Ақтөбе
облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп-гимназиясының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кеулімжаева Базаркүл
Елеуқызы
Жанына серік еткен жыр
қаламын
Мақсаты: қазақтың
ақын қызы Фариза Оңғарсынованың маржан поэзиясымен тілдесу.Ақынның
өміріне қысқаша шолу жасай отырып,өлең-жырларын оқушыларға
жаттатып,білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу.Оқушылардың
еліміздің табиғатына,Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Көрнекілігі: Ф.Оңғарсынованың кітаптары,қанатты
сөздері,фотосуреттері,т.б.
1-жүргізуші: Көгінде қалықтайды тау қыраным,
Сол қырдан болашағы
танылады.
Тік тұрып қарсы алайық
қалың қауым,
Шырқалады Қазақстан әнұраны.(Әнұран орындалады)
2-жүргізуші: Армысыздар,құрметті қонақтар мен ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі
Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жанына серік
еткен жыр қаламын» атты салтанатты кешімізді ашық деп
жариялаймыз.
1-жүргізуші: Басшымыз биік тұлға байсалды.
Құшақ
жайып ақын тойын қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Барша
жұртқа ақын атын жар салды.
2-жүргізуші: Сөздері таудан тасқын құйылғандай,
Ақын бар ма қазақта
Фаризадай!
1-жүргізуші: Фариза
Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге
келген.1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық
көреді.
Бүгінде
Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем.Ақынның жазған жырлары
сандуғаш болып сайрады.«Маңғыстау монологтары» ақынның 30 жасындағы
қолтаңбасы.Фаризаның жырларында жайықтың суындай жағаны соққан
айбынды көңіл-күй сезіледі.
2-жүргізуші: Ақын -
өз заманының ар-ұжданы.Ол болашақ үшін өмір сүреді.Әлденеден
мұңайған кезінде,кешегі досының бугін теріс айналғанын көргенде
Фаризаның досы,сенері,мұңдасы,берер дәрі-дауасы –
поэзия.
1-оқушы:
Көңілді,жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды,
Өзімменен бөліскені
үшін,
Қатем мен жеңістерім
үшін,
Менің мынау қиындау
тағдырым болып
О,баста көріскенің үшін
Өлең,мен сені аялап
өтем!
2-оқушы: Мезгіл бұршақ
жаныңа салып таңба,
Қайратыңнан қайысып,налып
қалма.
Сені іздейтін аға бар
тарыққанда,
Інілер бар дем берер
жабыққанға.
Бір ақиқат – бәрібір
жоғалмайсың,
Жоғалмайтын жоқтаушы халық
барда.
3-оқушы: О,туған жер
кеңпейіл құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар
күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған
қарай
Балапандай талпынып ұшамын
мен.
4-оқушы: Мен даланың қызы
едім,
Жазығында жатпайтын көз ілер қара,
Жазира
менің жанымның өзі де дара.
Асқар көрмеген мен шіркін
биік дегенді
Өлшеуші емсонау аспанның
өзімен ғана.
5-оқушы: Далам менің –
қазынам,жыр сандығым,
Жыр нәрімен жер
балқып,босанды құм.
Сортаң жердің тұзы бар
тамырымда
Ашқылтымдау сондықтан жусан
жырым.
6-оқушы: Солай біздер
қоштастық балалықпен,
Біз күткенбіз әкені,ана
күткен.
Күту
қиын,адам бұны ұқпаған,
Солдат көрсем,әлі күн тұрып
қалам,
Әкем емес екен деп қадалып
мен.
Келеді,рас,Жеңістер
қасіретпен,
Шашы ағарып талайдың
құрбандықпен.
7-оқушы:Табиғат тірі,оған
мына бір жолдарды оқи отырып көз жеткіземіз:
Бас иіп қырдың қызыл
қияқтары,
Тұрғандай жаныңа әсем күй
ақтарып.
Көп нәзік қырдың гүлі
албырайды,
Алғашқы балғын сезім
сияқтанып.
Күн
шықты жанарыңнан нұр атылып,
Құм жатыр бұйра жолда
шұбатылып.
Жарты кеш ай барады жаутаң
қағып,
Үйінен кеткен қыздай
ұзатылып.
8-оқушы: Жыр
жазбасам,жабығам,
Онсыз маган дуние жел
өтіндей,
Жұрт ұқпайды жүрем мен неге
күлмей,
Ал сен болсаң
қайрайсың,құлшынтасың,
Содан саған бір пайда
келетіндей.
9-оқушы: Мен бір қызық
адаммын.
Қатал тағдыр сілкілеп мың
санаған,
Құлап тұрып сонда да
тыншымаған,
Жұртқа деген ызадан
булыққанда
Сені орынсыз азаптап,ұрсып
алам.
Сен – асқақсың,білемін.
Маған ғана иіліп
кешіресің.
Иілу де бүгінде кісіге
сын.
Қуаныштың мен үшін не
екенін
Бұл жалғанда сен ғана
түсінесің.
10-оқушы: Фариза Оңғарсынованың өлеңдері – Каспийдің алапат
толқынындай айбынды,аққуларындай пәк,туған даласындай
кең,аруанасындай маңғаз,күніндей ыстық,тауларындай асқақ.Дара
күндерімнің,нала түндерімнің,серігі болғаның үшін,сенімі болғаның
үшін,біреудің пасықтығынан,біреудің жасып мұңынан,жүрегім сыздаған
кезде,өлең,мен сені аялаймын.
11-оқушы: Біреудің күлкісін
көріп,
Бақыттының түр-түсін көріп,
Шаттанып
қалған шағымада,
Жеткендей арман ағымға
Қуаныштан дірілдеп
денем,
Алдыңа күлімдеп келем.
Ажалмен айқасқан сәтте
Қыршын жас көз ілгенін
көріп,
Өткінші сезімдерді
көріп,
Кешегі «доспын»
дегеннің,
Минутта жерінгенін
көріп,
Кімнен өшімді аларымды
білмей,
Кімдерге кінә тағарымды
білмей,
Алдыңа
лапылдап келем,
Жарылуға жақындап
келем.
12-оқушы: Өмірдің
өткелдерінен,
Қиындық көп
көргеніммен,
Өртеніп от басқаныммен
Өлеңмен қоштаспадым
мен.
13-оқушы: Дос іздеп келем
жарқыным,
Өткіздім талай жайқы
күн,
Ажырасқанымды қия
алмай,
Қайғысын қанша
қарпыдым.
Білмеймін
неге,әйтеуір,достықтарымның,
Бас жағы – шаттық,арты –
мұң.
Құбылмас сезім маған
жат,
Балшықтан соққан
мүсіндей.
14-оқушы: Талайлар менен
түңілген,
Менің де сонша риза болған
күнім кең,
Дос болу үшін жүрегім ылғи
күйінген.
Сүюі керек мені ол жан
Қырсықтық кемістігіммен
Тағдырым осы қиын де
Қастерле
мейлі иілмен.
Тау кезген тағы
жылқыдай
Қосылмай тобыр үйірге,
Өтем-ау деймін өмірден тегі
дос іздеп
Шарқ ұрып осы күйімде.
15-оқушы: Фариза Оңғарсынованың 1866 жылы «Сандуғаш»
атты,1967 жылы тұңғыш «Бұлбұл» атты жыр жинақтары жарық
көрді.«Маңғыстау маржандары»,«Шілде»,«Жүрек
күнделігі»,«Сұхбат»,т.б. өлең жинақтары шыққан.Әлем ақындары Табло
Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» поэтикалық кітабын,сондай-ақ
А.А.Блоктың, Р.Ф.Казакованың,Е.А.Евтушенконың ,т.б. шығармаларын
қазақ тіліне аударған.
16-оқушы: Мен туған ауыл аш
екен,
Еске алмай жүрер күнім
кем.
Бірге ойнап,бірге
жүгірген,
Жатаған,ескі үй анау,
Мені алаң еткен шет
жерде
Бұл маңайлар да
құдай-ау,
Қалаға айналып кеткен
бе?
Жүрегім ұқсап балғаға
Бір сезім жанды өртеді.
Жүгірген салқам сары
бала,
Миядан шығар сол тегі!
2-жүргізуші: Фаризаның өз сөзімен айтқанда,«өнер де,өмірдің өзі
сияқты,ылғи қуаныш пен шаттықтан тұрмайтыны белгілі».Сондықтан да
болар,Фариза:
Менің жырым –
Құштарық қысқан кеудемнен
Бұрқырап жатқан бір жалын...- дейді.
1-жүргізуші: Табиғатты жырлауда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік
үні,даусы анық байқалады.Ақынның «Жаз» деген өлеңі тұла бойы қолмен
қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдыңа елестетеді.Сурет пен
теңеу,өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі
келеді.Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі –
ғажап!Биік таудың басына ызғар,мұзы жатса да,төсінде қызыл ала
қызғалдақтар жайқалып тұр.Бұл - әсем Алатаудың көз тоймас келбеті
ғой!
Сұлулар барған сайға
бұғып,
Қарайды көлдің бетін
айна қылып.
Шіркін,жаз,жомартсың-ау
базарлыққа,
Бересің жан біткенге жайдарлылық.
2-жүргізуші:Болардай басқұр,өрнек маған медет,
Белгісі балғын шақтың қара жебеп.
Сүйеніп тұс киізге тұрып қаппын,
Көз жасып оюлардан қалам
ба деп,
Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп.
1-жүргізуші: Анықтап көз салсақ ,осы өлең жолдарында небір әдемі
теңеулер,айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар.«Жарты-кеш ай
ұзатылған қызға ұқсаса,қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық
құшағында жатыр.Ал нәп-нәзік қырдыңжұпар гүлі алғашқы балғын
сезімге ұқсайды»,-дейді ақын Фариза Оңғарсынова.Шынында мұндай
тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын
сияқты.Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.Фариза
өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы.Жыр әлеміне
құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын әлі де қуанта берері
сөзсіз.
2-жүргізуші:Құрметті қонақтар,осымен Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық
мерейтойына арналған поэзиялық кешімізді жабық деп жариялауға
рұқсат етіңіздер!
Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға рахмет!Келесі кездескенше аман болыңыздар!