“Жас маман” Жаңа жоба біздің
ертеңіміз
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2019 жылғы қаңтар айының 23-індегі Жастар жылы
салтанатты шарасының ашылуында «Жас маман» жобасын әзірлеу туралы
тапсырма берген болатын. «Жас маман» жобасы аясында оқу орындарының
техникалық мүмкіндігі жақсартылады.
Жастар жылы
аясында қолға алынған «Жас маман» бағдарламасы бойынша еліміздегі колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Бұл заманға сай
білікті маман әзірлеу мақсатында қолға алынған іс. Қазір бағдарлама талаптарына сай
келетін оқу
орындары іріктеліп алынды. Негізгі мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие
білікті мамандар даярлау, орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін артыру. Оның ішінде материалдық-техникалық базасын жаңғырту және
оны жетілдіру, кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары бар.
«Нәтижесін
де көптеген жас маманды
жаңа стандарттар
бойынша
даярлап, оқытушының
біліктілігін
арттыру, халықаралық
тәжірибені
енгізу. Әр облыста
заманауи
технологиямен
қамтамасыз
етілген
үздік он колледж
қамтылуы
қажет екендігі
айтылды.
«Жас маман» жобасы
еңбек нарығында
сұранысқа
ие білікті
кадрлар
даярлауды, сондай-ақ колледждер
мен жоғары
оқу орындарында
кәсіпкерлік
негіздеріне
оқытуды
ұйымдастыру
және қаржыландыру
қағидаларына
сәйкес
«Жас маман» жобасы
іске қосылғаннан
кейін колледжіміз
ұсыныс
беріп, іріктеу
кезеңіне
қатысты.
Былтыр республика бойынша 80 мемлекеттік колледж таңдап алынса, соның ішінде аймақтағы біздің арнаулы оқу
орны жаңа
жобаға екі
мамандық бойынша қатысып, жеңімпаз атанды. Олар: автоматтандыру және
реттеу, технологиялық жабдықтар, мехатроника, бақылау-өлшеу аспаптары және
өнеркәсіптегі автоматика және
тағы да
басқалар. «Жас
маман» жобасы бойынша материалдық техникамен жабдықтау және
қажетті құралдарды сатып алу
үшін колледжге республикалық бюджеттен 350 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күні
сатып алу
орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл
бағдарлама
аясында
жаңғыртылған
оқу орындарының
жанынан
жастардың
инновациялық
жобаларын
қолдайтын
стартап-орталықтар
құрылуда. Осы ретте еліміздегі
жоғары
және арнаулы
орта оқу орындарында
дуалдық
білім беру жүйесі
тәжірибесі
кеңінен
енуі қажет. Өйткені, теория
мен практика
ұштасқан
жерде нәтиже
болатыны
белгілі. Жобаны
жүзеге
асырушылардың
сөзінше, салалық
халықаралық
стандарттардың
енгізілуіне
байланысты
кәсіпорындардың
жұмыс істеп тұрған
қызметкерлерін
олардың
талаптарына
сәйкес
оқыту және қайта даярлау
бөлігінде кәсіпорындармен
өзара тиімді
ынтымақтастық
орнатылады.
Бұл колледждерге компанияның оқу/тренинг орталығы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді. ал құзыреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және
стартап-жобаларға тарту жұмысы ұйымдастырылады. Ұстаздық – өмірдегі көп
мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше қажет ететін мамандық. Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, – дейді.
Білім
беру жүйесі
мамандардан
кәсіби
икемділік
пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық
қызмет
пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру
жағдайындағы
біліктілікті
қажет етеді. Өйткені қазіргі
жас буын – еліміздің келер күнгі
келбеті.