Жезде және жеңге мектебі
(жалғасы(
Қазақ шаруасына-ғұмыр бойы
азды-көпті.жиған-терген мүлкі мен малына ие боларлық ұрпақ, мұрагер
ұлдың әр отбасында керектігі қай дәуірде де болды.Ол сонау
патриархалды отбасынан бастап күні бүгінге дейін мәнін жоймай
келеді. «Ұлдың аты-ұл ғой шіркін,қашан да,шаңыраққа ие болып
қалатын.»Ең алдымен,әр дәуірдегі отбасы балаларын өмірдегі өз
қаракетін,өз тәжірибесін, қоршаған орта туралы өз түсінігін,әлем
және жер бетіндегі,қоғамдағы құбылыстарды өз пайымымен үйретуді
парыз санаған.Ер баланы тәрбиелеуде әкенің міндеті басым болған.
«Ұл-ұяты әкеге».«Әке көрген оқ жонар», «Атаның ізін-ұл басар.»
Қазақ отбасында әке ұлына өз білгенін, өнерін,еңбек дағдысын айтып
үйреткен, жалықпай жаттықтырған.Қазақ отбасында ер балаларды ерекше
қадірлейтін.Тіптен оның ең алғаш атқа мінгенін де,бір жаққа жолаушы
жүргенін де,алғаш рет шаруашылыққа араласқанын да шашу шашып,
қуанышпен атап өтетін, «тоқым қағар», «тырнақ алдысы»деп жақын
туыстары мен көрші-қолаңдарын шақырып кішігірім той- томалағын
жасайтын.
Ұл туғанға күн туған емес пе. Шаңырақта ұл өсіп келе жатқаны, оның
бозбалалық шаққа жетуі үлкен ғанибет."Ертең сегіз қырлы, бір сырлы"
жігіт қалыптасуы шарт. Ол үшін үлгі-өнеге тәрбие қажет. Ұлдың
сәбилік,әсіресе бозбалалық шағында осы міндетті кім атқаруға
тиісті? Ол -жезде. Жезде мектебі осы негізде өмір тақауырынан қазақ
қауымында қалыптасқан. Жезде мектебінің бозбалаға өнер үйретудегі
орны ерекше еді. Қазақ, өнердің тегін нағашыдан іздесе, оның
көзінің ашылуын, баулу әрекеті жезделерге байланыстырады.
Бозбалалар жездеде қандай өнер болса ең алдымен соны үйренеді.Жалпы
қазақта жезде мен балдыздар тең құрбыдай әзілдесіп, қалжыңдасады,
ой түпкіріндегі жасырын сырларын ашып бөліседі. Тіпті кәрі жезделер
мен елағасы балдыздардың әңгіме-дүкені, қалжыңы үлгілі мектеп
еді.Жезде бозбалаға ғана емес бойжеткенге де ардақты ақылшы. "Жақсы
бажа тауып кел" деп тапсырып қана қоймай, өзі де тауып беріу үшін
зыр жүгірген. Балдыздары жәбір көрсе, есесін, тіпті өшін ондырмай
қайтаратын. Қазақ атамыз осы себепті "Әкенің жақсысы жездедей-ақ"
деп баға берген ғой! Жезденің де, жеңгенің де міндетін қатар
атқарған жезде де, жеңге де көп болған. Қазақ ортасында
"жеңгетайлық "атты міндет пайда болған.Оның қызметі де, ақы-қақысы
да есептеліп мөлшерленген.Адам өмірінде не болмайды? Әпкесімен
тұрмыс құрған жезделерінің басына түскен өлім мен қайғыны да олар
тең бөліскен. Кей жағдайда бойжеткендер әпкесінің орынын да
басқан.Бұл салт жетімді жылатпай, жесірді тентіретпей,
асырап-сақтау үлгісінің бір көрінісі.Әпкелі-сіңлілі арулардың
тұрмыс шеңберінде бажалар тату-тәтті,ынтымақ берекелі өмір
кешкен,бір-біріне қол ұшын беріп, қарайласып тұрған. Осыдан келіп,
"төрт аяқтыда бота тату,екі аяқтыда бөле тату" болған ұрпақтар
қалыптасқан.Бұл да, жезде мектебінің бір мақтанышы еді Дүниеге ұл
келгенде қазақ.,оған үлкен үміт артып, «мұрагерім»-деп мақтан
тұтқан.Екеуі де ер жетіп,азамат болып,бір-бір үйдің иесі болып
кеткен немесе «Ұлын ұяға қызын қияға қондырған»,ата-анадан бақытты
кім бар,шіркін!«Қыз өсірдім-бой жетті,еріне кетті,ұл өсірдім-ер
жетті, үйіне кетті»-деп,бір дамылдап қалу қандай ғанибет! Жақсы
ұл-шаршасаң-қолтығыңнан демейтін сүйенішің.Ошағыңның отын
сөндірмейтін ізбасарың. Ұлының ержетіп,үй-жайлы болуына әке-шеше
борышты.Сондықтан,олар ісімен, сөзімен,жатса да,тұрса да,тәрбиесін
аямаған.Ұл-қызына өмірлік серікті іздеуге көмектесетін де
солар.Әдепті жердің,текті әулеттің қыздарына көз қырын сала
жүреді.Ұлымен ақылдасып, болашақта қандай жанұя болу керектігін
айтады. Ұлдарына ең сенімді ақылшы,жанашыры ата-ана
болғандықтан,оларға құлақ асу-парыз.«Қыз–ырыс,ұл- қоныс».
Ертеде,әр ауылда топ басы, ауыл басы деген азаматтар болған еді.
Қазақ, ұлдарын жоқ дегенде солардың деңгейінде көргісі
келетін.Сонда, олар не істеп,қандай қызмет атқарған?Олар,әр ауылда
өтетін торқалы той мен топырақты өлімді ұйымдастыратын,арнаулы
қонақтар мен сал-серілердің думанын өткізетін, іске епті,аузы
дуалы, ауыл серкелері болатын.Олардың ортасында,сол ауылға күйеу
-әулет мектебінің бас ұзтаздарының бірі саналатын ұлдар мен
қыздардың жездесі де бар еді.Балдыздарының бақыты үшін жан аямай
жүгіретін, салтанат мерекенің сәнін келтіретін
асаба,әнші-күйші,палуан, мергендерді тауып дайындап, жүйрік,
жорға,бәйге аттарын сайысқа даярлайтын нағыз даяшы адамдар
болатын.Бозбалаларды өмірге дайындаудағы жезденің орны ерекше
болатын.Қазақ, «әкенің жақсысы жездедей- ақ» -деп оны өте жоғары
бағалаған.Той томалақта,құдалар арасында ұсақ-түйек келіспеушілік
шыға қалса,жезделер үшінші жақ болып қатысып, дереу мәмілеге
келтіретін,билік айтатын төреші де бола білген.«Жігіттің де
жігіттік ниетінен байқаңдар,ниеті қалыс жігіттің жүрегінде сайтан
бар»-дейтін халық,жігіт сынын әр кез,айтып,оларды тану жолын
көрсетіп, бойындағы жаман мінез,сөлекет қылық,тұрлаусыз әдеттерін
жойып отырған. Міне,осы істе жезделерді барынша пайдаланған.
Бозбала шағында өнерді де.,өлеңді де,жігіттікті де жездеден
үйренген.Қазақта «жігіт сыны,қыз сыны»-деген жігіттер мен қыздарды
танып-білу ережесі, жақсы-жаман қыздар мен жігіттердің ішкі-сыртқы
санасын,мінезін,жүріс-тұрысын, ақыл-ой парасатын бағамдайтын өлшем
қалыбы да бар. Ұл және Қыз сынын жырламаған бірде-бір ақын, жырау
жоқ.Адамтанушы Шалақын;«Бір жігіт бар-құр жан,бір жігіт бар-тірі
жан,бір жігіт бар-жігіт жан.Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны
бар, ешнәрсені бітірмейді;тірі жан дейтін бар тапқанын киімі мен
асқа сатар жақын көрген досын жатқа сатар, қызыл белбеу шонқима
етік,үкі тағып,әркімді бір сықақ қылар;жігіт жан дейтін жігіт-сегіз
қырлы бір сырлы болар.»Ал,қыз сынын: «Ерімнің бір тұрманы
үзеңгісі,Қыз онбесте келеді түзелгісі, Аяғын көр асын іш деген сөз
бар,Шешесін көр қызын ал,сол белгісі. Уа,жігіттер әйел алсаң қарап
ал,ақылдысын,Ол сенің ахиреттегі жақын кісің»-деп жар таңдаудың
мақсатын ашып берген.Басына бақ қонатын қазақтың ұлы епті, қызы
көрікті болады.Аллаһ тағала ондай ұрпақты, киімшең аспаннан, дайын
лақтыра салмайды.«Бала- бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу үлкен
ғылым».Алайда, «Ұлын асырай алмаған құл етеді, қызын асырай алмаған
күң етеді». Мұның бәрі тәрбиеден. Қазақ үшін Ислам діні осы
тәрбиелік қуатымен,өте етене,тым жұғымды болды.Мұсылмандық
тәрбие-қазақтың дәстүрлі тәрбиесін алға сүйрегендіктен,ең пәрменді
тәрбие құралына айналды. Кәзір оларды бір-бірінен айыра қарау,қарсы
қою тіптен ақылға симайды. Ибалы қыз тәрбиелеп,асыл аналарды өмірге
дайындауда,қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы өте зор
болды. Сондықтан,неке қию,қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты
,ежелгі әдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні негізінде
атқарылған.Ал, бозбала,бойжеткен тәрбиелеу ісі сахих хадистерге
сүйеніп жүргізілгендіктен, ол ұлттық тәрбиенің таңдаулы құралы
ретінде қалыптасқан.«Қыздар-олар мейрімді,игі жандар.Бір қызы бар
адамды Аллаһ тағала тозақ отынан сақтайды.Екі қызы бар
адам,солардың себебімен жәннатқа кіреді.Ал үш қызы бар немесе
қыздары секілді кіші қарындастары бар адам,оларға қамқоршы
болса,оның мойнынан жиһад пен садақаның жауап-кершілігі
түседі».(Анастан Дилми риуаят еткен) Пайғампар(с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең
жақсыларың, әйеліне және қыздарына жақсы
қарайтындарың»(Хадис
Шариф) Бұл қағиданы заң деп
түсінген қазақтар қыз тәрбиесіне ерекше мән берді.«Қыз өссе елдің
көркі», «Қыз жағадағы құндыз»,«Қызы бар ауылдың қызығы бар»-деп
білген халқымыз,оларды ерекше сыйлап: «Қыз –қонақ»-деп,төріне
отырғызды, мәпелеп бақты, «қыз қылығымен»-деп ибалы, инабатты
бойжеткен болғызып өсірді.Оған арнап талай қызықтар мен
ғұрыптарды,мерейі өссін деп неше түрлі мереке -лерді
жасады.Киім-кешегінен тартып,жасауына дейін жабдықтады.Енді
міне,қалыңдық атанар жасқа да келіп жетті. Хадисте;«Діндарлығы мен
мінез-құлқы көңілдеріңнен шығатын жан жолықтырсаңдар, қыздарыңды
тұрмысқа беріңдер!.»-делінген.Шариғатта қалыңдық айттырып, құда
түсуді «хитба» дейді.Оның шарттары да бар.Бұл шарттардың
кейбірі,қазақ салтында ұзақ сақталды.Пайғампарымыз(с.ғ.с.) өзінің
бір хадісінде; «Кімде кім бір қызды айттырғысы келсе,оған мұқият
қарауына рухсат,егер шынымен де айттыру мақсатында болса.Қыздың
(оны көргендігін)білу шарт емес»-дегенде,қыздың жүзін және денесін
тек білекке дейін қарауға рухсат етілген.Қыз туралы пікірінің нақты
болуы үшін, шариғатта, онымен бірнеше рет жолығуына мүмкіндік
беріледі. Бірақ,қыз жалғыз келуге болмайды.Екеуі ғана
кездессе,үшінші болып,шайтан тұрады ғой! Алайда,некелескенге
дейін,бір-бірінің қолын алып сәлемдесуге,денелерін тигізуге тиым
салынған. Ал,мұсылман қыздар,басқа дін өкілімен некелесуге де шек
қойылған.Алайда ұлдарға рұқсат.
Бозбала-бозым,боздағым -кемелденген ұл деген сөз.
Бойжеткен-толықсыған,өнегелі,ибалы өнерлі қыз.Бұл шақта екеуінде
ортақ: арман-қиял,балқу-толқу,сергек қимыл, алып ұшқан
албырттық,қанын қайнатқан жастық жалын,зор күш қуат,терең талғам
бар. Балалық нәзік махаббат,үлбіреген сезім де осы шақта шарықтай
бастайды.Қазақ қызды ұлдан жылдам ер жетеді деп санайды. Ұлды
онбесте отау иесі десе,қызды он үште оң жаққа шығарған. Алғашқы
мүшелден бастап,онбеске дейін, қыздың жар болар жасы,қалыңдық
аталар шағы деген.Қызға қырық үйден тию,ұлға отыз үйден тиым
дегенде де осы түсініктің түбірі жатыр.«Ұзақ таңда ер жігіт қайтып
шыдар,сары майдай толықсып қыз жатқанда».Міне,осыдан келіп, жар
таңдау салты қалыптасқан.Бұл тірлікте қазақтың жар таңдау салты
да,талай бұралаң жолды басып өткен.Оның көптеген әдет-ғұрпы
қалыптасқан.Тіптен жеңге-жезде мектебі аталатын,әулет мектебінің
бір түрі өмірге келіп, екі жастың арасын жалғап,табысуына
жәрдемдесетін, ақыл кеңес беретін жеңгетайлық деген қызмет пайда
болған,олардың қызметіне төленетін ақы-қақы да белгілен-гендігін
жоғарыда айттық. Бұл,қазақтың шынайы салты,нағыз өмірі.
Тақауи
Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романнан алынған мына үзіндіні оқып
көрсеңіз шындыққа көзіңіз жетер деп үміттененем... «Ғашықтық»деген
сөз бала кезімде ертегі,жырлардан құлағыма шалынды.Бірақ ертегі
жырлардағы өмір де,адамдар да бізден бөлек,биік көрінетін де,
олардың бойындағы алапат от сезімдер де біздің кішкентай бойымызға
сыймайтын, қысқасы,қол жетпейтін нәрсе болатын.Бүгінгі жабайы
адамдар жырды тыңдап қанша тамсанғанымен, «өз басымнан сондай сезім
кешемін» деп ойлай қоймайтын.Ертегі, жырдан ауысып,азғана қазақ
жазушыларының азғана кітабын оқығаннан кейін де,«ғашықтық» деген
сөз мен үшін аспаннан жерге түспей-ақ қойды.Мұнда да қызбен
жігіттер өліп-талып,күйіп-жанып жатады.Және біздей жабайы
емес,кілең бір «асыл жандар»(Қайта осы орыстың «любовь» деген сөзі
оңайлау ма дедім.Ол өзі көп айтылады және әркімнің-ақ көңілінде
бола беретін нәрсе тәрізді).Осы бір әсерден болар,анандай ғашық
болуды мен өзімнен дәметкенім жоқ.Бірақ көңілімде көмескі,бұлдыр
арманым болғаны рас.Ол кейде тәтті қиялға айналып,әжептәуір жерге
алып та кететін.Ондайда керемет сұлу,көрікті ер
жігіт... Басқа халықты білмеймін,қазақтың қыз баласының
сезімін оятатын,тек жыр мен кітап қана емес,көбіне жеңгелері.Олар
жай адамның қолы жетпейтін алыстағы ғашықтықты айтып әуре
қылмайды,жас денедегі оянып келе жатқан сезімге жақын,ұрымтал
тұстан дәл басып,нағыз қытықты жерден түртеді.«Күйеу деген жақсы
болады.Қу тізеңді құшақтап,қураған төсекте дөңбекшігеннен
беу,ойбай-ай,жас жігіттің ыстық құшағына не жетсін»,-деп,бастап
«Түк білмейтін шығарсың,әбден-ақ..Бой жетіп қалдың,ішің бәрін
біледі ғой» деп,онсыз да мазаңды алып,денеңді қыздыра бастаған
табиғаттың отына май құяды.Онан ары тұрмысқа шығудың,бір үйдің
қазан- ошағына ие болудың артықшылдығын құлағына құйып, «о бастан
пешенеңе жазылған» болашақ тірлігіңе
баулиды.
Аллаһқа тәуба,Әйтеу!
Міне,Ұл-қыз айттыруға аттанып барады. Енді ол бозбала емес,жігіт
атанады.Бірақ бәрі де бірден сәтті бола қалмауы мүмкін.Келешек
қайын жұртында:«Қыз көретін жігітті,әуелі біз көрелік!»-деп, сынай
қарауға әзір,сыр тартуға дайын жігіттер де,келіншектер де
баршылық..Сәтін салғанда, «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан
шығып»,арманының алғашқы қадамы сәтті болды. Қазақ жігіті деген
ардақты ат осыдан бастап «ата» аталғанға дейін жалғаса
береді.Елудің өзін жігіт ағасының жасы дейді.Қыз өсірген
ата-ана,бүгін қыздарын құтты жерге қондырудың алғашқы қадамын
жасады.Бойжеткен енді қалыңдық аталады.Ал.қыз деген атау,қазақта,
қалыңдық, келін, келіншек жасында да жалғаса береді.Қазақтар
келінді де, келіншекті де «қыз»-деп, шақырады, «әй,қыз»-деп
қаратады.Бұл-«қазақ қызы»-деген, өте ардақты да,киелі атау
екендігін көрсетеді.Қыз ғұмырында,қалыңдық аталғаннан бастап,
тәрбиелеудің ең күрделі кезеңі басталады. Ол: қалыңдық тәрбиесі
және келін тәрбиесі деген екі кезеңнен тұрады.Ал,жігіт үшін,осы
шақ,бақыттан басы айналған,күнде қызық думан,той мереке ең жырғаулы
шақ.Қазақ айтады ғой: «Қыз күнінде қыздардың бәрі жақсы, шығады
жаман қатын енді қайдан?»-деп.Оның шығу себебі: қалыңдық және келін
шағында берілген тәрбиенің осалдығынан болады. Таңдайтын жарың
қандай адам болу керек?, жар таңдағанда нелерді ескеру керек?
қатарлы мәселелерге, жауап беретін адамтанушылар да болды.Қазақтың
ақылмандары мөлдір махаббат,пәк сезім,сенімді жар,ақылшы да сүйеніш
боларлық жұбай мен зайыбқа қатысты ұшан теңіз көлемді,терең
мағыналы рухани мұра қалдырды.Ол бір ауыз аталы сөзден бастап,күнді
-күнге, түнді- түнге жалғап жырланатын,жүздеген жыр дастан болып
бізге жетті.Олар кешегі бозбала,бойжеткен кәдесіне жарағандай,
бүгінгілерге,керек десе ертеңгілер сұранысына толық жауап беретін
асыл мұра.
Ховдобай
Орик ( №1 Чернорецк ауыл
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі)
22.1118