Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жеңге жезде мектебінің өміртану сабағы (жалғасы)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жеңге,жезде мектебінің
өміртану сабағы
(жалғасы)
Аттап бір шығам деппе едім?
Күмістей менің босағам,
Күңіреніп шығам деппе едім?
Базардан келген құйысқан,
Таралмай шашым ұйысқан.
Барып келіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Артымда қалған ел-жұртым,
Аузымнан қалай тастайын!
Есіктің алды дала еді-ау,
Қарасам көңілім талады-ау.
Мәпелеген ел жұртым
Артымда қалып барады-ау!
Жылқы ішінде қашаған,
Сорлы да қылдың, Жасаған,
Тірі де қалды-ау артымда,
Өлгенде шығар босағам.
Әуеден ұшқан боз торғай,
Мойнында жібі бос болғай.
Айналайын ел жұртым.
Аманда, енді қош болғай.
Есіктің алды сар дала,
Сауыққа шығар бозбала.
Үйде туып,түзде өскен,
Сорлы да туған қыз бала.
Есіктің алды сар жазық,
Жақсының сөзі жанға азық.
Ел-жұртымнан айрылып,
Жаз кигенім құлпы еді-ай,
Қыс кигенім түлкі еді-ай,
Әке-шеше қолында,
Баққаным ойын күлкі еді-ай!
Ақ көйлек кидім етіме,
Жазу бір жаздым шетіне,
Мәпелеген аға-екем,
Қарамаған бетіме.
Күреңде жорға мінгенім,
Ел-жұртымнан айрылып
От болып,жанып күйгенім.
Мінгенде атым сар бауыр,
Сарыала қамшы қолға ауыр.
Жыламайын десем де,
Қимайды екен қу бауыр.
Әуеден ұшқан ақ сұңқар,
Қанатымен жер сипар.
Артында қалған бауырдың,
Маңдайынан кім сипар.
Жылқы ішінде ала жүр,
Алаға құрық сала жүр.
Әке бір-кәрі,бауыр жас,
Көзіңнің қырын сала жүр.
Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жаума едім?
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім!
Заманым қыйын болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау,
Ел-жұртым сенен айрылып,
Санамен жүзім солар-ау!
Дәуренім өтіп басымнан,
Бұл не деген іс болды-ау,
Өлер ме екем құсадан.
Ат жүрмейді күймеден,
Іс қалмайды инеден,
Әлпештеген апам-ау,
Не көрсеттің дүниеден.
Қой ішінде қозы едім,
Жылқы ішінде бозы едім.
Әке-шеше қолында,
Асыранды қаз едім.
Мінгенде атым қара сұр,
Қаңтара байлап таң асыр.
Жыламайын десем де,
Артымда жоқ қой жан ашыр
Жеңіме салған жеңұшым,
Жылама апа,мен үшін,
Жылағаннан не пайда?
Туыппыз ғой ел үшін.
Күмістен пышақ қынымен,
Тігулі киім сынымен,
Еркелеткен апа-екем,
Айрылдым ба,шынымен...
Науқастың көңілін сұрай білуді үйрету.Ағайын-туысың бар көрші-қолаң,дос-жораларың бар,кім де кім ауырып қалуы ықтимал.Осындайда,науқастың халін біліп,көңілін сергітіп,тез сауығып кетуін тілеп,олардың дәрі-дәрмек алуына қолұшын беруді жас өспірімдерге әке-шешесі айтып ұқтыратын. Ал,жеңге-жезде мектебінде оны нығайтып бекітетін,әрі өздері ертіп барып,өнеге көрсететін.Бүгінгі күндері жастар тұрғой ересектер де науқастың көңілін сұрауда орашолақтық танытады.Бабаларымыздың небір аталы сөз айтып,науқастың көңілін сұрап,еліндегі жұрт қолында бар,ауыруға шипа болар-лық дәрі-дәрмекті апарып бергендігі тұралы әңгімелер мол-ақ.. Құрдастардың әдемі қалжың айтып науқасты бір сергітіп кететіні де бар.Дана қарттарымыз,осы кезде ел-жұртымен арыздасып қоштасып қалатын рәсімі де болған.Өсиет-арман тілегін қалдыратын жосын қалыптасқан. Абай атамыз қатты ауырып,ажал аузында жатқанда Бегеш досы көңілін сұрай келіп: -Ассалаумағалейкүм,Абайжан!Сөзіңе таңырқаған талай жан.Булығып сөйлей алмай жатырмысың?Алла қонағында бұл не хал?Әй,сабазым,Бегешіңе сөз қатыспасаң,көңілден өле-өлгенше кетпес арман,-депті.Атамыз басын көтеріп:
Азғана ауыл керейден асып туған сен бір ер,
Сен кеткен соң бұл керейге сен сықылды кім келер?
Жүгім ауыр болған соң,көтере алмай жатыр ем,
Қелдің ғой,Бегеш,көрдің ғой,
Сен кеткенше жеңілер,-деп бір сәттік көңілі көтеріліп, жаны да жадыраған екен.
Бүгінгі таңда: «Халыңыз ,қалай?Тәуірсіз бе? Шикі ет ауырмаққа деген.Алла шипасын берсе, ертең-ақ,тұрып кетесіз. Аз күндік бейнет қой! Сәтін салса,не бар,дейсіз, сынақтан сүрінбейтін жан едіңіз.Ауыру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.Ештеме етпес.Күні ертең-ақ,сауығып кетерсіз.» Құрдастар,замандастар,тұрғыластар:«Келіншекке еркелеп, біраз күн тынығып,алғысы келіп, жатқаны ғой.Алып-жұлып бара жатқан ештеме көрінбейді»-деп,әзілге айналдырады.Науқас жас адам болса, «Жас шағыңда біраз күндік,Алланың аяқ тұсау қойғаны ғой!Көп қозғалысыңа шамалы,кедергі келген екен, дәнеңе етпес,тез сауығып кетерсің.Қатарыңа қосылып,әлі-ақ эыр жүгіресің!Сендей күнімізде,талай сүрініп,талай жығылдық емес пе?Түк етпейді. Аманшылық болса,атып тұрып,атыла жөнелесің.Жай ғана,тұмау сүрей бірдеңе ғой.»Осылай жұбата отырып,онан-мұнан алдырған дәрі-дәрмегін, «дәрі алып іш»-деп азды көпті ақшасын ұсынады.Ауырудың беті ауырлау болса,қомақты қаржы жинап,алыс-жақынға жіберіп емдетеді.Көңіл сұрап, көмек көрсету бар қазаққа ортақ міндет.Оны орындауға бала жастан жаттығады.Арыздасып-өсиет айтқан үлкеннің сөзін,жанашыр жақыны,жас болсын,жасамыс болсын тыңдау керек.Себебі ол адамның күллі ұрпағы;- ең соңғы өсиетті,өзі өлгенше орындауы тиіс, үлкен міндет,жауапты парыз.Қазақ ата-бабасының,әке-шешесінің айтқан өсиетін орындау үшін өмір сүреді.Атасының, әжесінің, әкесінің, анасының арыз өсиетін тыңдаумен қатар, балалары, немерелері олар жан тәсілім етерден бұрын,олардың аяғын құшып,олар алдында жасаған қандай бір ағаттығын,ренжіткен жері болса кешіруді өтініп жалынады. Бұлай істеу бар қазақтың басты міндеті.Қазақ баласы-бұл борышты өтеуге тиіс.
Бұқар бабамыздың соңғы өсиеті.Қартайған жыраудың көңілін сұрауға,халық тынымсыз ағылып жатады.Науқастың жанында болған Тайкелтір біраз жатқан соң кетуге емеуірін білдіреді.Бұқар баба келте қайырады: «Ұлықсат жоқ кетпейсің.Мына менің халімді білуге келіп жүрген жұртты қорық басына жина.Мені сүйемелдеп алып бар,олармен әлім барда қоштасайын да,жолдарын байламай таратып жіберейін,шаруаларына оралсын»-дейді қарт. Әлден уақытта ауыл жақтан Тайкелтір бастаған бір топ адам Бұқар жырауды қау-қаулай ортадағы жаюлы кілем үстіне әкеліп отырғызады.Оның бұрынғы сұңғақ бойы еңкейген,тартқан төстіктей кеуде жоқ, денеден ет қашып,суалып тартылған,алты жасар атандай адуындап аттамайды,шөккен.
Бұқар баба торғын орамалмен бетін сүртіп,қалың қабағын көтеріп,жиылған жұртты бір шалып алады да, сөз бастайды:
«Есен саусыңдар ма, халқым! Әмсе,есендікте болыңдар!Менің көңілімді сұрап келгендеріңе рахмет!Тілегі бір,көңілі түзу, бірақ аяғы жетпеген кәрі, жасқа менен сәлем айтыңдар!Мына қу тірлікте бұқарама айтқан артық-кем сөзім болса кешсің.Биыл тоқсанның төртіне келген екем.Өзекті жанға- бір өлім.Өлімнен қорқып отырған мен жоқ .
Хасенді халқы Асан Қайғы деп атаған екен.Асан қайғырған да жоқ,қамыққан да жоқ,,ол тек халқының болашағын ойлады.Қазақ халқын іргелі ел қылмақ болды. Сондықтан да ол желмаясына мініп алып,кең байтақ жерін шарлап шолып шықты,батысы мен солтүс-тігіндегі,шығысы мен оңтүстігіндегі шекерасын өз көзімен көрді...Жырау асықпай-саспай,әлсін-әлсін нұры тайған көзінен аққан жасын сүртіп,қатпарланған бетін орамалмен орай сипайды да, сәл күрсініп аз тыныстағандай болады.Жиылған көпшілік оның әр сөзін меруерттей теріп алып,ынталана тыңдап,ұрпақтан-ұрпаққа айта жүрердей жырау тағы не айтар екен деп үмітпен ұйып тыңдайды.Асан Қайғының әр өлкеге берген бағасына,жырау қысқаша тоқтала келе сөзін жалғап: «Асан болған жерлердің кейбіреуінде мен де болдым. Түркістан,Сығанақ,Сайран,Жанкент,Ташкент қалаларын көзім мен көріп,Балқаш,Жетісу
өлкесін,Сарыарқаны араладым. Сонда мен не көріп,не білдім?Иә,көргенім де көп,түйгенім де аз емес.Оның ішінде менің ең алдымен көргенім талай қиыншылықты басынан өткізіп,барлық ауыртпалықты мойнымен көтеріп, ұлан-байтақ жерге ие болып қалған берекелі елім болды. «Жер мен ел егіз» деп ентігіп қалған қарт біраз дем алады.
Қарт жырау халқына тағы бір екі ауыз нақыл айтпақ болып,бірақ жөтеліп деміге береді,сонда да:
Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің,
Ақ тәніңнің қадірін жаралы болсаң білерсің.
Бостандықтың қадірін жазалы болсаң білерсің,
Дәулетіңнің қадірін мал кеткенде білерсің,
Ажарыңның қадірін сән кеткенде білерсің,
Тіршіліктің қадірін жан кеткенде білерсің,
Аңдып жүрген дұшпанды дәл жеткенде білерсің,-деп
Бұқар жырау халқымен ақтық рет қоштасыпты.
Өлім хабарын жеткізу,естірту,көңіл айту,бата қылу.Өмір бар жерде өлім бар.Жезделер мен жеңгелер жастарға бұл турасында көп білім беріп,оларды ертіп жүріп,талай жол-жоралғы,рәсімдерді көрсетіп,өнегелерді өздері үйреткен.Қазақ халқының өлім хабарын жеткізудің өзіндік жөн-жосығы мен үлгі-өнегесі бар.Ертеде сан соқтырған өлімді,күй-жыр,толғаумен естірткен.Суыт жүріспен,ауыл шетіне келіп,бір ауылда бір адамға ғана хабарлап,арықарайшауып келесі ауылға хабар беретін.(Ауылға жайшылықта шауып келме деген тыйым осыдан).Алғаш естіген адам ауылға толық хабар айтады.Өлім хабарын елге жеткізуші адам суыт жүрісті,сұсты да ширақ қимылды,әрі қалыптасқан өлшемді сөз,өнегелі тәсілді жақсы білетін адам болады.Таныс-біліс жерлес,рулас адамдарға: «Пәлен деген кісі,пәлен уақытта қайтыс болды, пәлен уақытта,пәлен жерде жаназасы болады»деп ашық айты-лады.Өлім хабарын Монғолияда және Қытайда тұратын қазақ-тарда жергілікті радио мен телевизия арқылы хабарланады. Бұл жағдай,алыстағы атамекенде тұратын туысы болсын, сол елдегі ағайыны болсын, қайда кім қайтыс болса да барып, қатынасып,бір уыс топырақ салу мүмкіндігін жасап отыр. Марқұмның ет жақын туыстарына,ұл-қыздарына, құда-жек-жаттарына,ауыл ақсақалдары жиылып,ересектер топтасып барып,тұспалдап естіртеді.Шоқанның қазасын Шыңғыс сұлтанға сол кездегі елдің басты-басты адамдарын,Тезек төре арнайы жіберіп естірткен.
Тезектің суыт хабарлауы бойынша,Атығай Келдібек би мен Әлібек батыр нөкер ертіп Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі.Келсе,сұлтан іштей сескеніп отыр екен.Келдібек би ойлы пішінмен жадырай сөйлеп:
-Төре дүниеде не қымбат?-дейді.
-Адам қымбат,-депті Шыңғыс.
-Адамға не қымбат?
-Бала қымбат,егер сүйеніш болар перзент туса.
-Жансызда не қымбат екен?
-Жансызда қымбат гауһар деуші еді...
-Теңіздің тұңғиық түбінде жатқан сол гауһардың да иесі бола ма?
-Е,иесіз дүние бар дейсің бе,әр нәрсенің екі иесі бар ғой.
-Егер осы жанды-жансыз ең қымбаттыға сол екі иесі таласса,қайсысы алар еді?-дегенде,Шыңғыс төре: «Ең күштісі,күштісі алады»-деп өз санын өзі бір соғыпты да,-«Менің гауһарым Мұхаммед-Қанапияға тағдырдың оғы тиген екен ғой»,-өкіре жылап,жер бауырлап жатып қалыпты.Келдібек би тоқтау айтып:
-Уа,сұлтан,бала сіздікі еді,бақыты халықтікі еді.Пұлсыз берді, құнсыз алды,не шара!-деп кемсеңдеп,төңірегіне көз тастағанда үйдегілердің бәрі еңірепті.
Қазақ халқының естірту ғұрпына соншалық мән берілуінМ.Әуезов: «Қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын,қайғы көріп,қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көрісетінін,оның адамның күйініш-сүйініштерін терең сезінген сыпайыгершілігін,көрегендігін танытады»-деп аса жоғары бағалаған.
Қазақ халқы туыс-туған,дос-жаран,ел-жұртын тірлігінде қандай сыйлап,қалай құрметтесе,\оның өлімін де сондай қадірлеп,құрметтеп,көз жұмған күні оларды өз қолдарымен арулап жуып,ахиретпен кебіндеп,тәптіштеп жерлеп,бір күрек топырақ салуды адамдық және азаматтық парызымыз деп көреді.Сондықтан өлім хабарын естіген адам қандай да маңызды жұмысы болса да доғарып тастап,дереу қаралы үйге барып марқұмның туыс-туған,бала-шағаларының қайғысына ортақтасып оларға көңіл айтып жұбатады.Марқұмның артқы жұмыстарына көмектеседі. «Торқалы той,топырақты өлімде табылмаған туыстың кісілікке сәні жоқ» деп өлім хабарын естіген адам күн-түн демей дереу атқа қонып,марқұмның жаназасына үлгеріп барып,бүр күрек топырақ салуға асығады.Көңіл айта барған марқұмның туыстары,қайтыс болған адам қарт кісі болса: «Асқар тауым-ай! Бәйтерегім –ай! Атам-ай!,Әжем-ай!» деп тұрғыласы болса: «сырласым-ай! ақылшым-ай!,замандасым-ай,ағатайым-ай!,бауырым-ай!»деп, ал жасы кіші балалар қайтыс болса: «құлыным-ай!,жал-құйрығым-ай! жеткіншегім-айІ асылым-ай! атбайларым-ай!» деп дауыстап келеді.Үйде дауыс қылып отырған әйелдерге бір-бірлеп амандасып,ерлерге,қол беріп жеке-жеке амандасады. Әйелдер дауыс салғандар мен жеке-жеке көріседі.Көрісіп боп,бет- қолдарын жуып,қатарға отырған кезде тоқтау айтылады. «Аллаһ жылатқан соң,амал нешік!Бәрімізде жылаймыз–ғой,Алайда сабыр сақтап,тоқтап жылаңыздар
Қазақ халқының қаралы адамдарға көңіл айтып жұбату үлгілері де бар: «тұяғы бүтін тұлпар жоқ,қанаты бүтін сұңқар жоқ,төрт құбыласы тең отырған кім бар дейсің,қазаның қайырын берсін,артта қалған бала-шағаға жасын берсін,иманы жолдас болсын,жаны жәннатта болсын,алланың ісіне адамның шарасы не?болмас іске болаттай берік болыңдар,арты той болсын!» Қайтыс болушы жас бала болса: «алтын босағаң аман болсын,қалған балаларың ғұмырлы болсын,солардың тілеуін тілеңдер,бастарың жасқой,аллаһ бергенін алса да,берерін алмасын,нәрестелерің шапағатшы болсын» деген сияқты көңіл айтылыады.Қазақ ұғымында күнәсіз сәбилер о дүниеде тек ұжмақ-бейіштен орын алып,ахиретте ата-аналарына қол ұшын беріп,шапағатшы болады.Көңіл айтуды кей өлкеде жақсы сөз айту дейді.Жастар осы жақсы сөзді айта алатын болып,жезде-жеңге мектебінен дәріс алуы керек.
Абылай төренің тоқалынан туған бір жақсы ұлы отауын түсірген соң,ұзамай өледі.Абылай төре қайғырып басын көтермей жатып алады.Мұны Байдалы би мен Байқозы батыр естіп,Абылай үйіне келіп,сәлем беріп,бата қылып,дұға оқиды.Абылай орнынан да қозғалмапты.Сонда Байдалы би шарт жүгініп,даусын кенеп,мына көңілді айтқан екен:
Уа,Абылай ақсұңқар ұядан ұшты,
Алланың әмірі күшті,
Салмағы беліңе түсті,
Мойның жуан көтерерсің.
Ақсұңқар болсаң үдерсің,
Қарақұс болсаң жүдерсің,
Тұр, неғып жатырсың?!
Атыңа мін,қайғы атыңның жалында қалсын,
Жылқыңды арала,жылқының ішінде қалсын,
Қайтадан келіп тоқалды құш,
Тоқалдың төсінде қалсын.-депті.
Абылай басын көтеріп,би мен батырды бір неше күн қонақ қылып,би мен батыр неше түрлі әңгімелер айтып Абылайдың көңілін көтеріп,қайғысын сергітіп атқа мінгізіп кеткен дейді.Қазақтың «Мал көтерер өлімді,дос көтерер көңілді» деген мақалы осындайдан қалған болу керек.
Ерден батырдың Байменде деген баласы өліп,Ерден ас су ішпей,етпетінен түсіп жатып алыпты.Мұны естіген Шоқай би,Досбол датқа, және Қараменде би үшеуі бас қосып,Ерденге көңіл айтуға келіпті.Ерден бұлардың сәлемін де алмай,басын көтермепті.Сонда Қараменде: «Ей,Ерден,хан емессің,қара едің ғой,
Қарадан туған сен бір нар едің ғой.
Кешегі Сандыбайдың заманында,
Мына мен де бар едім ғой.
Сонда сен жап-жас қана бала едің ғой,
Енді, міне,бір сиіп тастаған сідікке
Ерден бүйтіп бүгіліп жатыр деген
Сырттан қарағанда ар еді ғой»,-деп,жанындағы Шоқайға қарайды.Сонда Шоқай: Ау, шырағым Ерден
Кеткенің бе керден?
Әкең Сандыбай өлген,
Оның өлгенін мына
Таз Шоқай көрген»,-деп Досболға қарайды.
Сонда Досбол: «Уа,өлмесе қайда кетті
Бұрынғының кәрісі?
Пайғампар ,шадиярдың бәрісі?
Дүниенің бәрін жұтса да,
Толмайды қара жердің талысы.
Өлген жан қайтып келмейді,
Өлім-ұзақ жолдың алысы.
Е,Ерден, басыңды көтер жерден,
Қолыңды бер бермен.»-дегенде,Ерден басын көтеріп сәлемдесіп болған соң:
Өлген жан қайтып келеді деп жатқаным жоқ.
Өлген жаңғыз менің балам ғана емес.
33 мың сахаба,125 мың пайғампар да өлген,
Тарихтан көргем.
Әкем Сандыбай да өлген,
Қолымнан көмгем.
Айтылатын сөз айтылмай,
Келетін кісі- келмей
Наз ғып жатқан жатыс қой»,-дейді.
Бұдан кейін Досбол үшеуінің атынан:
«Бәрекелді,Ерденжан,
Қадамыңа нұр жаусын!
Жақсы атан басқа ұрсаң -бақырмайды.
Жақсы ат жетелесең-тартынбайды.
Туғанына ел қуанады,
Өлгеніне жер қуанады.
Қайырлы шапағаттшы болсын»,- деп көңіл айтыпты.
Жоқтай алу.Марқұмды жоқтай алмау,қазақ үшін мін саналады.Тіптен дұрыстап жоқтай алмау үлкен кемшілік. «Жоқтай алмайтын қатын,өліктің басын шірітеді»-деген сөз осыдан қалған.М.Әуезов: «Жоқтау өлеңі- көпке бірдей жайылған көп қазақтың қолданған салтынан туатын шер өлеңі.Жүрек қайғысын өлеңмен,әнмен,кейде күймен шығару ескіліктің сүйген түрі болған.Кейуақытта жалпақ елдің жоқтауы болады.Ондайда қайғылы қалың елдің атынан ақын жырау жоқтап,кейде үй ішінің ауыл аймақ ,рудың ішінде жоқтау өлеңі болады Әуелгі жердегі жоқтау-хан өлгенде қарашаның жоқтауы.Қайғымен күйзелген қалың елдің шерін жыраулар айтады.Ең әуелі қазақтың кісі өлсе оны қаралы үйдің өз ішіндегі барлық жаны жылап жоқтайдыКөп жоқтаудың өз бетінше шығарылған сарыны,дауысы болады. Әдет бойынша, ертеңді кеш сол сарыңға жоқтау өлеңді қосып,дауыс қылады.Онан соң,қазақтағы жоқтау өлең өлген бір адамның өзіне ғана арналып шыққан.Басқа біреудің жоқтауын айту,жаттама айту-қазақ ұғымынша мін.Жоқтаудың үшінші түрі: өлген ұлын ананың жоқтауы; күйеуінен жесір қалған жарының жоқтауы.Бұл үй ішіндегі тұрмыстың шері».Жоқтау салты қазақтың тым арғы тегінен бері жалғасқан.Мысалы,Күлтегін жоқтауы,Ер Тонға жоқтауы, Бұқар жырау жоқтауларынаАбайдың,Махамбеттің,Жамбылдың айтқан Әбдірахман-ға,Исатайға,Алғадайға арнаған, олардың халық үшін істеген ісі,адамшылық әрекеттерін,ақыл-ой парасаттарын сыпаттаған жоқтаулары ұласып жатыр. Мұндай жоқтаулар кей өлкеде арнаулы жоқтау аталады. Отбасы шері-бүгіндері көріс аталып,өте қысқа нұсқаман өлік шығарда,бата оқушы келгенде, сүйекшілер жерлеп оралғанда айтылып жүр.Марқұмның жетісі, қырқы,жылдығында көрістік жоқтаулар айтылмай тек еске алумен өтілетін болған.Оларды үйрететін,ұқтыратын жезде-жеңге мектебінің шама-шарқы төмендеген.Үй-іші шерінің бірнеше нұсқасын ұсынамыз. Оны жаттап алып,марқұмның жағдайына сай өзгертіп айта беруге болады.Барша марқұмға арнаулы жоқтау шығару мүмкіндігі жоқ болғандықтан,осы жоқтауларды керектене беруге болады деп ойлаймыз. Жаттанды деп ешкім де сөкпес.
Бас-бас өлім,бас өлім!
Басынан келген осы өлім.
Жапырағын жалмайтын,
Жарлыны алған осы өлім.
Құдайдың досы Мұқаммед
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған,
Әліні алған осы өлім.
Өлімнің несі ойбайым,
Бұл істі салған Құдайым!
Қара бір шашым жаяйын.
Күнәлі бармақ жез тырнақ
Күніне қанға бояын.
Күміс жүген төкпелі
Мен тәңірге өкпелі.
Өкпелі болмай қайтейін
Бір жүрсе біраз көппе еді.
Қой да болған қозы еді,
Жылқы да шаңқан бозы еді.
Жау айбынар ер-болса,
Жайсаңым соның өзі еді
Жайсаңым батыр ер еді
Ел қайғысын жер еді
Ел шетіне жау келсе
Мен барайын дер еді.
Айтып-айтпай не керек,
Айтулы ердің бірі еді.
Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да толмауына.
Адам-ата, Хауа –ана-Түп атамыз,
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.
Көп ойласам,қайғының бірі менде;
Заманақыр ауылымда осы күнде.
Қос асылым көзімнен бұлбұл ұшып
Қошын айтып жөнелді дүниеге.
Аға-екем-алдымдағы асқар белім.
Анамыз-сусындағы шалқар көлім.
Жатсам тұрсам ойымнан бір кетпейді,
Ақтамадық ақ сүтпен маңдай терін.
Айналайын, аға-екем,
Отырған орның тақ екен,
Бірге тумақ болса да,
Бірге өлмек жоқ екен.
Ел-жұртқа қадірлі еді қауымына,
Аға мен үлкен-кіші бауырына.
Ақылшы алдындағы кемесі еді,
Өзінің батып кетті-ау ауылына.
Дегенмен ажал бізді,аңдып тұрмас,
Өмірге келген жанмен тегіс сырлас.
Қалғанын береке мен бірлікті қос,
Ақылсыз ойбайлаған түкке тұрмас
Есіктің алды су дейді,
Еңкейіп бетті жу дейді.
Екі де кісі бас қосса,
Алды-артын жұтқан қу дейді.
Жылқы ішінде сұр тай бар,
Біз жыламас не жай бар.
Жоқтамай мен отырсам,
Көргенсіз деп жұрт айтар.
Есіктің алды бір шиді-ай.
Бір шиден атым ыршиды-ай,
Сені ойласам әпекем,
Көзімнің жасы ыршиды-ай.
Есіктің алды тасжарған,
Тасжарған басын күн шалған,
Кімге опа көрсетті,
Баяны жоқ сұм жалған.
Сия бір құйған қауырсын,
Сағындым апа дауысын.
Айналайын апа-екем,
Іздесем қайдан табылсын!
Қос-Ағаш бойы ділгірам,
Онекі болыс бір дуан.
Асылым сапар шеккен соң
Бәс болдым теңдес құрбыдан.
Қобда мен Ойғыр жанасты,
Кешеде жүрген асылым,
Тұманды күні адасты.
Бүгінгі күндері де,арнаулы жоқтау айта алатын,шығара алатын жандар көп болғанымен,кеңес заңының әсері ме,шариф-хадис тосқауылы ма, білмеймін ,естілмей барады.Шәкерімнің қызы Гүлнардың жоқтауынан үзінді келтірейік.Сөзі-батыл,сезімі зарлы бұл жоқтауды кезінде тыңдағандар қандай күйде болғанын білмеймін,ал,оқып бергенімде,көзіне жас алған талайларды көргемін.
Айрылдым әкем-тірегім,
Далада қалдау сүйегің.
Бақытсыз сорлы болдым ғой
Дәл келмей еткен тілегім.
Қолымнан әкем көнбедім,
Көзімше неге өлмедің,
Есітпей ақтық сөзіңді,
Өлерде жүзің көрмедім.
Барымды жайып бере алмай,
Қорлыққа салған көне алмай.
У іштім әкем өлгелі
Бірақ та,қалдым өле алмай.
Қамықты жаным қия алмай,
Басына елін жия алмай,
Арманда қалды әкекем,
Топырақ қолдан бұйырмай.
Қабірге жайлап салынбай
Бетің жөндеп жабылмай.
Сүйегің қалды құдықта,
Әлі де жатыр алынбай.
Ойымнан шықпас арманым,
Жерленбей қолдан қалғаның.
Кеш, әке, әлсіз нәзікпін,
Сондықтан бармай қалғаным,
Он жеті толар жасымда,
Айықпай көзден жасым да,
Дос тұрғой дұшпан көрмесін,
Қазаны тартқан басымда.
Сөкпеңіз мені жылаған,
Бар тілегі құлаған.
Бар екен тағдыр аяусыз,
Сақтаған маған сыбағаң.
Әбдірахман өлгенде Абайдың жазған жоқтауы.
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиынға сермедің.
Көзіңді салдың тұғырға,
Бейнетін қиып көрмедің .
Бірге оқыған құрбыңа
Бас бәйгені бермедің .
Бала болдың, жас болдың,-
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың,-
Көкірегіңді кермедің.
Ел ішіне сау келсең,
Тағылым айтпас ер ме едің?!
Жол көрсетіп сонда өлсең,
Арманым бар дер ме едің?
Іздеп табар жалғаннан
Бала берген пенде едім.
Пенде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім.
ххх
Қайғылыға жақ бол,
Қайырсыздан –сақ бол .
Халқын сыйлағанның-
Аруағын да сыйла!
Хобдобай Орик (№1 Чернорецк мектебі)