Жетістікке жетудің қырлары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жетістікке жетудің қырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістікке жетудің қырлары Өзіңді жоғары бағалаудың тәсілдері. 1. Өзіңіздің жақсы қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жетістікке жетудің қырлары

Өзіңді жоғары бағалаудың тәсілдері.

  1. Өзіңіздің жақсы қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз. Сол тізімге жиі қарап жүріңіз.

  2. Өзіңізді ешқашан өзгелермен салыстырмаңыз. Сізден жоғары немесе төмен тұратын адамдар қашанда табылады.

  3. Барлық сізге айтылған құттықтауларды «ия» деп алғыспен қабылдауды үйреніңіз.Өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.

  4. Өзіңізге сенімді болыңыз.сіз достарыңызбен және туыстарыңызбен сөйлескенде сенімсіз сөйлессеңіз онда сіздің өзіңізге деген бағаңыз төмен. Сенімді әрекет етіп, сенімді сөйлеуді үйреніңіз.

  5. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Өзіңізге ұнамайтын іспен щұғылдансаңыз сізге қуаныш сыйламайтыны анық. Егер сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз бен жағдайыңыз жақсара түседі.



Көпшілік алдында сөйлеу өнерін меңгеру

Кейде көпшілік алдына шыққанда қысылып, қорқыныш бойымызды билеп алуына жол беріп, айтатын сөзімізді ұмытып қалатын сәттер болады. Бонапарт былай деген екен: «Кімде кім дұрыс сөйлей алмаса, соның мансап жолы да дамымайды» Бірақ мына заманда техника бұл олқылықтың да орнын түрлі слайд-шоулар, суреттер, кестелер толтырып жүр.

Бірақ, бұл құралдарға сеніп алсаңыз –ешқашанда шешен болып сөйлей алмайсыз.

Д. Карнеги «Сөйлейтін сөзін алдын ала дайындамай, көп адам қателік жібереді» - дейді.

Шешен сөйлеуге арналған 5 көмек:

Бірінші көмек: аудиторияның прблемасын шешіңіз. Тыңдармандарыңызды мазалап тұрған сұраққа жауап беріңіз. Өз сөзіңізді де осы мәселені сипаттаудан бастаңыз . осы арқылы өзіңіздің біліміңізді көрсетіп, тыңдармандардың назарын өзіңізге аудара аласыз.

Екінші көмек: тезистерді қысқартып алыңыз. Көпшілік сөйлеушінің қателігі – айтқысы келген ойын бірден жалпыоама айта салуы. Өз сөзіңізді саралап, тек негізгісін қалдырыңыз. Айтқыңыз келген ойды бірнеше мәрте қайталап алсаңызда болады.

Үшінші көмек: оқиғаны баяндап беріңіз.

Адамдар оқиға естігенді жақсы көреді. Өз сөзіңізді бас-аяғы бүтін оқиға етіп құрастырыңыз. Сөздің сөйлеуіңіз адамдарға жаңа білім мен эмоция беруі тиіс.

Төртінші кеңес: ақылгөйсімеңіз

Айтар мәтініңізді қағазға жазып алып оқып тұрмаңыз. Айтар мәселеңізді бірнеше бөлікке бөліп алып жатаңыз. Егер өз сөзіңізді өзіңіз түсініп тұрсаңыз – мәтінге қараудың еш реті жоқ. Егер мәтінді өзіңіз түсінбей жатқа айтамын десеңіз,көп жағдайда ұмытып қалып күлгіге айналуыңыз мүмкін.

Бесінші көмек: тәжірибе жасаңыз, тәжірибе жасаңыз және тәжірибе жасаңыз!

Эмоциямызды басқарып үйренейік

Адам өмірі эмоцияға толы. Эмоциялар адамды жаңа белесті бағындыруға тәуекел баруға итермелейді. Эмоциямызды сыртқа шығаруға ойларымыз ғана емес, ақылдың оңтайлы ұстанымдарын жеңіп шығатын ниет пен әрекеттеріміз де еріксіз мәжбүрлейді. Ашу, өкпе, қызғаныш сынды жағымсыз эмоциялар көбіне бақылаулан шығып, өмірімізді қиындатып жіберетін кездері болады.

Бірақ бір сәттік эмоцияларға тосқауыл қоюды үйренуіміз керек. Көбінесе адамдар қандай да бір әрекетке, сөзге, оқиғаға қатысты алғашқы, бір сәттік эмоцияларына өкініп жатады. Абайсызда айтылған сөз, асығыстық әрекеттерде барлық жағдайды бірнеше секундқа басқаруды үйрену керек. Ол үшін бірнеше жолдары қарастырылған. Солардың бірі терең тыныс алумен байлансты. Эмоция мен тыныс алудың қандай қатынасы бар? Өйткені эмоциялық әрекеттер тек баста туындамайды, қызу реніш үстінде қанда түрлі гормандар арпалысып жатады, жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі.

- Терең тыныс алыңыз, баяу деміңізді шығарыңыз . кеудеңіз ауаға толғанын сезініп, 20-ға дейін санап, бачу деміңізді шығарыңыз.

- Назарыңызды басқа жаққа аударыңыз

-Егер сізді қорқыныш, көңілсіздік, үрей сиақты сезімдер баурап алса, онда бойыңызға қуаныш сыйлайтын, көңіліңізді көтеретін әрекет жсауға тырысыңыз.

Эмоциялық денсаулығыңызды қадағалаңыз

Физикалық денсаулық сиақты эмоционалдық денсаулықта маңызды.егер сізде жүдеу байқалса, жағымсыз ортада жүрсеңіз демек ауырып жүрсіз. Әрдайым жабыңқы көңіл-күйде болсаңыз, көңіліңіз болмай өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз сізден де айналаңызға жағымсыз эмоциялар сезілетіні сөзсіз. Жеке шекараңыз белгіленген, өзіңізге жайлы орта табуға тырысыңыз, біліктілігіңізді көрсете алатын, өзіңізге сенімділігіңізді арттыратын жұмыс табыңыз.

«өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - деп Ф.М Достоевский айтқандай әрбір адам өзін тани білуі керек.





Әдебиеттер тізімі:

Дж Рапсон «Мені мадақтаңыз»

Роберт Циалдини « Әсер ету психологиясы, Сендіру,Әрекет етіңіз. Өзіңізді қорғаңыз.

Жантану мәселелері журнал 2/2016



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2022
241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі