Жаңашылдық – заман
талабы
Ұстаздықтың қиындығы мен
қызығы...
«Біз өмір бойына жететін білім алу»
моделінен «өмір бойы білім алып өту»
моделіне көшуге тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кезеңде
республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен
оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр:
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым қатынас пайда болды.
Қазіргі жағдайда еліміздің
білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан
жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірігейі-білім
мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып білім мен тәрбиені ұлттық
рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының
оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап
етіледі.
Қазақстан Республикасы
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырған
кезде білім берудің құрылымын, мақсаттарын, мазмұны мен
технологиясын айқындап, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер мен
технологияларды пайдалану әрбір педагог маманның бұлжымас қағидасы
болуы тиіс.Білімді, іскерлік пен дағдыларды механикалық түрде емес,
ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және
пайдалана білетін, идеяларын қуат көзі болатын, тез өзгеріп
отыратын әлем жағдайына бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру
басымды болып табылады.
Бүгінгі күнде білім беру
жүйесінде жаңашыл (инновациялық) ізденістер жолға қойылып, жаңа
педагогикалық технологиялар мен оқытудың әдістері кеңінен қолданыс
тауып отыр. Оқу материалдарының жаңа түрлерін дайындау, білім
беруде олардың атқаратын қызметі мен қолдану тәсілдерін бүгінгі
күннің талаптарына бейімдеу маңызды болып саналады. Қоғамның жедел
дамуы барысында оқушылардың білім алуын ұйымдастырудағы негізгі
мақсат-оқытудың әдістемелік жүйесін оның білім беру, ақпараттық
фукциясына шешуші рөл бере отырып бағыттау және осы ақпараттарды
пайдалану біліктерін қалыптастыруға басты назар аудару болып
табылады.
Сабақтардың дамытушылық функциясының маңызды ерекшелігі өз
бетінше білім алумен байланысты ойлау, интеллектуалды қызметкер
болып саналады. Осы мақсатта оқулықта бақылау сұрақтары, жаттығулар
мен тапсырмалар берілуі тиіс. Оларда танымдық қызметтерінің
шарттарына қарай екі түрлі міндеттер қарастырылғаны абзал. Оқу
жаттығуларын құруды негізгі критерийі ойлау қызметінің сипаты мен
өз бетінше ойлау дәрежесіне қарай тапсырмаларды күрделендіру болып
саналады. Тапсырмалар жүйелі түрде ой еңбегінің күшеюін
қуаттандырып отыруы тиіс.
Бүгінгі
күнде Ұлттық ақпараттандыру орталығында негізгі және үздіксіз
кәсіби педагогикалық даярлық, білім берудің барлық деңгейінде
оқытудың жаңашыл технологиялары, жалпы және кәсіби білім беруді
ақпараттандырудың негізгі мәселелері бойынша арнайы зерттеу
жұмыстары жүргізіліп отырғанын баса айтқымыз
келеді.
Болашақ бағыты біз пәндер
бойынша жетілдірілген оқу бағдарламаларымен, оларды толықтыру,
оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын жетілдірумен
байланыстырамыз.
- ХХІ ғасыр мектебі ұстаз ретінде менен қазіргі
тез құбылатын әлемге бейімделгіш радикалды өзгерістерді өзімді
кәсіби қызметімде шығармашылықпен жан-жақты көрсетерімді талап
етеді. Адамның үйлесімді дамуы білім берудің өзекті мақсатына
айналып отыр.
Әрине, өмірде бәрі де өзгереді. Қоғам оның
құрылымы, құндылықтар, адам оның талаптарымен бірге адамға деген
талаптарда өзгереді. Әлемдік білім беру кеңестігіне әркім енуге
әрекеттеніп, білім беру мазмұнын сипатына да тікелей ықпал етуде.
Бұл мазмұндық сипат білім беру саласында жылдық білім беруге көшуге
дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланып, жаңа жүйенің нормативтік
құқықтық негіздері қолдануда. Білім туралы жаңа заң және оған
сәйкес Қазақстан Үкіметінің тиісті қаулыларының жобасы жасалу
үстінде. «Дарын». «Болашақ». «Ауыл мектебі» мемлекеттік
бағдарламалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Әрине, жаңа
мазмұнды білім беру жүйесін әр мұғалім өзінше қабылдап, өзінің
ұстаздық қызметіне өзінше енгізеді. Ұстаздықтың қиындығы мен қызығы
да осында.
Әрбір мұғалімнің үнемі біліктілігін арттырып,
педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыруы және жалпы мектептің
кәсіби мәдениетін дамытуы – білім беру сапасын арттырудың басты
шарты. Мұғалімдер қашанда әртүрлі нысанда үздіксіз оқу үстінде
болады. Олардың білім беруді демократияландыру жағдайында жеке
басының және ұйымдастырушылық мақсаттарына, жеке бас
ерекшеліктеріне, қалыптасқан оқу және жұмыс істеу стиліне
сәйкестігі тұрғысынан, ең алдымен, оқытуды мазмұндылық әрі
технологиялық аспектіде бағалап, оқытудың неғұрлым оңтайлы нұсқасын
таңдай алуы үшін қызметкерлерді оқытудың негізгі тұжырымдамаларын
білуінің маңызы зор.
Осы құралдың мәні бойынша
оқыту дегеніміз қабілеттерді, білімдер мен тәжірибені нақты бір
мектептің нақты бір даму кезеңіндегі жұмысына қажет нақты
біліктерге айналдыру әрекеті болып табылады.
ҚР-ның жалпы білім беретін мектептері
педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан
(бұдан әрі – бағдарлама) күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу
керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары
жүйелі дамыған, қазақ, орыс, аңылшын тілдерін өз деңгейінде
меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы
ретінде қалыптасуын қамтиды.
Сонымен қатар оқуға деген қажеттіліктерді талдау
және бағалау туралы даярлаған жұмыс құжатындағы нақтылық үлкен ой
салды.
Бүгінде білім беру саласында жұмыс істейтін
қазақстандық мамандарда оқуға деген қажеттіліктер пайда болды, бұл
жылға дейін білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасының қабылдауына,
елімізде нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіне көшу жүріп
жатқанына байланысты туындады. Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің кең қоғамдық талқыға салу үшін даярлаған жұмыс
құжатында (2003) былай деп атап көрсетілген:
«Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру
жүйесінің нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіне көшуі білім
берудің төмендегідей құрылымдық және функционалды негіздерін
қалыптастыруды білдіреді:
-
Мектеп бітірушінің базалық біліктері түрінде
жалпы орта білім берудің ұлттық мақсаттарын құру.
-
Ұлттық мақсаттарды анықтау және олардың
жетістігін қадағалау барлық білім беру процесіне қатысушылардың
өзара міндеттемелері жүйесін құруды білдіреді, олар әлеуметтік
серіктестік тетігі ретінде білім сапасын қамтамасыз ету
жауапкершілігін бөлісуді көздейді.
-
Оқытудан күтілетін нітижелердің көп деңгейлі
жүйесін құру; олар орташа және ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар
болып табылады және тұлғаның мектепте білім алу кезеңіндегі даму
бірізділігін көрсетеді.
-
Оқушылардың оқудағы жетістіктерінің нәтижелерін
бағалау критерийлері мен бағалаудың жаңа формаларын әзірлеу; олар
оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес білім, іскерлік, дағдыларды емес,
біліктердің даму динамикасы мен кең көлемдегі дағдыларды
қадағалауға бағытталған т.б.
Күтілетін нәтижеге
бағытталған білім беруге көшу жөніндегі жұмыс үш кезеңмен іске
асырылады: алдыңғы, даярлық және енгізу кезеңдері.
Сонымен, еліміздің
дүниежүзілік әлеуметтік кеңістікке кірігу бағытында дамуының өзі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі кадрларының алдына
білім беру қызметінің түбегейлі жаңа тәсілін меңгеру қажеттілігін
қойды. Бұл педагогтардың үлкен тобының әртүрлі формада оқуға деген
жаңа сұраныстарын тудырды.
Қазіргі заман адамының білім
алу қажеттіліктері барған сайын алуан түрлі бола түсуде. Бүгінде
оларға жалпы орта білім мен қандай да бір мамандық алу қажеттілігі
ғана емес, сонымен бірге денсаулығын қорғау және жақсарту,
отбасылық өмірінің сапасын жақсарту, қоғамдық өмірге білікті
қатысу, бос уақытын мәнді өткізу, өз тұлғасын дамыту үшін оқу
қажеттілігі де енеді.
Осы қажеттіліктерді
қанағаттандыра отырып, білім беру қызметін көрсету саласы дәстүрлі
білім беру жүйелері сияқты тек экономикалық және әлеуметтік
функцияларды ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, тұлғаны дамыту
функциясын – тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Бүгінде білім
берудің мақсаты – тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды»
қамтамасыз ету ғана емес, адамға «өзімен-өзі болу» және
«қалыптасу», іске асырылу мүмкіндігін беру, сондай-ақ онда «үнемі
оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын» қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында
ХХІ ғасырдың басындағы білім берудің даму бағыты біздің көз
алдымызда мына төмендегілер арқылы қатаң негізделгендікті жоюдың
жолы ретінде танылуда:
- дәстүрлі білім беру жүйесі
шеңберін кеңейту;
- әртүрлі шектеулерді жою,
неғұрлым көбірек ашықтық пен икемділік алу;
- оқу барысында индивид
мінез-құлқының ашылуы; т.б.
Осындай жағдайларда әрбір
білім ұйымы – оқитын білім ұйымына, ал әрбір маман үнемі өсіп
отыратын тұлғаға айналады.
Осы – ойтолғаныс негізінде
ұйымдастырудың мынадай үлгісі - өзін-өзі дамытуға үйрету және оны
ұйымдастыру, іс-әрекет арқылы оқыту, өзін-өзі бағалау және қоршаған
ортаның бағалауы, құрылымдалған топтық оқыту – мектептің және кез
келген білім ұйым басшыларына жақсы бағыт беруші бола алады деп
ойлаймын.
«Қазақстанның педагогикалық академиясы
корпоративтік қорының вице президенті,
«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
Халықаралық оқыту тренері Т.Махалқызы.