Материалдар / Ж.Баласағұн. Құтты Білік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ж.Баласағұн. Құтты Білік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы біледі, Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы, «Құтты білік» кітабы туралы мәлімет алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
667
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ. Әдебиет

Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ



Күні:

Тақырыбы:

Мұғалімнің есімі: Кабидоллина К

Ж.Баласағұн. Құтты Білік.



Сынып: 8-сынып.

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 4






Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы біледі, Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы, «Құтты білік» кітабы туралы мәлімет алады.




Оқушылардың басым бөлігі:

-Оқушылар Ж.Баласағұнның өмірі мен шығармашылығын топпен бірлесе отырып талдайды;

-Құтты білік еңбегіндегі көтерілген мәселені табуға, әдеби талдау жасауға, шығармашылық жұмыстарға дағдыланады;

-Ежелгі дәуір әдебиеті туралы алған білімдерін тәжірибеде қолданады;

- Алған білімдерін бүгінгі күнмен байланыстырады, өміршеңдігін дәлелдейді, өзге ақындар шығармаларымен салыстырады, жинақтайды, бағалайды;

- Пікір айтуға, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға, бірлесіп оқуға, сыни көзқарастарын танытуға үйренеді.




Кейбір оқушылар: деңгейлік тапсырмаларды орындайды, талантты, дарынды оқушылар өз қабілеттеріне сай тапсырмаларды орындайды.




Алдыңғы оқу:

Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихын, өкілдерін біледі. Тарихи мағлұматтармен жұмыс жасай алады.




Жоспар:



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



Басталуы (қызығушылығын ояту)










Білу.










Түсіну.
















Қолдану.

















Талдау

Ұйымдастыру кезеңі.

«Жылы жүрек» стратегиясы арқылы сыныпта жағымды атмосфера туғызу.



Топқа бөлу.

«Сыр сандық» қобдишасынан даналық сөздер таратылады, сол бойынша топтың аты шығады, топқа бөлу.

Топтың ережесін құрғызып, тақтаға ілдіріп қою.

Қалыптастырушы бағалау. Смайликтер беріледі.



«Сөз өнері» кезеңі.

Жаңа тақырыпты өздеріне айқындату.

«Миға шабуыл» сұрағы мен презентация арқылы ой тастау:

-Қол бастау қиын ба?

-Жол бастау қиын ба?

-Сөз бастау қиын ба?

-Неліктен, дәлелдей аласыңдар ма?

-Бүгінгі тақырыпқа осы сұрақтың қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?


Қалыптастырушы бағалау.

БҮҮ кестесін тарату, оқушылармен кері байланыс орнату.

«Ежелгі дәуір әдебиетіндегі шешен, ойшылдар» тақырыбында презентация көрсету, ой қозғау, тақырыпты түсіндіру.

Топтық жұмысы арқылы постер қорғату.

І топ. Ж.Баласағұнның ғұмырнамаса. /30б/

ІІ топ. «Құтты білік» /І тарау/ Бес нәрсе...

ІІІ топ. «Құтты білік» ІІ тарау. Достық туралы...

ІV топ. «Құтты білік» ІІІ тарау. Тіл туралы ...



Қалыптастырушы бағалау.

«Бес бармақ» бағалау парағын, критерийлері ұсынылады.




«Тыңдап отырған үштік» әдісі бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдану, мәтінмен жұмыс.

Баласағұнша

Өзімше

Үндестігі,

ерекшелігі

Жүрсің бекер бес нәрседен алыстап...



Екі түрлі достықтың бар себебі...



Тіл – арыстан есік баққан ашулы...



Дүнеқоңыз шетін көрсе пайданың...




Қалыптастырушы бағалау.

«Ойшылдар үндестігі» кезеңі. Іздендіру, зерттеу жұмысы.


Баласағұн

Әл-Фараби

Йасауи





«Ұлылар үндестігі» «Венн диограммасын» толтырту. Балама жазу.

Овал 1

Баласағұни



Овал 2

Абай













Қалыптастырушы бағалауды жүргізу.

Топтық жұмысты бағалау парағы тақтада.

Критерийлері:

топтар

Талда-уы

Дәлел-деуі

Сұрақ қоюы

Сөз шебер-лігі

І топ





ІІ топ





ІІІ топ





ІV топ







«Жылы жүрек». Бір-біріне тілектерін айтады. Презентация №1



Даналық сөздер бойынша топқа бөлінеді.

І топ. Ақындар, ІІ топ. Ойшылдар. ІІІ топ. Достық.

ІV топ. Тілшілер.

Топтық жұмысты смайликтермен бағалайды.

Презентация №2



«Миға шабуыл» сұрағына жауап береді, өз ойларын ортаға салады, салыстырады, дәлелдейді.









Басбармақтар арқылы бағалайды.

БҮҮ кестесін толтырады.

Презентация №3



Мәтінді топпен оқып, түсінеді, постер арқылы ойларын қорғайды, сұрақтар қояды, дәлелдейді, бірін-бірі бағалайды.




«Бес бармақ» бағалау парағының критерйлері бойынша топтық жұмысты бағалайды.




«Тыңдап отырған үштік» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасайды, алған білімдерін тәжірибеде қолданады, берілген тапсырманы өздері талдайды, салыстырады, өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.



Бағдаршамдар арқылы бағалайды.

Ойшылдардың туындыларын салыстырады, талдайды, үндестігін табады.

Оқушылар өзара үндестігін табады, салыстырады, талдау жасайды.

Тақтада ілініп тұрған бағалау парағына критерийлер бойынша топтық бағалау жасайды. /смайликтермен/





Жинақтау








Бағалау









Алған білімдерін бүгінгі таңмен, өмірмен байланыстыру мақсатындағы іздендіру тапсырмасы:

«Қазақ хандығының 550 жылдығы және ойшыл, ғұламалар». «Идея туралы ойлар» әдісі.


Қалыптастырушы бағалау. /Мұғалім оқушыларды смайликтер арқылы ынталандырады/


Егер мен ақын болсам ...

"Стикерлермен диалог»

/қазіргі таңда қандай мәселені көтерер едіңдер?»

«Миға шабуыл» сұрағы арқылы ой тастау, пікірлесу.

/Ой толғау, эссе жазу/


Қалыптастырушы бағалау. /Қол шапалақ/


«Идея туралы ойлар» әдісі арқылы өз ұтымды ойларын ортаға салады, дәлелдейді.




Түрлі смайликтер арқылы бағалану.



"Стикерлермен диалог»

Ойларын айтады, дәлелдейді, қорытындылайды, бағалайды.




Жауаптарын тыңдайды, бірін-бірі бағалайды.



Аяқталуы:

Үй тапсырмасы: Шығармашылық жұмыстарды аяқтау.

Оқушылармен кері байланыс орнату.

«Екі жұлдыз, бір тілек» ұсыныстарын жазады.



Қосымша ақпарат:



Саралау:

Бағалау:

Пәнаралық байланыс:

Оқушылар сабақта топтық, жұптық жұмыстарға, постер қорғауға ынталана кіріседі. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі тиімді болады. Тапсырмаларды деңгейлеп беру талантты, дарынды балалардың іздендіру, зерттеу жұмыстарына жол ашады. «Миға шабуыл» сұрағын бере отырып, тақырыпты өздеріне айқындалады. Дарынды, талантты балалардың жұмысы «Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ойшыл, ғұламалар» тапсырмасында эссе арқылы көрінеді. «Идея туралы ойлар» әдісі арқылы өз идеяларын ұсынады, қорғайды. Іздендіру, салыстыру жұмысы «Венн диограммасы» арқылы жүзеге асады. Сабақта кері байланыс жүргізіледі


Осы сабақта оқушылармен кері байланыс орнатуды, қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдануды жоспарлаймын. Қалыптастырушы бағалауды тапсырмаларға сай түрлендіріп отырамын. Топтық жұмыстардағы бес саусақ тәсілі арқылы

критерийлері ұсынылып, бағаланады.

Сабақта смайликтер, бағдаршамдар, қол шапалақтау арқылы бағалау оқушыларды ынталандырып отырады.

Топтық жұмысты бағалау парағы тақтада ілінеді.

Критерийлері:

-Талдауы

-Дәлелдеуі

-Сұрақ қоюы

-Сөз шеберлігі

Сабақта пәнаралық байланыс: АКТ, тарих, ән-күй.





Рефлексия:


Осы сабақта жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруды көздеймін. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тиімді болады, талантты, дарынды балалардың жаңа өнім жасауларына жағдай туады. Сабақтың әр кезеңінің бағаланып отыруы, оқушылардың ынталанып, белсене сабаққа қатысуларына оң әсерін береді. Сабақтан соң кері байланыс орнату, жаңа сабақтардың жоспарлануына негіз болады.



Үйге тапсырма

«Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ойшыл, ғұламалар».

Егер мен ақын болсам ... /шығармашылық жұмыстарды аяқтау/



Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нәрсе (оқытуда, оқуда) табысты болды:

1. Оқушыларды топқа бөлу, топтағы ЖАДА көшбасшылардың өзгелерге көмегі тиімді болады.

2.Сабақтағы қалыптастырушы бағалау, кері байланыс алу тиімді болады.

Қандай екі нәрсе ( оқытуда, оқуда) сабақты жақсарта алды:

1. Қалыптастырушы бағалау тиімді болды. Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына, мұғалімнің оқушыларды ынталандырып отыруы оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятады.

2. Топтық, жұптық жұмыстың тиімді болуы.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақ барысында дарынды, талантты балалардың қызығушылығын оятатын деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін білдім.











Қалыптастырушы бағалау арқылы оқуды жақсарту, білім сапасын арттыру.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009),-деп бағдарламада көрсетілгендей (МАН-ның 7-бет), бірінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі сындарлы оқыту теориясын қамтиды, «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген мәселені шешуге бағытталған. Курс барысында бағдарламаның идеяларымен танысып, заманауи тәсілдерді тәжірибеме еңгізуді түсіндім. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында»,-деп жазылғандай (МАН-ның 5-беті), оқытудың жаңа тәсілдерін қолдансам, ұстанымым, көзқарасым өзгеретініне сенімдімін. Курс барысында өзгергенімді байқадым, дәстүрлі оқытудағы оқудан кейін болатын бағалауды, яғни, «мұғалім-бағалаушы, оқушы-сабақ айтушы» үрдісін түбегейлі өзгертуімді ұғындым. Осы мақсатпен «Қалыптастырушы бағалау арқылы оқуды жақсарту, білім сапасын арттыруды» өзекті тақырып етіп алдым.

Неліктен бұл модульді алдым? Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенсек зерттеуші ғалымдар Пол Блэк, Д.Уильямның (1998а, 1998ь) зерттеулерінде оқу үшін бағалаудың маңыздылығын көрсетеді. Оқу үшін бағалау оқушылардың білім алуына көмектесетін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болмақ, сондықтан қалыптастырушы бағалауды қолдансам, оқушылар ынталанып, өзіндік оқу жүзеге асады, бірлесіп жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта орта мерзімді, 8-сыныптарға қысқа мерзімді жоспар құрдым. Жеті модульді ықпалдастыра, қалыптастырушы бағалауды оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатында тәжірибемде пайдаланып, жоспарладым.

Бірінші сабағымды Блум таксономиясының кезеңдерімен жоспарлауды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар беруді көздедім. «Ойланып отырған үштік», «3 таяқша» әдістерінде топтық, жұптық жұмыстарды орындаттым. «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы» әдістері талантты, дарынды оқушылардың қабілеттерін көрсетті. Сабақта оқушыларды ынталандыруым жағымды көңіл-күй туғызды. Бағдаршам, қол шапалақ, критериалды бағалау парағы, өзін-өзі, бірін-бірі бағалау оқуға ынтасын, бірлескен жұмысты жүзеге асырады. Топтық, жұптық жұмыстарда, оқушыларды өнімді деңгейге жетелеуде қолдаушы, бағыттаушы, ынталандырушы екендігімді ұмытпадым. БҮҮ кері байланысы оқушы үнімен санасуыма, келесі сабағымды жоспарлауыма көмектесті.

Екінші сабағымда оқушылар білімді өнімді деңгейге жеткізуге талпынды, талантты, дарынды балалардың жұмысы аннотациялық талдауда, эссе, ой толғауда көрінді. «Стикерлермен диалог» әдісі үнемі белсенділік таныта бермейтін оқушыларға қолайлылық туғызды. Топтық жұмыстарда критериалды бағалау тиімді болды. Олар постерлерін критерилерге сай бағалады. «Ойшылдар үндестігінде» сындарлы көзқарастарына, өмірмен байланыстыруға мүмкіндік алды. Сабақта бірін-бірі вербальды бағалау тиімді болатынына көз жеткіздім. «Алма ағашы» кері байланысында оқушылардың тілек, ұсыныстары арқылы келесі сабағымды жоспарладым.

Үшінші сабағымда оқушылар топтық, жұптық жұмысқа төселе бастады, бағалаудың түрлерін меңгерді. «Тыңдап отырған үштік», «Ұлылар үндестігі», «Идея туралы ойлар» әдісі оқушылардың іздендіру, зерттеу жұмыстарына жол ашады, талантты, дарынды балалар балама жазу, ой толғау жазуда көрінді. Сабақта критериалды бағалау: «Бес саусақ» тәсілі, топтық жұмысты бағалау парағы, «Бас бармақ», Бағдаршамдар, смайликтер арқылы бағалау оқушыларды ынталандырып, өздеріне сенімдерін, өзіндік оқуға белсенділігін оятты. «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын орнату арқылы мұғалім- оқушы арасындағы өзара бағалауды жолға қойдым.

Төртінші сабағымда «Жұптық әңгіме» топтық, жұптық жұмысындағы көшбасшылардың бағалауын, «Уақыт шеңбері» стратегиясында талантты, дарынды балалардың жұмыстарын бағдаршамдармен, «Аяқталмаған сөйлемдер...» әдісінде бірін-бірі бағалауды жүзеге асырдым. Бағалау барысында артық, кем бағалауды болдырмауда критериалды бағалауды пайдаландым.

Қорыта келе, оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналған «Оқу үшін бағалау», қалыптастырушы бағалау оқудың ажырамас бөлігі екендігін түсіндім. Болашақта оқушылардың білімін жетілдіруде өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз етемін, бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырамын, кері байланыстың нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіруді жоспарлаймын.



1 сабаққа рефлекция есеп.

Курс барысында алған білімімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында тізбектелген 8-сыныптағы үшінші сабағымда өзгерістерді жүзеге асыруды жоспарладым. «Ж.Баласағұн. Құтты Білік» атты сабағымда оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі саналған қалыптастырушы бағалаудың қағидаттарын тәжірибеге еңгізуді көздедім. «Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық бағалауды оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатында бағындыру болып табылады»,-деп бағдарламада жазылғандай (МАН, 70 бет), сабақ барысында қалыптастырушы бағалау арқылы оқытуды түрлендірдім, оқушылар өздерін-өздері бағалай алды, бірлесіп жұмыс істеуді жүзеге асыра білді.

Сабағымда «Тыңдап отырған үштік» топтық жұмысында тақырыпты терең меңгеру үшін оқушылар ынтымақтаса, мәтінді талдады. «Ежелгі дәуір әдебиетіндегі шешен, ойшылдар» тақырыбындағы презентация арқылы ой қозғап, «Миға шабуыл» сұрағын бере отырып, тақырыпты өздеріне пайымдауларына, пікірлерін қорғауға жағдай туғыздым. Осы сәттерден кейін смайликтер арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін өздеріне бағалаттым. «Ұлылар үндестігі», «Идея туралы ойлар» әдісі оқушыларды іздендіру, зерттеу жұмыстарына жол ашты, талантты, дарынды балалар балама жазу, салыстыру, үндестігін табуда көріне білді.

  1. сурет 2- сурет

Сабақтағы критериалды бағалау: «Бес саусақ» тәсілі, топтық жұмысты бағалау парағы, «Бас бармақ», Бағдаршамдар, смайликтермен бағалау оқушыларды ынталандырып, өздеріне сенімдерін, өзіндік оқуға белсенділігін оятты, бірлескен жұмысты жүзеге асырды. Алған білімдерін өмірмен байланыстыру мақсатындағы сындарлы ойлауға негізделген: «Қазақ хандығының 550 жылдығы және ойшыл, ғұламалар» тапсырмасында «Идея туралы ойлар» әдісі арқылы талантты, дарынды балалардың қабілеттеріне жол ашылды. Алған білімдерін жинақтауда «Егер мен ақын болсам...» тақырыбында шағын ой толғау, эссе жазып бүгінгі өмірмен байланыстырдым, үнемі белсенділік таныта бермейтін оқушыларға "Стикерлермен диалог» әдісі ыңғайлы болды. Сабақтың әр кезеңінде оқушыларды ынталандыруым жағымды көңіл-күй туғызды. «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын орнату арқылы мұғалім- оқушы арасындағы өзара бағалауды жолға қойдым. Кері байланыстағы оқушы үні арқылы келесі сабағымды жоспарлауды жолға қойдым.

Пайдаланған әдебиет:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2016





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!