Материалдар / Жеңге жезде мектебінің әлеуметтік оқулары( жалғасы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеңге жезде мектебінің әлеуметтік оқулары( жалғасы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңге жезде мектептерінде жастарға оқылатын адамгершілік оқуларының мазмұны баяндалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
312
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Женге,жезде мектебнің әлеуметтік оқуы
(жалғасы)

Қоғамның моральдық өмірінде ар-адамның мінез-құлықтарын реттеуші қызметін атқарады.Бір жағынан ол іс-әрекеттерді бағалайды,екінші жағынан оны кейбір іс-әрекеттерге итермелейді,басқаларынан сақтандырады.Ар түсінігінен тиімділік және эмоциональдық компененттер біріктірілген.Ол ожданды пайымдауда көрінетін іс-әрекеті үшін өзінің жауапкершілігін түсінуді және қуаныш пен мақтаныш немесе ұялу мен өкініш сезімдерінен көрінетін рухани қанағаттануды немесе жәбірленуді қамтиды.Ождан белгілі бір құндылығымен және тұрақтылығымен сыпатталатын өмірлік іс-әрект бағытына негіз болып табылады,борыш туралы ұғым да осыған сүйенеді. Атақты «Шаңды жорықта» соңынан 500 батырды ертіп жаудың он мың қолына қарсы шыққан Үйсінбай мен Жанатай батырлар өз борышын найзаның ұшымен,қылыштың жүзімен орындайды.Ал,қалмақ ханы Қантожыдан халық кегін қаз дауысты Қазбек өзінің өткір сөзімен қайтарады..Сөйтіп халық ұғымындағы адамгершілік борышын орындауға жауапкершілікті анықтауда алдымен,ер азамат өзіне қойылған талаптарды орындай алам ма?Оның алдына қандай міндеттер қойылып отыр?Өз жауапкершілігін ол қаншалықты түсінген? дегендер ескеріледі.Бұған бір мысал келтірелік.Қантожыға барған қазақ елшілерінің басшысы бұқпа би Тайкелтір. Қантожыға: Өлеңді өзгеге бердік Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр алдыңа келдік, Берсең алдық,Бермесең қалдық. Сөзді өзіңе салдық!-дейді. ( Әрине, такаппар Қаңтожының мұндай жасық талапқа: «ат-тоның аманында еліңді тапқан теріс болмас» деп жауап беруі түсінікті.«Ал,дос болсаң, тұз дәміңді ақтаймыз,әйтпесе асқақ-таған ханның алтын ордасын таптаймыз»-деген Қазыбектің сөзі оны тәубаға келтіреді,сіресіп тұра алмайды.Осындағы Қазыбектің ерлігі-елі, халқы алдындағы жауапкершілікті терең түсінуден туады. Халық жауға қарсы батырды қойса,ал,дауға келгенде шешенге сөз береді.Екеуінде де өжеттік, қайсарлық, жүректілік,намысшылдық болуға тиіс,әрі мұндай ерлік қасиеттер өзінің халық атынан іс-істеп,сөз сөйлейтін саналы түрде ұғынуымен ұштасуы керек. Жоғарыдағы Тайкелтір бидің сөзінен өз басын қорғауды көрсек,Қазыбек: «Артымда қалың жұртым бар,елімізден құт береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға екі үкі таққан ер жүрек батырым бар» дейді де,бүкіл қазақ елінің атынан сөйлейді.Оның сөзі ұтымды шығып ханның қаһарлы бетін қайтарады.Осылай,адам биік өреден,асқақ оймен өз қимыл әрекетін бақылап, әрі дұрыс бағыттап отырса,адамгершілігі кемелденіп,азаматтық борышын өтей алады.Қазақ жігіті,қазақ қызы дегендер шындығында текті ұғымдар,әрі терең мағыналы сөздер.Жігіт-игі-ер-жігер-игдірілген-жігерлендірілген бозбала, тәрбиеленген жас,өңделген жас деген ілкі мағыналы сөз.Қыз- куз-көз-нұр, шырақ (Қазақтар күні бүгін баланы –шырағым дейді.)Көз-өмірдің бастауы,өріс.Көне түркі жазуларында:куз-құдуз деген қос сөз бар.Оны қыз-қырқын деп аударыпты.Ку-бала.құд-көп бала,қыз қырқын-куз-құд-уз-қыз балалар, қырқынның ілкі түрі-құй-кін одан ку-кін болып өзгерген. Кәзіргі Саян түркілері баланы-ку десе-қызды-куйкін немесе күкэн дейді.Ал,монголдар ұлды-хүү,қызды-охин дейді.Бұл сөздердің түбі бір.Қазақ жігіті(Қазақ қызы)- азамат(азаматша) атанып, борыштарын өтеу үшін оларда халыққа қызмет ету үшін адал ниет,ішкі сезім түрткісі болу керек. Адамның жеке басы шынайы түрде белгілі бір адамгершілік бағаға ие болатындығын,мұның өзі оның қылықтарынан және мінез-құлқынан көрінеді.Адамның бұл қылықтары мен мінез-құлқы қоғамдық пікір тұрғысынан және жеке адам тұрғысынан бағаланады.Бұл құбылыстар ар-намыс және қадір-қасиет сияқты адамгершілік қағидаларынан өз көрінісін табады. Ар-намыс—бұл Отанның,ұлттың, топтың өз өкілінің қоғамдық бағалылығын мойындап, оның қылықтары мен іс-әрекеттерін қостауы,қолдауы нәтижесінде пайда болған жеке адамның жігерлі ерік күші.Ол жойқын күш,ірі қуат. «Намыстана шапқаннан , ажал да сескенеді»-дейді, халық.Осы намыс мың-ға жалғыз шапқызған. Осы намыс хан ордасын шаққызған. Осы намыс ер әкені егес жолда мерт қылып, Жетім ұлдың көзден жасын аққызған. Жеңе алмаған бабаларды жау,дұшпан,Асыл ерлер намыс үшін от құшқан, Атамекен, қара шаңырақ, ар үшін,Аталарым арпалыста оққа ұшқан. Қадір-қасиет—бұл жеке адамға көптің берген шынайы адамгершілік бағасы,оны ұғынуға деген құлшынысы.Ар—намыспен де,қадір борышпен де, ожданман де байланыстыҰлт өз өкілдеріне мінез құлқына сай баға береді және азамттық борышын орындауына сай оған құрмет көрсетеді.Ал,адамның өзі ождан үнін басшылыққа ала отырып,өзінің мінез-құлқын және өзін бағалайды,өз қадірін түсінеді. «Арыңды жасыңнан сақта»- дейтін қазақ,ұрпақтарының жұрт көзіне түсіп,халыққа қызмет етуін көздейді.Олардың бәйгеге түсіп,жұрт байқауынан өтуін,сынап бағалануын қалайды.Халық ұрпағының абыройлы азамат(азаматша) болуын армандайды.Оған қол жеткізу үшін үлкен дайындық,үзіліссіз жаттығу жасау керек. Абырой дегеніміз адам бойын-дағы ең асыл құндылық-тардың,кісілік пен адамгершілік қасиеттердің жиынтығы, кез-келген іс-әрекеттің, жүріс-тұрыстың,мінез-құлықтың ілкі үлгісі.Мәселен,Құлтегін ескерткішіндегі жазуда, оның кішкентайынан әскери тәрбие алғандығы баяндалады.Әкесі өлгенде Құлтегін жеті жаста екен.Осы кездің өзінде оған жаяу жүгіруді,садақ атуды,найзамен шаншуды,қылышпен шабуды, атқа мінуді үйретеді.Қүлтегін жауды басып алудың,торуылдың тактикасын үйренеді.Сөйтіп он жасында шешесі Умайдың алдында мүдірмей өтіп,сынға түсіп,ер атағын алады.Он алтыдан қырық жеті жасқа дейін Құлтегіннің көрсеткен ерліктері тәрбиенің нәтижесі екенін жазу ашық көрсетеді.Құлтегін тек әскери тәрбие алумен шектелмеген,сауат ашып,ақыл ойын дамытып,ғұламалардың ақыл-кеңесін алып,таным өресін үнемі биіктетіп,таным көк жиегін үнемі кеңітіп отырған.Ол заманда ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілген, «Ана мектебінің» ең дәуірлеп дамыған шағы еді.Сондығы болар,жазу сызудың ағаш,мата,қайыңтоз,жапыраққа,көнге шабу-ою амалы дамып, мәңгілік сақталар тасқа жазу шеберлері (бәдізшілер) пайда болған.Бүгінгі руналық жазу деп аталып жүрген,ғарып белгілері сол дәуірден де бұрын болған болу керек.Қазақтың киіз кітабының басы сонда жатыр.Оған жалғасқан ұйғыр жазуы қазақта талай жылдар қолданыста болды. Алайда, қазақта жазу-сызу болмаған, бар мұрасын ауызша жеткізген деген түсінік әлі де арыла қойған жоқ..«Ат шаба ма,бап шаба ма? демекші,халық жеткіншекті үнемі сынға салып,кемшілігін көзбе-көз түзетіп,ал асыл мінезін,адамдық қасиетін,қабылет-дарынын ұштап, жасынан тәрбиелейді.Оны көпті көрген қарияның,жаман мен жақсының дәмін татқан білімдінің талқысына салады,күреске баулиды. Шамырқанса,шат кетіп, тепсе темір үзетін,қайғы мен қасыретке төзімді, сабырлы, байсалды етіп тәрбиелеуді,ақ ниетті,адал көңілді АЗАМАТ етіп тәрбиелеуді мақсат етеді.Халқымыз азаматтың адамгершілік қасиеттің шыңдалу өлшеуішіне әділдік пен адалдықты алған.Адалдық пен әділдік -ұрпақтың азаматтық борышын орындауға қажетті қасиеттер..Адалдық дегеніміз-өмірдің барлық жағдайларында адамның өз уәделеріне және қалыптасқан адамгершілік қалыптарға сәйкес әрекет жасау жөніндегі парасаттылық талап. Әділдік дегеніміз-тек қана шындыққа сай келетін,нағыз адамгершілікті қорғау үшін дәйектер мен дәлелдерді айту жөніндегі парасаттылық талап.Адалдық жеке басқа қолданылса, әркімнің өзіне қатынасын көрсетсе,әділдік адамның басқаларға қарым–қатынасын танытады.«Адалдық-ардың ісі.Адалдық жүрген жерде,адамдық жүреді.Асылдың бірі-адалдық»-дейді халық. «Әділдікті мойындау-адал кісінің ісі.Қайрат етер кезінде жүк көтеретін нардай бол,ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол»-дейді, Бауыржан Момышұлы.«Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айрылма»-дейді, Өтебайбойдақ Тілеу-қабылұлы. «Сыр түйіні-ақиқат,ақиқат,шындық көпке ортақ.»-дейді, І.Жансүгіров. «Ақиқатын айт,адамға жақпағаныңмен Аллаға жағасың.»(Шығыс даналығы). Адамның сыртқы бейнесіне пішініне, «дене» дейміз. Адамның жүрегіндегі қуатқа, халге, мінезге «құлық» делінеді. Көңіл ауырулары «жаман ахлақ» (жаман құлық-мінездер)деп аталады.Бұлардың емі өте қиын. Мінез-құлық жүректегі әдет, қалау,хәл деген сөз.Адамның сенімі,сөздері,әрекеттері барлығы да осы қуаттан бастау алады.Адамға дүниеде және ахиретте зиян тигізетін нәрселердің барлығы жаман мінезден туындайды.Қиын болса да мінезді өзгерту мүмкінд3г3 бар. Әрбір мұсылманның бірінші міндеті өз көңілін тазарту. Себебі, көңіл- дененің басшысы.Барлық дене мүшелері көңілдің (жүректің) әмірінде.Пайғампарымыз: «Адамның денесінде бір кесек ет бар.Егер ол жақсы болса,бүкіл мүшелер жақсы болады.Ол-көңіл(жүрек)»-деп бұйырған.Осылайша біз жүрек деп атайтын ет бөлшегінде болатын қуатқа ишарат етілген көңілдің жақсы болуы-жаман мінезден тазарып,жақсы мінезбен безенуі дегенді білдіреді.Бұл «Ахлақ» іліміндегі түйіндер мен ұлтық ұғымымыз өте жақын.Абай дана: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам,адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,- депті.Сондай-ақ,ол, ұлттың ұзақ жылдар бойы қадір тұтқан көркем мінездерінің жойылатынын ескертіп,былай дейді:«...Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай,сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ,біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң,әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды,сайтандыққа тартып барады.Жұртықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.Ол екі мінез қайсы десең-әуелі-ол заманда ел басы,топ басы деген кісілер болады екен.Көші-қонды болса,дау-жанжалды болса,билік соларда болады екен.Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен.Ол ел басы ,топ басы қалай қылса,қалай бітірсе, халыққа оны сынамақ,бірден-бірге жүгірмек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал,қолайыңа жақса,сақа қой»,«Басбасыңа би болсаң,манар тауға сыймассың,басалқаңыз бар болса,жанған отқа күймессің»деп,мал айтып, тілеу қылып екі тізгін бір шылбырды бердік саған,берген соң,қайтып бұзылмақ түгіл жетпегеніңді жетілтемін деп,жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады.Оны зор тұтып,әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры,бәрі өз малы болған соң,шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді? Екіншісі намысқор болады екен.Ат аталып, аруақ шақырылған жерде,ағайынға, өкпе нараздыққа қарамайды екен,жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Ағайынның азары болса да,безері болмайды» деп, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса,төбедегі келеді» десіп,«Жол қуған қазынаға жолығар,дау қуған бәлеге жолығар» деп. Кәнеки,енді осы екі мінез қайда?Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айрылдық. Ендігілердің достығы-бейіл емес,не күндестік,не тыныш отыра алмағандық.» Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.Адамзаттық құндылықтар жас өскіндер бойына іс -әрекет барысында, әр түрлі ойындар, өнегелер мен өнер арқылы беріледі.Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы, іс-әрекеті, қарым - қатынасы, көзқарасымен сипатталады. «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе-бұлар адамгершілік қасиеттер»(Ы.Алтынсарин) Адамгершілік-бұл рухани тәрбие. Осы тәрбиені біз адамзаттық құндылықтан іздеп,жастарға түсініксіз ұғымдарды тыыпалап әуре болудамыз.Алайда,өзімізде,олардың үлгілері мен қалыптары,жас ұрпақ бойына оны сіңістіру жолы,әдіс айласы толық бар болса да елемейміз.Рухани-адамгершілік тәрбиесі-өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды Адамгершілік-адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата - ана үлгісі .(Ы.Алтын-сарин ) және қоршаған-орта. Адамгершілк тәрбиесінің мазмұнын ықшамдап,сипаттасақ:

- Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.

- Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.

- Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.

-Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.

- Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.

- Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.

- Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету.

- Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.

- Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.

- Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.

- Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу.

- Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.

- Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу.

- Өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, тiлегiн, iс-қылықтарын үйлесiмдiлiкте ұстай бiлу. Мұны ұлттық пайыммен зерделесек: «Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек әруақытта. Адамгершілік болмай,Әділдік болмас.Ынсап, ұят, терең ой -Асыл зейнет ойлап қой.Өз қадірің-өз байлығың.Ары таза, нар жүгін көтереді.» «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,-депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз-адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін жастардың бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. Көрініп тұрғандай қазақтың адамгершілік асыл қасиеттерін ислам дінінің ұстанымындағы жібек мінездер туралы ұғымы байытып,тәрбие діңгегіне айналған.Олар қазақтың ислам дініне дейін пайда болған адами құндылықтарға ешуақытта қарсы келмеген. Сондықтан,оларды бір-біріне қарсы қою,ара жігін тауып сараламақ болу орынсыз болады. Халқымыз ұрпағының қанағатшыл әрі жомарт болуын армандап,адамгершілік оқуын осы бағытта оқытты.Қанағат-жоқтықтың жолы емес,жомарттық бардың астамшылығы емес.Қай-қайсысы да зерделілік пен қайрымдылық сезімінен туындаған, халқымыздың адамгершілік абзал қасиетінің тамаша үдгі-өнегесі. Адамгершіліктің әрбір жүйесінде сол кездегі меншік түрлеріне көз қарасты тікелей бейнелейтін талаптар болады.Бұл талаптар өте маңызды нәрсе сол әлеуметтік-әкономикалық құрылыстың негізінде жататын-меншікке көзқарасын реттеп отырады. Меншіктің түріне сай (жеке бастық,жеке меншіктік, ұжымдық,,жалпы халықтық) бір мезгілде өмір сүруі мүмкін, олардың әр қайсысы,әр түрлі топтар меншіктің бір түріне әр түрлі қарайды.Қайткен күнде де қор жинауға,байлықты молайтуға ұмтылу жалпы халықтық өмірлік көзқарасқа бағыт болды. Бұл ниет байлық пен дәулетке қол жеткізудің неше түрлі ақ-қара жолдарын айқындады.
Ертеде урианхайлық Жаргал деген кедейдің жалғыз сиырын көршілес керейдегі Құмаш деген кісі көш жөнекей малына қосып ала кетеді.Иесі малын сұрап келгенше арада көп уақыт өтіп,сиырды Құмаш сіңіріп кетеді.Жаргал кейіндеп келіп: -Қажы-еке сиырымды бер?-дейді. -Өзім құдай үйін көрген,қажы бола тұра сенің сиырыңды алып маған не болыпты-дейді» Құмаш.СондаЖаргал:
-Қажының үш түрі бар:бірінші Мекеге құдай шақырады,ол қажы сол сапардан қайтпай дүние салады.Екіншісін періште шақырады:ол қайтып келген соң дүние малын таратып,дін жолымен өтеді.Үшіншісін шайтан шақырады,ол Меккеге өйтіп-бүйтіп барып келеді де,мұнда келген соң қажы атын жамылып өтірік айтады,ұрлық қылады.Сіз оның соңғысы шығарсыз, ісіңізден көрініп тұр- деген екен. Қазақ дүниеқорлық пен пиғылсыз сараңдарды қатал сынап,ізбасар ұрпақтарын байлықтың жекелеген адамдар қолында шоғырланудың өзі былайғы көп адамдар еңбегінің нәтижесі екенін,оны орта игілігіне жаратуға тиісті екенін түсіндіріп отырған.Осы негізде қазақтың Атымтай жомарттары пайда болған.Олардың изгілікті қайырымдылықтары көпке үлгі өнеге еді. Дүние қоңыз:-Кетпесін көпке есем –дейді. Құлқынның құлы:-Есебін тауып жесем дейді. Ертеде кедей-кепшікке,жетім-жесірге барынша көмек көрсетуімен,қайрымдылығымен аты шыққан Атымтай деген адам болған екен.Әйтеуір тұрмыстан қағажу көріп киер киімге, ішер асқа жарымай келген жарлы-жақыбайлардан барын аямай риза етіп жіберетін көрінеді.Сол себепті,Атымтай жомарт атанып,ел арасына атағы кең тарапты.Туған ағасы бір күні шешесіне келіп: -Атымтайдың жомарт деген атағы елге әйгілі болды.Мен де жомартпын,менің атым неге шықпайды?- деген екен. Сонда, анасы:-Атымтай туа жомарт болды,-депті.-емшегімнің бірін басқа балаға емізбесем,ол ембей жылайтын.Сондықтан қос анарымның бірін бөтен балаға ұсынуға мәжбүр болатынмын. Ал,сен болсаң,бір емшегімді сорып жатқанда, екіншісін тас қылып қолыңмен ұстап жататынсың.Сен қалай жомарт бола-сың?-деп бетіне тіктеп қараған екен.Иә,жомарттық ана сүтімен қанына сіңіп,жүрегіне тұрақтаған қазақ жомарттары бұрын да көп еді,кәзір де бар.
Көде,Шөде деген екі ағайынды екен. Шөде ақсақал, көп балалы болумен қатар малды да болыпты.Алтайдан Арқаға дейін жолаушылар қосарлап ат алмай,қоржындап азық артпай,жол қамдығын толық жасамай жолға шыға береді.Сондағы,олардың айтатындары мынау: «Көрген жерде Көде бар,Шегіртайда Шөде бар»- деген сөзі кәзір жұртқа мақал болып жеткен.Көде мен Шөде жолаушылардың ат пен азығын қанымдап,жолушыларға жәрдемдесіп отырған.Шөде бабамыз,тіптен ерекше жомарт екен. Бір кедей атай алақандай қайрақтық тас апарып, Шөдекеңе тартуға ұсынады.Шөдекең қайрақ тасты шын ықыласпен қабылдап,оның қаруына ақсақалға, көргеннің көзі тоятындай, келісті жуан ат міңгізіп,үш-төрт күн күтіп сыйлап,қонақ болдырып аттандырады.«Қанағат қарын тойғызады,қанағатсыз жалғыз атын сойғызады»-дейтін ата –бабамыз бар болса аспа,жоқ болса саспа,жартыны жарып жесең татулыққа тән,барға қанағат етуді ұсынады, ұрпағына ұлы тағылым тастайды. Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады:Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.Елді басқарған өкіметті сыйламау ел ішінің бірлігін жояды.Асты күтпей,ысырап ету берекені кетіріп, ашығуға апарып соғады Ата-баба қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтып,оны қастерлеп жалғастыру жас ұрпаққа аманат.Әрбір адам елі үшін талмай қызмет етіп,халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана артына өшпестей із қалдырып,ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады.Адам өмірі жақсылық нұрын сеуіп,ибратты ғұмыр кешуге бағытталады.Әр адамның өмірлік мақсат тілегі болады.Аңсаған арманына,көздеген меқсатына көз жеткізу жолында адамдар ізгілік пен адалдықты,ізденіс пен еңбекқорлықты арқау етеді.

Жомарт бергенін айтпайды.Ер азамат айтқанынан қайтпайды.Қанағат қылсаң қарын тоқ. «Қоя жесең қой қалар,тарта жесең тай қалар, тауысқанша жесең нең қалар?»-деп ысырапшылыққа ерекше мән беріп, ұқыпты, үнемшіл болуға үндейді.Қазақ ұрпағына: адалдық пен шыншылдықты, адамгершілік жағынан кіршіксіз болу, қоғамдық және жеке басының өмірінде қарапйым әрі кішіпейіл болуды ұсынды.Қарапайымдылық пен кішіпейілділік қазақтың табиғи мінезі. «Кіші-пейілділік-кісінің көркі,кішіпейілділіктен кішіреймейсің,ұлық болсаң кішік бол» «Болған кісі болдым демес, болдым десе болғаны емес», «Өзі отырған адам, келгенге орын берер» деп қарапайым-дылық пен кішіпейілділікті барынша дәріптеп,келер ұрпаққа асыл мұра еткен. Қарапайымдылық мейрімділікпен де астарласып жатады. Әр халықтың өзінше дәстүрі бар.Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды.Үлкенге сәлем беру,жол беру,алдынан көлделең кесіп өтпеу,қонақты қарсы алу,төрге шығару,жақсы қабақпен аттандырып салу,жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес,әрбір жас дәстүрді қорғаушы,орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.(Ғ.Мұстафин)Біздің халқымызда ата –ананың балаға деген мейірімінде шек жоқ.Түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтін беріп әлдилеген әз ана перзенті есейіп ер жетсе де «аппағым,қоңыр қозым» деп еміренбей ме?Дүниеде ананың аяулы мейірімінен қымбат не бар?Сондай-ақ баланың да әкеге,анаға ыстық ілтипатпен мейірімділік жасауы-перзенттік парызы.Ұл мен қыз бозбала,бойжеткен шағында тәлім-тәрбие беру,өмірге дайындау ісі тек әке-шешенің ғана қолынан келе бермейді.Осы шақтағы,ағайын-туыс,көрші қолаң, жеңге -жезденің көмегі шексіз.Дәлірек айтқанда бой жетіп қалған қызды жеңгелері тұрмысқа шығуға ерте кезден дайындаса,ұл бала ағалары,әкелері ғана емес,жездесінен де ақыл-кеңес алатын. Өз алдына шаңырақ көтеруге дайындауда ерлі-зайыптылардың үй-ішінің ішкі-сыртқы шаруаларына орай міндет бөлісуі ғана емес,олардың ерлі-зайыпты қатынасы да арнаулы тақырыпқа арқау болатын.Жастардың әке-шеше,туған әпке,ағаларынан ұялуы заңды десек,ертеңгі өмірлеріне шырай беретін ерлі-зайыптылық қатынастың мәні-сәні жөнінде жеңгелері мен жезделері әзіл-қалжың араластыра отырып, елітіп,қызықтырып,әсерлі қылып әңгімелейтін. Атастыру ғұрпы да жастардың тезірек тіл табысуын жеңілдететін.






Ходобай Орик (№1.Чернрецк ауыл мектебі,бастауыш сынып мұғалімі)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!