Материалдар / Жасөспірімдер мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерге бағыт-бағдар беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2018
1057
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

Ақтау колледжінің оқытушысы Бекбердиева Тойгул Элевсановна

Жасөспірімдердің ерекшелігі-олардың физиологиялық , дене құрлысының , күшінің , жыныстық белгілерінің қатты дамып өзгеруінде. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ерексектер қатарына қосады . Жасөспірімдердің өздерін ересектер қатарына қосуды талап ету қажеттілігі. Жасөспірімдер өздерін ересекпін деп есептеуі – өмір қағидасы. Жасөспірімнің барлық жағынан ересектікке талпынуына толық құқығы бар. Себебі ол- психологиялық , физиологиялық , жыныстық ақыл-ой , ата-анамен қатынас жағынан жетілген , үлкен өзгеріске ұшыраған кезең .Сондықтан да олар өздерін ересектер санатында ұстап , ересектерден де соны талап етеді. Жасөспірімдер ересектер қатарына кіру үшін өздеріне идеал іздейді, соларды қайталайды. Ол ата-ана , жақсы көретін, пір тұтатын адамдар , кино, әдебиет, кейіпкерлері немесе өздерінің құрбылары болуы мүмкін. Осы жерде жасөспірім жағымды не жағымсыз кейіпкерді таңдауы, мүмкіндігінше жағымды кейіпкерлерге еліктеуге итермелеу керек. Жасөспірімдердің ересектердің жолына түсуі- психологиялық-педагогикалық тұрғыда өте күрделі қарама- қайшылықта өтетін жағдай.

Біріншіден , жасөспірім өзін ересек сезінгенімен, оны ересектер қабылдамайды, ересек деп есептемейді. Ол-ересектер үшін бала, жасөспірім. Оның ересек болғысы келгенімен ересектер болдырмайды.

Екіншіден , ата-ана, мұғалімдер жасөспірімдерге ересектердің міндетін артады да баланың құқығымен шектейді

Үшіншіден , ата-ана мен мұғалімдер жасөспірімдерге еркіндік бере тұра , сол еркіндікті шектейді .

Жасөспірімдердің құрбыларымен қарым-қатынасы- тәуелсіздіктің бастауы. Жасөспірімдер балалық кезеңнен өткеннен кейін , ата-анамен қарым-қатынастан құрбыларымен қатынасқа , ой бөлісуге көшеді. Ата-ананың , мұғалімдердің , ересектердің пікірінен құрбыларының пікірін артық санайды.

Жасөсперімдердің ұжымда өз орнын табу үшін көңіл тоқтатуы. Жасөспірім балалар ұжымында, өз қатарларының арасында өз орнын табу үшін күреседі.Бұл осы жастағы баланың ең негізгі проблемаларының бірі.

Егер де мектепке дейінгі баланың пірі- мұғалім болса, жасөспірімдердің пірі –құрбылары. Жасөспірімдерді құрбыларының көзінше айыптау, балағаттау, немесе артық сөз айтып , абройын төгу-үлкен қателік.

Жасөспірімдердің өз құрбыларының арасында рөлдік орындары бар. Ол істеген істеріне, мінез-құлықтарына, қарым-қатынасына, т,б жағдайларына қарай бөлінеді. Мәселен, «Ақылды-данышпандар».Ақылды-данышпандарға интелектілігі басым, тапқыр оқушылар жатады.

Екінші топты «жігерлі, батыл, жүректі» деп атайды. Бұл топқа жататындар –негізінен спортпен шұғылданатын, дене бітімі мығым, өз құрбыларының арасында күші бар жасөспірімдер. Мұндай оқушыларды мұғалімдер ұжымы да кадір тұтады. Себебі олар мектептің намысын түрлі жарыстарда қорғайды, абырой , атақ әкеледі.

«Белсенділер» - қоғамдық жұмысқа араласып , мектепте, құрбыларының арасында абыройға бөленгендер . Мұндай оқушылар негізінен жақсы отбасынан шыққан , оқуда өз қатарларының алды болып келеді.

«Таланттылар немесе дарындылар»- өздерінің дарынына қарай шығармашылықпен айналысатын, соның нәтижесін көріп жүргендер.

«Қызығушылар» Жасөспірімдердің ішінде бір нәрсеге қызығушылары болады.Мәселен, қызық кітап, фантастика, марка, значоқ касета,фото, кино түсіру, ән құмарлық, күй құмарлық, т.б.Осындай оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізбесе, ондай қызығушылық саудагерлікке алыптастарлыққа, ақшақұмарлыққа, т.б жағымсыз қылықтарға ұрындырады.Беріліп қызығу- құмардың бір түрі. Ол ұрпаққа, заң бұзушылыққа апарып соқтырады. Осыған ата-ананың, мұғалімінің көңіл бөліп, қызығуды дұрыс жолмен дамытқаны жөн.

«Сенімді дос, жолдас» . Жасөспірімдер достық,жолдастыққа берілген. Досының, жолдасының алдында адал, сатқындықты. Көтермейді, кешірмейді. Мұндай оқушылар оқуда үздік, шығармашылықта табысты болмауы да мүмкін. Бірақ адалдығының арқасында сыйлы, тәртіпті болып келеді.

Оның жолы-баланың орынды орын іздеуге көмектесу. Мұны педагогикада «Рационализация» дейді. Оның маңызы-егер бала өзінің көксеген жоғары орнын сыныпта таба алмаса, мұғалім , ата-ана жоғарыдан төмендеу орынға итермелеу керек.

«Қиялшылдар».Жасөспірімдер қиялшыл келеді. Ойына келген, мақсат тұтқан нәрсеге жету, соған қалай талпыныс жасау, қалай орындау керектігіне байланысты бала қиялға түседі. Ол қиял орындалмауы да мүмкін. Бала өзінің қиялынна өзі сенеді.

Сублимация. Бұл латынның сөзі, мағынасы «жоғары көтерілу». Егерде бала бір ойлаған нәрсесінен қанағат ала алмаса, ол басқа іске кіріседі, өзіне лайықты, көңіліне жағымды іс-әрекетті іздейді, табады, қанағат алады, өзі бір көтеріліп қалады.

Танымдылық іс-әрекетте белсенділіктің қажеттілігі.Бастауыш сынып пен жасөспірімдердің төменгі сыныптағылары пән мұғалімін пір тұтып, сабаққа, пәнге ынтасын негізінен мұғалімнің іс-әрекетімен , оның жеке басымен байланыстырса , жасөсперімдердің жоғары сыныптағылары мұғалімнің біліміне, сабақ берісіне және пәннің мазмұнымен де байланыстырады. Ол дегеніміз- жасөспірімдердің жоғары сыныптағылары танымдылық та талғампаздық көрсете бастағанының белгісі.

Жасөспірімдер арасындағы ұл мен қыз тәрбиесі. Жасөспірімдер өздерін бозбала мен бойжеткен санатынан көрді, алғашқы пайда болады, ұл мен қыздың өздеріне тән белгілері біліне бастайды. Сондықтан да ата-ана, мұғалімдер осы ерекшеліктерге дер кезінде көңіл бөлгені жөн.

Бірінші мәселе. Жасөспірім қыздар әйелдерге, жасөспірім ұлдар ер адамдарға еліктейді, солардың тірліктерін қайталағысы келеді. Жасөспірім қыздарға әйел үлгісі жеткілікті. Себебі үйде ана, мектепте әйел мұғалімдер үлгі болып табылады.

Екінші мәселе. Біз алдыңғы көтерген мәселемізге байланысты. Бүгінде әйелдердің жұмысын атқаруда. Әйел – базаршы, әйел- дүние тапқыш , әйел- құрлысшы. Қысқасы , әйел- сол үйдің тұтқасы.

Үшінші мәселе. –ол жыныстық тәрбие . біздің мектепте айтып жүргеніміз жыныстық тәрбие емес.Ол- жыныстық қатынасқа байланысты ағартушылық , яғни сөз. Бала сөзбен тәрбиеленеді, іспен тәрбиленеді. Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру туралы әр түрлі пікірлер бар.

Мәселен, А.С.Макаренко , В.А. Сухамлинский бастаған топ «Мектептегі жасөспірімдерге жыныстық тәрбие берудің қажеті жоқ.Олар өмірден алады.» дейді.Келесі бір ғалым-ұстаздар «Жасөспірімдерге жыныстық тәрбиені бесіктен бере берсе де болады.» деп кесіп айтады.

Жасөспірімдер өздерін «ересектер» қатарына қосуды талап етеді. Жасөспірімдер ұжымда өз орнын табу үшін көңіл тоқтатады, күреседі, түрлі жағымды іс-әрекетке барады. Осыны ата-аналар мен оқытушылар ескеріп, жасөспірімдермен ерекше қатынас жасаған жөн.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!