Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ІТ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ІТ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ІТ технологияны пайдалана отырып жалпы білім беретін ұйымдарды, соның ішінде барлық педагогтардан бұл салада білім алуға және өздігінен білім алуға дайындығын, яғни, ақпараттық - коммуникациялық құзыреттіліктің жоғары деңгейі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2021
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ

ІТ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде ІТ технологияны қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. ІТ технология оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.

Жаңартылған білім беру жағдайындағы ІТ технология - педагогикалық ғылымның негізгі саласы, оның негізгі міндеттері:

  • білім беру сапасын, оның қолжетімділігі мен икемділігін жетілдіру;

  • ІТ технологияны пайдалану негізінде басқару тиімділігін арттыру;

  • педагогтардың, білім алушылар мен ата-аналардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Сондықтан, ІТ технологияны пайдалана отырып жалпы білім беретін ұйымдарды, соның ішінде барлық педагогтардан бұл салада білім алуға және өздігінен білім алуға дайындығын, яғни, ақпараттық - коммуникациялық құзыреттіліктің жоғары деңгейін талап етеді.

Білім беруді ақпараттандыру, педагогті ақпараттық даярлау деңгейіне жаңа талаптар қояды. Заманауи педагог ІТ технологияның мүмкіндіктерінің көмегімен өз жұмысын қалай ұйымдастыруы керек екенін білуі тиіс және оны өзінің кәсіби қызметінде қолдана білуі керек.

Ақпараттық құзыреттілікке ие болу, білім беру ортасын байытатын және сабақ беру-оқыту процесін неғұрлым серпінді етуге мүмкіндік беретіндей, мұғалімдер мен білім алушылардың алдында кең ауқымды мүмкіндіктер ашады.

Цифрлық білім беру ресурстары білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары — бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.

Стандарттағы жалпы талаптар:

  • Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі;

  • оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;

  • пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;

  • ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады.

Оқу үдерісінде ЦБР тиімді пайдалану үшін, алдымен ЦБР топтамасымен танысып, ондағы қажетті ресурсты таңдай білген жөн.

ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер

  • мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу;

  • сабақ барысындағы көмек;

  • оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу.

Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу:

  • жекеленген сандық объектілерден сабақты құрастыру және моделдеу;

  • пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы;

  • ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру;

  • бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау;

  • шығармашылық тапсырмаларды даярлау;

  • цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспарларын даярлау;

  • интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің нәтижелерімен алмасу.

Сабақ барысындағы көмек:

  • мультмедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық объектілерді демонстрациялау;

  • лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабораториялар мен интерактивті моделдерді қолдану;

  • оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін бағалауға көмектесу;

  • сабақта оқушылардың ЦБР-мен жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары;

Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу:

  • материалды жаңаша көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • оқушылардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта өзін-өзі автоматты бақылауы;

  • баяндамалар, презентациялар, рефератттар және тағы сол сияқтыларды даярлауға үшін қажетті объектілердің үлкен қоры;

  • энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпараттарды тез арада алу мүмкіндігі;

  • пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

  • оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды игеруді өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруына көмектесу;

  • оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларға үйрету, АТ меңгерудегі талпыныстарын және олармен үнемі жұмыс істеуді қалыптастыру.

ЦБР топтамасының мазмұны:

Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары.

Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер.

Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория.

Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер.

Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі.

Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар.

ЦБР жиынтығында шартты түрде мынадай блоктарды атап көрсетуге болады: итербелсенді компоненттер; демонстрациялық графика; мәтіндер; мұғалімге арналған материалдар.

Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:

Біріншіден, жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.

Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары пайдалы болуы мүмкін.

Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі.

Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс.

Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде. Мұндай ЦБР-дың артықшылығы қолдануы өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмастыруға мүмкіндік береді.

Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және ІТ технология интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады.

Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!