400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаһандану челендждері

Материал туралы қысқаша түсінік
жаһандану жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаһандану - әлемді біріктіретін және ынтымақтастық пен дамудың жаңа мүмкіндіктерін тудыратын процесс. Заманына қарай амалы демекші, жаһанданудың басты идеалогиясы; адамдарды ұлттық, нәсілдік, жыныстық топтарға бөлмей, мәдени жаңғыруды көздеп, олардың ұйымдастыру қабілетін жетілдіру. Алайда, сонымен бірге, қазіргі әлемде адамзаттың алдында тұрған бірқатар қиындықтар мен кедергілер бар.

Жаһанданудың негізгі сын-қатерлерінің бірі-адамдардың материалдық жағдайы
, яғни ресурстардың тең емес бөлінуі. Әлемдік экономика біртұтас болғанымен, көптеген көмекке мұқтаж елдер мен аймақтар даму жағынан әлі артта қалуды жалғастыруда. Кедейлік теңсіздігі және әлеуметтік теңсіздікпен күресу бүгінде адамзат жаһандануының алдында тұрған басты қиындықтардың бірі болып табылады.
Жаһанданудың тағы бір
алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі-экологиялық дағдарыс. Өндіріс пен тұтынудың артуы қоршаған ортаның ластануына, климаттың өзгеруіне және биоәртүрліліктің күрт төмендеуіне әкеледі. Табиғатты қорғау және экологиялық тұрақты даму барлық елдер мен қоғамдар үшін өзекті міндеттерге айналуда. Бұл қиындықтарды жеңуге тек бірлескен күш пен халықаралық ынтымақтастық көмектесе алады. Сондай-ақ, әлеуметтік әділеттілік пен мәдени әртүрліліктің қиындықтарын атап өткен жөн. Жаһандану әлемді біртұтас етеді, оны мәдениеттер, дәстүрлер мен құндылықтар үшін ортақ кеңістікке айналдырады.

Бұл жайда
жер жүзіндегі қалыптасып үлгерген әрбір ұлт пен мәдениеттің бірегейлік пен сан-түрлілігін жоғалту қаупі бар. Алып жүрер елдердің әлемге әсер етуінің жағымсыз жақтары туралы да сөз қозғау қажет. Көптеген елдер батыс мәдениетінің үстемдігіне байланысты мәдени ассимиляция мәселесіне және ұлттық бірегейлігін жоғалтуға тап болады. Сонымен қатар, батыс елдері басқа елдердің ішкі істеріне жиі араласады, бұл қақтығыстар мен тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Өзге халыққа олардың еркіне қарсы өз тілінмен дінінді насихаттау жаһандануға қарама-қайшы келеді. Барлық халықтардың мәдени мұраларын құрметтеу әлемдік жаһанданудың жүру барысында міндетті түрде сақталуы тиіс критерий. Жаһандану адамдар арасындағы тәжірбие мен өткен-көргенді алмасу құбылысы болу қажет, әрбір жаһандануды қолдайтын мемлекет пен халықтың дамуы олардың таңдауы болуы қажет.
Жаһанданудың әлем аренасындағы салмағы айтарлықты байқалады.

Қазіргі таңда медиадағы сапалы ақпараттың басым бөлігі батыстан шығып отырады. Бест-селлер кітаптар, видео-фильмдер, үздік деген аудио-визуалды туындылар да әлемнің осы шеттерінен жарық көріп отырады. Батыс елдерінің жаһандану процесінің бүкіл әлемге әсерін бағаламауға болмайды. АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты батыс елдері әлемдік қоғамдастықтың экономикасында, саясатында, мәдениеті мен технологиясында шешуші рөл атқарады.

Батыс елдері бастаған жаһандану әлемдік сауданың өсуіне, ақпарат пен мәдениеттің алмасуына және адамдардың еркін дамуына ықпал етті. Бұл халықаралық қатынастардың орнауына және әртүрлі елдер арасындағы бірлікке әкелді. Осылайша, Батыс елдерінің және олардың жаһандануының бүкіл әлемге әсері оң және теріс жақтарға ие. Әлемдік қоғамдастықтың тұрақты және тең дамуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық пен білім алмасуға ұмтылу маңызды.

Бұл күрделі үдерістің ары қарай орын алатыны белгілі және біз қазір ақ болашақта бұл тұстың қалай дами түсетінін болжамдап айта аламыз, кеңірек тоқталсақ. Дүние жүзіндегі тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігі мен әртүрлілігін арттыру. Ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін әртүрлі елдер арасында ақпарат, технологиялар және инновациялармен алмасу. Мәдени алмасуды күшейту және мәдени әртүрлілікті арттыру, бұл халықтар арасындағы толеранттылық пен түсіністікке ықпал етеді. БҰҰ және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты жаһандық ұйымдарды құру арқылы халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттыру. Инвестицияларды ұлғайту және әлеуметтік саланы дамыту арқылы кейбір елдерде кедейліктің төмендеуі және өмір сүру деңгейінің жоғарылауы.


Тұтастай алғанда, жаһандану сын-қатерлері халықаралық ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды және бірлескен күш-жігерді қажет ететін күрделі процесс болып табылады. Бұл қиындықтарды тек елдер мен қоғамдардың бірлескен қарқынды жұмысы ғана жеңе алады және барлығына тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Жаһандану бүкіл адамзатқа өркендеу әкелуі керек және бұл үшін оның барлық қиындықтарын жеңу адамзат алдына қойылған тапсырма.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.07.2024
231
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі