Материалдар / Жер жаннаты-Жуалы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жер жаннаты-Жуалы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
1682
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты: Жуалы-жер жаннаты

Тәрбие сағатының мақсаты: өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Мультимедиялық тақта , суреттер, бейнебаяндар

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар бүгінгі Жуалы ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған « Жуалы – жер жаннаты» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қазақ халқының нұрлы болашағын аңсап, оны жақсы жерлерге қоныстандыруды көксеген Асан Қайғы бабамыз Жуалы өңірінің қасиетін айтып кеткен болатын. "Шөбің шүйгін, суың - бал, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер" деп тамсанған Асан ата осы аймақтан аттанарда:

Басқаның бәрін қисаң да,

Жуалыны қимайсың.

Бөктеріп алып кетер ем,

Ат сауырына симайсың, -

деп тебірене жыр төккен деседі.

Назерке: Төскейінде сайрандап сері құйын,

Асқақтайды Алатау өрі дүйім.

Дидарыңа тамсанған Асанқайғы ,

Іздеп жүріп тынымсыз жерұйығын.

Беу,беу Жуалы!

Батырлардың мекені

Ақындардың мекені

Сағынтасың аңсатып,

Ұзап шықсам екі елі

1-жұргізуші: Ендеше ауданымыздың тарихына көз жүгіртсек

1,2,3-слайдтар көрсетіледі.

Ақжүніс: Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның "Жұлдызы биік Жуалы" атты белгілі очеркінде: "Жуалының бір аты бағзы заманнан "Мын-Бұлақ" болатын" деп жазады.

Біздің эрамыздың VII ғасырында өмір сүрген қытай монағы Сюань-Цзянь Қытайдан шығып Шашқа (Ташкент) дейін сапар шеккен жолында осы Мыңбұлақ жөнінде былай жазған: "Мыңбұлақ жерінің оңтүстігін басын мұзарт басқан биік таулар қоршайды. Суы мол, орман-тоғайы тұнып тұр. Көктемнің соңғы айында жайқалып өскен түрлі-түсті гүлдер шебердің қолынан шыққан әсем кілемдей көздің жауын алады. Мұндағы сай-сай болып аққан мөлдір бұлақтардан аяқ алып жүргісіз. Сондықтан да Мыңбұлақ атанған. Түріктердің ханы жылда ыстық жақтан ығысып, жазда осында дем алған. Мұнда мойнына қоңырау таққан бұғы, елік көп кездеседі. Адамдарға үйренгені сонша, қасына барсаң да қашпайды. Хан еліктерді жақсы көрген. Солардың жайылып жүргеніне қарап рахаттанып отырған. Ол өз қол астындағы елге арнап жарлық шығарған: "Онда кімде-кім бір елікті өлтірсе, табанда өлім жазасына тартылады" делінген".

Бегайым: Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылды және 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді.

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы - облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

Әбдінұр: Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері- 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны -10478 бірлік. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігін, яғни, 87 % қазақтар, 8,1 % орыстар, 1,06 % шешендер, 1,04 % әзірбайжандар, 1,9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер.

Нұрбек: Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан[Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауықоршап жатыр.

Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді.

Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, БилікөлТеріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады.

Аудан аумағы 15 ауылдық округтерге бөлінген. Ауданда барлығы 52 елді- мекен бар.



Ерасыл:

Аппақ,аппақ гұлдері

Жасыл,жасыл жерлері

Көгінде аспан әлемі

Исің жұпар аңқиды-ау

Жуалым, менің Жуалым

Азамат: Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі.

Әлібек: Беу,беу Жуалы!

Жаратқандай мың құздан

Бауыржанды туғызған

Өзің едің мағанда

Өлең жолын қуғызған.

Мухсина: Жуалы ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 4,2 мың км². Тұрғыны 51 796 адам (2010). Аудандағы 52 елді мекен 11 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылы

Айым: Жаннаты жердің Жуалы

Зеңгір көк төккен шуағын

Көл-көсір, өлең бұлағым

Атамекен- тұрағым

Жалындай жанып шырағым

Төсіңде сайран құрамын

Тебірентіп жүрегім

Арналар саған жыр әнім

Жуалым менің Жуалым!

4,5,6-слайдтар көрсетіледі

Ақниет: Жуалыдан шыққан жұлдыздар:

Бауыржан Момышұлы ( 1910 - 1982)— Кеңес одағының батырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Шерхан Мұртаза(1932 жылы туған) — жазушықоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).

Тайыр Бүркітбайұлы Тастандиев (1924 – 1974) — Екінші Дүниежүзілік соғыс батыры. Жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері.

Бауыржан Үсенов (1960-1991) — жазушыжурналистӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Жуалы әні орындалады хормен.

Жәнібек: Ауданда негізгі екі бағыттағы конфессияда: ислам және христиан діндері бойынша діни орындар жұмыс істейді. Барлығы 25 мешіт, 1 шіркеу және 3 діни танымдық үйлері бар. Бүгінгі мәлімет бойынша діни орындарға келушілердің жалпы саны 589 адамды құрап отыр.Ауданда қазақ, славян, өзбек, әзірбайжан және шешен - барлығы 5 мәдени-ұлттық орталықтары жұмыс атқарады. Олардың барлығы 1993 жылы құрылып, өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін және тілін насихаттау бағытында қызмет етуде.

Диас:Аудан жерінен Көксай, Теріс, Ақсай, Ақжар,Боралдай,Қошқар ата өзендері ағып өтеді.Теріс өзенінің бойына Теріс- Ащыбұлақ су бөгені салынған.Ауданның солтүстігін Билікөл су айдыны алып жатыр.

Нұрбақыт:Жуалы туып өскен жерім едің,

Сондықтан көзіме ыстық көрінесің.

Балалар жатырқанып жүрмесін деп,

Биыл да саған аңсап келіп едім.

Ауаң мен суың шипа нәр алатын,

Курорт боп өзімізге саналатын.

Әр жылы талмай ұшып кеп қайтамыз,

Арадай мезгіл- мезгіл бал алатын.

Шартараптың аралап бел-белесін,

Жүрсем де Жуалыға тең келетін.

Жер таппадым, ойыма күндіз- түні,

Айналып қайта- қайта сен келесің.



Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демекші, Асанқайғы бабамыз жырлаған, қытай саяхатшысы сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалы аймағы бүгінде де баяғыдай мың сан бұлағы, сыңсыған орман- тоғайы, еркелеген еліктері қалмаса да, өзінің сұлу қалпын әлі күнге сақтап келеді.Социализм кезінде жаппай жер жыртқызып, егін еккізіп, жайылымға дейін бүлдіріп тастаған солақай саясаттың салқыны тимегенде бұл өңірдің әлі күнге әрі таймайтыны рас еді.Бірақ Жуалы қашан да Жуалы, жер жаннаты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!