? Нені ескеру қажет?

52. Сабақты басқаша өткізуге бола ма? Егер иә болса,қалай? Сабақтың қай тұсына аса назар аудару қажет: мазмұндылығына, әдістемелігіне, эмоционалдығына

53. Мен өз оқушыларымның қай ынтасына сүйендім? Олардың ішкі уәжін ескердім бе немесе тек сыртқы ынталандыруды ғана қолдандым? Оларды оқу мен табысқа басқаша қалай тартуға болар еді?

54. Оқушылардың жұмыстарын қаншалықты объективті бағаладым? Қойылған бағаларға оқушыларға қаншалықты түсінікті толық комментарий берілді? Баға оқушылардың көңіл-күйіне, сабақ барысына қалай әсер етті?

55. Оқушыларға өз оқу іс-әрекетін басқаруға мүмкіндік берілді ме? Берілсе, нақты қалай? Берілмесе, неліктен, қалай жасауға болар еді?

56. Мен сабаққа дайындалу мен өткізу кезінде теорияға жүгіндім бе? Өткізілген сабақ менің таңдаған оқыту теорияммен қаншалықты сәйкес болып келеді?

57. Осы сабақтың нәтіижесінде мен оқыту өнерінде нені түсіндім және қандай жаңашылдық білдім? Өзімді және сабақты талдаудан өзім үшін қандай жаңа пайдалы тәжірибе алдым? Аса табысты мұғалім болу үшін мен нені жақсы істеуім керек?


Осы секілді сұрақтарды жалғастыра берсе болады.

Бұл сұрақтарды (мүмкін бір бөлігін ғана) қатысқан сабақтарды талқылау барысында мұғалімнің өзіне қойып, оның рефлексиясын шақыруға болады...

Бұл сұрақтарды критерийлер ретінде қолдануға болады. Ол үшін кесте жасап, «Иә» және «Жоқ» деген бағандарды қосып, «Иә» деген жауаптарды санап, мынандай шәкіл бойынша бағалауға болады:

Жақсы ұйымдастырылған сабақ – 26-30 жауап,

Орташа ұйымдастырылған сабақ – 21-25 жауап,

Нашар ұйымдастырылған сабақ – 21-ден төмен.





АНАЛИЗ УРОКА


Каждый учитель может самостоятельно проводить рефлексию по своему уроку, выявляя его сильные стороны и те места, которые следует изменить, тем самым улучшая свою методику преподавания. Для этого учитель может задать себе данные вопросы и попытаться дать на них ответы:


1. Кто больше говорил на уроке: я или ученики? Выдержал ли я пропорцию 20:80%?
2. Ученики повторяли сведения из учебника или выходили за его пределы, углубляя материал? Учебник был целью или средством?
3. Я направлял или вел учеников к результату?
4. Какая работа преобладала на уроке: индивидуальная или совместная?
5. Я по преимуществу советовался с учениками или давал им советы?
6. Достиг ли я цели урока? Каковы доказательства этого?
7. Как я оцениваю свои действия по пятибалльной системе? Почему?
8. Как я оцениваю действия учеников по пятибалльной системе? Почему?
9. Что явится доказательством наученности (того, что они поняли, усвоили тему) учеников?

10. Если бы мне выпала возможность провести данный урок еще раз, какие изменения я бы внес в него?
11. Отвечал ли мой урок требованиям «Интересность. Сложность. Полезность»?
12. Каковы наиболее выигрышных 3 места урока?
13. Каковы наиболее интересных 3 места урока?
14. Как я помогал неуспевающим ученикам?
15. Как чувствовали себя ученики после урока?
16. Какие 3 идеи данного урока я могу использовать в будущем?
17. Какие 3 дидактических приема данного урока я буду использовать в будущем?

18. Каковы 2 доказательства того, что я выставлял оценки справедливо?
19. Каким трем вещам обучились ученики?
20. Соответствовали ли мои взаимоотношения с учениками и их друг с другом принципу «Уважение. Доверие. Симпатия»?


Можно продолжить данный перечень вопросов. Эти вопросы можно задать и самому учителю, при анализе посещенного урока с целью вызвать его рефлексию.

Данные вопросы можно использовать и в качестве критерийев при оценке урока. Для этого можно составить таблицу с колонками «Да» и «Нет». Можно сосчитать ответы «Да» и оценить урок по следующей шкале:

Хорошо организованный урок – 18-20 ответов.

Урок, организованный посредственно – 15-17 ответов.

Плохо организованный урок – ниже 15 баллов.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!