Жасөспірімдер арасындағы диджитал Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасөспірімдер арасындағы диджитал Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдер арасындағы диджитал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Тәрбие сағаты

Жасөспірімдер арасындағы диджитал

Күні

31.01.2024ж

Класс жетекші

Тайбаканова Мадина Жумабековна

Класс: 6 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану, зияны және пайдасы туралы түсінік беру.

Құндылықтарды дарыту:

«АР-ҰЯТ»

-Әдеп нормаларын ұстану;


Ресімдеу:

слайд, заңдар сөздікшесі

Үлестірмелі материалдар:

Таратпа қағаздар,

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар Сабақтың техникалық құрал - жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

( 7 минут)

І. Жағымды ахуал туғызу


«Stop»әдісі,

оқушылар экранда пайда болға бейне материалға стоп де айту арқылы қасындағы оқушымен өздеріне түскен смайликтер арқылы амандасады.

ІІ. Топқа бөлу.

Classroomscreen платформасы арқылы топқа бөлінеді.

І топ

ІІ топ

ІІ топ

ІІІ. Ой қозғау: Қандай әлеуметтік желілерді қолданасыз? Интернет кеңістігіндегі қарым-қатынаста қолайсыз жағдайға қалған кезіңіз болды ма?

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді, Берілген смайликтер арқылы бір-бірімен амандасады.



Әр оқушы өз тобына отырады.





Сұраққа өз ойларын айтады






Picture 3

Сабақтың басы

(13 минут

Негізгі бөлім: Әлеуметтік желінің пайдалы, зиянды жақтары туралы ақпарат беру. Төменде кестеде берілген ақпаратты пайдалануға болады.

Интернет кеңістіктің пайдалы жақтары:

жағымсыз жақтары:


Іздеу жылдамдығы. Әлеуметтік желілерде сіз қажетті бейнені, музыканы, адамды оңай таба аласыз. Сонымен қатар, пікірлес адамдарды да сол жақтан табуға болады. Одан бөлек, әлеуметтік желі арқылы өзіңіз іздеген адамның аты–жөнін, оқу орны немесе қызметін, байланыс телефонын анықтауға мүмкіндік бар. Егер ол пайдаланушы мәліметтерді өз парақшасына жүктеген болса. Бұл өте маңызды артықшылық.

Уақыт шығындау. Біреу үшін әлеуметтік желілер пайдалы әрекет ету айдыны болса, енді біреулер түкке қажеті жоқ ақпараттарды ақтарып, бос уақытын құр өткізеді.

Байланыс пен ақпарат алмасудың қолжетімділігі. Қазір әр адамда ұялы телефон бар. Сол арқылы хат-хабар алмасу деген проблема түбегейлі жойылғандай. Ол аз десеңіз, ақпаратты әлеуметтік желіге жүктеу, электродық почтада алу да қиындық тудырмайды. Әлемнің түкпір түкпірінде болып жатқан оқиғаларды да осы әлеуметтік желіден таба аласыз.

Шын әлемнен ажырау. Әлеуметтік желілерде біз өзімізді шынайы өмірдегіден басқаша сезінеміз. Интернеттегі байланыс саласын зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, әлеуметтік желілерге кіргендердің 70 пайызы өз өмірлерін күшті етіп көрсеткісі келеді. Соның арқасында әлеуметтік желіден бай және табысты болуды көздейді. Нәтижесінде, жасалған виртуалды кескінге үйрену қаупі бар, сондықтан жерге уақытында оралу әрдайым мүмкін емес.

Пікірлестер шеңберін құру. Адамның қандай қызығушылығы болса да, ол әлеуметтік желіден өзінің пікірлестерін табатынына күмән жоқ. Ол үшін қызықты қауымдастықтар мен топтарға қосылып, өз мүддеңіз үшін әрекет етесіз. Тіпті, өзіңізге қажетті нәрсені сатып алып, сатуға да болады.

Ой-сананың бұзылуы. Егер сіз әлеуметтік желілердегі белсенді пайдаланушылардың негативті, мағынасыз пікірлеріне назар аударатын болсаңыз, ой-санаңыз да төмендейді.


Әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын жоғалту. Шынайы өмірдегі қарым-қатынасты желідегі қарым-қатынасқа ауыстыру шындық сезімі мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын жоғалтуға соқтырады. Өйткені, көзбе-көз айтылған әңгімеде смайлик қоя алмайсыз ғой. Бұл тұрғыда адамдарды құттықтау, көңіл айту сынды әрекеттердің де әсерінен айырыласыз.


Тәуелділіктің ықтималдығы. Әлеуметтік желілер тәуелділіктің үлкен әлеуетіне ие. Егер сол тәуелділікке ұрынсаңыз, интернет жоқ кезде психологиялық ауруға шалдығуыңыз да мүмкін. Әсіресе, жасөспірімдер.


Әлеуметтік желілерде алаяқтар мен қаскүнемдер де отырады. Көптеген адамдар әлеуметтік желідегі парақшасына фотосуреттерін шамадан тыс жүктеп, тіпті отбасы жайлы ақпараттарды да бөлісе береді. Бірақ, бұл қателігі өздеріне таяқ болып тиюі әбден мүмкін.


Денсаулыққа зиян. Әлеуметтік желіні тым жиі пайдалану денсаулыққа белгілі бір дәрежеде зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, экранға бірнеше сағат бойы қарап отырған адамның көру қабілеті төмендеп, физикалық белсенділігіне де кері әсер етуі мүмкін.


Жұмысқа деген ынтаның жоғалуы. Әлеуметтік желілерге тәуелді адамның белсенділігі төмендейді. Сол үшін қазір көптеген кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс уақытында ғаламторға кіруіне шектеу қойған.

Жоғарыда айтылғандардың бәріне сүйене отырып, былай қорытынды жасауға болады:

егер сіз оларды қалыпты жағдайда қолдансаңыз, әлеуметтік желілер зиян тигізбейді. Ал, ақпаратты електен өткізбей, шектен тыс қолдану әйтеуір бір зардап шектіреді.



Сабақтың ортасы

(20 минут)

1-тапсырма

«Қыстырғыш» әдісі

Оқушыларға әр түрлі браузерлер мен әлеуметтік желілер беріледі. Сол суреттерді атауымен сәйкестендіріп лентаға ретімен қыстырады

2-тапсырма

«Бал ара» әдісі

https://youtu.be/ftdqVKf_VqQ роликті көріп, не істеу керегін ойлан! Қажетті ақпараттарды «Ара ұяшығына» түсір.



Сергіту сәті

«Смайлик қайтала» әдісі

Мұғалімнің көрсеткен смайликтерін қайталау арқылы оқушыларды сергітемін.


3-Тапсырма. Ақпарат іздеу. «Қос баған» кестесін толтыр.

1-топ

Буллинг деген не?


«Моббинг» қай тілден енген сөз


Кибербуллинг сөзіне анықтама бер




2-топ

Зорлық-зомбылықтың түрлерін жаз


Физикалық зорлық-зомбылық деген не?


Буллингке қатысты үш кітаптың атын жаз


3-топ

Интернет кеңістіктің 3 пайдасын жаз.

  1. ...

  2. ...

  3. ...




- Әлеуметтік желілерді






Бейнематериалды қарайды

-ақпараттарды тақтаға жазады
























Топтық тапсырманы орындайды






Сабақтың соңы

(5 минут)

Қорытынды

Бүгінгі тақырыптан не түсінгендерін уыққа жазып шаңыраққа жабыстырады


Кері байланыс

Classroomscreen

Платформасында сабақты түсіндім, сұрағым бар, түсінбедім смайликтерін таңдау арқылы қанша пайыз түсінгенін қорытындылаймын


Оқушылар интернеттің зияны мен пайдасын ажыратып, әлеуметтік желілерде өздерін қалай қорғау керегін, қалай қауіпсіз қарым-қатынас жасауға болатынын меңгереді.



-Уыққа өз ойларын жазады





Платформамен жұмыс жасайды.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2024
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі