Материалдар / Жаратылыстану әдістемелік нұсқау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану әдістемелік нұсқау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы «Таным» білім беру саласындағы «Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша дайындалған. Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған «Жаратылыстану» оқу-әдістемелік кешені: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 ма мырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республика сының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды; 2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2018
3140
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

А.Е. Манкеш
Жаратылыстану
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы бойынша мектепалды
дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкiтап баспасы
2017


Page 2

ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
М 19
Манкеш А.Е.
Жаратылыстану: әдіс. нұсқау: Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық
тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. / А.Е. Манкеш. – Алматы:
Алматыкітап бас­ пасы, 2017. – 240 б.
М 19
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
ISBN 978-601-01-3056-2
ISBN 978-601-01-3056-2
© Манкеш А.Е., 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017


Page 3

3
Түсінік хат
Бұл әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы «Таным» білім беру саласындағы «Жаратылыстану»
ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша дайындалған.
Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған
«Жаратылыстану» оқу-әдістемелік кешені:
1.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 ма­ мыр­
дағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республи­
ка­сының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа
методологиялық негізін анықтайды;
2.  1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен
бекіген);
3.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж.
12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама
мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн
ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда
көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы
оқытудың бірізділігін сақтау.
Әдістемелік нұсқауда «Жаратылыстану» бойынша ұзақмерзімді (күн­
тізбелік-тақырыптық), ортамерзімді және қысқамерзімді жоспарлау беріл-
ген.
Оқу-әдістемелік кешеніне мыналар кіреді:
• Әдістемелік нұсқау;
• Әліппе-дәптер.
Әдістемелік нұсқау мен әліппе-дәптер білім беру талаптарына cәйкес,
мектепалды даярлық (6-7 жас) балаларының жас және психологиялық ерек-
шеліктері ескеріліп жасалды.
Қазіргі мектепке дейінгі сатыда жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
оқытып-тәрбиелеу үшін жоғары білімдік нәтижелерге қол жеткізетін
оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді
оқыту мен оқудың педагогикалық тәжірибедегі заманауи стратегиялар мен
техникаларды пайдалану міндеттеледі.
Әдістемелік нұсқауда «Жаратылыстану» бойынша балалардың алған
білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, балабақшада, табиғат әле-
мінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін бақылау, түсіндіру,


Page 4

4
сипаттау, болжау біліктілігін дамытуға бағытталып, педагогтің жаңа білімді
балаға қандай әдіс-тәсілдермен түсіндіруге болатындығы жан-жақты тал-
данып, берілген.
Осы берілген бағдарлама бөлімінде 6-7 жастағы тәрбиеленушілерді тәр-
биелеу мен оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттері анықталған.
Мақсаты: табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы баста-
пқы түсініктерін, физикалық құбылыстар туралы қарапайым ұғымдарын
қалыптастыру.
Міндеттері:
– табиғат нысандарын бақылау және қарапайым қорытынды шығару
дағдыларын дамыту, олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату:
сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайлары (өсім-
діктер), – табиғаттағы жеке өзара байланысты көру;
– тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық салауатты мінез-құлықты
және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білуді;
– балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қара-
пайым қорытынды шығару білігін қалыптастыру.
«Жаратылыстану»
ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мазмұны
«Жаратылыстану» ҰОҚ-ның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйым-
дастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және
дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады.
Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке
жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға
оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
№ Бөлім Бөлімше
1Жанды табиғат 1.1. Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері
1.2. Өсімдіктер әлемі
1.3. Жануарлар әлемі
1.4. Адам
2Жансыз табиғат 2.1. Жансыз табиғат денелері мен заттары
2.2. Табиғат құбылыстары


Page 5

5
3Физикалық
құбылыстар
3.1. Қозғалыс және күш
3.2. Жарық
3.3. Дыбыс
3.4. Жылу
3.5. Электрлік және магниттілік
Әдістемелік нұсқаудың мазмұнында басты, ғылыми түсініктер ерек-
шеленіп, ұсынылған ҰОҚ-ның мазмұнындағы бақылаушылық дағдыларын
қалыптастыратын әдістерді қалай қолдану керектігі де көрсетілген. Мұндай
тәсіл балаларға алғашқы бақылау негізіндегі іздену дағдылары мен өз бе-
тінше іздену жұмыстарын орындау үшін белгілі бір облыстың аясындағы
базистік білім алып, бақылау, тәжірибе жасау тәсілдерін меңгеруге көмек-
теседі. Кіші жастағы балаларға бақылау негізіндегі ізденіп оқытудың тәжі-
рибелік міндеттерін шешуге көмектеседі және ғажайып ғылым әлеміне жол
ашады.
«Жаратылыстану» ҰОҚ-ның тұжырымдамалық идеясы,
оның ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттерінің
қазіргі білім берумен сәйкестігі
«Жаратылыстану» – жаңа ҰОҚ. Балалар қоршаған орта туралы алған
білімдерімен өз беттерінше ізденіп, ақпараттарға талдау жасап үйрене-
ді. Әдістемелік нұсқаудың негізі – қоршаған ортадағы адамның белсенді
рөлі, өзгеріп және жаңадан пайда болып жатқан әлемдегі адамның табиғат-
тағы іс-әрекеттері. Осы идеялар Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына, Балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына, «Жаратылыста-
ну» оқу бағдарламасына сәйкес келеді. «Жаратылыстану» құрылымы мен
мазмұны балаларды тек білім алуға ынталандырып қана қоймайды, сонымен
қатар жеке тұлға ретінде дамуына мақсат қоюға көмектеседі.
Бүгінгі таңдағы білім жоғары деңгейдегі ойлауға, қоғамдық, комму-
никативтік және зияткерлік жағдайларға бейімделуді қажет етеді. Оқу ма-
териалдарын оқыту жеке және тәжірибелік деректер, танымдық құрылым
арқылы меңгертіледі. Ғылыми түсініктер мен ұғымдарды меңгеру іс-тәжі-
рибе жүзінде, яғни тәжірибе, тәжірибелік жұмыс, саяхат барысында жүзеге
асырылады және танымдық тәсілдер мен өмірлік дағдылар игертіледі.


Page 6

6
«Жаратылыстану» ҰОҚ-да негізгі ғылыми түсініктер мен ұғымдар сын
тұрғысынан ойлау арқылы оқыту тәсілімен жүзеге асады және бұл кейінгі
тақырыптарға қайта оралуына жеңіл болады. Педагогтің сыни тұрғысынан
ойлау, креативті, оқыту мен оқуда АКТ (ақпараттық-коммуникативтік техно-
логиялар) тәрізді технологияларды пайдалануы балаларға бақылаушының
рөлінде болуға көмектеседі. Педагог балаларды шығармашылыққа баулу
үшін өмірлік мақсаттарды, яғни «қажетті білімді тек кітаптан ғана емес,
сонымен қатар қоршаған ортадағы заттардан, өмірлік жағдаяттардан алу»
тәсілін пайдаланады. ҰОҚ-ны құру барысында оқу материалдарын дұрыс
бөлу осы бойынша мазмұнын жетік меңгеріп, тәжірибелік дағдыларды иге-
руге, пәнаралық байланыстардың дамуына, оқу-тәрбие үдерісінде жетістік-
терге жетуге көмектеседі.
Қазіргі кезеңде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттар өте көп, сон-
дықтан балаларға балабақшадан бастап ғылымды таныту аса қажет. Түр-
лі тәжірибелік және зерттеу іс-әрекеттері балалардың қарапайым бақы­
лаушылық дағдылары мен іскерліктерін дамытады. Мысалы: бақылай білу,
сұрақтар құрастыру, тәжірибелік жұмыстар жүргізу, өзінің пікірін ортаға
салу. Бұл дағдылары мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдана алады. Ба-
лалар болашақта ғылыми білімді адамзаттың тұрмысы мен тіршілігі үшін
пайдаланудың маңызды екенін түсінеді.
Балалар ҰОҚ барысында, бақылау кезінде құралдармен жұмыс істей
білу дағдыларды, ғылыми білімді ерекше әдіс-тәсілдермен игереді де, құр-
бы-құрдастарымен араласуды үйренеді. Оқу материалдарын бекіту әліп-
пе-дәптеріндегі шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге
асырылады. Мысалы, тапсырмаларды орындайды, сурет салады, өтілген
тақырып бойынша алған әсерлерін бір-бірімен бөліседі.
Оқу-әдістемелік нұсқау мазмұнының
Қазақстан Р еспубликасының Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына сәйкестігі
«Жаратылыстану» әдістемелік нұсқау мектепалды даярлық бала-
ларының жас және психологиялық ерекшеліктері ескеріліп жазылды, қазір-
гі ғылыми түсініктер адам, табиғат, қоршаған орта, физикалық құбылыстар
туралы көзқарастар берілген. 2016 жылғы Мемлекеттік стандартқа сәйкес
оқулықта оқытудың жүйелік-тұлғалық және коммуникативтік-танымдық
түрлерін жүзеге асыруға көп көңіл бөлінді.
Әдістемелік нұсқау мазмұнында бақылау, бақылағыш, ғылым сала-
лары, ғалымдар, өнертабыс сияқты мағыналық түсініктермен қатар балалар-
дың бойында өзін-өзі тануға деген ықыластарын қалыптастыру көзделген.


Page 7

7
Әдістемелік нұсқауда пәндік нәтижелерді пайдалану барысында мек­
тепалды даярлық сынып (тобы) балалары:
– бақылау мен бақылаушының рөлін білуі: қоршаған ортаның нысан-
дарын, құбылыстары мен үдерістерінің қажеттілігін түсіндіре алуы;
– «бақылау» деген ұғымды түсініп, қоршаған ортадағы құбылыстарға
бақылау жүргізе білуі;
– «тәжірибелік жұмыс» деген ұғымды түсінуі және қарапайым тәжіри-
белік жұмыстарды жүргізе білуі;
– өсімдіктердің алуан түрлілігі туралы түсіне біліп, өсімдіктердің негіз-
гі бөліктерін және олардың қызметтерін атай білуі;
– өсімдіктердің тіршілігін бақылау үшін жағдай жасауы; олардың
сыртқы өзгерісін сипаттай алуы; өсімдіктер мен жануарларды салыстыра
білуі; бөлме және басқа мәдени өсімдіктерді күте алуы;
– жануарлардың алуан түрлілігі туралы білуі; олардың аттарын атап,
басты белгілерін сипаттай алуы; жабайы жануарлар мен үй жануарларының
айырмашылықтарын білуі; олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін
ажырата алуы; маусымның өзгеруіне қарай жануарлардың қалай дайында-
латындығын түсіндіре алуы;
– адам және адам организмі туралы түсініктері болуы; адам денесінің
басты бөліктерін атап, олардың қызметтерін білуі; адамның өсуі мен дамуы
үшін не қажеттілігін анықтай алуы;
– кейбір физикалық құбылыстар туралы түсініктерінің болуы; көп-
теген денелердің қозғалысына мысалдар келтіре алуы; табиғат пен адам
тіршілігінде қозғалыстың маңызды екенін түсінуі; әртүрлі заттардың
қозғалыстарын бақылап, оны сурет арқылы сала алуы;
– физикалық құбылыстар: жарық, жарықтың табиғи және жасанды
көздері және олардың қажеттілігі туралы түсініктері болуы;
– қараңғы жарықтың болмауынан пайда болатындығын түсінуі;
– физикалық құбылыстар: дыбыс, дыбыстың таралуы туралы білуі;
дыбыстың табиғи және жасанды көздері және олардың қажеттілігі туралы
түсініктері болуы;
– физикалық құбылыстар: электрдің не екенін; электр энергиясының
күнделікті тұрмыстағы маңыздылығын білуі;
– физикалық құбылыстар: магниттіліктің не екенін; магниттік қасиеті
бар денелер және магниттің қасиеті туралы білуі тиіс.
Әдістемелік нұсқауда мектепалды даярлық балаларында нәтижені
қалыптастыру үшін әр ҰОҚ-ға төмендегідей жұмыс түрлері берілген:
• құрылымдық мәтін;
• сұрақтар мен тапсырмалар;
• түйін сөздер;
• суреттер.


Page 8

8
Әдістемелік нұсқаудың әдістемелік
ерекшеліктері және мазмұны
«Жаратылыстану» жаңа мазмұны негіз қалаушы қағидалар негізінде
жүзеге асырылады:
1. Ғылымилық қағидасы (принципі) бүгінгі заманның ғылыми же-
тістіктерінің базасынан қолданатын терең әдістемелік негізі бар мазмұнды
ұсынады.
2. Қолжетімділік қағидасы бойынша балалардың жас ерекшеліктері
есепке алынады. Мектепке дейінгі балалар үшін негізгі іс-әрекет – ойын.
Түрлі түсті жапсырмаларымен, екі бетке ашылған әліппе-дәптер ұсынылып
отыр. Балалардың көрнекі-бейнелі ойлаулары басым болғандықтан дәптер-
дің беттерін түрлі түсті етіп беру тиімді болды.
3. Іс-әрекет қағидасы
Қазіргі заманғы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге
асырудың басты құрылымы – баланы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке
жұмылдыру.
4. Тұтас әлем түсінігі қағидасы
Тұтас әлем түсінігі қағидасы дәстүрлі жүйедегі ғылымилық жүйе-
мен тығыз байланысты. Бірақ бұл жерде әлемнің жалпы ғылымилығының
қалыптасуы ғана емес, сонымен қатар оны өзінің тәжірибелік іс-әрекетте-
рінде қолдана білуі туралы айтылады.
5. Шығармашылық қағидасы балалар оқу жылының басында өздері-
нің шығармашылық іс-әрекеттерінің тәжірибесіне барынша бағыт-бағдарды
болжамдайды. Бұл жерде балалардың өз бетімен шешім шығара алатын, өз
бетімен «жаңалық» аша алу қабілеттерінің қалыптасуы айтылады. Бүгін-
гі күні кез келген адамның бір нәрсені ойлап табу немесе өмірлік мәселе-
лерді дәстүрден тыс шешімдермен шеше алу іскерліктері шынайы өмірдің
бөлінбес бөлігі болып отыр. Сондықтан ҰОҚ мазмұнына жобалық, шығар-
машылық іс-әрекеттер бар жұмыс түрлерін қарастыру қажет.
6. Оқытудың саралап және даралап оқыту қағидасы
Бұл қағиданы жүзеге асырса, ол педагогке баланың тұлғалық даму тра-
екториясын оның қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес «салуға» көмекте-
седі. Аталған қағида әліппе-дәптердегі күнделіктегі тапсырмаларда қадаға-
ланады.
7. Психологиялық қолайлылық қағидасы
Оқу үдерісінде сенімділік қарым-қатынас ынтымақтастық жағдай үшін
жасалынады. Мұндай атмосфера балалардың денсаулықтарының сақталуы-
на және нығаюына септігін тигізеді.


Page 9

9
8. Көрнекілік қағидасы
Осы қағида бойынша суретті-әліппеде графикалық материалдар (су-
реттер, картиналар) мол. Бала есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалу
үшін, әдістемелік нұсқауда құрылымдалған мәтіндер және мәтін бөліктерін
оқуға ыңғайлы болу үшін әріптер ұтымды берілді.
9. Вариативтік қағида
Бұл қағида педагогке өздігінше оқу әдебиеттерін, жұмыстың әдіс-тә-
сілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Алайда бұл педагогке сапалы оқытуға,
яғни жақсы нәтижеге жетуге жауапкершілік жүктейді. Педагогке ыңғайлы
болу үшін, негізгі қысқамерзімді жоспарлауына кірмеген қосымша оқу ма-
териалдары да берілді.
Аталған қағидалар педагог пен балалардың жұмысын ретке келтіреді.
Сондықтан бұл қағидалар күнделікті ҰОҚ барысында қолданылады. Оқыту
қағидаларына сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Олар-
ды орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Педагог педагогикалық іс-тәжірибесінде қазіргі заманғы технология-
ларды қолданып, баланың оқуға деген жеке бейімділігін, саралау, тәжіри-
белік бағыттарын және жүйелік-әрекеттік білім алу түрін дамытуға міндет-
ті. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту техноло­ гиясын
қолдану, әліппе-дәптермен жұмыс істеу барысында баланың іс-әрекет
дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Педагог оқу мәдениетін, берілген
тапсырмаларды маңыздылығына қарай сұрыптау, оқығанын түсіну, жаңа бі-
лімді сыни тұрғыдан бағалай білу, нәтижесін шығарып, қорытындылай білу
дағдыларын қалыптастырады.
«Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар» бөліміне әдістемелік
нұсқаулар және осы бөлімде берілетін тапсырмалармен
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Педагог ҰОҚ барысында балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту
үшін, танымдық қызығушылықтарын тудыратын өзекті жағдаяттарды қол-
данады. Бала үшін өздік ойлау маңызды. Сондықтан өзекті мәселе шешу
барысында бала өзінің өздік ойлауының маңызды екенін түсінеді. Педагог
балаларды өздігінше бақылау жасауға, салыстырып саралауға, білім алуға
үйретуі тиіс.
Балаларға мәселені шеше білуге үйретудегі педагогтің рөлі қандай?
Мәселені шешудің бірінші кезеңінде түсіндірмелі түрдегі сұрақтар бо-
луы қажет: «Кім? Қалай? Не? Қашан? Қайда?». Олар бүгінгі шақпен бай-
ланысты болғандықтан, «осында және қазір» дегенді зерделеуге мүмкіндік
береді. Осындай сұрақтарды қойғанда, бала бақылауды, суреттеуді үйренеді
және қазіргіні түсінуге сенімділіктері қалыптасады.


Page 10

10
Осыдан соң өзекті мәселе мүмкіндігінше суреттелгенде, келесі кезеңге
көтеріліп, педагог «Неге?», «Неліктен?» деген (талдап қорытуға келмейтін)
сұрақтарды қоюға кіріседі. Бұл кезең түсіну мен белгілеп жазудың арасын-
дағы байланысты (ассоциация) қажет етеді.
Келесі кезең – жорамал сұрақ. Мұнда «Егер ... болса, не болар еді?»
деген сияқты болжамдар қойылады.
Жорамал сұрақтарынан кейін бағалау сұрақтары кезек алады:
«Қайсысы жақсы? Қайсысы дұрыстау?». Балалар жоғарыда аталған ке-
зеңдерден толық өткеннен соң ғана бағалаудың кезегі келеді. Біз үшін
бұл – өзін-өзі бағалау рефлексия кезеңі.
Біз балаларды осы кезден-ақ болашақтың жалғасатынын түсінуге бейім-
деп, келесі сұрақтарға жауап беруге үйретуіміз қажет: «Осы мәселені ше-
шуде сені тағы не қызықтырады? Өзің тағы не ұсынасың немесе не істей
аласың?». Бұл сұрақтар баланың бір нәрсеге деген әуесқойлықтарын арт-
тырады, қиялдарын дамытады, креативті ойлауға талпындырады. Кез кел-
ген зерттеу жұмысының осындай құрылымы болады. Мұндай тізбек – зерт-
теу іс-әрекетінің ажырамас бөлігі және оны өткізудің үлгісі.
Біз ҰОҚ-ның теориялық кезеңдерінде балаларды мәселені көре білуге,
зерттеу тақырыбын таңдай білуге, болжамдар ойлап, зерттеу әдіс-тәсілде-
рін таңдай білуге, ақпараттарды жинап, саралап және қорытындылай алуға,
зерттеудің қорытындысын шығарып, оны құрдастары мен ересектердің ал-
дында қорғай білуге ҮЙРЕТЕМІЗ. Ал ҰОҚ-ның тәжірибелік кезеңдерінде
осы іскерліктерін КӨРСЕТЕ білуге үйретеміз.
Дамытушылық міндет – қазіргі ҰОҚ-ның ажырамас бөліктерінің бірі
болып табылатын балалардың ойлау белсенділіктері мен жігерліліктерін
дамыту.
Осы бөлімде берілетін тапсырмалармен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру
«Жаратылыстану» бойынша басты мақсаты: бақылаудың ең қара-
пайым дағдыларын меңгеру, сондықтан ҰОҚ барысында топпен, жұппен
және т.б. жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Балалар ҰОҚ-да бақылау, тә-
жірибелік жұмыс, тәжірибе, тақырыпты анықтау, болжамдар ұсыну т.б. тү-
сініктермен танысады.
«Шығармашылық тапсырмалар» бөлімінде жұмыс істеуге әдістемелік
нұсқаулар берілген және осы бөлімде берілетін тапсырмалармен жұмыс іс-
теу дағдылары қалыптастырылады.
Балаларды жан-жақты дамыту міндеттерінің бірі – оларды әртүрлі
іс-әрекеттерге баулу. Осы міндетті шешу үшін ҰОҚ барысында мынадай
шығармашылық үдерістері жүзеге асырылады:


Page 11

11
• Ойын іс-әрекеті
• Жағымды көңіл күй жағдайларын құру
• Жұппен және топпен жұмыс
• Өзекті оқыту
Әліппе-дәптерде ғылыми түсініктердің мағынасын ашуға және қор-
шаған ортадағы құбылыстардың бір-бірімен байланысын білуге арналған
тапсырмалар іріктелініп берілді. Олар: сараланған (дифференцияланған)
және түрлі деңгейлік тапсырмалар. Балалардың табиғи білімге деген
құштарлықтарын ескере отырып, ҰОҚ тақырыптарының көбі балалар ҰОҚ
барысында жауап ала алатын сұрақтар түрінде берілді. Мысалы: «Мен та-
биғатты бақылай аламын ба?», «Бақылау кезіндегі әсерің қандай?», «Тәжі-
рибені қалай жасауға болады?».
Саралап оқытуды жүзеге асыру үшін әліппе-дәптерде балалар үшін
мынадай тапсырмалар іріктелініп алынды:
• Әртүрлі деңгейлік тапсырмалар;
• Барлық сынып болып орындауға арналған тапсырмалар. Әр бала
топтың табысқа жетуіне көмектесу үшін, түрлі рөлдерді орындайтын топ -
пен және жұппен тақырыпты зерттеуге арналған тапсырмалар.
Педагогтің әдістемелік міндеті – әр ҰОҚ-да топпен және жұппен жұмыс
барысында балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Диалогті
жиі қолдану көптеген білім және тәрбие беру міндеттерін шешеді. Сөй-
леу, талқылау және дәлелдемелер оқылатын материалды игеруге мүмкіндік
туғызады.
Балалардың әрекеттерін ынталандыратын
сұрақтар мен тапсырмалар
Өзекті тапсырмалар, зерттеуді қажет ететін жағдаяттардың зертхана­
лық жұмыстары т.б. түрлі жұмыс түрлері балалардың әрекеттерін ынта­
ландырады. Мұндай тапсырмалар балалардың пікірлерін, дәлелдеу, бол-
жамдар айта білу іскерліктерін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар
тәжірибе, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы өздерінің ойларының
дұрыстығын тексеру дағдыларын дамытады. Тәжірибе немесе бақылау жа-
сауға арналған тапсырмалар әр ҰОҚ-да ойластырылған.
Оқу материалдарының мектеп заттарымен, өмірмен
байланысын ашып көрсететін тапсырмалар
Балалар ҰОҚ барысында алған білімдерін өмірлік жағдаяттарды
шешу кезінде қолданатын, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға
арналған тапсырмаларды орындайды. Педагог балалардың жас ерекшелік-


Page 12

12
терін есепке ала отырып, саралау және деңгейлік тапсырмаларды қолда-
нады.
Алғашқы ҰОҚ-да-ақ балалармен «жеңілден ауырға» деген қағида
бойынша тапсырмаларды орындатады. Кейінірек балалар өздерінің қызығу-
шылықтары мен деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды таңдап орын-
дайды. Тапсырмалардың деңгейлері түрлі түсті белгілермен көрсетілген.
ҰОҚ-ның қорытынды бөліміндегі рефлексивтік
түрдегі тапсырмалар
Қалыптастырушы бағалау ҰОҚ-да күнделікті жұмыстың білім мен
дағдыларын меңгеруді анықтайды және оқыту барысында педагог пен ба-
лалардың арасындағы өзара жедел байланысты жүзеге асырады, жаңа ма-
териалды меңгеру барысында қаншалықты тапсырмаларды дұрыс орындап,
мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Балаларға өздерінің жұмыстарын ҰОҚ-
да бағалауларын ұсынады, яғни ештеңе түсінген жоқпын, бәрін түсіндім,
бірақ түсіндіре алмадым, басқаша түсіндіріп беремін деген бағалау өлше-
мін (критерий) кез келген түсті қарындашпен бояу ұсынылады. Әр бөлімнің
белгі-заттары – колба, бойөлшегіш, жұлдызшалар, шырмауық гүл, смайлик,
жалаушалар, майшамдар. Осындай педагогикалық әдістерді қолдану бала-
лардың қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан танып-білуге деген қызығу-
шылықтарын тудырады, ғылыми ақпараттармен өздігімен жұмыс істеуге
үйретеді, күнделікті өмірде өзінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қажетті қарапайым ғылыми білімдерін қолдана білу дағдыларын дамытады.
ҰОҚ-ны құрылымдау технологиясы
«Жаратылыстану» сабағы бойынша ұсынылып отырған құрылым
төмендегідей тұрады:
1. Жағымды көңіл күй орнату.
2. Өмірлік тәжірибені белсендіру.
Білімді сұрау жағдаяты. Мақсатты тұжырымдау.
3. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс: жаңа білімді іздеу, өнімді болжам-
дар тудыру. Қоршаған ортаны танып-білу әдістерін оқыту. Тәжірибелік,
зертханалық, өндірушілік іс-әрекеттерді өткізу.
4. Қорытынды рефлексия.
ҰОҚ-ның бірінші бөлімінің мақсаты: жағымды көңіл күй орнату, із-
денуге талаптандыру. Педагогке балаларды жаңа бір нәрсені танып-білуге
«еліктіру» және өздерінің күштеріне сенімділік тудыру қажет.
2-бөлім: «Өмірлік тәжірибені белсендіру» (белсендіру – балалар үшін
мәселенің мәнділігін табу).


Page 13

13
Білімге деген сұраныс жағдаяттарын құру (оқытуға, зерттеуге дәлел):
таңғалу, қызығушылық, өзекті мәселе. Өзекті жағдаяттарды қолданудың
басты мақсаты – балалар мен педагогтер мәселені бірлесіп шешу, жағда-
яттарды шешуде балалардың үйлесімді іс-әрекеттері мен педагогтің жалпы
басшылығымен бағыттап, сондай-ақ осындай іс-әрекет үдерістерінде білім-
мен қаруландыру және жалпы қағидалармен өзекті міндеттерді шешу. Бала
оқу жылының басында түрлі деңгейдегі жағдаяттарды: 1) педагогтің көме-
гімен мәселені (міндетті) тұжырымдайды; 2) ересектердің көмегімен мәсе-
ленің шешімін табады; 3) педагогтің көмегімен шешеді және 4) педагогтің
көмегімен осы шешімнің дұрыстығын бағалайды.
ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс білімді тақырып бойынша бей-
не-символдар тіректерін трансляциялау, диалог-түсіндіру жұмыстары
арқылы және жаңа білімді іздеу, тиімді болжамдарды ойлап табу кездерін-
де құрылады. ҰОҚ барысында тану тәсілдері мыналар: өзекті мәселелер,
өзекті диалог жүргізу, шығармашылық, бір нәрсені ойлап табу іс-әрекеттері
және т.б. Педагог қоршаған ортаны таныту әдісімен оқытады. Ғылыми зерт-
теулердің дағдыларын өңдеу мен оқыту жүзеге асырылады. Балалардың ал-
дыңғы білімдерін жаңа жағдаяттарды шешуге қолдану; жаңа міндетті шешу-
де «білмеушілік» саласын анықтау іскерлігі меңгеріледі. Педагог тәжірибе,
зертханалық жұмыстар, ойлап тапқыштық іс-әрекеттерін ұйымдастырады
(сын тұрғысынан ойлау, ойлап тапқыштық және креативті ойлау техноло-
гиялары қолданылады). Тәжірибе жүргізу әдісі балаларға өзін-өзі дамыту
бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды және танып-білудің
тиімді және қолжетерлік қажеттіліктерін әлемді өздігінше зерттеу жолын
қанағаттандырады. Саяхат арқылы шынайы болмысты бақылау жүргізіледі,
түсініксіз құбылыстар көрнекіліктер, тәжірибелік жұмыстар арқылы көр-
сетіледі, белсенді түрдегі зерттеу жұмыстарына бағыт беріледі. Педагогтің
міндеті – ерекше шешімдер шығара білуге, шығармашылық іс-әрекеттермен
айналысуға, топпен жұмыс істеуге үйрету. Тақырыптық сергіту сәттер жа-
сап тұру ұсынылады.
ҰОҚ-да өзін-өзі зерттеуде, әлемді тануда рефлексияны қолдану
– міндетті. Рефлексия оқытудың коммуникативтік, жүйелі әрекеттерін
қалыптастырумен байланысты. Осы әрекеттердің бәрінде де сын тұрғысынан
ойлау технологиялары қолданылады. ҰОҚ барысында танымдық-ізденістік
әрекеттер арқылы білімнің жаңа формасын меңгерген жағдайда ғана бала-
лар алған білімдеріне сыни тұрғыдан қарап, шығармашылықпен ойлап, дер-
бес шешімдер шығарады.
Қорытынды рефлексия өткен жолдарын жете түсінуге, байқаған-
дарын, әрқайсысына түсінікті болғандарын ортақ сандықшаға жинауға
бағытталады. Оның мақсаты бала тек ҰОҚ-да тиянақталған білімді ғана
алып кетпей, меңгерген оқу материалдарын мәнді тізбекке тізіп, өзінің же-
тістіктері мен сәтсіздіктерін салыстыруға бағытталады.


Page 14

14
Ұзақмерзімді жо спарлау
«Жаратылыстану» бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
(Барлығы 32 сағ, аптасына 1 сағат)
№ Бөлім Бөлімше Оқу мақсаттары ҰОҚ тақырыбы
Сағат
cаны
1Жанды
табиғат
1.1. Табиғат әлемін
танудың қарапайым
әдістері
0.1.1.1. «Бақылау» ұғымын және оны
өткізу кезеңдерін түсіну
1. Мен табиғатты
бақылай аламын ба?
1
0.1.1.2. Табиғат нысандары мен
құбылыстарына қысқа уақыт аралығын-
да бақылау жүргізу
2. Табиғат
құбылыстарын қалай
байқауға болады?
0.1.1.3. Алынған ақпаратты ұсыну және
қорытынды жасау
3. Бақылау кезіндегі әсе-
рің қандай?
1
0.1.1.4. Педагогтің көмегімен болжам-
дар жасау және оларды өздігінен топта
шешу
4. Тәжірибені қалай
жасауға болады?
1
0.1.1.5. Күнделікті өмірдегі табиғат ту-
ралы білімнің маңыздылығын түсіндіру
5. Табиғат деген не? 1
1.2. Өсімдіктер әлемі0.1.2.1. Өсімдіктің жанды табиғат бөлігі
екендігін анықтай отырып, өсімдік тір-
шілігіне қажетті жағдайларды анықтау
6. Өсімдік өсу үшін
не қажет?
1
0.1.2.2. Өсімдіктерді ағаштар, бұталар,
шөптер тобына ажырату
7. Өсімдіктердің қандай
түрлерін білесің?
1
0.1.2.3. Бөлме және жабайы өсетін өсім-
діктерді салыстыру
8. Қай өсімдік
қандай жерде өседі?
1


Page 15

15
0.1.2.4. Пиязшық арқылы көбейетін
өсімдік түрлерінің өсіп-өнуін бақылау
9. Бөлме өсімдігі деген
не?
1
1.3. Жануарлар әлемі0.1.3.1. Жануардың жанды табиғат бөлі-
гі екендігін анықтау
10. Қандай жануарлар-
ды білесің?
1
0.1.3.2. Үй жануарлары мен жабайы жа-
нуарларды атап, сипаттау
11. Жануарлар қайда
мекендейді?
1
0.1.3.3. Қыстап қалатын құстар мен жыл
құстарды атау
12. Құстар қайда
қыстайды?
1
1.4. Адам 0.1.4.1. Адамның негізгі дене мүшелерін
атап, олардың қызметін білу
13. Сенің денеңнің
құрылысы қандай?
1
0.1.4.2. Сезім мүшелерін атап, олардың
қызметін білу
14. Сезім мүшелерінің
қызметі қандай?
1
0.1.4.3. Адамның өмір сүруіне қажетті
жағдайларды білу
15. Сенің өмір сүруіңе не
қажет?
1
2Жансыз
табиғат
2.1. Жансыз табиғат де-
нелері мен заттары
0.2.1.1. Жансыз табиғатқа жататын дене-
лер мен заттарды анықтау
16. Жансыз табиғатқа
не жатады?
1
0.2.1.2. Күнделікті өмірдегі жансыз
табиғат денелері мен заттарының қол-
данылу аясын атау
17. Жансыз табиғаттың
пайдасы қандай?
1
0.2.1.3. Су мен ауаның қасиеттерін си-
паттау
18. Су мен ауаның қан-
дай қасиетін білесің?
1
2.2. Табиғат
құбылыстары
0.2.2.1. Табиғат құбылыстарын сипаттау
(жел, тұман, найзағай, жаңбыр және
т.б.)
19. Табиғат құбылыс­
тарының ерекшелігі
неде?
1
0.2.2.2. Маусымдық өзгерістердің жан-
ды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау
20. Әр жыл мезгілінде
қандай өзгерістер
болады?
1


Page 16

16
3Физи-
калық
құбы­лыс
3.1. Қозғалыс және күш0.3.1.1. Қозғалмалы және қозғалыссыз
денелерді ажырату
21. Қозғалыс және күш
деген не?
1
3.2. Жарық 0.3.2.1. Жарық шашатын нысандарды
атау: от, Күн, шам
22. Жарық қайдан
шығады?
1
3.3. Дыбыс 0.3.3.1. Табиғаттағы дыбыс көздерін
анықтау
23. Дыбыс қайдан
шығады?
1
3.4. Жылу 0.3.4.1. Жылу көздерін атау 24. Жылу не үшін қажет?1
3.5. Электрлік және
магниттілік
0.3.5.1. Электр тогының табиғи көздерін
атау
25. Электр тогы не үшін
керек?
1
0.3.5.2 Магниттерді қолдану жолдарын
пайымдау
26. Магниттің ерекшелі-
гі қандай?
1
4Табиғат-
ты қорғау
4.1. Табиғатқа қамқор-
лық
0.4.1.1. Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал
жағдаяттар мен іс-әрекеттерді атау
27. Сен табиғатқа қан-
дай пайдалы іс-әрекет
жасадың?
1
0.4.1.2. Ауа, судың неден ластану себеп-
терін білу, оларды атау
28. Ауа мен суды ласта-
мау үшін не істеу керек?
1
0.4.3.1. Жанды және жансыз табиғаттың
өзара байланысын түсіндіру
29. Жанды және жан-
сыз табиғаттың айыр-
машылығы неде?
1
0.4.3.2. «Қызыл кітаптың»
маңыздылығын түсіндіру
30. Қызыл кітап не үшін
қажет?
1
0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға
күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру,
оларды атай білу.
31. Табиғат бұрышында
еңбектің қандай түрле-
рін атқаруға болады?
1
0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға
күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру,
оларды атай білу.
32. «Қамқорлық жасау»
дегенді қалай түсінесің?
1


Page 17

17
ОРТАМЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
1-БӨЛІМ: ЖАНДЫ Т АБИҒАТ
Алдын ала ұсынылатын бөлім
Балалар табиғаттағы жекелеген құбылыстарды біледі. Табиғатты бақылай алады. Бақылаушы туралы қарапайым
түсініктері бар
Берілген бөлімнің тілдік мақсаттары
Оқытудың тілдік мақсаты
Пәндік лексика мен термино-
логиялар
Диалогтер/мәтіндер үшін маңызды
сөйлемдер топтамасы
Балалар:
• балалардың мультфильмнен үзінді
көргеннен кейін белсенді түрде диалог
жүргізе алуы;
• бақылау барысында «қалай?», «неге?»
«не үшін?», «бұл немен байланысты?»,
«егер ... болса, онда...» деген еске
түсіретін сұрақтар қоя алуы;
• сурет бойынша сұрақтар қоя алуы;
• табиғатта жұмыс істейтіндердің іс-
әрекеттерін бақылай білуі;
• болжамдарын айтып, түсініктеріне
анықтама бере алуы;
• өзіндік дәлелдер келтіріп, ойын еркін
айта білуі;
• тәжірибелік жұмыстың нәтижесін
талқылай алуы тиіс.
Келесі терминдер мен сөз
тіркестерін ендіреді:
• бақылаушы, тәжірибе,
бақылау, әліппе;
• әліппе-дәптер;
• тәжірибелік жұмыс,
тәжірибе;
• бақылау, бақылаушы
адамның қасиеттері,
бақылауға арналған
құралдар;
• бақылау кезеңдері, тақырып,
мақсат, болжам, мәлімет
жинау, мәліметтерді өңдеу,
нәтижелерін шығару.
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Балалар табиғат аясында қандай
ережелерді естен шығармауы тиіс?
• Олардың қайсысын қатаң сақтау керек?
• Күз мезгілінде табиғатта қандай
өзгерістер болады?
• Бақылаушы адам қандай қасиеттерге
ие болуы керек?
• Үйде қандай тәжірибелерді жасауға
болады?
• Табиғатқа байланысты қандай мақал,
тыйым сөздер мен өлеңдерді еске
түсіруге болады?
• Қоршаған ортада қандай еңбек іс-
әрекетін атқаруға болады?
Қысқаша шолу


Page 18

18
Балалар «Жаратылыстану» пәнінен, «бақылау», «бақылаушы», «тәжірибе жасаушы» ұғымдарымен танысады; тәжірибе
жасау кезінде әліппе-дәптердегі кейіпкерлердің суреттері тәжірибелік жұмыстар жүргізетін «тәжірибе зертханаға» жол
көрсетіп отырады.
«Әліппе-дәптердегі» берілген негізгі шартты белгілермен танысады. Жұмыстың соңында балаларға «бақылаушы-
балдырған» деген ат беріліп қорытындыланады. Тәжірибелік бөлімде табиғатты бақылау, тәжірибе жұмыстары сияқты
іс-шаралар қарастырылады.
Пән бағдар-
ламасына
сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылатын оқыту
іс-әрекеттері
Педагогке арналған
ескертпелер
Оқыту
ресурстары
Жанды
табиғат
1.1. Табиғат
әлемін танудың
қарапайым
әдістері
0.1.1.1. «Бақылау»
ұғымын және оны
өткізу кезендерін
түсіну
1. Мен табиғатты бақылай
аламын ба?
(Ұ) ҰОҚ барысында ба-
лалармен тиімді жұмыс
жүргізу үшін ұжымдық
ынтымақтастық қарым-
қатынас орнату. Бақылау
әрекетіне қатысты суреттер
мен тәжірибе ұсынылады.
(Ұ) Педагог балалардың
қызығушылығын оятып,
білімдерін белсендіреді.
Балаларға сурет арқылы
бақылаудың мәнін түсіндіреді.
Рефлексия кезеңінде берілген
мақсатқа оралып отыру.
Балаларға адамдардың бір
нәрсені білуге құмарлығының
нәтижесінде қоршаған ортадағы
көптеген заттардың адам
қолымен жасалатынын түсіндіру.
Бір нәрсені білу, үйрену – бұл
адамның бойындағы ең жақсы
қасиет. Адам ерте кезден-ақ
табиғатты бақылап, білімін
жетілдіріп, оны кейінгі ұрпаққа
үйретіп отырған.
Балаларға түсінікті және
қарапайым суреттерді қолдану.
Әуен ойнатқыш.
Суреттер.


Page 19

19
(Ұ) «Қарлығаштың құйрығы
неге айыр?» мультфильмінен
үзінді көруді ұсыну.

(Ұ, Ж) Балалар әліппе-
дәптермен танысады:
кейіпкерлер, шартты белгілер,
автордың алғы сөзі.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балаларға сурет бойынша
тірек сөздердің көмегімен
әңгіме құрастыруға тапсырма
беру.
Балалардан адамдардың
табиғатты бақылауы не үшін
қажет екендігі туралы ойланып
жауап берулерін өтіну.
Үлгі сұрақтар:
• Жанды және жансыз табиғатқа
не жатады?
• Жануарлар неге жабайы
және үй жануарлары болып
бөлінеді?
• Күн неге жарқырайды?
• Кемпірқосақ қай мезгілде пай-
да болады?
• Өсімдіктің тіршілігі үшін не
қажет?
Қорытынды жасай отырып: ба-
лалар мына түсініктерді ұғынуы
қажет:
Табиғат – күн, ауа, жер, су,
өсімдіктер, жануарлар.
Қоршаған дүние – айналадағы
табиғат және адамдар жасаған
заттар.
Бақылау – қоршаған орта мен
табиғат құбылыстарын танып
білу.
Бақылаушы – қоршаған орта мен
табиғат құбылыстарын арнайы
танып білуші адам.
Тәжірибе – бұл табиғат
құбылыстары мен заттарды
танып-білудің әдіс-тәсілдері.
«Қарлығаштың
құйрығы
неге айыр?»
мультфильмінен
үзінді.
Әліппе-дәптер.
Табиғат аясын-
да іс-әрекетпен
айналы-
сып жүрген
адамдардың
суреттері.


Page 20

20
(Ұ) Сергіту сәті.
Адамдардың табиғат аясын-
да қалай жұмыс істейтінін,
тәжірибелік жұмысты қайда
өткізетіндігін болжамдау.
Әліппе-дәптердегі тапсырма-
ларды орындайды.
(Ө) Рефлексивтік бағалау.
Балалар жеке немесе топ болып
жұмыс істейді.
Балаларға қорытынды жасауға
көмектесу.
Әліппе-дәптермен жұмыс
жүргізіледі.
Балаларға ҰОҚ-да өз
жұмыстарын өздері бағалауды
ұсыну: колбаны әртүрлі түспен
бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім.
2-деңгей – түсіндім, бірақ
түсіндіре алмаймын.
3-деңгей – бәрін түсіндім,
басқаларға да түсіндіріп бере
аламын.
Әуен ойнатқыш.
Әліппе-дәптер.
Дәптердегі су-
рет.
0.1.1.2. Табиғат
нысандары мен
құбылыстарына
қысқа уақыт
2. Табиғат құбылыстарын
қалай байқауға болады?
(Ұ) ҰОҚ барысында жұмыс
үшін қолайлы жағдай туғызу,
Топсаяхатқа шығуды ауа
райының қолайлы кезінде
Табиғат
құбылыстары


Page 21

21
аралығында
бақылау жүргізу
«психологиялық дайындық».
«Табиғат құбылыстары»
туралы мәтін оқу.
(Ұ) Педагог балалардың
білімдерін белсендіреді.
Мақсатты тұжырымдау.
Балалар үлестірмелі
материалдар арқылы
«бақылау» деген сөзді табады.
(Ұ) Сұрақтар қойылады:
Табиғат құбылыстары дегенді
қалай түсінесіңдер? Қандай
табиғат құбылыстарын
білесің? Жылдың қай
мезгілінде жаңбыр жауады?
Қай мезгілде қар жауады?
(Ұ) Топта отырып-ақ
жаңбырдың қалай жауып
тұрғанын бақылауға болады,
қатты немесе себелеп.
«Қатты», «себелеп» деген
сөздердің мағынасын түсінуге
машықтандыру.
Жақын маңдағы саябаққа
баруға ұсыныс тастаңыз.
ұйымдастырып, өзіндік іс-
әрекетке түсуге мүмкіндік беру.
Қызығушылықты ояту.
Балалар берілген сурет түрлері
бойынша өз ойын еркін жеткізіп,
ҰОҚ тақырыбын болжамдап
айтады.
Мектептің айналасында өсіп
тұрған ағаш түрлерін бақылау.
Баланың бойына «байқағыштық»
қасиеттерді қалыптастыруға
көмектесу.
• Табиғат құбылыстарының
ерекшелігін байқай білу
іскерлігі;
• Тақырып бойынша сұрақ қоя
білу іскерлігі;
• Табиғат аясындағы
өзгерістерді өз бетінше
пайымдап, дәлелдер келтіре білу
іскерлігі;
• Байқағанын шығармашылық­
пен жеткізе білу шеберлігі.
бейнеленген
суреттер.
Музыкалық
әуен.


Page 22

22
«Бақылағыш» деген
түсініктің мағынасын
түсіндіру.
Қатты жауған жаңбыр қалай
деп аталады? Қай мезгілде
күн жарқ етіп шығады?
Кемпірқосақ қай мезгілде
пайда болады? Жаңбырдан
кейін теректің жапырағынан
күнге шағылысқан нелерді
көруге болады? Осы
сұрақтарға жауап іздеу.
(Ұ, Қ) Балаларға жапырақтың
сыбдырын тыңдату және мына
сұрақты қою: Саябақ ішінде
тағы қандай өзгеріс болыпты?
(Саябақта жаңбыр жауып тұр).
(Ұ) Жаңбырдан кейінгі ағаш
бұтақтарының бүршіктерін
бақылау. Саябақ ішінің иісі
қандай?
Бақылау кезінде қойылатын
сұрақтар:
• Күн неліктен жарық болып
кетті?
• Қайыңның жапырағындағы
мөлдір тамшылар қайдан пайда
болды?
• Кемпірқосақ қай мезгілде
пайда болады?
• Кемпірқосақтың түсі қандай?
Табиғат құбылыстарын танып-
білуге деген құштарлықтарын
ояту, талпындыру.
Жоспар бойынша жұмыс
жүргізу. Бақылау бойынша
қорытындыны бірлесіп шығару.
Дидактикалық
материалдар.
Жаңбырдан
кейінгі ағаш
жапырақтары.
Ағаш
жапырақтары.


Page 23

23
Практикалық жұмыс «Мен
бақылап үйренемін».
(Ұ) «Табиғат құбылыстары»
деген түсінікті ғылыми түрде
түсіндіру.
Топқа келген соң, әліппе-
дәптермен жұмыс жүргізіледі.
(Ө) Рефлексивтік бағалау.
Тапсырмаларды орындайды.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыс­
тарын өздері бағалауды ұсыну:
колбаны әртүрлі түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім.
2-деңгей – түсіндім, бірақ
түсіндіре алмаймын.
3-деңгей – бәрін түсіндім,
басқаларға да түсіндіріп бере
аламын.
Әліппе-дәптер.
Әліппе-дәптер.
Жанды
табиғат
0.1.1.3. Алынған
ақпаратты ұсыну
және қорытынды
жасау
3. Бақылау кезіндегі әсерің
қандай?
(Ұ) ҰОҚ барысында жұмыс
үшін қолайлы жағдай туғызу.
Табиғат құбылыстары
бейнеленген суреттер.
(Ұ) Балалардың қызығушы­
лығын оятып, білімдерін
белсендіру мақсатында
жұмбақ шешу ұсынылады.
Балаларға өздерінің білетін
іскерліктері мен дағдыларын
пайдаланып, топтасып жұмыс
істеуге көмектесу. Олардың
жұмыс екпінін тоқтатпай,
жұмыстың қарқынды жүруіне
жағдай жасау.


Page 24

24
ҰОҚ-ның соңына дейін
қандай мақсатқа жететіндерін
анықтайды.
Дәптердегі сурет бойынша
жұмыс: табиғатты бақылау
үшін, мысалы, алмаағашын
бақылау үшін не істеу керектігі
сұралады. Оқушылардың
жауаптары тыңдалғаннан
табиғатты бақылауға сезім
мүшелері көмектесетіні
түсіндіріледі. (Көзбен
көреді, мұрынмен иіс
сезеді, қолмен ұстап көреді,
құлақпен естиді, тілмен дәмін
сезеді). Табиғатты арнайы
құралдармен де бақылауға
болады. Мысалы үлкейткіш
әйнекпен ұсақ заттарды көруге
болады.
Адам жанды табиғат бөлігі
екендігі айтылады. Балалардан
адамның тіршілігі үшін не
қажеттілігі сұралады.
Балалардың ықыластарына
тосқауыл қоймау.
Үлгі жауаптар: алмаағашының
жапырақтары жасыл, діңі қоңыр,
жемісі қызыл. Жемісінің дәмі
тәтті.
Адам тіршілік етуі үшін ауа
қажет. Ол – табиғаттың бір
бөлігі.
(Ө) Дәптермен жұмыс.
Адамның тіршілігіне қажетті
заттардың суреттерін салады.
Рефлексивтік бағалау.
Балаларға ҰОҚ-да өз
жұмыстарын өздері бағалауды
ұсыну: колбаларды әртүрлі
түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім.


Page 25

25
2-деңгей – түсіндім, бірақ
түсіндіре алмаймын.
3- (үш) деңгей – бәрін түсіндім,
басқаларға да түсіндіріп бере
аламын.
0.1.1.4. Педагог-
тің көмегімен
болжамдар жасау
және оларды өзді-
гінен топта шешу
4. Тәжірибені қалай
жасауға болады?
(Ұ) ҰОҚ барысында жұмыс
үшін қолайлы жағдай туғызу.
Тәжірибе жасап жатқан бала-
лардың суреттері.
(Ұ) Балаларды өзекті мәселені
шешуге ынталандыру.
– Балалар, жазда суға
шомылуға барғанда міндетті
түрде қастарыңда үлкен адам
болуы керек. Жалғыз суға
баруға болмайды. Суда
жүзе білмесеңдер теңіз
толқыны алып кетуі мүмкін,
сондықтан
Рефлексия кезеңінде берілген
мақсатқа оралып отыру.
Балалар сурет бойынша ҰОҚ
тақырыбын айқындайды. ҰОҚ
соңына дейін жету қажет мақ-
сатты анықтайды. (Сол мақсатқа
рефлексия кезеңінде қайтып
оралады).
Балалардың біліміне сүйену.
Балалар баллонның іші ауаға
толтырылғандықтан суға батпай-
тынын түсінеді.
Бақылау жұмысы арқылы көпте-
ген нәрселерді білуге болатын-
дығын айту.


Page 26

26
суға түсуге арналған резеңке
баллонды пайдаланған жөн.
Резеңке баллон сендерді суға
батып кетуден сақтайды,
себебі резеңке баллон суға
батпайды. Өйткені оның іші
ауамен толтырылған.
(Т) «Резеңке ойыншық суға
неге батпайды?» деген сұрақты
талқылау.
(Ұ, Ұ) Педагогтің көмегімен
бақылау кезеңдерімен таны-
сады. (бақылау кезеңдері
қайда?)
(Ұ) Сергіту сәті.
Топтағы әр бала бір-бір заттан
алып, өздерінің болжамдарын
айтады: мына зат суға батады
немесе батпайды. Осы болжам-
дарын іс жүзінде тексереді.
Қорытынды: кейбір заттар су
бетінде қалқып жүреді. Зат-
тың су бетінде қалқуы оның ...
(көлеміне) және ... (пішініне)
байланысты емес, оның қандай
материалдан жасалғанына бай-
ланысты.
Резеңке ойыншық суға
батпайды, өйткені ...
(резеңкеден жасалған, ішіне ауа
толтырылған).
Резеңке ойыншықтың неліктен
суға батпайтындығын түсіндір.
Тәжірибе жүргізген кезде
қауіпсіздік ережелерін сақтау
қажет: тәжірибе ересектердің
көмегімен жүргізіледі. Үшкір
заттарды ауызға салуға; белгісіз
заттарды иіскеуге; пышақпен
кесуге, сіріңке жағуға болмайды.


Page 27

27
(Ұ) Балалар қорытындыны өз
беттерімен шығарады.
(Ұ) Балаларды қорытынды
нұсқамен таныстыру.
Қорытындыны көрсету.
(Ө) Дәптермен жұмыс (түрлі
деңгейдегі тапсырма).
Қалыптастырушы бағалау: өз-
дігінше орындай алу деңгейі.
Рефлексивтік бағалау.
Қорытынды жасай отырып:
балалар мына түсінікті ұғынуы
қажет:
Тәжірибелік жұмыс – бұл да
ақпарат дереккөзі.
1. Суға батпайтын заттарды
белгілейді.
2. Қауіпсіздік белгілерінің сурет-
терін салады.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыс­
тарын өздері бағалауды ұсыну:
колбаны әртүрлі түспен бояй­ ды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсін-
діре алмаймын.
3-деңгей – бәрін түсіндім, басқа-
ларға да түсіндіріп бере аламын.
0.1.1.5. Күнделікті
өмірдегі табиғат
туралы білімнің
маңыздылығын
түсіндіру
5. Табиғат деген не?
(Ұ) ҰОҚ барысында жұмыс
үшін қолайлы жағдай
туғызыңыз.
Табиғат құбылыстары мен
өсімдіктер, жануарлар бейне-
ленген суреттер.
Табиғат – біздің өміріміздің тіре-
гі болып тұрған әсем дүние.
Табиғат адам өмірінің барлық
қажеттілігін өтейтін болған-
дықтан, ол ешқашан ештеңемен
ластанбауы тиіс.


Page 28

28
Балалар сурет бойынша ҰОҚ
тақырыбын болжамдап ай-
тады. ҰОҚ соңында қандай
мақсатқа жететіндіктерін
анықтайды.
Карточкаларды тарату арқылы
жылдың қай мезгілі екендігін
анықтату және «Жыл мезгілде-
рі» атты бейнеролик көрсету.
Бейнеролик бойынша сұрақтар
қою:
Неше жыл мезгілі бар? Жыл
мезгілінің ерекшеліктері қан-
дай? Әр жыл мезгіліне сәйкес
адамдар қалай киінеді? Қандай
өзгерістер болады?
Табиғат тазалығын сақтайтын
да, оны бүлдіретін де – адам.
Табиғат – тіршілік көзі, біздің
өмірімізде маңызды орын ала-
тындығын түсіну.
Табиғатты қорғау заңын тек
үлкендер ғана емес, балалар да
сақтауы тиіс.
Нәтижесінде балалар бізді қор-
шаған орта: жан-жануарлар мен
өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен
алыстағы жұлдыздар – осылар-
дың барлығы да табиғат деген
ұғымды білдіретіндігін түсінуле-
рі қажет.
Жыл мезгілін анықтайды.
Балалар жеке немесе топ болып
жұмыс істейді.
Төрт жыл мезгілінің бізге ға-
жайып күй сыйлайтынын түсіну.


Page 29

29
Балаларға сурет бойынша
әңгіме құрастыруға тапсырма
беру.
Суретпен жұмыс.
Табиғаттағы ағаштарға назар­
ларын аудару. Ағаштардың
ерекшелігімен таныстыру. Та-
биғаттың сұлулығы мен әсем-
дігін көре білуге үйрету.
Сұрақтар қойылады: Балалар,
қазір жылдың қай мезгілі? Ауа
райы қандай? Жапырақтардың
түсі қандай болады? Табиғат
дегеніміз не? Адамдар қалай
киінген? Құстар не істейді?
Жыл мезгілдерінің айыр-
машылығы неде?
Балалардан адамның айна-
ладағы дүниемен қарым-қа-
тынасы жайлы ойланып жауап
берулерін сұрау.
Сұрақтарға жауап береді.
Суреттерге мұқият қарайды.
Жануарлар тіршілігіндегі
өзгерістерді айтады.
Әліппе-дәптердегі тапсырма-
ларды орындайды.
Сурет.


Page 30

30
(Ө) Рефлексивтік бағалау. Балаларға ҰОҚ-да өз
жұмыстарын өздері бағалауды
ұсыну: өсімдікті әртүрлі түспен
бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсін-
діре алмаймын.
1, 2 және 3-(үш) деңгей – бәрін
түсіндім, басқаларға да түсін­
діріп бере аламын.
1.2 Өсімдік-
тер әлемі
0.1.2.1 Өсімдіктің
тірі табиғат бөлігі
екендігін анықтай
отырып, өсімдік
тіршілігіне қажет-
ті жағдайдарды
анықтау
6. Өсімдіктің өсуі үшін не
қажет?
(Ұ) ҰОҚ-ға қолайлы жағдай
орнату. Әртүрлі өсімдік-
тер бейнеленген суреттер
ұсынылады.
(Ұ) Өсімдіктер туралы жұм-
бақтар шешкізу.
(Ұ) Жұмбақтардың жауап-су-
реттерін көрсету. Бұл өсімдік-
тердің қандай ұқсастықтары
мен айырмашылықтары бар?
Өсімдіктерді неге жанды та-
биғат қатарына жатқызамыз?
(Ұ) Сұрақтар:
Өсімдікке су не үшін қажет?
Өсімдіктер топырақсыз өсіп-
өне ала ма?
ҰОҚ-ның тақырыбын балалар
өздері табады.
Балалардың білімдеріне сүйе-
ніңіз.
Балалар бір-біріне сұрақтар қо-
яды, қиналған сәтте бір-біріне
көмектеседі.
Өсімдіктер балаларға таныс бол-
мау керек.
Өсімдіктердің
суреттері.
«Өсімдіктер
әлемі» бейне-
таспасы.
Әртүрлі өсімдік
түрлері.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!