Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Жеңге жезде мектебінің сабағы (алғашхы әңгіме)
Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңге ,жезде мектебінде оқылған сабаққа мысалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
23 Қараша 2018
553
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жеңге және жезде мектебінің сабақтары (Алғашқы әңгіме)1.Жар таңдау жауапты міндет.Жар таңдау қазақ дәстүріндегі ұлттық амалдар ислами ұғымдармен етене араласып кеткен.Кәзіргі таңда сол үлгі-өнегені бозбалалар мен бойжеткендерге айтып түсіндіретін,ұқтырып үйрететін жеңгелер мен жезделердің тым азайғанынан қыз-жігіттердің бұл тұрғыда қателесуі,жансақ басуы,кемшілікке ұрынуы белең алған. Жеңге және жезде мектебі күні бүгінге дейін жұмыстайтын, Монғолияда және Қытайда тұратын қазақтар тұрмысында атамекендегі қазақтарда екі түрлі өзгешелік кезігеді:-Некесіз бала туу,некесіз отбасын құру,балиғатқа толмай балалы болу мүлдем жоқ болумен қатар ажырасып шаңырақ шайқалту тым сирек кезігеді.-Оң жақта отырып қалған,жар таңдап,қалаулысына қолы жетпей «кәрі қыз» атанған жандар кезікпейді. Тіптен қаншама кем-кетік,мүгедек болса да,адам болып өмірге келген ұл да,қыз да,өмірден өз орнын тауып,ұрпақ сүйіп,ата-ана бақытына кенелу құқығы әркім де бар болған-дықтан тұрмыс құрып,тіршілік жасайды.Бізде бұлар жүздеп емес мыңдап саналады.Тіпті сүрбойдақ, кәріқыз тобы қоғамда пайда болған.Ал,жалғызбасты әйел,жесір әйел-еркектер қауымы тағы бар.Мұндай келеңсіз жәйіттердің туу себебінің ең бастысы- жеңге мен жезде мектебінің ескерілмей ұмыт қалғандығынан болып отыр.Ондай мектептерді қайта жаңғырту, әр кез,әр дәрежеде талпынысы болғанымен олар тұрақты жұмыстап толық нәтижесін берген жоқ.Отбасына арнап осы бір кітапшаны жазуымыздың негізгі мақсаты сол бір дәстүрлі үрдісті салтқа сіғңіру ниеті еді. Ал,шеттегі қандастардың тұрмысындағы аталған артықшылығы жеңге –жезде мектебінің нәтижесі. Қазақ халқының сан-салалы тәрбиелік дәстүрінің ішінде ұрпақты мөлдір махаббат рухында тәрбиелеу ой-пікірлері,сүйікті жар,отбасының ұйтқысы-ана,жомарт жігіт пен асыл арудың шынайы сүйіспеншілік сезімі,сүйкімді назы,аяулы жарға арналған азамат жүрек, кісілік серт сияқты нағыз адамгершілік қасиет ерекше орын алады.Сүйіспеншілік сезім адал достықтан,жүрек тебіренісіне туатын таза інкәрлік десек,жар ұғымы әйел мен ердің бір-біріне серік,жәрдемші, пана,сүйеніш мағынасын береді. Халықтың «бірінші байлық ден саулық,екінші байлық ақ жаулық» деген тауып айтылған сөзінде үлкен мән жатыр. Өйткені адамның барлық ғұмырының бақыты,көңіл күйінің көтеріңкі болуы,өмір сүруге құштарлығы,еңбегінің жасампаздығы өзіне лайықты жар таба білуіне де байланысты.Ата –ана жас ұрпақты өмірге дайындауда осы мәселелерді ерекше ескеріп,тамаша тәрбие дәстүрін қалыптастырған. Қай қоғамда болмасын әйелдің алатын орыны,атқаратын міндеті өте маңызды болған.Бала табу,оны әлпештеп өсіру,ана ретінде әуелі солардың үлесіне тиеді. Жинақы, ұқыпты, бармағынан бал тамған шебер,үлкен ақыл парасатты талап ететін үй тірлігі де, қонақтардың бабын табу,қонақ күту де әйелдердің міндеті еді. Қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігінде сыртқы шаруаны еркек басқарғанда,үй мүлікті,үйге кірген ас-ауқатты әйел-билеген.Әке үйдің негізгі қамқоры,асыраушысы.Аң ауласын, мал бақсын,егін салсын,еңбектің,бейнеттің ең ауырын арқа-лайтын, атқаратын еркек еді.Халық даналығында: «еркек-бас, әйел-мойын,әке-тірек,бала –жапырақ»-деп сыпатталады.Сонымен бірге,әке балаға үлгі-өнеге,тәрбиеші,ұстаз.Бала ержетіп мал бағуға,егін салуға жарасымен әкесі оны еңбекке баулиды,оған өзінің ата кәсібін үйретеді және баласына еңбегін,жұмысқа қабылетін байқайды.Әке үйдің басшысы, айбары болғанымен шешенің орнын,қызметін ауыстыра алмайды. «Алып анадан», «Өлімді ана жеңеді»- деп халық ана ролін жоғары бағалаған.Әйел-ердің түзде ат ойнатқан,үйде құрт қайнатқан серігі,көмекшісі. «Жігіт жарымен жақсы», «Ер –егіз» дегенде сол жұбайымен егіз. ...Баяғыда бір кедей өмір сүріпті.Ол қанша тырбанса да жарлылықтан құтыла алмаған көрінеді. Әбден зығырданы қайнаған кедей бір данышпаннан ақыл сұрай барыпты. -Уа,тақсыр, сізге бір өтінішім бар еді,жоқшылықтан әбден қажыдым,не әрекет істесем де,бірім екі болмайды,бұл қалай,не кеңес бересіз? Данышпан оған:-Үйлен депті.-Мұныңыз қалай тақсыр, ішерге ас,киерге киім таба алмай жүргенде үйлену менің немді алған?-деп безек қағады,кедей.
Данышпан оны егіндікке ертіп барып,пісіп тұрған егінді оң қолымен ғана (сол қолыңды тигізбей)оруға бұйырады да: -Орғаныңды бір жерге ғана жия бер деп кетіп қалады.Жігіттің ісі өнбейді.Сәлден соң қайтып келген данышпан:-Өндіре алмапсың ғой,бұл қалай?-дейді кедейге.-Сыңар қолмен қиын екен тақсыр. –Ендеше қос қолдап орып көрші.Қос қолдап орған кедей жұмысты өндіріп тастайды. -Есіңде болсын жігітім,-дейді данышпан,-оң қол ер,сол қол әйел. «Бас екеу болмай мал екеу болмайды».Әйелің өзіңе сүйеніш,ақылшы,жәрдемші болса кедейліктен де құтыласың. «Мал таппайтын еркек болмайды,құрарын айт,бала таппайтын әйел болмайды,тұрарын айт»дейді халық. «Жақсы ұл тапқан ананы жаным десе болмай ма,алты ұл тапқан ананы ханым десе болмай ма» деп ананың сол ауыр да ардақты үлесін бағалай білгендікті аңғартады.Сондытан, «атасыз жетім- жарты жетім,анасыз жетім- бүтін жетім»,-деген. Таңдап тауып,жар сүю,ұл мен қызға үлкен жауапкершілік жүктеумен қатар, Аллаһ сәтін салып,бақытын ашып,маңдайларын жарқы-ратса, ғұмырлық жұптарын кезіктірсе тамаша-ақ! Хақ дінімізде, жар таңдаушы, жастарға ақыл-кеңес боларлық сахих хадистер мен үлгі нұсқалар мол-ақ.Аллаһ Тағала бұл дүниеде әрбір тіршіілік иесін жұп жұбымен жаратқаны белгілі.Соның ішінде ақыл-ес,сана сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан да,етек жеңін жиып,әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар іздеуі дұрыс-ақ.Екі жарты қосылып бір бүтін болғанға не жетсін!«Үйленіңдер!Үйлену-менің сүннетім»-деген екен,Пайғампарымыз(с.ғ.с).Діннен хабары бар, байсалды әрі дінді таза ұстанатын,сенімі берік және оны іс жүзінде амалға асыратын, жомарт, асырауға шамасы келетін, күшті,көрікті, жас,тақуа, сондай-ақ әйелімен жақсы қатынаста бола алатын, сыйлайтын, қорламай-тын және зұлымдық жасамайтын жан ғана күйеу болуға лайық. Пайғампарымыз(с.ғ.с.) «Расында дүниенің баршасы нығымет, оның ең қайырлысы-әйел»,-деген екен.Сондай-ақ,Аллаһ Елшісі(с.ғ.с.): «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңе ұнайтын бір кісі келсе,онда үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер).Олай істемесеңдер жер бетінде бүлік және шектен шыққан арсыздық болады»,-дейді.Ал,енді жігіттің жар таңдауына келер болсақ,ол дегеніміз-өз күйеуіне тақуалық, мінез-құлық,әдеп, ізгілік және сұлулық тұрғысынан абзал әйел затын іздеп табу.Сондай-ақ,Әбу Һурайрадан(р.а.)риуаят еткен хадисте Пайғампарымызға(с.ғ.с.): «Қайсы әйел жақсырақ?»-деп сұрақ қойылған. Сонда Аллаһ Елшісі(с.ғ.с.): «Егер қарасаң-көз қуандыратын,бір нәрсе бұйырсаң-бағынатын және өзі мен малына қатысты мәселелерде өзіңе қарсы шықпайтын әйел»-деп жауап берген. Бұқар жырау:«Қалмақтан алсаң маһи бір зайып. Сүйегіңді жоғалтпас.Отының болсын жантақтан. Қатының болсын қалмақтан.» Қалмақ -қазақтың ата жауы еді.Діні де бөлек.Жауың болса да,басқа діндіден,қатын алып, оны өз дініңе кіргізіп алсаң,нағыз жиһад дегенді мензейді. Сөйткен,Бұқар жырау, Абылайға: «Қатын алма қарадан,қара тумас сарадан, Қатын алсаң қарадан,Алды кетпес баладан, Арты кетпес жаладан.Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды, Төре болар ұл туса,Аузы кетпес парадан...»Абылай-қара да,төре де,сұлтан да,хан да бола білді. Қалмақ, башқұрт, қырғыз,қазақтан он екі әйел алды, жүзге жақын ұрпақты болды. Қазағым, қалыңдықты былай таңда дейді:«Қатын алсаң қайыс белді торыдан ал,ол болмаса ақ-құбаның зорынан ал,ол екеуі болмаса қажымайтын қарадан ал. Осы үшеуі болмаса,өзі сары көзі көк былжыраған сөзі көп,дәл осыған тап боларсың»Жар таңдау негізінде,батыр, шешен, ақын,сал-серілерге тән болған.Жетім ұлдар мен жоқшылық қолын буған жігіттерге қыз таңдамақ тұрғой,көп әйел алмақ тұр ғой,бір ғана қалыңдыққа қол жеткізу оңай болмаған. (Кірме,күшік күйеу.) Жар таңдау тек жігіттерге ғана тән емес,ерке шолжаң немесе көрікті де кербез, байдың қыздары таңдаудың кесірінен отырып та қалатын.Олар көн етіктіге бармайтын,көк етіктілерге өтпейтін.Сондықтан,қазақ,беталды менсінбеушілікті, таңдаудағы өрескелдікті ұнатпай;«Тым таңдаған,тазға жолығады»-деп ескерткен. Алайда,қазақтардың тұрмыс құру, үйлену салты өз ерекшелігімен қалыптасқан. Мысалы:бел құда,бесік құда,атастыру, айттыру,қарсы құда және әменгерлікпен үйлену,кішілік алу,сияқты көп жақты тұрмыс құру жолдары бар болған.Ал,кәзір тұрмыс құру, некеге тұру,қыз ұзату,келін түсіру салтанаттарында дәстүрлік бірер жол-жоралар сақталғанмен,заман талабына сай, түбегейлі өзгеріске ұшыраған.Тәрбиелік денгейі әр жерде,әр түрлі өтіп жүр. Қазақ қыздарының көз тастап,көңіл аударатын жігіттері мыналар:жігіттің сұңқары; жігіттің сұлтаны; жігіттің қыраны; нар жігіт;жігіттің арыстаны;жігіттің төресі;жігіттің жамбозы; сері жігіт;сылқым жігіт;өнерлі жігіт,өршіл жігіт т.б.Бұлардың ортақ қасиеті: еңсегей бойлы,өткір көзді,қыр мұрынды,қияқ мұртты,кең иықты,апай төсті,өткір тісті,жуан білекті,қапсағай денелі,бура санды,кең жауырынды,от ауызды,орақ тілді, темірдей саусақты,жау жүректі,сергек ойлы,ширақ қимылды, арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,сұңқардай өр,көк бөрідей қайсар,қырандай алғыр,қабыландай сұсты, сауыс-қандай сақ,іскер де ісшіл. Мұндай жігіттер тым сирек қой. Кәзір оларды іздеп әуіре болмай –ақ қояйын-деп қолды сермей салма. Таңдағаныңды тауып алуға толық мүмкіндік бар.Қазақ:-Ару қыз;Сұлу қыз;Өнерлі қыз:Ақылды қыз;Айбарлы қыз-деп аталатын бес ерекше санаттағы қыздарды тәрбиелеп,өмірге дайындаған.Бұл,қазақ қыздарының бойындағы асыл қасиеттердің басымдылығына сай айтылған шартты жіктеу. Осы бесеуін қазақтың бір қызының бойынан да табуға болады.Ондай қыздардан малика, ханым,бике,адуын аналар шыққан.Олардың үрім-бұтағы бүгінгі біздің ортамызда да жүр. Ұлы Дала төсінде қазақтың сан мыңлаған Асыл Аналары өмірге келіп,оның мөлдір суын ішіп,самал ауасын жұтып,ашық аспан астында,жасыл майсасында ұрпағын өсіріп,азаматын аялап ғұмыр кешкен.Бүгінгі таңдағы қазақ қыздарының бойынан бесеуін демей-ақ бір-екеуін кез келгенінен табуға болады.Бүгінгі қыздар көрікті де,білімді.Ару қыз.Бұл-Түріктер дәуіріндегі-пәк қыз.Оғыздар дәуіріндегі-тұлымды қыз.Алаш заманындағы-иманды қыз. Әдеп пен ар ұят-қыз көркі деп түсінген бабаларымыз,ару қыз деп:қандай жерде қандай сәтте болмасын адамгершіліктен аттамайтын,ар-ұят,әдеп ибаны көз қарашығындай қастерлеп,арына дақ,атына кір келтірмейтін,қасиетті ана тілі мен салт дәстүрін асылға балап ардақтап,адамгершілікке жат жаман қылықтардан бойын аулақ ұстап,суық жүріс пен сумақы қылыққа баспайтын, сыпсың сөзге ермейтін,жамандыққа ырық бермейтін,ата-анасы мен ел-жұрт,туыстарын құрметтеп, іні-сіңлілерін аялайтын, өсек-аяңнан аулақ,пәк,опалы,уәде-сертке берік, аузынан гүл, жүзінен нұр төгіліп тұратын қыздарды айтады. Бұрындары,қазақ салтында, қыздың пәктігін тұрмысқа шығарда көп алдында дәлелдейтін ғұрпы да болған.Ару қыз-жаны мен тәні таза,рухы мен көңілінкір шалмаған,адами болмысына дақ түспеген пәк жандар. Сұлу қыздар.Әйел затын Аллаһ тағала сұлу етіп жаратқан. Сол себепті олар сұлулыққа құштар.Бәрі де сұлу болғысы келеді,ұмтылады.Талпыныс бар жерде нәтиже бар. «Тәңірі-сұлу,ол сұлулықты жақсы көреді.Әйел адалдығы, пәктігі, сұлулығы үшін некел-енеді.(хадис)Сұлулықтың сыртқы нышаны-оның әлемге,оны жаратушысына, айналасын-дағы адамдарға, сүйіспеншілікпен қарап, махаббатпен бас июінен көрініс табады. Қыздарға тән нәзіктік пен сұлулық.Ұлдарға тән бойындағы жылулық.Ал әдептің орны мүлдем бөлек,қыз да,ұл да әдепті болу керек.Олар сұлулықты шарқ ұрып іздеп,ақыры табады. Қыздарға әсемдік жарасады .Талғамы таң нұрымен таласады: Қыпша бел,сұңғақ бойлы қаракөзге, Жан біткен таңдай қағып қарасады. Сұлулыққа тамсанып таңғалмайтын жан бар ма?Қазақ қыздарының тән сұлулығынан гөрі жан сұлулығына айрықша мән беріп,ақылды білімді қыздарын тәрбиелеп келген.Ақылды білімді,қылықты қыздар іс-әрекетті,құбылыс-өзгерісті ақылға салып екшеп-елеп парасаттылықпен пайымдайды.Мұндай қыздардан тәлімгер аналар,дана асылдар ,ақылгөй данышпандар туған.Даналығымен ерге серік болған. Домалақ ана мен Қарашаш ана,ел басқарған Айғаным ханым мен Тайқара ханым сияқты асылдар бастаған лек бүгінгі заманға жеткенін көзіміз көріп отыр..Бармағынан бал тамып, саусағынан гүл төгілген,кілем тоқып,сырмақ сырып,киіз басып, кесте тігіп,шілтер тоқып үй ішін жайнатып,тон пішіп, киім тігіп, қой-сиыр,түйе-бие сауып,ірімшік қайнатып, іркіт пісіп,құрт жасап,май шайқап отбасына ырыс-береке әкелетін,ыдыс-аяқ , көрпе жастығын таза ұстап,шай қайнатып,тамақ пісіріп,қонақ күте білетін қыздарды іздеген жігіттер,табыла қалса олармен бас құрап,болашақ отауының түтіні түзу ұшып, шаруашылығын шалқытуға күш салады.Динадай күйшіі,Сарадай ақын,Шарадай биші,Әлия мен Мәншүктей айбарлы да батыр қыздардың сіңлілерін, бүгінгі Қазақтың қай бұрышынан іздесең де кезіктіре аласың.Екі жасты қосқанның сауабы бар.Егер бүгінгі ұл мен қыз көңіл қосып,жұптасуға қолұшын беріп,көмектесетін ақыл-кеңес айтар ағайын туыс,әпеке- жезде,құрбы-құрдас айналаңнан табылатынына толық сенуіңе болады.«Үйлену оңай,үй болу қиын» дегенмен,бастарыңа бақ қонып,ынтымақ береке болса,ертең-ақ ел қатарлы қазақтың, түтіні тіктеп ұшқан,керегесі кең,терезесі тең бір отауы болып шыға келесіңдер. «Некелесіп тұрмыс құрыңдар,өсіп-өніңдер.«Мен қиямет күні басқа үмбеттерімнің алдында, сендердің көп екендеріңді көріп насаттанамын.»(Мұхаммед/с.ғ.с./) 2.Шаңырақ сыйластығы,отбасы ынтымағы.Бұл сабақ бозбалалар мен бойжеткендерге әр денгейде,үзіліссіз оқылатын,ауқымы кең дәріс.Үлгілі әке,салихалы ана санатына жеткенше еріксіз естуге,тыңдауға өзіңіз де мойынұсынатын кездер де кезігуі мүмкін.Некеге тұрып, Аллаһ нәсіп етіп үйлендіңіз.Мүмкін сіз,ол кезде Жүсіп Баласағұн бабаңызды тыңдаған шығарсыз: ...Әйел алса төрт белгісін көздейді,Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі. Бай әйелді біреу іздеп жүреді, Енді бірі сұлуға көз тігеді, Бірі тілер тұқымы асыл тектіні,Қуаныш боп ұлықтығы,бектігі,Бірі нәзік, имандысын таңдайды, Оны тапса, көңілде алаң қалмайды.Мүмкін сіз ,Хакім Абайды тыңдаған шығарсыз: Жасаулы деп,малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар,ақылы бар,ұяты бар, Ата –ананың қызынан ғапыл қалма. Мүмкін сіз, Пайғампар(с.ғ.с.) хадисін басшылық еткен шығарсыз: «Кім әйелді оның атақ -абыройы үшін алса,Аллаһ ол еркекті қор етеді.Кім дүниесі үшін алса,Аллаһ ондай еркекті жерге ұрады.Ал,кім көзін күнәдан,мүшесін зинадан сақтау үшін және туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін үйленсе,Аллаһ ол кісіге әйелін берекелі,ал әйелге күйеуін құтты етеді,»-депті.Сондай-ақ,екінші бір хадисте: «Әйелге тек сұлулуғы үшін ғана үйленбеңдер,сұлулығы оларды тәкаппар етуі мүмкін.Оған дүниесі үшін де қызықпаңдар,мал-мүлкі оларды шектен шығаруы мүмкін.Расында қара тәнді иманды әйел текті де дәулетті және көрікті бірақ дінсіз әйелден абзал». Женге және жезде мектебінде осы қағиданы басшылыққа ала отырып бозбалалар мен бойжеткендердің тіршіліктегі әр сатысында,әсіресе,жас отау құрып бір шаңырақ астында бас қосқан кезеңінде оның маңыздылығы,кажеттілігі тым асқақтай береді Бір шаңырақта тұратындардың әсіресе жас жұбайлардың шаңырақ жарастығы ең алдымен мына екі жағдайға байланысты.Базарға барайын деп сыртқа шыққан жас келінге, аулада орындықта отырған үш қарт адам кезігеді.Келін иіліп сәлем салып, үйге кіріп дән ауыз тиюді өтінеді.Сонда қария-лардың бірі:«Біз шақырған жерге үшеуіміз бірдей бармаймыз»,-дейді.Оң жақтағы досым-Байлық,сол жақтағым болса-Сәттілік. Менің атым-Сүйіспеншілік.Өзін жолдастарын таныстырғаннан кейін келінге былай деп талап қояды: -Кәзір отауыңызғабарып,отағасымен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің бірімізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,-дейді....Келін сүйіспеншіліктің талабын күйеуіне айтқанда, қатты қуанған ол; «Қандай жақсы,қандай жақсы»,-деп қайталай береді.-Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа толсын». Күйеуінің шешіміне көңілі толмаған келін: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»-деді.Екеуі ортақтасып,мынандай шешімге келді: «Негізінде,ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз бақытты боламыз».Есікті ашып,келін: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз.Сізді шақыруды ұйғардық,-деді.Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді Жолдастары да орнынан тұрып,оның артынан үйге қарай жүрді.Аң-таң болған жас келін, Байлық пен Сәттілікке:«Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»-деді. Қариялар:«Егер де тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек.,-дейді.Келіннің «неге?» деген сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:-«Өйткені, Сүйіспеншілік жүрген жерінде біз-Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».«Шаңырақ сәні –сыйластық» деген мақал осыдан қалған.Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынты-мақ, бауырмалдылық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп,жарастық орнатады. Бір күні Бақ келіп жаңа отаудың есігін қағыпты. -Кім-ей бұл?-депті, жаңадан түскен жас келін. -Мен Бақпын ғой, үйіңе кіргіз,-депті Бақ. -Жоқ,есікті аша алмаймын:төргі бөлмеде атам жатыр, ауызғы бөлмеде өзіміз жатырмыз,-дейді келін.Екінші күні есік тағы тықылдапты.-Бұл кім?–Мен –Дәулетпін ғой,үйіңе қонып кетейін,-депті есік сыртынан Дәулет. –Жоқ ,үй бос емес,-деп тағы да есігін ашпайды.Үшінші күні есік және тықылдайды.-Кім екен бұл?-дейді келін. –Ынтымақ едім.Келін есікті ашып,Ынтымақты үйіне кіргізіпті.Барлығын естіген атасы сонда: -Дұрыс жасадың,шырағым,ынтымақ орын алған жерге бақ пен дәулет өзі-ақ келеді,-деген екен. Халқымыз қасиетті құс деп ардақтайтын аққу көгілдір шағында жұптасады екен де, қалған ғұмырын аса тату тәтті бірлікте өткізетін көрінеді. Жұптасқан аққулардың бір-біріне деген махаббаты соншалық,жұптың бірі қапияда қаза тапса,екіншісі қайғыға шыдай алмай,әуеден құлдилап келіп жерге соғылып мерт болады екен.Ал кейбіреуі неше күндей нәр татпай,сыңарының жанында жатып,жан тапсыратын көрінеді.Үшіншілері өлген сыңарының мойнына өз мойнын орап қылқынып өледі.Мұны қазақ өте ерте заманда аңғарған.Жұптасқан қос ақудай ғұмыр кешіңдер деп бата беруі жастарға тым зор тілек болса керек-ті.Ақылды келін әулеттің-мақтанышы.Жанашыр әйел жарын күтеді,жансақ әйел өзін күтеді.Бойын күте алмаған келіншек,байын да күте алмайды.Тұрмыс құрып не керек ұғыспасаң,туыстықтан не керек жұғыспасаң.»Ақылды болса алғаның аспандағы Ай,Күнің.Байыпты болса алғаның, басыңдағы байлығың» Алайда келіннің жаманы болмайды. келген жері жаман.Жақсы үйге түскен келін нағыз келін болады.Жаман жерге түскен келін келсап болады».Бәрінен де ерлі-байлы екеуінің ынтымақ берекең, бірінді-бірің сыйлап, сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарауларың ең басты мәселе. «Екі өзен қосылса- дария,екі жақсы қосылса-жанұя»-дейтін қазақ,оларға қос аққудай жарасымды болуын,жеңге-жезде мектебі аясында үнемі ақыл-кеңес айтудан жалыққан емес.Өз жарыңды жаттай күт,жат көрсін де түңілсін. Бір-біріңді қадір тұт-жұрт үлгі алсын, үңілсін.Ерлі-қатын тату болса-шырағы жанар,Ерлі- қатын араз болса-өмірден көңілі қалар.Жақсы келін-келін,жаман келін өлім.Жігітті ер ететін де- әйел,жер ететін де әйел.Жақсы әйел жаман еркекті-адам етеді.Жаман әйел жақсы еркекті-надан етеді.Аллаһ Тағала әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі,әйел-анаңыз, қызыңыз,әжеңіз.Әйелін тек жақсы көретін адамдар ғана сыйлап,құрметтейді,үй-ішіне қатал,қатыгез адам-жаман адам.Қашанда ер кісі әйеліне,әйелі еріне мейіріммен қараса Аллаһ тағала да оларға рахмет назарымен қарайды. Бірінің алақанына екіншісі алақанын қойса,саусақтары арасынан күнәлары төгіледі.Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады.Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.Сүйіктің жоқта дүние суық. «Екі жақсы қосылса,Ай мен Күндей жарасар.Екі жаман қосылса,ырылдасып таласар». Нағыз мұсылман,нағыз иманды адам деп кімді айтамыз?-деген сұрауға Аллаһ Елшісі:-Біріншіден,мінезі сиымды,екіншіден-әйелдерге ізет-құрметпен қараған адамды-айтамыз-деген. Хадисте: «Әйелге өз туған ана-қарындасыңа қарағандай мейір шапағатпен қара!».Дінімізде: «Ер адамның әйеліне мынандай борыштары бар:-өзің тамақтанып,әйелің аш қалмасын;-өзі жаңа киім алғанда,әйелін де киіндірсін;-әйелге қол көтеруге болмайды;-әйелді сөгіп балағаттамау керек;-ренжісіп қалсаң,тым алысқа кетіп қалуға болмайды.Ерінің әйеліне татуласу үшін айтқан бір өтірігі кешіріледі».(жалғасы бар)
Хобдобай Орик (№1 Чернорецк ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімі) 23.11.2018

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)