Материалдар / Жеңге жезде мектебінің әлеуметтік оқулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеңге жезде мектебінің әлеуметтік оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектен мұғалімдері,тәрбиеші ұстаздарға арналған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
474
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеңге,жезде мектебінің әлеуметтік оқулары
1. Адамгершілік оқуы.Әулет мектебінде алты түрлі пән оқытылған.Олар: «Сөз өнері», «Адамгершілік оқуы», «Зерде және сауат ашу», «Тарих- шежіре», «Табиғаттану», «Қол өнері».Бұл пәндер –әулет мектебінің қай түріне де ортақ,осы пәндер аумағында білім , тәрбие берілетін.
Қазақ ұғымында,олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, күліп-жылап,қуанып-мұңая алатын,сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ,көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі.Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам.Ол-кісілігі зор екен немесе кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық: адам болар баланың,кісіменен ісі бар,адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі.Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі.Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі кісі(үнді), тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет,құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.

-Мына ұл- кісі болғанша,шашым ағарып бітетін шығар!

-Ой,бауырым-ай,ол да ертең-ақ.Жас өсіп,жарлы баю лезде,әне-міне дегенше ер жетер,тек,үлгі-өнегесі оң болсын!
Қазақ халқының ұлттық әдеп-салтында адамгершілік жоғары бағаланады.Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде,өмірдегі кесір қырсық,жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.Күрес бар жерде күрескерлік дәстүр қайткен күнде қажет.Қазақтың күрескерлік дәстүрі тек адамгершілікке жат қылық мінездермен күресу барысында қалыптаспады.Қазақтың түп тұқияны Жұмыр жерге келіп тіршілік жасағаннан бастап әуелі табиғат апатымен,қоршаған ортаның адамға жағымсыз құбылыстармен күресуге,тірі жүріп тіршілік етуге тура келгендіктен күрестің жаңа дәстүрі туындады.Ол- еңбекқорлық пен жасам паздық дәстүр еді.Уақыт өте келе олар мекендеген жерін,өлкесін,қоғам мүшесін жыртқыштар мен жаулардан қорғау қажет болды.Осы негізде ерлік,батырлық дәстүр қалыптасты. Топтасып, қауымдасып тіршілік ету үшін адамдар арасындағы қатынастың барлық түріне жазылмаса да тым қарапайым болса да ереже қажет болды.Бұл әдепті өмірге әкелді.Ал әдептің өзі белгілі бір сенім -нанымға негізделмесе тұрақты болмады.Күрес нәтижесі екінші жағынан адамдарға ортақ ұстан-ымдар мен қасиетті игеріп оған бойұсынуға мәжбүрледі.Ол мәжбүрлік,әр адамда әртүрлі қолдау немесе қарсы тұру сезіміне сай әр дәрежедегі мінез-құлықтарын пайда болдырды.Адамдық қасиеттер мен мінез –құлық қалыптары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, нәсілдік жалғасу арқылы,қанға сіңіп,әр ұлттың ерекше мінез бітісін,адамгершілік қасиетін көрсете алатын болды.Адамрешілікте жалпы адамзаттық ортақ қасиеттер бар.Мінез-құлықта ондай ортақтық аз болумен қатар адамдардың жеке басына тән ерекшеліктер көп кезігеді. Мысалы баршаға ортақ көркем мінез үлгісі бар болғанымен әр адамда оның дәрежесі әрқилы.
Адамгершілік-қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес,адамдар арасындағы адамдық қарым қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік,ұлттық игі іс-әрекеттер,мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты,әдептіліқ қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Адамгершілік-адамның тұлғалық жақсы қасиетін танытады.Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары.Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адам-гершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
Адамгершiлiк-адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып,пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды Тәрбиелеу қазақ үрдісін зерттеген, әдебиет танушы-ғалым Ш.Ахметов:«Біріншіден,тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген,әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді басты міндет етіп қойған...» деп,әулет мектебіндегі тәрбиеісінің бағытын ашық көрсеткен.Қазақ әдептану ілімі тәрбиелеу ілімімен қатар туып,онымен иық тіресіп,бір-бірін демесіп, біздің дәуірімізге келіп жетті.Ұлттық тәрбиелеу іліміне сүйеу болған,адамдардың тұрмыс тіршілігінде еңбек-іс әрекетіне және өндіріс қызметінде өзара қарым- қатынасын реттейтін іргелі жүйеге айналды. Адамргершілік асыл қасиетті жас ұрпақ санасына құюдың басты жолы-
ізеттілік нұрымен нұрландырып, мейрімділік бесігіне бөлеу.Тәрбиелеу қазақ ілімінде:«Ойлағаныңыз тек оң болсын,өйткені ойлағаныңыз-сөздеріңіз болады.Сөздеріңіз тек оң болсын,өйткені сөздеріңіз-әрекетіңіз болады.Әрекетіңіз тек оң болсын,өйткені әрекетіңіз-әдетіңіз болады.Әдеттеріңіз тек оң болсын,өйткені әдетіңіз-құндылығыңыз болады.Құндылығыңыз тек оң болсын,өйткені құндылығыңыз-тағдырыңыз болады.»-деген қағида бар.Қазақтың кісілік дәстүрінің бір саласы-ізеттілік пен мейрімділік.Ұлттық тәрбиелеу ілімінің хәкімі М.Жұмабаев: «Адамға қалай да болса көмек келтіретін ой мен іс-ізгілік деп аталады.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысында өзінде бар нәрсе»-деген.Ал,Ж.Баласағұн:
Жасы кіші,жүзі нұрлы көрікті,
Бар ізгілік бір өзіңнен өріпті!
Жомарт, ойлы,білер істің шамасын,
Әділ таза,сақтар жұрттың арасын.
Қиянаттан сақтайды адам баласын,
Шаң тигізбей ұстар намыс жағасын.
Қайда барса іс- қиюын табады, Сөйлесе ақыл-тілінен бал тамады. Жүзі игі барлық жерге сыйым-ды, Табыстырар қиыспайтын қиырды.Көзі жіті қырдағыны шалады,Қандай істе еш таймайды табаны. Жас ақылы-шығар сөлі шырынның, Ақыл қайда болса,соған қарай жығылған:Кішісінде- махаббат,кәрісінде- мархабат, Бәрі жақсы ізгілікпен өтсе жүгін арқалап! Ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжырымдар.Фараби данамыз:«Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып,екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады» десе халық:«Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды»-дейді» Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, әділдік өлмейді»-деген,Сайф Сараи.Ізгілік іс-әрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жәрдем өз бойына мына адами құндылықтарды сіңіріпалған:ілтипттылық,әдептілік,инабаттылық, кішіпейіл-ділік,қарапайымдылық;Сыпайылық,жақ-сылық және оны сатпау; Әділеттік;Ісі сөзіне сәйкес келуі,шыншылдық.Сондығы болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады,ұмытылмайды.Ұрпақтан –ұрпаққа сол ізгілікті,елдің мерейін көтерген сол рухани өмірді көкпардай қағып алып,мерейін өзінен кейінгі ұрпаққа табыстап келген,ата-бабаларымыздың тарихы,ғұрып-салты,тіл байлығы ешкімнен кем емес екенін мақтаныш етеміз.Жеткіншектің ой санасына осы мақтаныш сезімін құя білсек, жүре-гіне ұялатып, жанына жылу берсек тәрбиелегеніміздің белгісі болмақ.Адам ізгілік туралы жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуге тиіс. Жақсылық істеуден жалықпа, істе-ген жақсылығыңа өкінбе.Ізгі ниет ақ көңілмен жасалған әр ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта. Ізгілік пайда үшін емес,адамдардың қуанышы үшін жасалады.«Шырағым, жасаған жақсылығыңды сатпа, құдайдан қай -тады!»-деп отыратын қарттар сөзінде терең мағына,адами қатынастың әсем үлгісі жатыр.Адамдардың мінез-құлқы,ішкі әлемі әр түрлі болады.Біреу ақжарқын,кең пейілді,өте мейірімді,ақкөңіл жайдарлы,бауырмал,кішіпейіл болып келеді.Ал біреулер тек өз пайдасын ғана ойлайтын өзімшіл,өр көкірек болып өседі. Мансап пен байлыққа,атаққа қол жеткізу үшін ондай адамдар әр түрлі қулық пен жаман әрекеттерге барады.Мұндай адамдардың сөзі мен ісі келіспейді.Жақсы немесе жаман болу әркімнің өзіне байланысты.Қандай іске болсын адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайрым-дылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да биік болады. ..Адам қолымен жасалған ізгі істің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.Жанында жүрген адамдардың қуанышын бөлісіп,қиындығын ортақтаса алатын адамның іс әрекетінде ізгіліктің негізі жатады.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза,сезімі сергек болады.Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі.Рахым, қанағат, әділдік және қайрымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін,рахатын көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі.Туған-туыстар, достар, жора-жолдастар,көрші таныстарымен сыйластықтықта, татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.
Күнделікті тіршілігімізде бір-біріміздің көмегіміз мен қызметімізге қаншама зәру боламыз. Бір-біріміздің ыстық құшағы-мызды аңсайтын кездеріміз аз емес.Бір-біріміздің жылы сөздер-імізді естуге інкәр болатын сәттеріміз қаншама!Көршінің-көршіге, ауылдастың ауылдасқа, жолдастың, достың досқа, туыстың туысқа ісі түспейтін күні қашан да болмаған шығар-ау.Ауырып қаласың.Әйтеуір бір өзің тік тұрып,тік жүріп тіршілік жасай ал-майсың.Қуанышыңды бөлісер ,қайғыңды серпісер адам іздей-сің. Ағайын-туысыңа арқа сүйейсің,жолдасыңды тірек етесің, көрші-ауылдасыңның көмек-кеңесін күтесің. Адамның күні адаммен. Адамның адамдығы адамгершілік қарым- қатынасында;бір-біріне арқа сүйегенінде,бір-бірінің әжетін шығарғанында, қуанышына ортақтасып,ауыртпалығын көтеріскенінде,арман талабына жетуіне көмектескенінде.
Адам баласының әр күнгі тіршілігі осындай қарым-қатынасқа толы болғандықтан туысына, көршісіне, ауылдасына,жолдасына,досына көмек көрсетіп, қайырымдылық, мейрімділік жасаудың тамаша үлгісін қазақ халқы ежелден қалыптастырған.Оны жас ұрпақ бойына сіңіру үшін нақтылы іс-әрекетті көзбе –көз жасап,қолма-қол атқарып отырған.Адам жақсылықты есеппен жасамайды. «Ертең қайтара алама,жоқ па?»-деп тоғыз тарау ойға қалып біреуге көмек жасау,қызмет көрсету адамгершілік іс емес.Керек кезінде,зәру уақытында кімге де болсын досына,туысына, жолдасына, көршісіне, ауылдасына,бәр-бәріне алаламай,алаңдамай,көмектесіп жібер, жанашырлық көрсете біл,аянып қалма. Міне,адамгершілік деген осы!Ал,жақсылық жасаған адамға қалайда қаруын қайтару парыз ба?Парыз деп санау қажет пе?Бұл жайындағы пікірімізді халқымыздың бір ауыз мақал сөзімен білдіреміз. «Жақсылыққа жақсылық таң қалдырар іс емес.Жақсылыққа жамандық, адамдықтың ісі емес!»Адамгершілік алыс-беріс жасайтын саудагерліктің ісі емес.Данышпан Абай: «Татулығы,достығы бәрі сату», біреуге көмектескенде ертеңгі бас пайдасын ойлайтын,сол дәуір бірер адамдарының шын бейнесін,нақтылы ойын әдемі көрсеткен-ді.Адамда басқа жанға жақсылық жасай алатын қабылет болу үшін оның бойында адами қасиеттер:-Ізгілік,мейрімділік, сыпайылық,көпшілдік;-жылы лебіз, ізгі ниет, ізгілік әдеттері;-адал ниет,ізгі іс қалыптасқан болу керек. «Көңілді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» Ы.Алтынсарин.«Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ»Абай.«Өмірдің өкінбейтін бар айласы,ол айла-қиянатсыз ой тазасы.Мейірім,ынсап,әділет,адал еңбек,Таза жүрек,тату дос-сол шарасы»Шәкәрім.Нағыз ізгі жанды, мейірбанды адамдар өздерінің істеген жақсылықтарын біле де бермейді,олар жақсылық жасауға дағдыланған және мұнысына мәз болмайды.Оларға істеген жақсылықтарын мойындата алмайсың!Ал,енді біреулер сәл нәрседен оңай жерден өздерін жалтыратып көрсетіп қалғысы келіп,алақтаумен жүреді.Ондайды халық: «Кең пейілдінің ішінде кен жатады.Тар пейілдің ішінде тас жатады» деп,көрсетеді.Жақсылық ағаш басында,жамандық аяқ астында. Қайрымдылық әркімнің қолынан келеді.Халық ұғымында жас та,кәрі де басқаға сәулесін түсіре алады, жақсылық жасай алады.Тек пиғылы түзу болса болғаны. Туысқандық мейірім,«Туысы бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыс-тың ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай білген.Қазақ болашақ ұрпағын,үрім-бүтағын байланыстырған сүйек-жекжатына үлкен мән беріп,бірін-бірі сыйлап,көмектесіп, әдеттенуге тәрбиелеген.Туысқандық мейрім-отбасындағы,әулеттегі ынтымақтың,береке бірліктің қайнар көзі.Туыстық мейрімнің негізі адамның қоршаған ортаның сұлулығын сүю,оны аялай білу сезімінің жемісі болумен қатар адамдардың бір-біріне құштарлығынан қуат алатын,жүректен шыққан асқақ көңіл.Дұшпандарымыздың осы бір қазақтың бауырмалдық,туысқандық қасиетін жою үшін,оған таптық рең беріп,қанаудың барлық түрі осы ағайындықтың артында жасырылған деп жар салуы тегін емес.Қандастық қайырымның қандай болатындығы соңғы ширек ғасыр да дүние жүзіне жарқырап көрінгенде,пасық ойлы ондай антұрғандар аузына құм құйылды! «Өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді,басқаныкін басыңа көтерсең де оған жетпейді». «Қазақ сұраса келе,қарын бөле болып шығады», «Тегі бірдің-түбі бір», «еншісі бөлінбеген,барлығы-бір алаштың баласы», «Біріңді,қазақ, бірің дос,көрмесең істің бәрі бос»(Абай)Бар қазақтың бір ата баласы екенін,бір-бірін жатсынудың еш негізсіз екенін Шәкәрім де,шегіне жеткізіп айтқан.Қазақ бала бойындағы ерекше қабылетті,ата тегі арқылы қонған табиғи дарынды өте жоғары бағалаған. «Атасына тартып ақын болыпты, нағашысына тартып әнші, әкесіне тартып күйші,анасына тартып биші болыпты» деп,бала-ның икемі мен талабына сүйсіне қараған. «Ата өнері- балаға мұра,ата кәсібі-бала нәсібі».Жас ұрпақтың тәлім алып,үлгі-өнеге үйреніп,өнер ұғатын-ұстаздық ортасын,ағайын туысын қадірлеп құрметтеу, олардың мейірім шапағатына бөлену бала үшін таптырмас табыс.М.Шаханов: «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес». «Туған өкпеге қиса да,өлімге қимайды». «Тұрман құйысқандай болмайды,тумаң туысқандай болмайды».«Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер»Достық мейірім Достық! Осы бір қасиетті сөзді әрдайым ілтипатпен айтамыз.Өйткені өмірдің мәні де,сәні де ең алдымен шынайы достықта,сыйластықта.Адамның бір-бірімен достасуы өмірге нәр беріп,көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің туымыз,ұранымыз.Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыстыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтеретін,рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі,біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Достың мәні мен маңызы туралы адамзат қоғамында өмір сүрген даңқты адамдардың,ғұлама ғалымдардың,ақындар мен жазушы-лардың,ойшыл,өнер қайраткерлерінің оралмағаны айтпағаны жоқ деуге болады.Себебі достық жалпы адамзатқа тән қасиет.Мәселен: «Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам»(араб), «Жақсы дос нағыз-қазына»(қытай), «досы көпті жау алмайды», «жүз сом ақшаң болғанша,жүз досың болсын»(қазақ) барлығы ұқсас мазмұнмен бағалаған.Әл-Фараби данамыз,достық туралы тамаша тәлім айтқан. «Достықтың екі түрі болады.Оның бірі-адал дос та,екіншісі айнымалы дос.Адал досқа үнемі ілтипатпен қарап,одан айрылып қалмау жағын көздеген дұрыс,адамдар бір-біріне жақсылық,өзара қамқорлық жасауы қажет.Жақсы достың сенімін ақтаған абзал.Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып,нені болса да бірдей көретін болады.Жалған досқа адам өзінің құпиясын,мінез құлқындағы кемшілігін айта берудің қажеті жоқ.Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген ғанибет.Бір-біріне дұшпан көңілді адамдардың да екі түрі болады.Бірі-өшпенділігі мол,жаулығы басынан асқан адамдар да,екіншісі-көре алмаушылықтан жауығатындар.Бұлардың біріншісінен ерекше сақ болып,олардың ой-пікірін үнемі қадағалап,біліп жүру,осындай адамдардың арам ниетін біліп қана қоймай,тиісті жерінде аямай әшкерлеу қажет. Бейтарап адамдардың да жолдастық достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз болады.Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ,кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ,олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс.Бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды.Жақсы ой-тілектері араз адамдарды татуластыруға,олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орнатуға жәрдемін тигізеді.Сондықтан бұларға көңіл бөліп,іс-әрекетіне демеу беріп отыру керек.Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәрбиелеп,,байыптылықпен қарым-қатынас жасап отыру керек.»Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: -Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып: -Достықтың екі түрі болады.Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық. -Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады.,адал дос қашан да жаныңнан табылады.Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды».А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын7 Көбісін дос жасайды ақша,бұйым, Досым деп көрінгенге сене берме, Ахмет,бар болса егер баста миың. Ә.Нұршайықов-достық қағидасын терең талдаған ойшылдардың бірі. «Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.Жерге түскен әрбір ұрықтың өнуі үшін Күннің нұры,топырақтың қызуы қажет.Сол сияқты әр сәбидің жүрек түпкірінде жатқан достық пен махаббат ұрығының өніп,өсіп,гүлденуі үшін едәуір уақыт керек.Баланың есі кіріп,сана сезімі оянып,кемелдене бастаған шағында оның жүрегіндегі,достық пен махаббат бүршік жаруға талпынады. Бірақ бұл екеуінен бұрын балдырған-бөбектер арасында жолдастық басталады.Өйткені, жолдастық-достық пен махаббаттың бірінші баспалдағы.Жолдастық достыққа жетелейді.Адал достық асыл махаббатқа апарады» «Өзіңе қарай досыңды таңда:тең теңімен жарасады,Досты барда да сына,жоқ та да сына.Адамды екі нәрсе қартайтпай-ды:Бірі- жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз. Ақ болсаң, қараға жуыма;аққа қара тез жұғады. Әйелдің жалғыз жетістігі бар;ол-дақ түспеген ары» (Ж.Баласағұн). Адамгершілігі қалыптасқан әрбір адам басқаға баянды достық жасауды-өзінің борышы деп есептейді.Абай дана, «досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол» дейді.Достық тек дос болған адамға жасалмайды,халқымыз «адам болсаң, адамға достық жаса әманда»деп уағыздайды.Бірақ достың да досы бар, «айнымалы»дос тек өзін ғана достық жасауды ұнатып,өзгеге достық жасағанын бұлдайды. Халық:
«Ақымақ достан, ақылды дұшпан артық»деген.«Келіп-кетіп, көп жүріп, «мен досыңмын» деп жүріп,жоқ нәрсені шатады,сөйтіп құдай атады»,-деп ұлы Абай атамыз жалған достың жамандығын әшкере етеді. Доссыз,қимас жолдассыз өмірде мән жоқ екені белгілі.Бір-екі рет сыйласуға,қадірлесуге,құрметтесуге келген тәп-тәуір адамның аяқ астынан құбылып,ойламаған жерден бөтен мінез танытып,сыр білдіріп қойса оған не дерсіз?Дос-жолдас болып жүріп байғұс жүрегіңнің дал-дұлын шығарып кетсе,ол адам тірі жүрсе де-өлі. «Өлді кейі,кейі-жау», «жүрегім менің қырық жамау»-болатыны да рас. «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» Жүректің қалауымен ғана ғұмыр кешкен жанның келешегі кемел,алды жарқын!» «Жаман дос көлеңке:күн ашықта қойныңда,күн жабықта мойныңда»-дейді.Жақсы дос достықты-борышым, адамгершілік міндетім деп есептейді, достығын бұлдамайды, есептеспейді.Халықта «ажырасар дос ердің артқы қасын сұрайды деген мақал бар. «Есептескен» дос достық жасай алмайды,Достық-бұлдауға,есептесуге қарсы, қасиетті ұғым. Достықтың жоғарғы асқары-халықаралық достық. Дос болу- киелі үғым.Ертеде дос болу үшін ер азаматтар, «Ақсарбас» айтып сойып,малдың бауыздау қанына жейделерін матырып,оны ауыстырып киіп,жүректерін түйістіріп,ғұрып жасап,рәсім өткізген. «Кеуделері түйіскен,қанды көйлек киіскен» достардың бұл рәсімі:-бір-біріміз тамшы қанымыз қалғанша достықты сақтаймыз»- деп,серт беріп,ант-су ішудің бір түрі. «Жанымыз жақын,жүрегіміз бір болады»-деп кеуделерін түйістірген.Кәзіргі құшақтасып амандасу соның салдары.Дос болудың,қазақ халқында,әр дәуірде әр түрлі рәсімдерін қалыптастырған. «Серттесу», «Анттасу», «Уағдаласу», «Ант-су ішу», «Ақ дәм тату». «Қару алмасу» т.б.

Шынайы достықтың арқауы-олардың өмірге көзқарастарының,тұрмыс салтының,моральдық бейнелерінің, рухани азығының,ақыл-ойларының,сезім дүниелерінің ұқсас келіп,бір арнаға құйылып жататындығының тазалығы.Мұндай достық –мәңгілік.Шынайы достар бір-біріне қол ұшын беруге әзір.Қуаныштары мен реніштерін бірге бөліседі.Бірінің абыройына,беделіне, бақытына екіншісі де бар жан тәнімен шаттанады.Өмірде бұрыс басқан қадамдары болса,бір-біріне ашық та батыл айтып,жөн сілтеп отырады.Дәлірек айтқанда, бір-біріне ұстаз.Бүгінгі таңда,дос таңдай білу өте маңызды. Кәзіргі қазақ қоғамы көптеген этнос ұл-қыздарына,көптеген наным-сенімді қөзқарасты жастарға, ұстамы мен құндылықты бағалау дәрежесі әртүрлі топтарға толы. Халық, ұлт өкілінің көпшіл,қоғамшыл болуын,қара басының қамы үшін ғана емес,халқы үшін қызмет етуін талап етіп,абыройлы азамат тәрбелеп,оның азаматтық борышты адал атқаруын үнемі қадағалап отырған.Халық әдебиетіндегі қай қаһарман болсын,ертедегі күшті мен тістіге,,кәрлі мен зәрліге,жат ортаға,адамзат баласы басып көрмеген батыл қиындыққа барып,біреулері, ел үшін, ата-анасы үшін,халқы үшін күресіп жанын пида етеді, екіншілері,бар жауызды,бар қиянатшыл зұлымдарды жоқ етіп,халық бақытын паш етеді.Халық өшпейтін,өлмейтін құдіретті күш. Сондықтан, халық күш-қуатын тасқын суға теңеп, «Елдің күші- селдің күші» деп бағалаған.Халық ер азамат,жас ұрпақты ел бірлігіне,қорғанының беріктігіне жұмылдырып, «көптік қайда болса, тоқтық сонда»,не көрсең де еліңмен бірге бол, «көппен көрген ұлы той», «үйірлі құлан ақсағын білдірмейді»дейді. Әрбір адам өз өмірінде туған елін,Отанын жақсартып,гүлдендіріп кетуге тиіс. «Ер жігіт бір күнде бір кісілік,бір күнде мың кісілік.Осыдан болып, «өз елімнің басы болмасам да,сайының тасы болайын»деген.Халық кім болсаң да,ұлт мүддесіне,арман мұратына қарсы болма дегенді жастарға жалықпай ұқтырған.Жалғыздың үні,жаяудың шаңы шықпайтынын ескертіп, «жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас» десе, адам құдіреттілігі,қуаттылығы ұйымшылдық пен бірлік екенін «алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді», «кеңесті ел азбайды», «Бірлігі мықты елдің,белін ешкім сындырмас», «қосылғанның қолы ұзын,ұйымдасқан ұтады.» Ынтымақ,бірлік,ұйымшылдық қай заманның адамы болса да қажетті қасиет»деген ғой. «Ауыл болсаң қауым бол», «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» немесе «Көрген сайын «сіз» десіп,сыйласқанға не жетсін,шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін» Төле би жас кезінде талай жасы үлкен абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.Төле бала әуелі әкесіне барыпты.Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ,ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады,оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды.Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.:-Балам мынаны сындырып көрші.Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. -Енді сол шыбықты бір-бірлеп сындыршы?Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп ол оңай сындыра береді.Әлібек би:-Бұдан не түсіндің,балам?-дейді.Сонда,Төле бала: -Түсіндім,әке бұл мысалыңыздың мәнісі:ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да,дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді демекші,бірлігі,ынтымағы жоқты жау да,дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой -Бәрекелді, балам, дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде,ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы,-депті. Халқымыз өз Отанын,өз ұлтын,өз тілін,ғұрып-салтын, жалынды жүрекпен қорғай білген,аялап сүйе білген,жас ұрпағын осы рухта тәрбиелей білген. «Атамекен-алтын бесік» деп,ата-бабамыз тегін айтпаған.Ол өз перзентіне барын,нәрін береді.Төсінде тербетіп аялап әлпештейді.Әр адам өз атамекенін мақтаныш етеді,қадір түтады.Атамекенге қызмет ету-әрбір азаматтың игі арманы,мақсат,мүддесі. «Ұлтарақтай болса да,ата қоныс жер қымбат.Ат төбеліндей болса да,туып өскен ел қымбат»-деп түсінген қазақ атамыз,елін,жерін сүйген патриоттарын тәрбиелегенде өткен дәуір тарихын,бабалардың жасаған жалынды ерліктерін,Отанын,жерін қорғаудағы қолы жеткен табыстарын үлгі өнеге тұтқан.Өз Отанын,өз ұлтын,өз тілін,халықтық тамаша ғұрып салттарын жалынды жүрекпен сүйген,еліміздің озық ойлы адамдары басыбайлылық пен меш-еулікті,көз сүзгендік пен біреудің қолына қараушылықты мейлінше жек көрді,отаршылдық пен қанаушылыққа,сол қездегі қоғамдық құрылыс пен саяси тәртіпке,жымысқы саясат пен бөлшектеп ыдырату,қырып-жоюға қарсы күресіп келді.Міне осы негізде қазақтың бас құндылығы-күрескерлік дәстүрі нығайып қалыптасты. «Алтын анам,Отаным!Сенен аяр жаным жоқ,сенен іркер күшім жоқ.»(М.Әуезов)Халықтың қажетіне жарап,ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың көрінісі.Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп,оның жарқын болашағына сенеді.Отанын қастерлеп,білімі мен еңбегін елінің мүддесіне,игілігіне жұмсайды,Адам-қоғамдық тіршілік иесі.Оны қоғам туғызады, тұлға етіп шыңдайды,ұлты өз өкілі болдырып өңдейді,жұрты-кісілік дәстүрмен суарады,зерлейді, осылай ол әлеуметтік өмірде белгілі бір қызмет атқарады.
Ұлттық тәрбие қазанында қайнап,тірлік мектебінде талқыға түскен-жас қазақ-азамат аталады, халық алдында борыш арқалап,күреске түседі. Азаматтық ұғымы адамгершілік биік болмысты,азаматтық белсенділікті,ойлау мәдениетінің жоғарлығын,ізгілікті іс-әрекеті,ізгі қарым-қатынасты,дүниетаным тереңдігін,әділдік пен адалдыққа құштарлықты,мақсат-мұрат биіктігін білдіреді.Адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілікке бағытталғанда адам өмірі мәнді,үйлесімді болады.Ол адамдардың өзара түсіністігін,сыйластығын туғызып,өзін және өзгелерді құрметтеуге,дәріптеуге жеткізеді.Қазақ, адамгершілігі мол,өз елінің қамын ойлаған адамды азамат деген.Халық азаматтарға үлкен сенім артады.,оған құрметпен қарайды.Қазақ азамат жігітті нарға балайды. «Нар жолында жүк қалмас,»-дейді.Нар деп отырғаны-қандай сынға да басын байлайтын,соған қайрат жасайтын адам.Елім деген жігітке ер,қор болмайсың! Өзім деген жігіттен сақ болғайсың! Азаматтық-елге,жерге деген қалтқысыз адалдық, адамдар арасындағы сыйластық пен жарасым,ар-ұждан мөлдірлігі және адамгершілік парыз.Туған жер,ана тіл,дәстүр,салт-сана,тарих бұлардың бірі жоқ жерде екіншісінің болуы мүмкін емес.Туған жер,ана тіл, дәстүр,салт-сана,тарихқа деген сүйіспеншілік,құрмет-нағыз азаматтықтың көрінісі.Қандай бір энциклопедия-лық анықтамадан кем түспейтін, Қазыбек кеменгердің:Алтын ұяң-Отан қымбат, Құт берекең –атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат, Асқар тауың әкең қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пенен ар қымбат. Өзің сүйген жар қымбат.- деген дана ойы,әр қазақтың жадында мәңгі сақталатын,жас ұрпақ жаттап алатын,тұмар етіп мойнына тағатын асыл сөз.?Халық жақсылық жолға талпынған жасқа әуелі көпшіл бол деумен қатар қара басына емес,еліне жақсылық істеуді, азаматтық борышты адалдықпен атқаруды талап етеді. Адам- қоғамдық тіршілік иесі.Оны тәрбиелейтін де, дайындайтын да,қалыптастыратын да қоғам.Әрі ол қоғамда белгілі міндет атқарып,борышын өтейді.Ол ұлттың өкілі.Туыс та,емес,дос та емес,алаштың жай ғана азаматы.Үлкеннің де,кішінің де көңілінен шығатын,ерекше еңбексүйгіштік, адамға деген мейрімділік,ілтипаты бар адамды қазақ-Азамат- дейді. Азамат деген атақ жақсы адамға халықтың таққан айдары, көптің көңілі,елдің ықыласы.Сондықтан бабалар «жақсымын деп мақтанба,халық айтпай,»-деген.Әр дәуірде, әр ортада,әр өлкеде үлкен беделге ие болған,құрметке бөленген адамдар болған. Ондай адамдар қандай жұмыс атқарғанына қарамастан,үлкенге іні,кішіге аға дегендей, ағынан жарылып, іске ұйтқы болып жүреді,Нағыз атпал азаматтар осылардан суырылып шығады. Оларды,Қаныш кеменгер: «Қазақ акедемиктері» деген.Бұқара оларды-ақылман ғұлама дейді.
Жетек деген көрегенге жолыққан шұбартаулық ақылгөй Байқотан:-Қияннан асқан бар ма,арқардың ізін басқан барма,ұлардың үнін ұққан барма? Соны іздеп келемін,-депті.Сонда Жетек: -Е,сенің іздегенің менің іздегенімнен де, қиын екен.Мен адам-адам болса екен,ардан безбесе екен, намыстан қашпаса екен,ерлікке бастаса екен,елдің шырқын бұзбаса екен,ел
басшысыз болмаса екен,жер жаңбырсыз болмаса екен,сөз тыңдаусыз болмаса екен деп соны іздеп барам-депті.Ал,Шәкерім атамыз: Ар демек-адамшылық намыс деген,Арың кетпес жағыңа қарыс деген, Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу, Сөз емес күншіл болып алыс деген. Намыс сол өзің қорлан кемдігіңе, Құрбың мен ұмтылып бақ теңдігіңе, Алмай оз алдыңғының аяғынан, Соқтықпай өзің ізден еңбегіңе. ...Сабыр,сақтық,ой,талап болмаған жан Анық төмен болмай ма хайуаннан? Ынсап,рақым, ар,ұят табылмаса,Өлген артық дүниені былғағаннан. Азаматтық борыш дегеніміз кісіге міндеттелген әрі мүлтіксіз орындауға тиісті, оның ішкі моральдық қажеттілігі бола алған,қоғамның қоятын талаптарының жиынтығы.Азаматтық борышын өтеу ердің ерінің қолынан келетін асқақ талап болумен қатар ешкімнің қолы жетпес қияли арман да емес.Талаптанған, талпынған,ізденген,ұмтылған кім де кім ол борышты өтей алады.Халық борыштылық деп әркімнің өзіне жүктелген тапсырманы абыроймен орындап шығуын айтады.Бабалар ұғымында борыштылық-азаматтың өзін белгілі бір ұлттың өкілімін деп түсініп,сол ұлт алдында,сол жұрт аумағында жауапкершілік жүктейді.Жауапкершілік өте күшті,өте айқын,тым маңызды, тым терең сезімге негізделуі керек.Әркім адамгершілік талаптарын, борышын орындауда бұқара тәжірибесіне сүйеніп, өзінің ар-ожданының сыпатына сай әрекет етеді.Адамгершілік қажеттілігі-борышқа адал берілгендік-үлкен күш.Алайда,бір ғана борыш адамдардың бүкіл адамгершілік үрдісін реттеп отыра алмайды.Адам біреуді құтқара отырып өзі опатболуы мүмкін. Борыш- басқа біреудің қайғы қасіретіне көмектесу.Бірақ қоғам біреуге көмектесе отырып,опат болуға міндеттемейді.Мұндай қадам жасауға адамды не итермелейді?Бұл әрине адамның адамгершілік көрсеткіші-ар-ұждан нәтижесі.Ар-адамның өз әрекеті үшін өзінің алдында моральдық жауапкершілікті түсіну және сезіну,сонымен қатар әділетті болуға деген ішкі ниет.Ождан үні-бұл адамға қойылатын қоғамдық талаптардың басқа түрге айналдырылған үні және адам адамгершілігінің қөрсеткіші. (жалғасады)
Хобдобай Орик( №1 Чернорецк мектебі.)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!