ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ ТИІМДІ ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ.
Қызайбекова Күльсара
Наушанқызы
Ю.
Гагарин орта мектебінің Технология
пәнінің мұғалімі:
Кіріспе
«Елді түзетуді бала оқыту
ісін түзетуден бастау керек»
А.Байтұрсынов.
Сондықтан бүгінгі күнде білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуде.
«Осы бағдарламаның негізгі міндеті мұғалімдердің педагогикалық
тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болып табылады. Оқуға
арналған негізгі материалдар» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012,
6-бет).Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке
жеті модуль. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар
сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты
өзара байланысты болады. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына
сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп
тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді,
зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба
алатын шәкірттерді дайындау ұстаздардың міндеті. Сондықтан
мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу
еркіндігі тиіп отыр. Міне осындай мақсатты жүзеге асыруда «Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету» технологиясы болды. Мен өз пәніме
байланысты « Сыни тұрғыдан ойлау» модулін таңдап алдым. Менің
сабаққа болған өзекті мәселем: «Сабақта жаңа
технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың өз ойларын еркін
айтуға үйрету арқылы өз шеберліктерін
дамыту.» болғандықтан бұл өзекті
мәселені алған себебім :
Тігіншіліктің ең ежелгі және
ең қажетті қол өнер кәсіптің бірі екендігін, басқа да кезкелген
ісмерлік секілді, барлық кезенде өз ісінің шеберлігімен даңқы
шыққандығын білеміз. Біздің заманымызда киім өндірісі-адамның
тұрмыстық талаптары мен көркемдік сұраныстарына сай қызмет ететін
индустрияның қуатты саласы. Киім дамудың тарихымен күнделікті
практикада адамдарды киіндіру тәрізді қажетті арнаулы білімді жетік
меңгергенмен де, көркемдік қажеттілікті түсінбей табысқа жету
мүмкін емес. Жалпы мақсаталғанмен үйретіп қана қоймай, кейін тігін
өнеркәсібіндегі қалаған мамандығын игеріп, өз ісінің шебері болып
шығуына көмектесу.
Негізгі
бөлім
. Сыни ойлау деген –әр жеке
тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз
ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау , өзіндік ,жеке
ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі
оларға дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу
дегенді білдіреді.Бұл технология туралы бірінші «Бетпе –бет»
кезеңінде алған теориялық білімімді практикамен ұштастыру барысында
түсіндім. Сабақ кезінде сыни тұрғыдан ойлау әдістерін де
түрлендіріп пайдалануға болатынын білдім. Мәселен: топтастыру, ой
қозғау, Венн диаграммасы, пікірталас, инсерт т.б. Бұл әдістер
технология сабағында арнайы тарауларын оқыту , тарихи материалдарды
ұтымды пайдалану,тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың
белсенділігін арттырып, шығармашылыққа баулып, өздігінен ізденуіне
және іскерлігін, икем дағдыларын қалыптастыруда ,қазіргі
экономикалық жағдайға үйренуін қамтамасыз етеді. Сыни тұрғыдан
ойлауды оқыту негізінен үш деңгейден тұратын оқыту мен үйрену
модулі.Олар: 1. Қызығушылықты ояту. 2. Мағынаны ажырату.3. Ой-
толғаныс кезеңі.(С.Мирсейітова 13-бет). Ал
оқушылардың қызығушылығын
ояту үшін бұрынғы білімін еске
түсіртіп, жаңа тақырып туралы болжам жасатып және сауал қоюға
үйрету қажет. Мағынаны
ажырату кезеңінде оқушылар жаңа
тақырыпты өздігімен қабылдап, өзіне керектігін алуы керек. Олар әр
түрлі сұрақ қояды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек,
әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білімін
жетілдіреді. Ой
толғаныс кезеңінде өзінің не үйренгенін
тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы білімдерін
кеңейтіп, тест құрастырып, проблемалы сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Осы кезеңдер ұтымды өткізілсе төмендегідей нәтиже береді: оқушылар
бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі; басқаларды тыңдап кез
келген жауапқа сыйластық, түсінікпенқарайды; өз ойын топ алдында
еркін айтып, қорғай біледі; керек кезде өз көзқарасын өзгертуге
үйренеді; дамуын қамтамасыз етеді; оқушының өз мотивациясы
өзгереді; өз бетінше ізденуге үйренеді; ең бастысы сабаққа
қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлау модулінің кез келген стратегиясы баланың
ойын нақты дәл жеткізуге және жазу қабілеттілігіне үйретеді.
Мысалы: танымдық процестерді (жады, ойлау,зейін,елестету қабілеті)
дамытады. Сөздік қорын дамытады, сөйлеу дағдысы жетіледі. Сын
көзбен қарауға үйренеді. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды
жеке тұлға қалыптасады. Менің ендігі мақсатым жеті модульді
басшылыққа ала отырып, сабақ барысына тиімді тәсілдерді енгізуді
үйрену. Қашықтықтан оқыту кезінде мен осы жеті модульдің ішінде
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулін басшылыққа ала отырып сабақ үрдісінде
пайдалану жолдарын қарастырдым. Барлық сабақ беретін сыныптарымды
топқа бөліп , топ ережесін құрып алдым. Ережені құрғанда оқушылар
белсенді болу керек деген сөзді көп жаздым. Бұдан оқушылардың
жаңалық құмар болатынын байқадым. Бірақ , әр сабағымда құрған
ережені еске түсіріп отыруға тура келді. Оқушылардың пәнге болған
қызығушылығын оята отырып, ынтасын арттыру мақсатында жеті
модульдіе қарастырылған идеялар, жекеленген стратегиялар мен
тәсілдерді ашуға тырыстым. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясымен
өткізген сабақтарым оқушыларға оң нәтиже берді. Сабақ барысында
оқушылардың ынтасын арттыру үшін ынтымақтастық атмосферасын құруда
оқушыларға тақырыпқа қарай әртүрлі әдіс- тәсілдерді пайдаландым.
Мысалы: топтардың бір- біріне тілектері, тақырыптарға байланысты
маталардың түрлері, гүлдердің атауларын білулері тағы басқалар.
Сабақтарымда жеті модульді қолдануда қызығушылығын ояту, мағынаны
ажырату, ой толғау, ой толғаныс әдістерін қолданғанда, топтық
жұмыста оқушылар өздері ізденіп, талдап, шешім шығару жолдарын
қарастырды. «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы технология пәніне
өте қолайлы және тиімді деп ойлаймын.
8-сыныпта
«Түстер гаммасын топтау немесе түстер
үйлесімдігі»тақырыбындағы сабағымда жаңа
сабақты «Сыни тұрғыдан ойлауды оқыту»
технологиясының «Ой
қозғау» стратегиясымен бастадым.
Сонымен қатар мұғалім мен оқушы арасында диалог әдісі де
өрбіді.
Мысалы:
1.
Құрақ дегеніміз не ? 2.
Құрақтың мағынасын ата ?
3. Құрақ түрлерін ата
? 4. Құрақтың жасалу жолы
?
5. Құрақтың тұрмыста алатын
орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?
6. Құрақ жасау үшін қандай
құрал жабдықтар қажет ?
7 Құрақ түрлері өзінің қиюласу
өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді ?
8. Қазіргі кезде құрақтың
көптеген түрлерін қалай пайдаланамыз ?
.9 Өнерлі болып, шеберлікке
жету үшін не қажет ?
Сонымен қатар оқушылардың
алған мәліметтерін салыстыра үшін тұсаукесер арқылы біраз қосымша
мәліметтер беріп өттім. «Мағынаны
ажырату» сатысында сатысында үш жұпқа
тақырыпша бойынша постермен жұмыс берілді.
Геометрилық фигуралар бойынша
құрақ құрастыру 1-жұпқа
2-жұпқа 3-жұпқа . Бұл
тапсырманы орындауға да он минуттай уақыт берілді. Сосын оқушылар
кезекпен тақтаға шығып өз постерларын қорғап, талдап шықты. Келесі
жаңа сабақты бекітуде «Ой
толғаныс» сатысында тест жұмысын
орындады Тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған
ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған
пәндік шешім» (Мұғалімге арналған нұсқаулық,2012, 48-бет) десек,
жоғарыда аталған тақырыпта жүргізілген жұптық, топтық талдаулар
барысында оқушылар өз көзқарастары бойынша баға
берді.
. Мұғалім оқушыға сұрақ қоймас
бұрын ойланып, тапсырманы орындай алатындай деңгейде қою керек.
Оқушының берген жауабын теріске шығармай оған қосымша сұрақтар қою
арқылы тағы да ойландырып жауап беруге мүмкіндік жасаған дұрыс.Бұл
тәсіл оқушының өз жауабын дұрыстауға, нақты жауап беруге мүмкіндік
тудырады. Осындай мақсатта екі топқа
«Өнерлі болып, шеберлікке жету
үшін не қажет?» тақырыпшаларын топта
талқылауға берілді. Оқушылар бірлесе бір-бірінің пікірлерін тыңдай
отырып, өз ойларын ашық, еркін баяндап, тақырыпты ашуға тырысты.
Сонымен қатар «Түстер гаммасын топтау немесе түсер үйлесімдігі»
тақырыбын өткенде үй тапсырмасын тексеруде бұрын алған білімдерін
еске түсіруде, бекіту мақсатында бірнеше үлестірме қағаздарын
таратып, топта талқылады. Қызығушылығын ояту мақсатында «Блиц оқу
ойыны» әдісі бойынша «Шындық детекторы» атты ойынын жүргіземін .
Бір оқушыға 8-10 сұрақ қойылады. Оқушы сұрақтардың барлығына да
шынайы түрде жауап беріп, тек біреуіне ғана жалған жауап қатады.
Қалған оқушылар топтар бойынша жауаптарының қайсысы өтірік болғанын
анықтап, өз ұстанымдарына дәлел келтіреді. Бұдан оқушылар жаңа
сабақ не туралы болатыны алдағы тапсырмаға болжам жасауға мүмкіндік
алды. Соңғы жаңа сабақты түсіндіруде «Мағынаны ажырату» сатысында
топтарға бөлініп тақырыпшыларына постермен жұмыс тапсырылды. Осы
кезде оқушыларға ойларын жинақтап тапсырманы қалай көрсету керек
екені анықталды. Бұл сабақта енді оқушылардың өте белсенділігі
байқалды. Алдыңғы сабаққа қарағанда шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа,
тереңірек ойлануға тырысты. Жаңа сабақты қорытындылауда «Сыни
тұрғысынан ойлауды оқыту» модулінің стратегиясы диаграммасын
пайдалана отырып қорытындыладық. Бір топқа «
Құрақ түрлерін
ата», екінші топқа
«Құрақтың тұрмыста алатын
орны?» салыстыру ерекшеліктерін
табуға және екі топ бірлесіп ұқсас жақтарын табу тапсырмалары
берілгенде де оқушылар өткен білімді еске түсіре отырып еш қиналмай
тез-тез орындап шықты.
Сыни тұрғыдан ойлау
Бағдарламаның екі мағынасында қарастырылады: оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын
дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен
идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайлылығы мен
салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің
оқуына қатысты таңдау жасаужәне басқалардың идеяларына күмәнмен
қарау қабілеті деп түсіндіріледі» (Мұғалімге арналған нұсқалық,
2012,13-бет).
топтастырып, тапсырмалары
беріліп қойылды. Ондағы мақсатым оқушылар өздігінен алдын- ала
ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауын көргім келді. Үй тапсырмасын
екі топтың оқушыларына берілген баяндамалары .Ой қозғау арқылы
өткен білімдерін еске түсіруге тырыстым.
Мәселен, :«Кубизм»(әдісі бойынша оқушылар
жұптасып бір біріне алты сұрақтан
қояды
1.
Құрақ дегеніміз не ? 2 Құрақ
түрлерін ата ? 3.Түстердің түрлері?
4. Құрақ құрауда түстер
гаммасын топтастырудың қандай маңызы бар?
5. Құрақтың тұрмыста алатын
орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?
6. Құрақ жасау үшін қандай
құрал жабдықтар қажет ?
Келесі сабақ Технологиядан 8-сыныпта «Құрақ жапқыш құрауға
технологиялық карта жасау.» тақырыбында сабақ өткіздім. Бұл сабақта
оқушыларды алдын ала тобын
Құрақ түрлері өзінің қиюласу
өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді
Сияқты сұрақтарға оқушылар
сыни тұрғадан ойлану арқылы өз ойларын айта отырып өткен
тақырыптарды қорытындылады. Сабақты бекіту үшін бұл стратегия
тиімді болып саналады. Мұны сабақтың қызығушылықты ояту сатысында
да қолдануға болатынын байқадым. Бұл сабақта да оқушылар өздерінің
топтық жұмыста көп нәрсеге үйренгендерін байқадым. Бұрын сабақ
оқығысы келмейтін, ынтасы төмен, үлгерімі төмен оқушылар да топтық
талқылауға қатысып, өз ойларын қосып айтып жатыр. Жаңа сабақтың
«Құрақ
құрау»,
«Түстер гаммасын топтау немесе түстер
үйлесімдігі», «Құрақ жапқыш құрауға
технологиялық карта жасау» тақырыпшылары бойынша үш топқа постер
жасау тапсырмасы берілгенде зерттеуге алған үлгерімі төмен оқушым
тақтаға шығып постерді қорғағаны таң қалдырды және қатты қуантты.
Бұрын сабаққа қатыспайтын оқушы кәдімкедей еркін сөйлеп тұр.
Сонымен қатар Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың
оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады, оның үш түрі бар.Олар:
әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. (Мұғалімге
арналған нұсқаулық, 40- бет) дегеніндей осы сабағымда топтық
әңгімені, зерттеушілік әңгімені ұйымдастыра отырып, оқушылардың сөз
қорын молайтуға, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына әсері
болды деп ойлаймын Құрақ құраудың әдіс-тәсілдері,оның шығу тарихы
туралы қазіргі кездегі заманауи қолданыстағы орны туралы
мәліметтерді тауып бір- біріне көрсету, сұрақтар қою арқылы
естерінде сақталып қалады деп ойлаймын. Екі топта белсенді жұмыс
жасады деп айтуға болады. Алдыңғы сабақтардағыдай емес оқушылардың
біршама үйреніп қалғанын байқадым. Оқушылар бір біріне сұрақтар қоя
отырып өздерінің айтқандарын дәлелдей бастады,қортынды жасай
алады.Сарамандық жұмыс кезінде өз ойларын дамытумен бірге,
шеберліктерін де шыңдай түседі.
Сонымен тізбектелген сабақтар
топтамасында қашықтықтан оқыту кезіндегі іс-тәжірибемнің барысында
байқағаным алғашқы сабақтарда оқушылар белсінделік таныта
қоймағанымен соңғы сабақтарда нәтижесін көрсете бастады. Технология
сабағында оқушы бойында сыни тұрғысынан ойлауды қамтамасыз ету үшін
төмендегідей жағдай жасалады: « Сыни тұрғысынан ойлауды оқытуды»
дамыту үшін уақыт беру, қолайлы жағдай жасау, оқушыларға
ойланып-толғануға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірді қабыл
алу, әрбір оқушының жасаған сынына және және оның сын көзбен қарау
қабілеттілігіне сенім білдіру. Сыни тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сондайақ «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясынан күтілетін
нәтиже:
1.Бір-бірінің пікірін
тыңдауға, сыйлауға, ынтымақтастыққа дұрыс қарым-қатынасқа негіз
болады
.2. Өзін жеке тұлға ретінде
тануға жол ашуға, бірі-біріне құрмет пен
қарауға.
3.Өз ойын ашық, еркін айтуға,
пікір алмасуға, бір-бірін бағалауға, мұғаліммен еркін
сөйлесуге.
4.Достарының ойын тыңдай
отырып, проблеманы шешу жолдарын іздейді, қиындықтан шығуға
көмектеседі
5.Бұрын білген білімдеріне
білім қосылып отырады.
6. Көркем әдебиетті, тарихи
материалдарды іздеп оқуға, оқушының ізденуіне, зерттеуіне үздіксіз
жұмыс жасауына жол аштым.
7. Оқушылар сабақтың нақты
нәтижесіне жетудің жаңа жолдарымен, идеяларымен
танысады.
. Қосымша материалдар
көздерімен, қажетті, қажетті материалдарды іріктеп«Сыни тұрғысынан
ойлауды оқытуды» үйрету модулін қолдану негізінде жүйелі жан-жақты
терең білім беріледі, пәнге қызығушылықтары артады, шығармашылықпен
жұмыс істеуге ынталанады, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көруге
асығады, құзыреттілігі қалыптасады. Менің алғашқы
өткізген «Құрақ құрау» тақырыбындағы
сабағымда оқушылардың өзара тақырыпты талдауы, өздерін еркін
сезінуі, бір-біріне көмектесуі таң қалдырды. Алайда үлгерімі төмен
оқушым сабаққа бірден кірісе алмай, қорқақтап, белсенді қатыса
алмады. Кейін топтық ереже бойынша жұмыс жасауымыз керек екенін
айтып ескертіп отырдым. Үлгерімі жақсы оқушының да ықпалы болдыма,
келесі сабақтарға қатыса бастады. Келесі
«Түстер гаммасын топтау немесе түстер
үйлесімдігі» сабағында Венн диаграммасын
толтыруда белсенділік танытты. Ал үлгерімі өте жақсы оқушым
«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін пайдалана отырып осы
сабақты өзі жүргізді. Жаңа сабақты түсіндіруде «Сыни тұрғыдан
ойлауды оқыту» технологиясының стратегияларын қолданғанымда
оқушыларым өз ойын нақтылап, жүйелеп, ашық айта бастады. Сыныпта
достық, ынтымақтастық ахуал орнады. Сабақта постермен жұмыс жасау
оқушылардың ой бөлісуден шығармашылық қасиетін арттыруға әкелдім.
«Сыни тұрғысынан ойлауды» дамытуда Ақпараттық- коммуникациялық
технологияларды пайдалануымныңда маңызы өте зор болды. Сонымен
қатар топтағы оқушыларды ойларын кеңінен және тереңірек дамыту үшін
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының
ажырамас бөлшегі болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,
2012, 40-бет) деп оқуда қолданылатын әңгімелесудың үш түрін сағымда
жие қолдандым. Олар: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік
әңгіме. Осы жұмысты жүзеге асыру барысында «Сыни тұрғыдан ойлау»
әдісі басшылыққа алынды.
Қазіргі кезде білім берудің
жаңа жүйесін жасақтау және білімнің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін
жаңғырту бәсекеге қабілетті, шығармашылық бағытта еңбектенетін,әрі
өзіндік ой-қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді
көздейді.
Қорыта
келе оқушыларға білім берумен шектелмей, өз
бетімен білім алу әдісін беру қажеттілігіне көзім жетті
болашақта осы модульдердің идеяларының барлығын
мүмкіндігінімше меңгеріп, яғни мен бүгін, ертең, жалпы айтқанда
болашақта осы алған, білген білімімді дұрыс қолдана аламын деген
мақсат қоямын. Әрбір ұстаз жаңа
технологияларды пайдалана алатын, өзінің нақты мақсатын айқын көре
алатын, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыра алатын кәсіби шебер
болуы керек. Атақты педагог К.Д.Ушинскиидің «Мұғалім жас бала үшін
ешбір теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерін
үнемі жадымызда ұстайық. Қазіргі кезде
білім берудің жаңа жүйесін жасақтау және білімнің мазмұны мен әдіс
–тәсілдерін жаңғырту бәсекеге қабілетті, шығармашылық бағытта
еңбектенетін, әрі өзіндік ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты
тәрбиелеуді көздейді.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған
нұсқаулық, 2012,« Назарбаев Зияткерлік мектебі»
ДББҰ
2.А, Әлімов (2013)
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану
мәселелері
3. «Мектептегі технология»
журналы 2013.2014