Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ж.Жабаев "Ленинградтық өренім" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы білім алады, тілін дамытады, ой- өрісін кеңейтеді. « Ленинградтық өренім» өлеңінің шығу тарихымен таңысады. Дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сатылай кешенді талдау технологиясының элементтерін қолдануды білу. Тәрбиелік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтің өлеңінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгеріп, бойына қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырады және эстетикалық патриоттық алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев « Ленинградтық өренім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, тіл дамыту, ой- өрісін кеңейту. « Ленинградтық өренім» өлеңінің шығу тарихымен таңыстыру.
Дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сатылай кешенді талдау технологиясының элементтерін қолдануды білу.
Тәрбиелік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтің өлеңінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық патриоттық тәрбие беру 
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әнгімелеу, мазмұндау, шығармашылық, жеке топпен жұмыс, сатылай кешенді талдау технологиясының элементтері
Көрнекілік:
1. Жамбылдың суреті
2. « Ленинградтық өренім» өлеңіне арналған слайдтар
Пәнаралық байланыстар: орыс әдебиеті, орыс тілі, өнер, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын.Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.

1 2 3 4 5 6 7 8

С Ә Т Т І Л І К!

1. Сыйластық, сенімділік, сөзшеңдік,

2. Әдептілік

3. Тапқырлық, тәкәппарлық

4. Төзімділік, табандылық

5. Ізеттілік, іскерлік

6. Лайық

7. Ізденпаздық

8. Күштілік, көрегендік, кеңпейілділік

. Үй тапсырмасын тексеру.
. Мұғалім:
— Балалар, өткен жолы қандай ақынның шығармашылығыментаныстық?
— Өткен сабақта «Абай Құнанбайұлы» тақырыбын өттік.
— Қазір үй тапсырмасын сұрақ аркылы тексереміз.
Жұмысты бастау үшін екі топка бөлінеміз.
Мақсатымыз:
Әрбір оқушы тақтаға шығып сұрақ алып жауап береді. Кім шынға бірінші жетеді сол топ Абайдың бізге өсиет ретінде қалдырған сөздерді табады.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, әрқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалаң!
Сұрақтар:
1 топ.
1. Абай қай жылы, қайда туды?
2. Алғашқы білімін кімнен алды?
3. Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды?
4. Абайдың өлеңін жатка айтып бер.
5. Абай туралы жазылған көркем әдебиет шығармаларын білесің бе?
6. Абайдың табиғат лирикасының ерекшелігі қандай?
2 топ.
1. Абайдың шын аты кім?
2. Абайдың анасы мен әжесін ата.
3. Абай қайда оқыды?
4. Қай өлең ұрпаққа өсиет ретінде жазылған?
5. Абай « Қара сөздерінің басты тақырыптары қандай?
6. Абай неге « Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы деп аталады?
Қорытынды:
Шынында неге осы Абайдың сөздері жазылған? Қалай ойлайсыңдар?

Жаңа тақырып.
Балалар, жаңа біз Абай туралы М.Әуезов «Абай жолы» роман – эпопеяны жазды деп айтып кеттік.
Мен сіздерге сол романнан бір үзіндіні оқып бергім келеді.
….Жамбылдың тегін айтпай кезінде. Сөзін де тауып айтатынын олар біліп, бағалап тұр. Ақынның алғашкы сөзінен бастап — ақ басын изегендер бар. Күрсіне түсіп жылаған жандар да болды. Жақын сәтте жылап тынған Жамбылдың алғашқы үнінде өксітін діріл бар. Ең алғашкы сөзде дауысы қарлыға да шықты.
« Сәлем айт барсаң Абайға
Келесі жеткен талайға
Ауырды жеңген қара жер
Сабырлы болсын қалайда
Бір ұтқан судай дүниесін
Ашысын жұтып күйінесің
Тәттісін жұтып сүйсінесің
Жаңғаққа біткен бәйтерек
Жалғызбын деп жүрмесін»
деп бастап Жамбыл сәлемін әуелі Әбішті жақсы жоқтап барды. Артынан Абайға қарай шебер оралып, оны жұбата сөйледі.

Мұғалім: Бұл үзінді кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Жамбыл туралы.
Мұғалім: Дұрыс. Сондықтан сабағымыздың тақырыбы:
Жамбыл Жабаев.
Сабактын ұраны:
Жамбыл — менің жай атым
Халык – менің шын атым.

Мақсатымыз:
Жамбыл Жабаевтың өмірімен, шығармашылығымен танысу,
Оның «Ленинградтық өренім» деген өлеңін оқып, талдау.
Мұғалім:
Жыр алыбы Жамбылмен біз балалар 5-ші сыныпта қысқаша мәлімет алып танысқанбыз. Бүгін біз білімімізді толыктырамыз, ізденіс жұмыс жасаймыз.

Сабағымыз бірнеше кезеңнен тұрады.
1 кезең: Оқулыкпен жұмыс.
Тапсырма: оқулықты оқып, Жамбыл туралы мәлімет дайындау.
(10 минут уакыт беріледі)
Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырады.
Қорытынды: Жамбыл бізге несімен үлгі болады?
2 кезең:
Оқушыларды Жамбылдың өміріне байланысты суреттермен таныстыру.
Мұғалім: Жамбылдың баласы – Тезенбай — соғыс кезінде қаза тапты. Сондықтан соғыс кезеңі оның шығармашылығында ерекше орын алған.
Қандай шығармасы соғыс кезінде жазылған?

Мұғалім: Осы өлеңімен қазір танысамыз.
Өлеңді оқушылар слайдтар аркылы суреттер көреді.
( слайдтар «Ленинградтық өреним» өлеңіне арналған суреттер)

Топпен жұмыс: Iтоп Өлеңнің авторы.

Өлеңнің тақырыбы.

Жанр түрі.

Өлеңде эпитеттерді табыңдар.

Теңеудің мысалын келтіріңдер.

II топ Өлеңнің негізгі идеясы.

Өлеңде неше шумақ бар?

Өлеңде неше тармақ бар?

Өлеңдегі бунақ саны қанша?

Бекіту. Бекіту сұрақтары:

Сұрақтар бойынша жұмыс істеу.
1. Бұл өлең қай жылы жазылған?
2. Оны кімге арнады?
3. Бұл өлең жауынгерлерге не берді?
4. Ленинградты немен теңейді?
5. Ақынның жауға деген ыза-кегі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
6. Өлеңнің тақырыбы қандай?
7. Идеясы неде?
8. Жамбыл нені жырлады?

Қорытынды:
Ұранымызды дәлелдей алдық па?
Ақынннан не үйренуіміз керек?

Бағалау

Үйге тапсырма: «Ленинградтық өренім» жаттау

Ақпаратпен бөлісу:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2018
1633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12