Тақырыбы: «Жарық
жұлдыз» интеллектуалдық
сайысы.
Мақсаты:
1.Білімділік.Оқушылардың өз бетімен
тапсырмаларды орындауға үйрету,олардың жан-жақтылығын,математика
пәніне деген қызығушылығын байқау.
2.Дамытушылық. Оқушылардың жекелеме
ерекшеліктеріне байланысты оқу
үрдісінің логикалақ құрылымына,оқушылардың ойлау
қабілетін есте сақтау,сөйлеу мәнерін,ынтасын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылардың өз бетінше
жұмыс істеуге үйрету,еңбекке
баулу,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа,мақсатына жете білуге
тәрбиелеу.
Түрі: Интеллектуалдық
ойын
Әдісі:Топтық,ұжымдық
Көрнекілігі:Интерактивті
тақта.
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар
мен оқушылар!Математканың жанкүйерлері!Бүгін өткізіліп отырған 8 -
сынып пен 9– сынып оқушыларының арасындағы математикалық сайысқа
қош келдіңіздер!
-Уа,халайық,халайық
Бәріне жар
салайық
Бүгінгі кеш
төрінде
Математика елінде
Математика
тілінде
Жұмбақ шешіп
аңдысып
2-жүргізуші:
-Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1-жүргізуші:
-Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Біреуінің дөңгелектен биі
бар,-дей отырып ортаға 8 «а» сынып оқушыларынан құралған «Трапеция»
және 9 «а» сынып оқушыларынан құралған «Квадрат» ,9 «б» сынып
оқушыларынан құрылған «Ромб» топтарын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Шыдамды еңбек алғыр ой
Көңілге оны тоқып қой
Ғылымдардың патшасы
Анық оны біліп қой
Математикадан табылмақ
Өмірдегі болатұғын
заңдылық,-дей келе бүгінгі сайысымызды әділ де,адал бағасын беретін
әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Бегеева А.И
2.Қошқарова Ж.А
3.Имақаева А.З
1-жүргізуші: Асып әсте саспайық
Батыл қадам жасайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә қалыспа
Кеш қызығын,ей достар
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық
Сайыстың шарттары:
I.
Жалпы
сұрақтар.
II. «Зерделілер»
сайысы
III. «Кім көп біледі?» (сұрақтарға
жауап беру)
IY. Формулаларды білесің
бе?
Y.
Жұмбақтар
сайысы
2-жүргізуші:Ақынжанды
болмаған
Математикте бола алмас
Жақсы шумақ тумаса
Көңілге әсте қона алмас
1-жүргізуші: Математика барлық
пәндердің патшасы
Онсыз құралмайды өлшеусіз картасы
Жауаптарын дұрыс шешіп
табатын
Керегіне жаратамыз біз оны
Онсыз пәннің келіспейді
ажары,-деп I-турымызды бастаймыз.Бұл турда әр командаға 5 сұрақ
қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.Олай болса
сайысымызды бастайық.
-
Жалпы сұрақтар
«Трапеция» тобына:
1 Қарама-қарсы қабырғалары
параллель болатын төртбұрыш
(Параллелограмм)
2 Үшбұрыштың екі
қабырғаларының орталарын қосатын кесінді
(үшбұрыштың орта
сызығы)
3 функциясының графигі
қалай аталады?
(парабола)
4 Кез-келген шексіз
периодты емес ондық бөлшек
(иррационал
сан)
5 Кесіндінің ортасы арқылы
өтетін және кесіндіге перпендикуляр түзуді кесіндіге .... деп
атаймыз
(орта
перпендикуляр)
«Квадрат»
тобына
1 аx+by=c түріндегі теңдеу қалай
аталады?
(екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеу)
2 Сандық мәнімен қатар
бағытымен де сипатталатын шама
(вектор
)
3 Екі айнымалыдан тұратын
теңсіздікті қалай атаймыз?
(екі айнымалысы бар
теңсіздік )
4 Қандай векторды нөлдік
вектор дейді?
(бастапқы нүктесі мен ұшы
беттескен вектор)
5 Жуық мән мен дәл мән
айырмасының абсолют шама қалай
аталады?
(абсолюттік
қателік)
«Ромб»
тобына
1 Ұзындықтары тең және
бірдей бағытталған векторлар қалай аталады?
(тең
векторлар )
2 Қандай
векторлар бағыттас
векторлар
деп аталады?
(бағыттары бірдей
векторлар )
3 Егер векторлардың
арасындағы бұрыш 90°-қа тең болса, онда ...
(перпендикуляр
векторлар )
4 Қандай векторлар бірлік
векторлар деп аталады?
(вектордың ұзындығы бірге
тең болса)
5 Жазықтықтағы нүктелер
жұбының арақашықтығын сақтайтын түрлендіруді не деп
атайды?
(қозғалыс)
2-жүргізуші: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де
есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз өмір сүрген
мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасын есеп
десек,-деп келесі турымыз «Зерделілер» сайысына береміз. Яғни бұл
турда10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар беріледі. Соларды таңдау
арқылы қойылған сұрақтарға жауап бересіздер.
«Трапеция» тобына:
10-ұпай Екі нүктенің арасындағы түзу
/кесінді/
20-ұпай Жарты түзудің басқаша атауы
/сәуле/
30-ұпай Ең алғашқы әйел математик
/С.Ковалевская/
40-ұпай Бір орынды санға тағы сондай санды тіркеп
жазғанда,сан неше есеге көбейеді? /11есеге/
50-ұпай Көбейтіндісі
де,қосындысыда бірдей 3 санды ата?
«Квадрат»
тобына
10-ұпай Жүзден бір бөлік не
деп аталады? /процент/
20-ұпай Бір жазықтықта
жататын, бір-бірімен қиылыспайтын
түзулер?/параллель/
30-ұпай
Математик,дәрігер,ақын, музыкант,екінші Аристотель атағын алған
ғұлама?/Әл-Фараби/
40-ұпай Төрт қайын қатар өсіп
тұр, әрбір қайыңда 4-4-тен кішкене бұтақ бар. Әрбір бұтақта 4-4-тен
кішкене алма бар.Барлық алма саны қанша?/Бірде-бір алма жоқ.Қайында
алма өспейді.
50-ұпай Дәлелдеу арқылы
қабылданатын тұжырым./теорема/
«Ромб»
тобына
10-ұпай Ең үлкен екі таңбалы сан/99/
20-ұпай Таңбалары әртүрлі сандардың
бөліндісі./теріс сан/
30-ұпай «математика- ғылымдар патшасы, ал
арифметика – математика патшасы»/Гаусс/
40-ұпай «Трапеция» сөзін ежелгі гректер қалай
атаған/орындықша/
50-ұпай Цифрларының қосындысы
2-ге тең болатын 5 таңбалы қанша сан бар?/бес/
1-жүргізуші: Көңілді
тапқырлар,білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы
болады,-дей отырып «Кім көп
біледі?» сайысына жол береміз. Бұлтурда
әр топтың басшыларына10сұрақтан беріледі.Әрбір сұрақ
5ұпайдан
III. «Кім көп
біледі?»
«Трапеция» тобының
сұрақтары:
1.Сандардан және амал
таңбалардан құрастырылған өрнек не деп аталады?/санды
өрнек/
2.Тік
төртбұрыштың периметрі/p=2a+2b/
3. Квадраттық функцияның
графигі/парабола/
4. 612 саны 3-ке бөліне
ме?/бөлінеді/
5.
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хордасы/диаметр/
6.
Бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса,ол қалай аталады?
/бұрыс/
7. 1-ге
және өзіне бөлінетін сандар қалай аталады?/өзара жай
сандар/
8.12-ні
10 есеге арттыр /120/
9. Бір
жазықтықта жатпайтын,бір-бірімен қиылыспайтын түзулер
/айқас/
10.Өзә
шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле /биссектриса/
«Квадрат» тобының
сұрақтары:
-
Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер.
(Айқас түзулер)
-
Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам?
(Р.Декарт)
-
Жарты түхудің басқаша атауы? (Сәуле)
-
3 пен 4 – тің арасына қандай таңба қойғанда, 3 -
тен кем 4 – тен артық сан шығады? (үтір)
-
Конус дегеніміз? (Тік бұрышты үшбұрыштың
катеттерінің бірінен айналдырғанда пайда болатын геометриялық
денені айтамыз)
-
y = sin x
функциясының графигі? (Синусоида)
-
y = tg x
қандай
функция? (тақ,периодты)
-
Тригонометрилық теңдеу дегеніміз? (Айнымалысы
функция таңбасының ішінде болатын теңдеу)
-
Функция дегеніміз? (Х жиынындағы х – тің әрбір
мәніне У жиынының нақты бір мәнін сәйкес қоятын ереже немесе
заңдылық)
-
«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика
математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)
«Ромб» тобының
сұрақтары:
-
Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)
-
Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер
өлшеу)
-
Төрт қабырғасы тең төртбұрыш?
(Квадрат)
-
Вектор дегеніміз? (Бағытталған
кесінді)
-
ах+by = c қандай теңдеу ? (Екі
айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
-
Сандар тізбегін неше тәсілмен шешуге болады?
(4)
-
Шексіз кемел геометриялық
прогрессия дегеніміз? (Еселігі [q<1]болатын геометриялық
прогрессия)
-
Қозғалыс дегеніміз не? (Жазықтықтағы нүктелер
жұбының ара қашықтығын сақтайтын түрлердіру)
-
x
2 + y
2 = R
2 функциясының графигі
(шеңбер)
-
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей – ақ
қойсын» сөзінің авторы? (Платон)
-
2-жүргізуші:Математика,математика қандай
қиын
Оқымасаң шешілмейді
ешбіртүйін
Ал өмірде тек соның
көмегімен
Орындалар
заңдылық,байлам,дүйім
Келесі
тур Формулаларды білесің
бе?
IY. Формулаларды білесің бе?
(әр командаға 5 формуладан)
«Трапеция»
тобына:
-
Трапецияның орта сызығы?
-
Квадраттың ауданы?
-
Үшбұрыштың орта сызығы?
-
-
Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы?
«Квадрат» тобына:
-
Екі вектордың скаляр көбейтіндісінің арасындағы
бұрыш?
-
-
Пифагор теоремасының формуласы?
-
Квадраттық теңдеу
-
нешеге тең?
«Ромб» тобына:
1.
2.
Екі
вектордың скаляр көбейтіндісі?
3.
Трапецияның орта сызығының формуласы?
4. Квадраттық теңдеудің әртүрлі
екі түбірініңформуласы?
5.
нешеге
тең?
1-жүргізуші: Мұнда қызық табылар
Сурет,жұмбақ бәрі
бар
Сөз жұмбақ та, сан
жұмбақ
Суретті жұмбақ шеш
жұмбақ
Яғни келесі сайысымыз:
Y.
Жұмбақтар сайысы
-
Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона
бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін
көрсететін
Қандай сан бар, достарым
айтыңдаршы.
(Бөлшек сан)
-
Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте
көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық
сенікі
(Кесінді)
-
Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не
екен?
(Бұрыш)
-
Айналған шешу құралынан
Төрт саны араласқан
құрамына
Теңдеудің түбірі нешеу
деген
Қандай сан жауап берет
сұрағыңа.
(Дискриминант)
-
Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып
терлейді.
Бірін – бірі
көрмейді
Бір мәреге
келмейді.
(Параллель
тузулер)
-
Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден
тұрады.
Егер оны
ықшамдасаң
Қандай атау
болады
(Дәреже)
-
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге
ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай
сан
Жан – жағыңа
қарамай
(Натурал
сан)
-
Күшіне мінген бір мықты
Жығып салып
сегізді
(Шексіздік)
-
Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған
беделі.
Квадраттасаң егер
оны
Жоғалтпассың сен
оны.
(Квадрат түбір)
-
Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп
өнген.
Шыбық сайын жетіден
жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш
көзің көрген
(12 ай, 1
жылда 52 апта, 1 аптада 7 күн)
2-жүргізуші: Әділқазылар қорытынды шығарғанша
көрермендерге сұрақтар қоямыз
1-жүргізуші:Олар жайлы төрені
Көрермендер өздерің
Ақ қарасын айырып
Куә болды
көздерің
Әділқазыларсөз кезегі өздеріңізде
Қорытынды.
Сайыста көп ұпай жинаған
команда жеңіске жетеді.
2-жүргізуші: Көңіл бөліп бұл
кеште,
Келгендерге көп рахмет,
Шын
сезінген көрерменге
Мың
рахмет, мың рахмет!!!
Осымен біздің «Жарық жұлдыз»
атты сайысымыз аяқталды.Сау болыңыздар!