Жас маманға тәлімгерлік көмек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас маманға тәлімгерлік көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар мен тәлімгерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәлімгер Дуйсенбаева Асем Аманжановнаның тәліпі Шаратбеков Таңат Төлеуұлымен жүргізген жұмыстарының есебі

08.10.2018 жыл


Тәлімгерлік үдеріс


Тәлімгерлік - ұзақ  уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп  арасында,  сенімді,  жеке тұлғаға бағытталған  қарым – қатынаc  құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,  ойлауын тәжірибелік іс-амалдардың тиімділігін жеткізуде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәліпке тәлімгерлік ету барысында  мен өзімнің білімім мен тәжірибемді бөлісемін және тәліптің оқу үдерісіне өзгеріс енуіне ықпал етемін, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, сонымен қатар студенттерді креативті білім беруде инновациялық интерактивті әдістерді тиімді пайдалана білуді үйренеді деп ойлаймын. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады. Міне осыны негізге ала отырып, тәліппен арамызда сенімді қарым-қатынас орнаса деген мақсатта мен алдымен кездесу өткізгенім дұрыс деп ойладымКездесу барысында колледжіміздің басты бағыты мен миссиясы жайлы айтып өтіп, СМЖ құжаттарымен таныстырдым. Мұндағы менің ойым тәліптің алғашқы күннен құжатты сапалы жүргізу төңірегінде ойланғанын қаладым. Тәліптің қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнама алдым(ауызша және жазбаша). Мен тәліптің дәстүрлі сабақтарына қатысып, оқытудағы өзекті мәселесін және мүмкіндіктерін анықтағаным дұрыс деп ойлаймын. Ары қарай тәліптің менің және әріптестерімнің сабақтарына қатысуы жоспарлануда. Мұндағы мақсат, тәліптің оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар түрлерін үйренуі. Келесі жоспарланған жұмыс тәліптің сабақтарына қатысу. Бұл кезде мен тәліптің студенттерді креативті ойлауға үйретудегі әдістерді қалай тиімді пайдаланып жатқанын анықтаймын деп жоспарлап отырмын. Тағы бір кәсіби отырыс өткізіп, тәліптің сабақтарына байланысты ұсыныстар мен әдістемелік көмектер бергенім дұрыс деп есептеп отырмын. Тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізуінің даму көрсеткішін мониторинг арқылы анықтаймын деп жоспарлап отырмын.

Тәлімгерлік ету барысында мен өзімнің біліміммен, іс-тәжірибеммен бөлісіп, тәліптің еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздеуіне, студентерді креативті ойлауға үйретуде әдістерді тиімді пайдалануына т.б. қолдау көрсетемін деген сенімдемін.





ТӘЛІМГЕРЛІК ЖОСПАР

Тәлімгерлік етудің мақсаты:

Креативті ойлау арқылы инновациялық әдіс тәсілдерді тиімді пайдалануды үйрете отырып, тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізу

Күтілетін нәтиже:

Тәліп оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысады, оқу үдерісін дамытуға үйренеді және қолданады

1

Кездесу өткізу

Тәлімгер мен тәліп арасында сенімді қарым-қатынас орнайды


05.09-10.09


2

Сауалнама

(жазбаша, ауызша)

Тәліптің қажеттіліктері анықталады


10.09-20.09


3

Тәліптің сабақтарына қатысу

Тәліптің мүмкіндіктері анықталады


20.09-05.10


4

Кәсіби отырыс

Тәліпке кәсіби қолдау көрсетіледі


05.10-20.10


5

Сабақтарға қатыстыру

(тәлімгер, әріптестер)

Тәліп оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталған оқытудың әдістерін үйренеді


20.10-20.11


6

Кәсіби отырыс

Тәліп пен тәлімгер бірлесіп әр типтегі сабақтарды жоспарлайды


Қараша айы


7

Коучингке қатыстыру

(тәлімгер, әріптестер)

Тәліп студенттердің ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар түрлерін үйренеді

Желтоқсан айы



8

Тәліптің студенттердің креативті ойлауға үйретудегі әдістерді пайдаланудың тиімділігі анықталады


Ақпан айы


9

Тәліптің сабақтарына қатысу



10

Кәсіби отырыс

Тәліптің сабақтарына байланысты ұсыныстар және әдістемелік көмектер беріледі


Наурыз айы


11

Мониторинг

Тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізуінің даму көрсеткіші анықталады


Сәуір айы


12

Үздік жас маман байқауына қатысу


Мамыр айы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі