Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңаша оқыту – заман талабы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңаша оқыту – заман талабы
«Еліміздің ертеңі
бүгінгі жас ұрпақтың
қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында.»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда кез - келген мемлекеттің XXI ғасырдағы әлемдік аренадан алатын орны оның интеллектуалды әлеуетімен мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік деңгейімен сипатталатыны белгілі болып отыр, яғни қоғамның кез келген мүшесінің танымдық деңгейі, кәсіби даярлығы және шығармашылық дамуы мемлекеттің тұтастай дамуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Олай болса, болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуға тиіс.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологиялар ды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, дарынын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығымен, шығармашылық жемісімен келмек.Қазіргі таңда оқытушы лар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір - бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір - бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу - тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс - тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
– дербес оқыту технологиясы оқу - тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
– қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
– оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
– саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
– ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
– иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
– ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
– білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
-
жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
– жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Және де қазіргі таңда әрбір ұстаздар жаңа иновациялық технологияларды жетік білуі тиіс, себебі қазіргі заман жаңа үрдісті талап етеді. Сондықтан ғылыми техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білуі – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Инновациялық үдерістерді өндіру үш өзара байланысты күштермен анықталады:
1) енгізілген технологиялардың ерекшеліктерімен;
2) жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
3) жаңалықты енгізу жолдарымен.
Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жазуға болады.
- Білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- Жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жеткізуге болады;
- Жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық техникалық базасының бүгінгі талапқа сай емес екендігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- Әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- Білім мен біліктілігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Бүгінгі таңдағы педагогтің білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістің мақсаты білім беру үрдісін ұйымдастыруды өзгерту, оқу пәндерінің интеграциясы, дүниежүзілік білім беру мәселелеріне сәйкес оқыту мазмұнын мақсатты іріктеу.
Демек, Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу - тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс - тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.