Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жеңге жезде мектебінің сабағы (жалғасы)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жеңге және жезде мектебінде үйренетін-ұлы
сөздер.
Ұлтқа
тән ибалы,иманды,нәзік құбыл-ыстар бырт-бырт үзіліп, қарабайыр
қатынасқа түскен сүреңсіз өмір кешуге мықты кіріскен қоғамнан
қашсаң да құтыла алмас секем жайлап,өмір өңсіз,тіршілік
тұрлаусыз,сауық-сайран шаттықсыз, өлім-жітім азасыз,іс-әрекет
еріксіз,сөзіміз түрпідей,сыртымыз кірпідей, көңіліміз
түлкідей,ақылымыз таяз, қайғымыз ащымен жуылып, абыройымыз арақпен
тазарған сол бір заман да біз көп дүние,мұрадан,мирастан несібесіз
қалыппыз.Ұлы сөз кірлеген көңілді тазартады,қажыған көңілге қуат
бере алады.Асқан-тасқан көңілді басып,қараңғы көңілге шырақ жаға
алады.
Ол былай болыпты. «Ата-бабалар қалдырған,кісілікке баулыған нақыл сөздерді,кейінгі ұрпаққа жоғалтпай жеткізу-кәзіргі сезімі сергек адамдардың парызы деп есептеген дұрыс.Шындықты айта алмаған сөздің атасы өледі;қариялар кеткен соң елдің айтар нақылы мен батасы өледі.Әңгімеде , дәстүр-салт санада жаңа құбылыс пайда болады.Жақсы сөз нәрлендіріп,жақсы дос әлдендіреді екен.Баяғыда мұндай қариялар келгенде астына көрпе төсеп,шынтағына жастық беріп,қымызды сапырып отырып,әкеміз жалықпай ауылдағы туыстуыстарын жинап алып,мал сойып,ұзақ уақыт тыңдайтын. Мұндай әңгіме айту дәуірі 1925-1926 жылдарға дейін өмір сүрді.Одан кейін халықтың басына түскен нәубат адамдарды есінен тандырды.Ескі әңгіме айтқан адамдарды қудалады.
1940 жылдан бастап қала мен ауылда халықтың руханият пен тұрмыстың негізінде қалыптасқан дәстүрдің ауытқу кезеңі басталды.Өмір сүруге,болашаққа пайдасы бар-ау деген жағдайларды ешкім түгендеп,ойланып,толғанбайды.Оны байыптауға байлам жасаған адамдар бой көрсете алмады. Заңға,не ислам дініне үйлеспейтін дағдыға бет бұрды. Кәрі-жасына қарамай о дүниелік болған адамдарды оң жаққа салып, жөнелтүдің өзіндік дәстүрі сақталмады.Оны түсіндіретін діни сауаты бар адамдар болмады.Жаттама құран аятынан құрастырған шала молдалар пайда болды.Өлімді аста-төк мал сойып,бөшке-бөшке сыра ашытып,жәшік-жәшік арақ ішу,карта ойнау белең алды. «Отырған үйдің бір бөлмесінде мәйіт жатыр-ау» деген ой санаға кірмей,үйді көкала түтін ғып,темекі тартып,дауласып,дауыс көтеру екі күнге созылған кездер де болды.Марқұм болған соң жетісі мен қырқына жиналған кәрі-жас жақсы әңгімелер айтудың орнына малының ұрланғанын, биесінің,сиырының төлдегенін,малына қасқыр шапқанын,біреулердің бұзақтығын термелеп айтып, ұсақ түйек ауыл ішіндегі өсек аяңды сөзіне арқау ғып тарасып жатты.Тіпті,салихалы үлкен адамдардың өзі арақ-сыра ішіп, карта ойнауға бой ұрды.Бұл жағдай 1995 жылға дейін етек алды»(А.Әрінұлының естелігінен). Әулет мектебінде ұлы сөздерді үйрету үшін оны балалар ойынына сіңіріп,ойынға ұластырып ұқтырған.Білім мен тәрбиені ұлттық балалар ойыны арқылы үйреткен. Айталық, бата,өнегелік сөздер(тыйымдық сөздер,ескертпелік сөздер, тәлімдік сөздер т.б.)мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік сөздерді балалар айтысы арқылы жаттат-қызған.Ал,ғұрыптық жырларды да осы айтысқа айналдырып игерткен. Жоқтау,көріс,жар-жар, сыңсу,көңіл айту,естірту сияқты ұлттық үлгі-өнегелерді де.балалардың бас қосуында ұқтырған.Ұлы сөзде ұяттық жоқ деп түсінген қазақ,қыздарына бесік жыры,тұсау кесу жыры,бала бесікке бөлеу әндерін осы жеңге-жезде мектебінде үйретті.Қоштасу,сағыныш әндерін,арнау өлеңдерін би,музыка аспаптарын үйрету де,қол өнерін ұқтыру да осы мектептің үлесіне тиген.А.Сейдімбеков: «Егер ХХ ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы?!-деген сұрақ қойылар болса,онда алдымен сөз өнері,музыка өнері және қолөнері тілге оралар еді».-дейді. Осы үш өнерді бозбала- бойжеткен жеңге-жезде мектебінде оқып үйренген. Зере,Ұлжан, Қызтумас,Айғаным әжелер осы мектеп түлегі.Олар да,анадан ертегі,жыр жаттап, әңгімелерді біліп туған жоқ.Қай ана осы мектепті көрмесе,одан тәлім-тәрбие алмаса,Бауыржан атамыздан бастап,бар қазақты «қорқытатын» болады,үрейлендіре алады.Кәзіргі,бата тілек айта алмайтын,өсиет үлгі қалдыра алмайтын,ұлы сөзге шорқақ аталардың көбеюі де осы мектепте оқымағандықтың кесірі. Қоштасу.Жеке адамнан бастап күллі халық көңіл-күйін білдіретін бір де ауқымды,бірде қысқа болып келетін тұрмыстық жыр.Мысалы, «Басынан Қаратаудың көш келеді» дастанынан бастап «Елім-ай» әні , «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Таңсықтың қоштасуы, «Жылау,жылау,жылау күй» дейтін ұзын қоштасулар бар.Бұл тақырыпта молырақ жырланғаны адамның көңіл-күйі.Адамның қартайып төсек тартқан шағында,артында қалып бара жатқан ұрпағына,ел-жұртына қоштасу ретінде айтылатын ақыл-өсиеті,тілегі,өткен өмірімен тілдесуі болады.Немесе арман еткен мақсатыныңа жете алмаған адамның толқуға түскен,күйіншілікке ұшыраған кезі,үмітімен қоштасуы.Сол сияқты адамның қиын-қыспақ жағдайға түсуі және одан құтыла алмасына көзі жеткен соң,артындағы ағайына,халқына арнаған аманаты,олармен қоштасуы баяндалады.Бұл айтылғандардың бәрі де адамның көңіл-күйін,іштегі шерін қозғайды,оны қоштасу арқылы шертеді.(М.Ғабдуллин)
Тұтқын болып айдалып,
Алыс жолға жиналып,
Тұрғанымда қиналып,
Сөз сөйлеймін зарланып,
Ішім бір удай ашиды,
Көңілім босап жасиды,
Алдағы күнді ойласам,
Жан-жүрегім шошиды
Қайта айналып келем бе,
Көрмеймін бе,көрем бе.
Аманатын Алланың,
Әлде бір күн берем бе?
Бойымды билеп уайым,
Еңсемді басып толайым.
Күйге түстім шерменде,
Өзің жар бол,Құдайым!
Бетегелі белдерім,
Айдынды шалқар көлдерім.
Артымда қалып барады,
Туып өскен жерлерім...
Еркін азат күнім-ай,
Қылығы қымбат жаным-ай...
Тұлпар мініп ту ұстап,
Сайран салған елім-ай!
Ай,заман-ай,заман-ай,
Замананың зауалы-ай.
Құбылып соққан құйындай,
Айласы мен амалы-ай.
Бір қазақтың баласын,
Екіге бөліп арасын.
Қырқыстырып қойғаны-ай,
Ағызып көзден сорасын.
Ел арасын ашқаны-
Ескі әдетке басқаны.
Осылай қылған ежелден-
Қазақтың барлық дұшпаны.
Бірікпесе ел басы-
Құрғамайды көз жасы.
Болмаса екен бір күні
Әлдекімнің олжасы.
Ата-дәстүр,салт пен дін,
Осы күні болды мін
Мұның бәрі жоғалса,
Елдігіңде барма құн?
Зиялыңды қудалап,
Қараңғыңды бұйдалап.
Берекені кетірсе,
Қырықпышақ қып өқидалап.
Қайран халқым азбай ма,
Қадірі қашып тозбай ма?
Азып тозып кеткен ел,
Өз көрін өзі қазбай ма?
Қазақ мұны біле ме?
Құлағына іле ме?
Құрыған емей немене?
Біз кетерміз,кетерміз,
Алладан медет күтерміз.
Елге тауфиқ тілеумен,
Өксіп-өксіп өтерміз.
Шырматылмай елеске,
Шығармысың күреске.
Бұл жолда ескі сөздерді,
Қазағым,елім, ал еске!
Асанқайғы,Жиренше,
Ақылын айтып өлгенше.
Солардың сөзін қайталап,
Отырмын мен де білгенше.
Қош аман бол,туған жер.
Кіндігімді жуған жер .
Жаламенен жазықсыз,
Амалсыздан ауған жер!
(Аманат кітабынан.Файзолла Сатыпалдыұлы)
Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровтың анасы Бағжанның ұлын армияға аттандырғанда айтқан қоштасуы:
Сүт суалтқан құлыным,
Жаман атың шыққан жоқ еді,
Сол жақсылығыңнан танба,,
Ақжүрек болып жолдасың,
Адалдық сені қолдасын.
Жақсылық үшін тірессең,
Жаның, арың қорғасын.
Арынды болсын шабысың,
Алымды болсын табысың.
Найзадай болсын намысың,
Қиындық көрсең мұқалма!
Ауырлық көрсең жұқарма! (А.Әрінұлы естелігінен)
Бесік
жыры.Жас баланы
бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп,тойлап өткізген.Мұны да ойын
сауыққа айналдырған. Бесіктегі жас баланы тербете отырып,аяулы ана
көңіліндегі ой-арманын,жақсы тілегін жырмен білдіреді.Жас ана
бесікке салу және бесік жырларын бойжеткен шағында,ойын
үстінде,өздерінен сәл ересек қыздардан,жеңгелерінен үйренеді.
Кәзіргі кезде бесік жырының нұсқалары көп.Бұл алғашқы бесік жырын
бір адам жазып айтып беріп халық соны айтып жүріп,керектене
берген.Кәзір ол айтушының аты мәлім бол-ғандықтан
Қасымның,Қадырдың, Иманжүсіптің деп аталатын көптеген ақын жыршылар
атындағы бесік жырлары бар. Оларды оқулықтардан ,арнайы
шығармалалардан оқушы қыздар да,ұлдар да жаттап алатын
болған.Келіншектердің осы көп нұсқадан теріп алып,ұйқастырып
керектенетіні кезігеді. Бұл өте қуанышты жай.Біз көнелеу бесік
жырының бір нұсқасын ұсынамыз. Бесік жырын
ата,әже,әке,көке,аға,ана,бауыр,бала-шаға демей бәрі білуге міндетті
болған.Себебі бесікті тербету қай-қайсы адамға міндет
болғандықтан,мылқиып үнсіз отырып бесік тербету мін
саналған.Сондықтан бәрі бала шақта үйренген.
Тұсау кесу
жыры.Бөбектің
апыл-ғұпыл,аяғын басар кезінде тұсау кесер рәсімі жасалады.Тұсауын
кесе сала,он қадам,анасы қос қолдап жетектейді,Онан соң,бөбектер
мен бүлдіршіндерге береді.Осы кезде айтылатын ән.
Қаз-қаз балам,қаз,балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін. (Тұсау кесуші айтады)
Қаз-қаз балам,қаз,балам,
Тақымыңды жаз балам.
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам,жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой,
Тай- құлын боп шаба ғой,
Озып, бәйге ала ғой,
Қаз баса ғой,қарағым,
Құтты болсын қадамың,
Өмірге аяқ баса ғой.
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Елгезек бол ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Тұсауы кесілетін бөбекке,үлкен сыйлықтар жасалып,киім кигізіп,етегін майлайды.Ертеректе балаға күміс жүген,күміс ер тарту етілетін,Атқа мінгізгенде қажетке асатын болмағанда көркем ашамай беретін.Алғыс бата,тілектер,көп айтылады.
Тұсауың кесілді-құлама,
Тізеңді жаралап жылама,
Құлындай құлпырып жүгірші,
Кәнеки өзіңді сына да.
Секірсең құздардан-сүрінбе,
Шыңдарға шыққанда-бүгілме;
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің.
Аушадияр жаттатқызу.Қалыңдық аталып,туған үйінің алтын босағасын аттап,жат жұртқа қадам басарда,қыз бен күйеуге айтылатын ең өсиетті де,өнегелі құлаққағыс жыры.Ел ішінде бірнеше нұсқасы бар.Мүмкін біреуге керек болуы деген ниетпен, жаттауға жеңіл нұсқасын ұсынамыз.Бозбалалар ойын-сауығында немесе жекешелеп арнайы жаттататын. Әушадияр нұр болар, Ақылдың сөзі дүр болар, Ата-анасын сыйлаған, Дақ шалмайтын би болар. Аушадияр бір болар, Жалқау адам құл болар, Жақсы-жаманды білмеген, Анық жаман сол болар. Аушадияр екі де Қызды елдің көркі де, Омырауға таққан ақ Жарасып тұрсын бөркі де. Аушадияр екі дер, Ер жеткенің осы дер. Әдеп-иба,ар-ұят, Қыз баланың көркі дер. Аушадияр -үш болар, Атан түйе күш болар. Екі жаман қосылса; Өле –өлгенше өш болар. Аушадияр -төрт болар,
Жанып түрған өрт болар.
Екі жақсы қосылса,
Айрылмастай серт болар.
Аушадияр-бес болар,
Жақсы жарың ес болар.
Жалқау қолынан мал тайса,
Жинағанша кеш болар.
Аушадияр-алты де,
Теріс болмас қалпы де,
Ер жорыққа аттану,
Атам қазақ салты де.
Аушадияр-жеті дер,
Ер тілеуін-ел тілер.
Елін қорғау ерлердің,
Уәделі серті дер.
Аушадияр-сегіз,
Су аяғы теңіз.
Екі жақсы қосылса,
Өле-өлгенше егіз.
Аушадияр тоғыз де,
Күй төркіні-қобыз де,
Жаудан қашқан ез жігіт,
Жорғалаған қоңыз де.
Аушадияр-он болар,
Қой терісі тон болар.
Көптің қамын ойласаң,
Қылған ісің оң болар.
Аушадияр-он бірді,
Жүрмеген жан не көрді?
Жер емшегін емгендер,
Егін салып күн көрді.
Аушадияр-он екі,
Тұтынба арақ темекі.
Әйел атын ардақта,
Қылма іс-қимыл дөрекі!
Аушадияр-он үшті,
Бұл жалғанда не күшті?
Басын кесіп алса да;
Шындықты айтқан тіл күшті.
Аушадияр-он төртті,
Бұл жалғанда не текті?
Қандай қиын сәтте де,
Сертте тұрған қыз текті.
Аушадияр –он бесті
Көргенді тыңдар кеңесті
Кері тартпа дау-шарды,
Ақылға салса теңесті.
Аушадияр -он жеті,
Әппақ болар жер беті,
Нұрдың қызы дейді ғой,
Аққардай болса келбеті.
Аушадияр- он сегіз,
Жарастықта дос егіз,
Қаратау жайлап келсеңіз,
Жылқы менен қой семіз.
Әушадияр –он тоғыз,
Сайрасын үйде қыл қобыз.
Әушадияр –жиырма,
Мекке жолы қиыр ма?
Жылқы әулие десек те,
Хас әулие сиыр да.
Бүгінгі қыз ұзату тойында әушадиярды қыз-жігіттер топтасып айтпай-ақ,әнші жігіт орындап жүр.Ол да боп тұр.
Сарын айту..Бозбалаларды сарын айтуға алдын ала дайындап қояды.Жезделердің ширақтығы байқалады.Бұл аужаралды дайындық десе де болады.
-Айтайын бастап сарынды үкі-ау,
Кейітпе жылап жаныңды үкі-ау.
Әкең ұл болған,шешең-қыз үкі-ау,
Солардан қалған сарын бұл үкі-ау,
Қосағыңмен қоса ағар үкі-ау,
Бақытты болып босағаң үкі-ау
Әнші осылай бастап әндеткенде маңайына бозбалалар,жігіттер топтаса бастайды.Осыдан соң қыз отырған үйдің жабығы ашылып,елдің бәрі сарын тыңдайды.
Айтайын мен өсиет,
Жылама бикем,сөз тыңда!
Ал,бикем енді жылама.
Көзіңнің жасын бұлама!
Әуелде тусаң ұл болып,
Өзіңіді мұндай қыла ма?
Бүркендіріп қоя ма,
Қызығыңа тоя ма?
Ата-ана деп жыларсың,
Жыламай қайтып шыдарсың?!
Тыңдайын десең өсиет,
Сөзіме құлақ саларсың,
Жөн көрсең қабыл аларсың,
Өкпелеме әкеңе,
Кінә қойма шешеңе,
Зарланып жылай бергенің,
Жарамайды бекерге.
Әлпештеп балавм деген соң,
Естияр жасқа келген соң.
Неге өкпе қыласың,
Өз теңіңе берген соң.
Өсек айтып сумаңдап,
Жүрсең, сірә, оңбайсың!
Ұлық болсаң кішік бол,
Рахат дәурен сүрерсің.
Зылиха мен Жүсіптей,
Кісіге сырыңды алдырма.
Пәленше солай дегізіп,
Халқыңның көңілін қалдырма.
Өзіңе бөліп дән берер,
Еншіңе деп мал берер.
Ие болмай дүниеге,
Жаман болсаң ел күлер.
Ойлайсың бикем барсам деп,
Үй тұлғасы болсам деп,
Қабыл болсын ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз!
Бүгінгідей шат күнде,
Көп жылауды қойыңыз!-деп ұзатылатын қызды
жұбатып,оған алда кездесер істер мен түрлі шаруалардың қыр-сырына
қанық болуын,ұзатылу,үйленудің табиғи заңдылық әрі ата салты
екеніндігін егжей-тегжейлі ұғындырады.
Жар-жар
үйрету.Бұл
балалар ойынында-балалар айтысы деген атпен ертеден белгілі.Балалар
жар-жар айтысып сынасатын.Қыз ұзату тойында ол аужар аталатын
Аужарды бір жігіт бастап,қайырмасына келгенде баршасы
қостайтын.
Сөздің басын бастайын «жар-жарменен» жар-жар,
Айтқаныма құлақ сал замандасым жар-жар,
Ата-баба жолы екен қыз ұзату жар-жар,
Бет алдыңнан құдайым жарылқасын жар-жар,
Көңіліңді қарағым, суытпағын жар-жар,
Жамандықты жаныңа жуытпағың жар-жар,
Жат жұрттық болып қарағым,кетсең дағы жар-жар,
Ата-анаңмен ел-жұртты ұмытпағын жар-жар,
Аужар айтысында,жезделер жігіттерге қосылса,жеңгелер қыздарға қосылып жауап өлең айтуға тиіс.Жігіттер тобы: «жар-жар» немесе «үкеу» мақамына келтірсе қыздар: «ай-қу»
немесе «бикем-ай»-ға салады.
Келе ғой,қасыма бикем,
Көп жылап мұнда жасыма бикем,
Пайғампар қызын ұзатқан бикем,
Ақ жаулық тағып басына бикем.
Құрдастай едім сенімен бикем,
Сырластай едім тегіннен бикем.
Жат жұртқа бүгін барасың бикем,
Бабалар салған жолменен бикем,
Жігіттер жағы:
Бір толарсақ,бір тобық санда да бар, жар-жар,
Сылдыр-сылдыр жапырақ талда да бар,жар-жар,
Әкем-ай деп жылама ей,қарағым, жар-жар,
Әке орнына қайын атаң әке болар, жар-жар,
немесе: Жарыса өскен қатарың осында тұр,үкеу,
Жолаушының тілегі қасыңда тұр,үкеу,
Әйелдің көрген дәурені,әлеуметім,үкеу,
Алған адал жарың да тұсыңда тұр, үкеу,
Жерің үшін жылама кетпейсің тауға,үкеу,
Елің үшін жылама кетпейсің жауға,үкеу,
Қалауыңа қосылып,бір тілкетес,үкеу,
Боларсың сен де бір ниеттес,үкеу,
Қалды атам деп жылама,қайын атаң бар,үкеу,
Қалды анам деп жылама,қайын енең бар,үкеу,
Қалды інім деп жылама,қайын інің бар,үкеу,
Қалды сіңлім деп ойлама қайын сіңлің бар,үкеу,
Қалды апам деп жылама,қайын бикең бар,үкеу,
Қалды ағам деп жылама,қайын ағаң бар,үкеу,
Мұнда,аужар мақамдарын көрсету үшін бірнеше нұсқалардың үзіндісін келтірдік.Осы күндері,аужардың балалар ойынындағы айтыста керектенілетін нұсқасы көп қолданылады.Себебі ол,жаттауға женіл, бір сарынды болып келеді.Аужар айту,қыз-жігіттер ғана емес былайғы отырған қауымға үлкен білім,терең тәрбие беретін жеңге-жезде мектебінің тамаша сабағы еді.Ол кезектесіп,айтыса отырып,қызға айтатын ақыл –кеңестерін саралай келіп,соңын
Айналайын апам-ау,
Апамнан көрген мәпем-ау.
Мен апамның қолында
Ойлағаным не екен-ау,
Қызылда мешпет қимадым.
Етекке жеңім жимадым.
Ішіңе сиған апам-ау,
Сыртыңа неге симадым!
Есіктің алды күркеді-ай,
Күркеден атым үркеді-ай,
Қыз демеген апам-ау,
Басыма желек бүркеді-ай.
Ағаке сіздің атыңыз,
Артықша туған затыңыз,
Сағынып аға жүргенде
Келіпте бір,қайтыңыз.
Айналайын басыңнан,
Басыңа біткен шашыңнан,
Атты да жаяу жүрсем де,
Қалмаушы ең,күнім,қасымнан.
Базардан келген кеселер,
Сан алуан деседі ел,
Қайта айналып келгенше,
Қош аман бол, шешелер!
Есіктің алды аса бел,
Аса бір белден аса кел,
Алыс бір жолға кетпекпін
Қолдарыңды жай,бата бер!
Қаладан келген ақ мата,
Бұлғақтап өстім оң жақта,
Айналайын, әкетай,
Қолыңды жай,бер бата!
Сыңсуға жаттықтыру. Сыңсу-қазақ қыздарының зары емес,назы.Оны да балалар ойыны арқылы женгелері жаттатып қояды.Өмірге дайындаудың ол дағы бір сабағы.Ал,кәзір қыз өз үйінен аттанбақ.Қыз жеңгелері ұзатылатын қыздың жүрек қобалжуын тыйып,жолға жақсы әзірленуіне,қандай киім киіп, өзін қалай ұстауына дейін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ақыл-кеңесін айтып,әзіл-қалжыңмен жебей жүріп, оған үйінен атта-нар алдындағы өтеуге тиісті ғұрыпты, орындауға тиісті жол-жосын,рәсімді тағы бір қайталап жаттықтырады.Аттанар ал-дындағы асты ішіп-жеп болған соң қыздың бір жеңгесі,қыз басындағы үкілі тақияны,жоғары іліп қойып,оның орнына сәу-келе кигізеді.Бұл қыздың басына киелі киім киіп,ағайын-туыс-пен,ел-жұртымен қоштасу белгісі.Тәрбиелік маңызының сыр-тында,қыз жар болар жасқа жеткенін,оның ақыл-ойының толы-суына жасалатын үлкен сын.Сыңсыманы айту оңай емес. Кей өлкеде мұны «ұзатылған қыздың көрісі» деп атайды.
Жат жұрттық боп барамын өскен елім,
Кір, жуып кіндігімді кескен жерім
Ата-аға бауыр,сіңлілерім,
Көкейімнен мәңгілік кетпес менің.
Ақ отауым тіккен жер майдан болсын,
Оның іші шат күлкі сайран болсын.
Басқа жұрт қанша әлпештеп бақсадағы,
Өзімнің ата-анамдай қайдан болсын!
Алтындай менің босағам, (жалғасы бар)
Хоблобай Орик (№1 Чернорецк мектебі)