Материалдар / Жаз мезгіліндегі серуендегі бақылау түрлері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаз мезгіліндегі серуендегі бақылау түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызғушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып, қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым – қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала-қоршаған ортаны қызғушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әректтерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
315
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚҚ №32 Балбұлақ балабақшасы.










Жаз мезгіліндегі серуендегі бақылау түрлері.

















Тәрбиешілері: Н.М.Нокина


Г.А.Рыспекова









2020-2021 оқу жылы.


Жаз мезгіліне арналған бақылау.

Серуен №1

  1. Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау.

  2. Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу.

  3. Жеке жұмыс. Балалармен мысық туралы өлең жаттау.

Ойға батып мысық Мысық сүтке тойды

Отыр көзін қысып Көзін қысып қойды

Әндетіп бір баяу Әндетіп бір баяу

Дейді мияу,мияу,мияу. Дейді мияу,мияу,мияу.

  1. Ойындар: «Тышқан мен мысық»

«Кім тез жетеді?»

  1. Көркем сөз: Бала мысық батыл-ақ,

Тышқан ұстау талабы.

Сылдыр етсе жапырақ,

Дереу бұға қалады.



Серуен №2

  1. Бақылау: Балабақша ауласының тазалығын бақылау.

Мақсаты: тазалыққа, әсемдікке баулу. Еңбек сүйгіштікке, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

  1. Еңбек. Телімдегі қағаз және ағаш қалдықтарын жинастыру.

  2. Жеке жұмыс: 1-2 балаға балабақша туралы өлеңдерін қайталату, әңгімелету.

  3. Ойындар: «Кім шапшаң?»

«Ұтып ал»

  1. Көркем сөз. Тазалық-денсаулық кепілі.(мақал)







Серуен №3

1.Бақылау: Ауа – райын бақылау.

Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғаруға және айтуға үйрету. Желдің бағытын қалай білу керектігін түсіндіру. Өз ойларын толық жеткізе білуге жұмыстану.

2. Қимылды ойындар: «Кім өз жалаушасына тез жетеді?»

«Қуыспақ»

3. Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттау

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

4. Еңбек: Телімдегі гүлдерге су құю.

5. Көркем сөз: Жаңбыр, жаңбыр жау – жау,

Көк белеңді сау – сау.





Серуен №4

Бақылау: Жаңбырдың жауғанын бақылату

Мақсаты: Жаңбырдың неден пайда болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның табиғатқа тигізер пайдасын білдіру. Жерге сіңуін көсету.Ақ жауын ба, нөсер ме? Айыра білуге баулу.

2. Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр» , «Жасырынбақ»

3. Жеке жұмыс: Жұмбақ шешуге үйрету.

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың.

4. Еңбек.Телімдегі қағаз,қоқыстарды жинау

5. Көркем сөз: Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр.

Арық суы мол болсын.

Өсімдіктер көп болсын.

Жауған жерің шөп болсын





Серуен №5


1. Бақылау: Ағаштың жапырақтарын салыстыра бақылау.

Мақсаты: Ағаштардың түрлеріне қарай жапырақтарының да әртүрлі болатындығын көрсету. Аққайың ағашының жапырағымен таныстыру. Оны емен ағашының жапырағымен салыстыра отырып, айырмашылықтарын айтуға үйрету. Ағаштың пайдасы туралы өз ойларын жеткізе білуге баулу.

2. Қимылды ойын: «Шеңберге дәл түсір»

«Өз ағашыңды тап»

«Кім тез жинайды»

3. Жеке жұмыс.3 – 4 баламен маршпен дұрыс жүруді үйрету

4. Еңбек.Телімдегі бұтақтарды жинау.

5. Көркем сөз. Жапырақтар, жапырақтар,

Күз болғанда сарғаяды.

Ал қазір тұр алдымызда,

Жап-жасыл боп бояуы






Серуен №6

  1. Бақылау: Құстарға бақылау жасау.

Мақсаты: Олардың түрлерімен жақынырақ таныстыру. Балалардың аяушылық, қамқорлық сезімін дамыту. Құстар біздің досымыз, құстар қалықтап төбемізде ұшып жүр айналаны бағдарлап бақылау.

  1. Еңбек: Құстарға жем шашу, нан қиқымын салу.

Жемсауыттарын жем жеп болғаннан кейін тазалап қою.

  1. Жеке жұмыс: 2 – 3 балаға асфальт үстіне сурет салдыру. (құстың ұясы, құстар т.б)

4. Қимылды ойындар:

«Өз орыңды тап»

«Ұшты – ұшты»

5. Көркем сөз: Сауысқан – қорқақ құс,

Көкек – мақтаншақ құс.

Бұлбұл - әнші құс,

Көгершін – бейбітшілік құсы.


Серуен №7

  1. Бақылау: Бақбақ гүліне бақылау жасау.

Мақсаты: Гүлзарда өсіп тұрған бақбақ гүлінің жапырағын, гүлін қарап басқа гүлден өзгешелігін ажыратып айта білуге үйрету.Гүлдер ауламызды көрктендіріп тұрғанын айту әңгімелеу.

  1. Қимылды ойындар: «Ғарышкерлер мектебі»

«Бұлақ»

4. Жеке жұмыс: 2-3 балаға бақ-бақ гүлінің емдік қасиеті туралы мәлімет беру.

  1. Еңбек: гүлдерге су құю, түптерін қопсыту.

5. Жұмбақ жасыру: Қырға кілем жайдым.

(қызғалдақ)

Тал басында тамаша үй.

(ұя)

6. Допты шеңберге түсіруге үйрету.

Қолдарына ұстап тұрған доптарын жеке-жеке шеңберге дәлдеп түсіру






Серуен №8


  1. Бақылау: Бағдаршамды бақылау.

Мақсаты: Бағдаршамның шамдарын түстеріне қарай ажыратып білуге,әр түстің берілетін белгісімен жолда жүру ережесін сақтауға үйрету.Жасыл түс-жаяу адам жүретін белгі екенін,қызыл түс-көліктер жүретін белгі, қызғылт сасы-әзірленуге арналған белгі екенін ұйрету.

  1. Қимылды ойындар: «Күн мен түн»

«Өз орныңды тап»

  1. Жеке жұмыс.Тіл дамыту жаттығуларын қайталату.

  2. Еңбек.Сынған ағаш қалдықтарын жинау

  3. Көркем сөз.

6. Дөңгелекті жалауға дейін айналдырып бар.








Серуен №9


  1. Бақылау:Жаңбырды бақылау.

Мақсаты: Жаңбырдың жауғанын бақылату арқылы жерге түскен су тамшыларының оған сіңіп кетуінің мәнісін түсіндіру, жаңбырдың пайдасын білгізу.

  1. Қимылды ойындар: «Күн мен жаңбыр»

«Дауысынан таны»

  1. Жеке жұмыс: 2-3 балаға жаңбырлы күннің суретін салуды үйрету.

  2. Еңбек.Аула сыпырушыға көмектесу.

  3. Жұмбақ жасыру.Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың

(жаңбыр)

  1. Гимнастикалық баспалдаққа мініп түсу.







Серуен №10


1. Бақылау: Күннің көзін бақылау.

Мақсаты: Балаларға күннің өлі табиғатқа жататындығын түсіндіре отырып, оның қоршаған ортаға тигізер пайдасын түсіндіру. Оның таңда қай жақтан атып, кешке қай жаққа бататынын бақылату.

2. Қимылды ойындар: «Күн мен түн»

«Ақ серек, көк серек»

3. Жеке жұмыс: Балаларға жапырақтардан күнді құрастыруды үйрету.

  1. Еңбек: Телімді сыпыру, артық заттарды жинастыру.

  2. Көркем сөз: Жұмбақ жасыру. Жұрттың бәрі, оны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

(күн)

  1. Бір аяққа секіруге жаттықтыру.



Серуен №11


  1. Бақылау: Табиғатты өзгерістерді бақылау

(жел, салқын, жаңбыр, т.б.)

Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғарып айта білуге баулу. Олардың жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отыратынын білгізу.

  1. Қимылды ойындар: «Шеңберге дәл түсір»

«Тышқан мен мысық»

  1. Жеке жұмыс. Өздерінің білетін тақпақтарын жатқа айтқызу.

  2. Еңбек: Ойын алаңымызды жинастыру.

  3. Көркем сөз: Жыл мезгілдері туралы тақпақтар. Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдері.

  4. Жоғарыдан төмен қарай өрмелеу




Серуен №12


  1. Бақылау: Туған өлкенің көшелерінің тазалығы.

Мақсаты: Балаларды тазалыққа тәрбиелей отырып, көшенің тазалығын бұзатын адамдардың қылықтарын аңғату, оларға ұқсамау, туған жеріміздің әсемдігіне назар аударту.

  1. Еңбек: Телімдегі қағаз қалдықтарын жинау.

  2. Жеке жұмыс: «Біз тұратын көше» 3-4 баламен әңгімелесу.

  3. Ойындар: «Кімдікі дұрыс?»

«Даусынан таны»

  1. Көркем сөз. Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!