Су
– таза
күйінде сутек пен оттектің химиялық байланысы болып табылатын
мөлдір,түссіз сұйықтық.
-
Табиғаттағы су
-
жер
шары беткейінің 71% -ын су алып жатыр;
-
табиғаттағы су айналымынына
қатысады;
-
фотосинтез процесіндегі негізгі рөлдердің бірін
атқарады;
-
жер
бетіндегі климаттың қалыптасуынада судың тікелей қатысы
бар;
-
жер
бетіндегі температуралық режімді реттейді;
-
жер
бетіне түсетін ультракүлгін сәулесінің әсерін
әлсіретеді;
-
Адам тіршілігіндегі су
-
тірі организмдердің барлығы ерте кездерде
тіршілігін судан бастаған;
-
ағзада зат алмасу процестеріне
белсене қатыса отырып қоректік заттардың тасымалдануы мен
сіңірілуін қамтамасыз етеді;
-
адамның денесінің 65% судан тұрады, 20%
суды
жоғалтқанда жасушаларда болатын қайтымсыз өзгерістердің нәтижесінде
адам қазаға ұшырайды;
-
статистикалық мәліметтер бойынша бір адам
жылына тамақтану үшін 60т-ға дейін су қабылдайды
Судың айналымында маңызы бар биологиялық
процестерге транспирация жатады, ол өсімдік тіршілігі үшін аса қажетті де
күрделі процесс болып табылады.Транспирация-бұл өсімдіктің жасыл бөліктерінің
суды буландыруы. Транспирацияға жұмсалатын судың
мөлшері(судыңшығыны)сол өсімдіктің түріне, ауа райына және
топырақтың ылғалдылығына байланысты болады.
Су табиғатта үш түрлі күйде
болады: қатты, сұйық
және бу түрінде.
Таңғаларлық жайт, Жер бетінде тек судың ғана
қатты күйіндегі тығыздығы сұйық күйіндегіден төмен. Міне,
сондықтанда мұз суға батпайды, ал су айдындары түбіне дейін
қатпайды (егер экстремалды аса суық температура
болмаса)
Судың ластануы. Судың ластануы деп су
айдындарының зиянды заттармен, өндірістік және тұрмыстық
қалдықтармен қанығу процесін айтады. Мұның нәтижесінде су өз
қасиетінің көп бөлігін жоғалтады және ары қарай қолдануға жарамсыз
болып қалады.
Ластанудың негізгі
көздері:
1) мұнай өңдейтін
кәсіпорындар;
2) ауыр
металдар;
3) радиоактивті
элементтер;
4)улы
химикаттар;
5)
қалалық құбырлардан және мал шаруашылығы фермаларынан қалдықтардың
ағып шығуы.
Дүниежүзілік мұхитқа жыл сайын 13 млн т-дан астам
мұнай өнімдерінің қалдықтары төгілетіні туралы ғалымдар талайдан
бері дабыл қағуда. Анығырақ айтқанда, Тынық мұхитқа олардың
9млнт-ға жуығы, ал Атлант мұхитына 3млн т-дан артығы төгіледі
екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі
бойынша қазіргі кездің өзінде біздің ғаламшарда таза табиғи судың
бірде-бір қайнар көзі қалмаған. Тек басқаларына қарағанда ластануы
сәл төмендеу су айдындары ғана бар көрінеді. Бұл жағдай біздің
өркениетімізге апат қаупін төндіреді, өйткені адамзаттың сусыз
тіршілік етуі мүмкін емес. Ал оны алмастыратын ешнәрсе
жоқ.
|